Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы мақалалары

«Қуатты аймақтар –қуатты Қазақстан!»

Қанат ДҮЗЕЛБАЕВ,

дамытудың 2025 жылдарға арналған

Мемлекеттiк бағдарламасы аясында одан

əрi өсе түспек.

Бұл iсте «Ауыл — Ел бе сiг i» жо-

басы шеңберiнде қосымша шаралар да

қарастырылған. Бұл жоба «Екатерин-

бург-Алматы» республикалық автомобиль

жолы бойындағы Астрахан жəне Аршалы

аудандарының елдi мекендерi мен туристiк

кластер ошағы саналатын Зерендi ауылы-

нан бастау алды. Аталған өңiрлерде 3,1

миллиард теңгенiң 31 жобасы iске асы-

рылуда. Мəселен, Астраханка ауылында

аудандық мəдениет үйiнiң, агротехникалық

колледждiң, ауылiшiлiк жолдардың, жаяу

жүргiншiлер жолдарының, сумен қамту

жүйесiнiң жөндеу жұмыстары жəне қазандық

құрылысы жүргiзiлуде. Аршалы кентiнде

№2 орта мектептiң, жолдардың жөндеу

жұмыстары, денешынықтыру-сауықтыру

кешенiнiң құрылысы қолға алынды. Ал,

Зерендiде мəдениет үйiне, су жүйелерiне,

ауылiшiлiк жолдарға жөндеу жүргiзiлуде

жəне жылу орталығының қазандықтары

алмастырылуда.

Аймақтарды дамытудың 2025 жылдарға

арналған Мемлекеттiк бағдарламасы

шеңберiнде мультипликаттық тиiмдiлiк алу

үшiн ауылдық тiрек пункттерi кешендi түрде

дамитын болады. Бұл орайда, əлеуметтiк

жəне инфрақұрылымды қуаттандыру, елдi

мекендердiң кадрлық əлеуетiн арттыру, ауыл

шаруашылығы тауарларын қайта өңдеу,

халықтық қолөнер мен қызметiн өрiстету

айрықша назарда ұсталады. Мұның барлығы

ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң тұрақты

сипатын қамтамасыз етiп, тұрғындар кiрiсiн

еселей түсетiн болады.

басқармасының басшысы

Бұл орайда орталықтардың экономикалық өрлеуi мен ел тұрғындарына қолайлы жағдайлар туғызудағы басымдықтары аймақтарды дамытудың мемлекеттiк саясатының идеологиялық тұтқасы ретiнде қарастырылады.

Табысты даму үстiндегi елдер тəжiрибесi, мемлекеттiң ұзақ мерзiмдi экономикалық дамуының қозғаушы күшi жеке салалар не- месе аумақтар емес, жұмыс күшiн тиiмдi топ- тастыру, бiрiншi кезекте талантты жастар мен мамандарға барынша тартымды əрi қолайлы тұрмыстық жағдайлар қалыптастырумен байланыстырылады. Бiздiң елiмiзде де кадрлық əлеуеттi күшейту ауылдық жерлерге келген əлеуметтiк сала мен агороөнеркəсiп кешенi қызметкерлерiн мемлекеттiк қолдау үрдiсiмен өзектес жүргiзiледi. Қолданыстағы «Дипломмен — ауылға!» бағдарламасы аясында ағымдағы жылы төмендегiдей əлеуметтiк қолдау шаралары iске асырылуда: 70 айлық есептiк көрсеткiшпен жол қаражаты, тұрғын үй сатып алу немесе құрылыс жүргiзуге 15 жылдық мерзiмге 1500 айлық есептiк көрсеткiшпен бюджеттiк несие жəне 100 АЕК көлемiнде көшiп-қону өтемақысы берiледi.

Ақмола облысында үстiмiздегi жылдың 10 айында 345 маманға 68,4 миллион теңге өтемақы төлендi. Бұлардың iшiнде бiлiм беру саласына 255 маман, денсаулық сақтау — 54, мəдениет — 5, əлеуметтiк қамту — 8, спорт саласына — 7 жəне агроөнеркəсiп кешенiне 16 маман келдi. Өңiрде жұмысын бастаған 250 маман тұрғын үй сатып алу үшiн 866,7 миллион теңгенiң бюджеттiк несие қаржысын алды. Бағдарлама шеңберiнде, өңiрлердiң жергiлiктi маңыздағы өзектi мəселелерiн шешу үшiн, қаржылай қолдаудың тетiктерi iске асырылуда. Бұл əлеуметтiк жəне инфрақұрылымдық нысандарды жөндеу, коммуналдық шаруашылық, көлiк коммуникациясы, ауыл шаруашылығы, ауылдық елдi мекендердi абаттандыру сияқты 5 бағытты қамтиды. Биыл аталған мақсаттағы 215 жобаны қаржыландыруға 358,1 миллион теңге қаржы бөлiндi. Осының нəтижесiнде айтақаларлықтай жұмыстар ел игiлiгiне айналды.

