A- A A+
Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
Ақмола облысының 2017 жылғы қаңтар-ақпандағы әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы ақпарат

1. Экономика

Өнеркәсiпте өндiрiс көлемi 77,5 млрд. теңгенi құрды. Тауар өнiмнiң НКИ — 105,4% (ҚР бойынша 104,5%).

Тау-кен өндiру өнеркәсiбiнде нақты көлем индексi 101,5% құрды.

Өсiм тас көмiрдi барлаудың көлемдерiнiң ұлғайюымен байланысты (21,8%-ға).

Өңдеу өнеркәсiбiнде нақты көлем индексi 107,7% құрады.

Азық-түлiк өндiрiсiнде (НКИ-114,0%) өткен жылдың кезеңiмен салыстырғанда (заттай көрiнiсте) ет және сорпалық тағамдық азық-түлiктер 25,2%, өсiмдiк майы 62,0%, ұн 23,5% өстi.

Сусындар өндiрiсi саласында (НКИ-111,1%) арақ 38,6% өстi.

Химия өнеркәсiбiнде (НКИ-113,8%) пестицидтер өндiрiсi 27,9%-ға өстi. Күкiрт қышқылының өндiрiсi 16,3 мың тоннаны құрады немесе өткен жылдың кезеңiне 83,2%.

Резеңке және пластмасса өнiмдерi өндiрiсiнде (НКИ 63,8 %) пластмасстан жасалған фитинг және құбыр өндiрiсi 71,5% (2016 жылың желтоқсан айында «Арыстан» СҚЗ» ЖШС кәсiпорнының қызметi тоқтатылған).

Машина жасау саласында (НКИ 125,5%) жетекшi кәсiпорындары болып «ЕПК Степногорск» (темiржол жылжымалы құрамға арналған подшипниктер өндiру), «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ (КАМАЗ жүк автомобильдерiн жинау), «Қамқор-Локомотив» ЖШС филиалының Атбасар электорвоздарды жөндеу зауыты (электровоздарды күрделi жөндеу) табылады.

Өсу келесi кәсiпорын бойынша байқалады:

«Қамқор-Локомотив» ЖШС АЭЖЗ филиалы бойынша ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында тауарлық өнiм көлемi 1129,7 млн. теңге немесе өткен жылдың салыстырмалы кезеңiне 156,5% құрды.

«КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айында 48 автокөлiктердi құрастырды (оның iшiнде 47 бiрлiк  — жүк көлiктерi, 1 бiрлiк — арнайы мамандырылған), 2016 жылдың қаңтар — ақпан айларында 48 жүк автокөлiктерi құрастырылған.

Басқа да металл емес минералды өнiмдер өндiрiсi саласында (НКИ 343,6%) кiрпiш өндiрiсi көлемдерiнiң 75,8%-ға өсуi, тауарлық бетон 16,8 есеге өсуi байқалды.

Металлургия саласында (НКИ 114,1%) өңделмеген және жартылай өңделген алтын өндiру көлемiнiң 6,6% ұлғаюы байқалады, бұл «Altyntau Kokshetau» АҚ қызметiне байланысты.

«СТКХК» ЖШС табиғи уранның химиялық концентратты өңдеу көлемi 561 тоннаны құрады (2016 жылдың кезеңiне 1,3 есе өсiммен).

Өндiрiстiң төмендеуiне облыстың 3 аймақта жол берiлген — Бұрабай (98,1%), Жақсы (84,3%), Қорғалжын ауданында (65,0%).

ИИДМБ аясында жүзеге асыру кезеңiнде (2010-2016 жылға) 7,1 мың тұрақты жұмыс орындар құруымен 78 жоба 180,6 млрд. теңгеге iске қосылған.

Ауыл-шаруашылық жалпы өнiмнiң көлемi 14,7 млрд. теңге, нақты көлемнiң индексi — 2016 жылдың деңгейiне 101,6% құрады.

НКИ нiң төмендеу қарқыны мен терiс динамикасы Еңбекшiлдер (99,6%), Астрахан (99,3%), Бурабай (81,6%), Қорғалжын (77,2% — ға) аудандарында жол берiлдi.

