A- A A+
Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы мақалалары

24.04.2017г.

Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі-сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Қазiргi кезде сыбайлас жемқорлық әлемнiң кез келген елiнде оның саяси дамуына байланыссыз, оның iшiнде Қазақстанда да, әлеуметтiк құбылыс ретiнде өмiрiн жалғастырып келедi, ол тек ауқымдылығымен ғана ерекшеленедi. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтiк-экономикалық даму үдерiсiн, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесiн тежейдi.

Жалпы экономикасы дамыған, заңдары жетiлген қуатты елде сыбайластықпен күресте тәртiптi қатаңдатып, билiктiң халыққа сапалы қызмет көрсетуiн жолға қою кезек күттiрмейтiн мiндеттердiң бiрi. Сондықтанда республикамыз тәуелсiздiк алған мезеттен бастап, елiмiзде жемқорлық сияқты аса ауыр қылмысқа қатысты қатаң мемлекеттiк саясат қалыптасты.

Қазақстан Республикасының Президентi- Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев қоғамның қатысуынсыз сыбайлас жемқорлықты жеңу мүмкiн емес екендiгi жөнiнде бiрнеше рет атап көрсеткен болатын және«Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттiң жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекет басымдылығының бiрi ретiнде белгiленген.

Мемлекеттiк органдарда сыбайлас жемқорлықты жоюға ықпал ететiн факторлардың бiрi-алдын-алу жұмыстары, мемлекеттiк қызметшiлердi мемлекет заңнамаларында болып жатқан барлық өзгерiстер туралы ақпараттандыру,сыбайлас жемқорлық туралы нақты мысалдар келтiру, талқылау жүргiзу, кешендi жоспарларды әзiрлеу болып табылады.

Осы орайда, сыбайлас жемқорлыққа қарсыкүрес жұмысын күшейту мақсатында, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру бойынша 2015-2017 жылдарға арналған Экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасының (бұдан әрi-Басқарма) iс -шаралар жоспары бекiтiлген.

Сондай-ақ, Басқармада техникалық сабақтар өткiзу жоспарларына сәйкес басқарманың мемлекеттiк қызметшiлерi арасында бекiтiлген iс-шара тақырыбында құқықтық оқулар тұрақты өткiзiлiп тұрады.

Басқарма басшысының орынбасарыӘдеп жөнiндегi уәкiлiболып тағайындалып, ол туралы ақпарат жалпыға ортақ жерде орналастырылып, басылымдарда жарияланған. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң әдеп кодексiнiң мәтiнi,«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» жөнiнде әртүрлi ақпараттар көрсетiлген стенд, жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiне арналған жәшiк пен Басқарма басшыларының қабылдау кестесi Басқарма орналасқан ғимаратта азаматтарға көрiнетiн жерлерге орналастырылған. Сонымен қатар, мемлекеттiк қызметке бiрiншi және қайтадан түскендерӘдеп кодексiмен және мемлекеттiк қызметшiнiң мiндеттерiмен таныстырылады.

Басқармада 29-63-00 нөмiрлi «Сенiм телефоны» жұмыс iстейдi. Бүгiнгi күнге дейiн Басқармадағы мемлекеттiк қызметшiлердiң iс-әрекетiне қатысты сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылық туралы жоғарыда аталған жәшiкке түскен, сенiм телефоны арқылы ауызша айтылған айғақтар тiркелген жоқ. Бұл — Басқармада жемқорлықпен күрестiң толық жолға қойылғандығын көрсетедi.

Елбасымыз «Жемқорлыққа қарсы күрес жан-жақты, үздiксiз, ашық әрi әдiлеттi түрде жүргiзiлуi тиiс. Бiз сонда ғана алға қойған биiк мақсаттарға қол жеткiзе аламыз» деп атап көрсеттi. Сондықтан барлық мемлекеттiк органдар мен лауазымды тұлғалар өз құзыреттерi шегiнде қоғамды жегiдей жеп жатқан қауiптi iндетпен көп болып күрес жүргiзуге мiндеттi.

Темiрбекова Гүлнара Тыныбекқызы
Ақмола облысының экономика және
бюджеттiк жоспарлау басқармасының,
экономикалық саясат және
жоспарлау бөлiмiнiң бас маманы

Дата создания статьи: 18.03.2016 15:03
Парақтағы соңғы өзгерістер: 12.01.2018 16:30
Қаралым саны: 740
Справка о остутствии\наличии недвижимого имущества
http://egov.kz
Электронное лицензирование
egov.kz
egov.kz
egov.kz
egov.kz
Регистрация  брака
Оплата налогов
Запрет на выезд
  
@2018 Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 114Б

8 (7162) 29-63-00;

economika@akmo.kz