Жалпы, тұрғындар пiкiрiне негiзделген жергiлiктi өзiн-өзi басқару құрылымын қаржылай қолдаудың кешендi шаралары елдi мекендердiң инфрақұрылымдық келбетiн елеулi түрде жақсартуға септiгiн тигiздi. Тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету аймақтарды дамыту бағдарламасының басты ұстанымдарының бiрi саналады. Орталықтандырылған сумен қамту жəне оны тарату желiлерiн кеңейту мақсатында 2018-2019 жылдары өңiрлiк 64 жобаны iске асыруға 18,3 миллиард теңге қаржы бөлiндi. 2018 жылы Жақсы ауданындағы Лозовое жəне Киевский ауылдарының су желiлерi, Целиноград ауданындағы Сабынды-Оразақ, Оразақ-Ақмолдан Қосшы ауылына дейiнгi жəне Қызылжар, Р.Қошқарбаев су жүйелерiнiң қайта құрылысы аяқталды. Сондай-ақ, биылғы жылдың соңына дейiн Ақкөл ауданындағы Жалғызқарағай, Аршалы ауданындағы Қостомар, Атбасар ауданындағы Покровка, Сепе, Жарқайың ауданындағы Бiрсуат, Целиноград ауданындағы Тайтөбе жəне бұрын суды тасып пайдаланатын Қаражар ауылдарының 5 мыңнан астам тұрғыны орталықтандырылған су жүйесiне қосылатын болады. Ат алған бағдарлама шағын жəне моноқалаларды да қамтиды. Ақмола облысында Ақкөл, Атбасар, Державинск, Есiл, Ерейментау, Макинск, Степняк, Щучинск шағын қалаларға жатқызылса, Степногорск моноқала дəрежесiнде. Есiл қаласы мен Шаңтөбе кентiнiң тұрмыс сапасын жақсарту мақсатында 8,2 миллиард теңгенiң жылу желiлерiмен қамтылған қазандық құрылыстары аяқталды. Осының нəтижесiнде орталықтандырылған жылумен қамтылған тұрғындар қатары 43 пайызға артты, желiлiк шығындар азайып, экологиялық жағдай жақсара түстi. Державинск жəне Степногорск қалаларында су тазалау құрылымдар мен кəрiз желiлерiнiң қайта құрылысы жүргiзiлiп, бұл iстерге 7,9 миллиард теңге жұмсалды. Мұның да игi қайтарымдары барлығы белгiлi. Сонымен бiрге, ағымдағы жылы Щучинск қаласының 8 көшесiн жарықтандыру, Степногорск қаласындағы 45 пəтерлiк екi үйдiң инженерлiк желiлерiнiң құрылысы жүргiзiлгенiн атап өтуге болады. Аймақтардың экономикалық бəсекелестiгiн арттыру жəне басқарылатын урбанизация жағдайындағы тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсарту шарттары аймақтарды дамытудың 2025 жылдарға арналған Мемлекеттiк бағдарламасы аясында одан əрi өсе түспек. Бұл iсте «Ауыл — Ел бе сiг i» жобасы шеңберiнде қосымша шаралар дақарастырылған. Бұл жоба «Екатеринбург-Алматы» республикалық автомобиль жолы бойындағы Астрахан жəне Аршалы аудандарының елдi мекендерi мен туристiк кластер ошағы саналатын Зерендi ауылынан бастау алды. Аталған өңiрлерде 3,1 миллиард теңгенiң 31 жобасы iске асырылуда. Мəселен, Астраханка ауылында аудандық мəдениет үйiнiң, агротехникалық колледждiң, ауылiшiлiк жолдардың, жаяу жүргiншiлер жолдарының, сумен қамту жүйесiнiң жөндеу жұмыстары жəне қазандық құрылысы жүргiзiлуде. Аршалы кентiнде №2 орта мектептiң, жолдардың жөндеу

жұмыстары, денешынықтыру-сауықтыру кешенiнiң құрылысы қолға алынды. Ал, Зерендiде мəдениет үйiне, су жүйелерiне, ауылiшiлiк жолдарға жөндеу жүргiзiлуде жəне жылу орталығының қазандықтары алмастырылуда. Аймақтарды дамытудың 2025 жылдарға арналған Мемлекеттiк бағдарламасы шеңберiнде мультипликаттық тиiмдiлiк алу үшiн ауылдық тiрек пункттерi кешендi түрде дамитын болады. Бұл орайда, əлеуметтiк жəне инфрақұрылымды қуаттандыру, елдi мекендердiң кадрлық əлеуетiн арттыру, ауыл шаруашылығы тауарларын қайта өңдеу, халықтық қолөнер мен қызметiн өрiстету айрықша назарда ұсталады. Мұның барлығы ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң тұрақты сипатын қамтамасыз етiп, тұрғындар кiрiсiн еселей түсетiн болады.