Өсiмдiк шаруашылығы. Ағымдағы жылы жоспарланған жаздық егiс алқабы 4,7 млн. га, соның iшiнде дәндi және дәндi-бұршақты дақылдардың жаздық алаңы 4,3 млн. га болып көзделген.

Майлы дақылдарды 220,2 мың га. егiстiк алқапта жүргiзу жоспарланып отыр. Облыс бойынша 18,4 мың. га алқапта картопты 4,4 мың. га -да көкөнiстi отырғызу жоспарланып отыр

Жаздық жем-шөп дақылдарын 139,3 мың га. алаңында отырғызу жоспарлануда. Жалпы алғанда өткен жылдардағы көп жылдық шөп жемшөптердi ескере отырып, облыс бойынша жалпы алаңы 588,8 мың га. құрады.

Мал шаруашылығы. Шаруашылықтардың барлық санаттарымен тiрi салмақта 16,5 мың тонна ет (былтырғы жылдың сәйкес кезеңiне 6,9%-ға өсiм), 31,5 мың тонна сүт (былтырғы жылдың сәйкес кезеңiне 7,3%-ға өсiм), 107 млн.дана жұмыртқа (былтырғы жылдың сәйкес кезеңiне 85,6 %-ға дейiн төмендеу) өндiрiлдi.

IҚМ басының саны 3,8%-ға өстi (427,4 мың басты құрайды ), оның iшiнде сиыр — 6,8%-ға (204,9 мың бас). Жылқы — 8,5%-ға (160,2 мың бас), қой мен ешкi — 3,4%-ға (568,5 мың бас), шошқалар — 0,3%-ға (123,2 мың басқа), құстар — 2,3% ға (5,0 млн. бас) дейiн өстi.

Ағымдағы жылы Астана қ. маңындағы азық-түлiк белдеуi аясында 8,6 млрд.теңгенiң 9 жобасы iске асырылуда.

Облыстың ауылшаруашылық тауар өндiрушiлерiмен астана базарларына (2017ж.13.03.) 2,2 мың тонна сүт өнiмдерi (өсiм 8,2%-ға), 1,4 мың тонна ет өнiмдерi (9,2%-ға), 16,8 млн. дана жұмыртқа (2,1%-ға) жеткiзiлдi.

2017ж. қаңтар-ақпан қорытындысы бойынша экономиканы дамытуға 16,2 млрд. теңге қаржы жұмсалған, бұл 34,1% артық ұқсас кезеңiнде 2016 жылғы.

Инвестиция құрылымында ең үлкен үлесi кәсiпорындардың меншiктi қаражатына және дербес салушылар 67% болады, олардың есебiнен 10,9 млрд.теңге игерiлген.

Республикалық қаражаттың игерiлген үлесi инвестиция мөлшерiнен 1,9% немесе 301,8 млн. теңгеден құрады, жергiлiктi бюджеттiң — 1,3%, 215,4 млн. теңге игерiлген. Банктердiң несиелерiнiң үлесi инвестицияның жалпы мөлшерiнде 18,2% құрайды, басқа қарыз қаржысының үлесi — 11,6%.

Еңбекшiлдер (52,0%), Ерейментау (61,5%), Қорғалжын (66,5%), Есiл (83,9%) 4 ауданында негiзгi капиталға инвестициялар көлемi төмендедi.

Сыртқы инвестициялардың көлемi 1,1 млрд. теңге құрады.

«Нұрлы жол», 2020 Аймақтарды дамудың бағдарламалар шеңберiнде 8,5 млрд.теңге сумен қамту жүйенiң дамуы бойымен және су бөлуi ерекшеленген бөлiнген (11-шi салу, 15-ти — қайта жаңартуға 7,8 млрд. теңге, iздестiру-барлау жұмыстары 0,6 млрд. теңге және ЖСҚ әзiрлеу бойынша 11 жоба — 0,1 млрд. теңге).

607 елдi мекендерден 352 елдi мекендер орталықтандырылған су (58%), орталықтандырымаған су — 229 елдi мекендер (37,7%). Жеткiзiлетiн су 26 елдi мекендер (4,3%).

Құрылыс жұмыстарының көлемi 2,2 млрд.теңге немесе 2016 жылдың деңгейiнен 107,1% құрады.

Құрылыс жұмыстарының көлемi 10 ауданында төмендедi: Егiндiкөл (48,8%), Қорғалжын (58,7%), Ақкөл (66,0%), Бурабай (66,1%), Көкшетау қ. (68,0%), Целиноград (69,6%), Астрахан (70,1%),Зерендi (70,7%), Ерейментау (77,5%), Атбасар (91,3%).

Тұрғын үй құрылысы.

2017 жылда қантар айында аралығында 112,2 мың м2 енгiзiлген, бұл 2016 жылдың деңгейiне 142,2% құрады.

Кәсiпкерлiктi дамыту. Облыста шағын және орта кәсiпкерлiктiң жұмыс iстейтiн субъектiлер саны 41,3 мың, соның iшiнде шағын кәсiпкерлiктiң заңды тұлғалары 6,0 мың, орта кәсiпкерлiктiң заңды тұлғалары 120 бiрлiк, жеке кәсiпкерлер 31,5 мың, шаруа қожалығы (фермерлiк) 3,6 мың.

«Бизнестiң жол картасы-2020» бағдарламасының барлық бағыттары бойынша iске асыру кезеңiнде (2010 жылдан 2017 жылдың 1 ақпанына дейiн) Өңiрлiк Үйлестiру кеңесiмен 84,5 млрд.теңге кредит сомасына 666 жоба мақұлданды.

2017 жылы жеке кәсiпкерлiктi қолдау үшiн 5,3 млрд.теңге бөлiндi.

Тұтыну бағасының индексi 101,1% (ҚР бойынша — 101,8%) құрады, оның iшiнде азық — түлiк тауарларына — 101,8%, азық — түлiк емес тауарларына — 100,8%, ақылы қызметтер — 100,5%.

2016 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында орташа айлық жалақы 2015 жылғы деңгейге 17,5%-ға өстi және 104,4 мың теңгенi құрады. Жалақының төмен деңгейi Бурабай (101 439 теңге), Есiл (99 577 теңге), Шортанды (97 583 теңге), Ерейментау (97 526 теңге), Целиноград (97 116 теңге), Астрахан (96 245 теңге), Жақсы (95 163 теңге), Сандықтау (94 132 теңге), Егiндiкөл (92 410 теңге), Атбасар (91 611 теңге), Ақкөл (91 502 теңге), Аршалы (90 891 теңге), Бұланды (86 630 теңге), Қорғалжын (85 066 теңге) және Жаркайың аудандарында (82 524 теңге).

Салықтар және бюджет. Мемлекеттiк бюджетке 23,0 млрд. теңге немесе болжамды жоспарға қарағанда 145,8% сома түстi, соның iшiнде республикалық бюджетке — 12,8 млрд. теңге (болжамға 168,6%), жергiлiктi бюджетке — 10,2 млрд. теңге (болжамға 124,8%).

2. Әлеуметтiк сала

2017 жылдың қантар айларында экономика салаларында 1333 жаңа жұмыс орындары пайда болды, олардың 1027 — тұрақты.

Жұмыспен қамту қызметi арқылы 1 456 адам жұмысқа орналастырылды, бұл өтiнiш бiлдiргендер санының 60,6 % құрады.

Қоғамдық жұмыстарға 553 адам жiберiлдi.

Жұмыс iздеу клубтарының семинарлық оқуларына 136 адам қатысты, олардың iшiнде тұрақты және уақытша жұмысқа 112 адам (82,4%) жұмысқа орналастырылды.

Бос жұмыс орындарының 5 жәрмеңкесi өткiзiлдi, осы жәрмеңкеде 108 бос жұмыс орны ұсынылды, нәтижесiнде 49 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Тұрмысы кедейлiктiң шегiнен төмен азаматтардың саны 120 адамға төмендеп және 449 адамды құрады.

Барлық қаржыландыру көздерiнен 2 716 аз қамтылған азаматтарға 18 707,0 млн. теңге сомасында әлеуметтiк көмек көрсетiлдi.

Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың бағдарламасының бойынша:

-бiрiншi бағыты бойынша «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсiптiк бiлiммен және қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқумен қамтамасыз ет» 2129 адам оқытуға жолдау.

-екiншi бағыты бойынша «Жаппай кәсiпкерлiктi дамыту» бағдарламаға қатысушыларды «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсiпкерлiк негiздерiне 1080 адамды оқыту және шағын несие 514 адам жоспарлануда.