28.03.2018

Мемлекеттік органдардың әлеуметтік-экономикалық даму факторындағықоғамға
есеп берушілігі мен оның бақылауында болуы

Сыбайлас жемқорлық мемлекеттiк басқарудың тиiмдiлiгiн, елдiң инвестициялық тартымдылығын төмендететiнi, әлеуметтiк-экономикалық қарыштап дамуды тежейтiнi баршаға мәлiм.

Сонымен бiрге сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиiмдi әрi жүйелi iс-қимылдың басты шарттары билiк органдарының қоғамға есеп берушiлiгi мен оның бақылауында болуы, сот төрелiгiнiң тәуелсiздiгi мен әдiлдiгi, баяндауда анық және қолдануда күрделi емес заңдар, мемлекеттiң кадр саясатындағы меритократия, мемлекеттiк рәсiмдердiң ашықтығы және қоғамның сыбайлас жемқорлыққа деген төзiмсiздiгi болып танылады.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы № 401 «Ақпаратқа қол жеткiзу туралы» Заңына сәйкесақпаратты ақпарат иеленушiнiң интернет-ресурсында орналастыру, "электрондық үкiмет" веб-порталының тиiстi құрамдастарында, ақпарат иеленушiлер орналасқан үй-жайлардаорналастырудытәсiлдерiмен қамтамасыз етiледi.

Ақмола облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасыоблыстың жоспарлау және әлеуметтiк-экономикалық дамуының негiзгi бағыттарының стратегиялық мақсаттарын және басымдықтарын

қалыптастырудың, бюджеттiк саясатының жергiлiктi уәкiлеттi органы болғандықтан өз сайтында келесi ақпаратты орналастырады: «Азаматтық бюджет» бөлiгiнде — Ақмола облысының әлеуметтiк-экономикалық дамуының негiзгi көрсеткiштерi, облыстық бюджеттiң кiрiстерi және шығыстары туралы, «Ағымдағы қызмет» бөлiгiнде Ақмола облысының әлеуметтiк-экономикалық дамуының болжамы, паспорты, қорытындылары, «Мемлекеттiк қызметтер» бөлiгiнде «Дипломмен ауылға» жобасының iске асырылуы туралы ақпарат, «Стратегиялық құжаттар» бөлiгiнде — Ақмола облысының аумағын дамытудың кезектi бес жылдық кезеңiне арналған бағдарламасы, аталган бағдарламасын iске асыру туралы есебi.

«Ашық үкiмет» интернет-порталында басқарманың бюджеттiк бағдарламалар туралы ақпараты, бюджеттiк бағдарламарының iске асырылуы туралы есебi, басқармада әзiрленген нормативтiк құқықтық актiлердiң жобалары.

Сондай-ақ, сайтта басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы жұмысын көрсететiн «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» арнайы бөлiгi, заңды және жеке тұлғалардың өтiнiштерiне арналған «Виртуалдық қабылдау» бөлiгi бар.

Сонымен қатар, әрбiр жарты жылдықта басқарманың iшкi қызметi және басқарманың қызметiнрегламенттейтiн нормативтiк құқықтық актiлерiне сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдерiн iшкi талдау жүргiзiледi.

Басқарма басшысының 2017 жылғы 15 мамырдағы № 15-О бұйрығының негiзiнде басқарманың мемлекеттiк қызметшiлерiн басқарушылық шешiмдердi даярлаужәне қабылдау кезiнде және өзге қарым-қатынастар кезiнде сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты бекiтiлген.

Сыбайлас жемқорлықты алдын алу шараларының бiрi мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтық сауаттылығын арттыру болғандықтан, басқармада үнемi мемлекеттiк қызметшiнiң позитивтiк имиджiн құруға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерiстердi қадағалайтын дәрiстер жүргiзiледi, және соның iшiнде мемлекеттiк қызметi туралы, бюджеттiк сала, әкiмшiлiк құқықтық бұзушылыққа қатысты дәрiстер өткiзiлiп талқыланады.

Басқармада тұрақты түрде 29-63-00 сенiм телефоны жұмыс iстейдi, мекемеде жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiне арналған жәшiк орналастырылған, басқарма басшысының және оның орынбасарларының азаматтарды қабылдау кестесi бар.