1 және 2 бағыттар бойынша жұмыстар жүргiзiлген жоқ, себебi бұл бағыттарды iске асыру ережлер жоқтығынан байланысты.

-үшiншi бағыты бойынша «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы еңбек нарығын дамыту және еңбек ресурстарының ұтқырлығы»:

- жастар тәжiрибесiне — 91 адам жоспар 409 адам (олардың iшiнде 2017 жылдың жоспары 369 адам, 40 адам 2016 жылдан жалғастырушы). жергiлiктi бюджет шеңберiнде 10 адам (Көкшетау қ) — жоспар 100 адам;

- әлеуметтiк жұмыс орындарына — 170 адам, жоспар- 495 адам (426 адам 2017 ж. жоспар, 69 адам 2016 ж. жалғастырушы).

ҚР бiлiм берудi дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы бойынша 1 балабақшың (Көкшетау қ), 2 520 орындық 7 мектептердiң құрылысы (Көкшетау қ, Бурабай, Еңбекшiлдер, Сандыктау, Целиноград ауданы (3 нысан), орта мектебiне 420 орындық жапсаржай салу және Мәдениет колледжiнiң оқу корпусына қосымша ғимараттың құрылысы (Көкшетау қ), мектеп-интернат ғимаратын қайта жаңарту (Қорғалжын ауданы), орта мектеп ғимаратының екi қабатты блогын реконструкциялау (Буланды ауданы), балалар үйi қайта жабдықтау (Сандықтау ауданы) қарастылған.

Бурабай ауданы Кенесары а. ауысымына 25 қабылдау жасайтын дәрiгерлiк емхананың құрылысы қарастырылған.

Мектепке дейiнгi ұйым — 593 бiрлiк, соның iшiнде 215 балабақша және 378 мектепке дейiнгi шағын орталық (соның iшiнде  — мемлекеттiк 145, жеке– 70.) 245 елдi мекенiнен тасымалдау жүзеге асырылады.

2017 жылдың 1 наурызға мектепке дейiнгi тәрбиемен және оқытумен 3-6 жас аралығы бойынша 95,4% , 1-6 жас аралығы бойынша 63,9%.

Жоғары көрсеткiштерi (1-6 жас аралығы бойынша) Ерейментау (76,4%), Есiл (74,5%), Жарқайың (72,4%) және Целиноград (72,4%) ауданындарында, ен төмен Астрахан (53,8%) ауданында, Көкшетау қаласында (52,1%).

Денсаулық сақтау саласында Медициналық ұйымдардың жабдықталу деңгейi 57,34% құрайды (ФАП-тер — 47,70%, дәрiгерлiк амбулаториялар — 51,54%).

Туберкулезбен ауыру көрсеткiшi 9,9%-ға (100 мың адамға шаққанда 12,3-тен 11,1-ге дейiн), қан айналу жүйесiнiң ауруларымен ауыру деңгейi 25,5%-ға (100 мың адамға шаққанда 253,6-тен 188,9-ға дейiн), онкопатологиямен ауыру 10,7%-ға (100 мың адамға шаққанда 36,7-ден 32,8-ге дейiн) төмендедi.

Қан айналу жүйесiнiң ауруларынан өлу деңгейi 41,5%-ға артты (100 мың адамға шаққанда 34,17-ден 48,35-ке дейiн).

Сәби өлiмi көрсеткiшi 25,0%-ға артты (1000 тiрi туғанға 7,6-дан 9,5-ке дейiн). Ана өлiмi жағдайлары тiркелмеген.

Денсаулық сақтау саласының күрделi шығындары 3 373,8 млн. теңгенi құрады, оның iшiнде медициналық ұйымдарды жарақтандыруға — 2 449,1 млн. теңге, күрделi жөндеулерге 924,7 млн. теңге қарастырылған, соның iшiнде Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламасы шеңберiнде — 223,7 млн. теңге бөлiнген.

Ақмола облысының Экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы

Дата создания статьи: 16.03.2017 17:00
Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.03.2017 17:00
Қаралым саны: 207
Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0
 
@2017 Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 114Б

8 (7162) 29-63-00;

economika@akmo.kz