Осылайша, ашықтық жәнеанықтық Ақмола облысы экономикажәне бюджеттiк жоспарлау басқармасының негiзгi ұстанымдарының бiрi болып табылады.

Бауыржан Малғаждаров,
облыстық экономика және бюджеттiк
жоспарлау басқармасының басшысы

24.04.2017г.

Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі-сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Қазiргi кезде сыбайлас жемқорлық әлемнiң кез келген елiнде оның саяси дамуына байланыссыз, оның iшiнде Қазақстанда да, әлеуметтiк құбылыс ретiнде өмiрiн жалғастырып келедi, ол тек ауқымдылығымен ғана ерекшеленедi. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтiк-экономикалық даму үдерiсiн, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесiн тежейдi.

Жалпы экономикасы дамыған, заңдары жетiлген қуатты елде сыбайластықпен күресте тәртiптi қатаңдатып, билiктiң халыққа сапалы қызмет көрсетуiн жолға қою кезек күттiрмейтiн мiндеттердiң бiрi. Сондықтанда республикамыз тәуелсiздiк алған мезеттен бастап, елiмiзде жемқорлық сияқты аса ауыр қылмысқа қатысты қатаң мемлекеттiк саясат қалыптасты.

Қазақстан Республикасының Президентi- Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев қоғамның қатысуынсыз сыбайлас жемқорлықты жеңу мүмкiн емес екендiгi жөнiнде бiрнеше рет атап көрсеткен болатын және«Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттiң жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекет басымдылығының бiрi ретiнде белгiленген.

Мемлекеттiк органдарда сыбайлас жемқорлықты жоюға ықпал ететiн факторлардың бiрi-алдын-алу жұмыстары, мемлекеттiк қызметшiлердi мемлекет заңнамаларында болып жатқан барлық өзгерiстер туралы ақпараттандыру,сыбайлас жемқорлық туралы нақты мысалдар келтiру, талқылау жүргiзу, кешендi жоспарларды әзiрлеу болып табылады.

Осы орайда, сыбайлас жемқорлыққа қарсыкүрес жұмысын күшейту мақсатында, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру бойынша 2015-2017 жылдарға арналған Экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасының (бұдан әрi-Басқарма) iс -шаралар жоспары бекiтiлген.

Сондай-ақ, Басқармада техникалық сабақтар өткiзу жоспарларына сәйкес басқарманың мемлекеттiк қызметшiлерi арасында бекiтiлген iс-шара тақырыбында құқықтық оқулар тұрақты өткiзiлiп тұрады.

Басқарма басшысының орынбасарыӘдеп жөнiндегi уәкiлiболып тағайындалып, ол туралы ақпарат жалпыға ортақ жерде орналастырылып, басылымдарда жарияланған. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң әдеп кодексiнiң мәтiнi,«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» жөнiнде әртүрлi ақпараттар көрсетiлген стенд, жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiне арналған жәшiк пен Басқарма басшыларының қабылдау кестесi Басқарма орналасқан ғимаратта азаматтарға көрiнетiн жерлерге орналастырылған. Сонымен қатар, мемлекеттiк қызметке бiрiншi және қайтадан түскендерӘдеп кодексiмен және мемлекеттiк қызметшiнiң мiндеттерiмен таныстырылады.

Басқармада 29-63-00 нөмiрлi «Сенiм телефоны» жұмыс iстейдi. Бүгiнгi күнге дейiн Басқармадағы мемлекеттiк қызметшiлердiң iс-әрекетiне қатысты сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылық туралы жоғарыда аталған жәшiкке түскен, сенiм телефоны арқылы ауызша айтылған айғақтар тiркелген жоқ. Бұл — Басқармада жемқорлықпен күрестiң толық жолға қойылғандығын көрсетедi.

Елбасымыз «Жемқорлыққа қарсы күрес жан-жақты, үздiксiз, ашық әрi әдiлеттi түрде жүргiзiлуi тиiс. Бiз сонда ғана алға қойған биiк мақсаттарға қол жеткiзе аламыз» деп атап көрсеттi. Сондықтан барлық мемлекеттiк органдар мен лауазымды тұлғалар өз құзыреттерi шегiнде қоғамды жегiдей жеп жатқан қауiптi iндетпен көп болып күрес жүргiзуге мiндеттi.

Темiрбекова Гүлнара Тыныбекқызы
Ақмола облысының экономика және
бюджеттiк жоспарлау басқармасының,
экономикалық саясат және
жоспарлау бөлiмiнiң бас маманы

Мемлекеттік рәміздері

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн