A- A A+
Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
Ақмола облысының 2016 жылғы қаңтар-желтоқсандағы әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы ақпарат

1. Экономика

Өнеркәсiпте өндiрiс көлемi 420,7 млрд.теңге құрды.Өнеркәсiп өнiмiнiң НКИ — 104,3% құрды.

Тау-кен өндiрiсi өнеркәсiбiнде нақты көлем индексi 108,2% құрады. Өсiм құрамында алтын бар кендердi (7,7%-ға), темiр кендердi (17,2%-ға) өндiру көлемдерiнiң байланысты.

Өңдеу өнеркәсiбiнде нақты көлем индексi 104,0% құрады.

Басқа да метал емес минералды өнiмдер өндiрiсi саласында (НКИ 122,6%). Құрылыс ерiтiндiлерi өндiрiсi 7,9 есе, тауарлы бетон 58,7%-ға керамикалық кiрпiш өндiрiсi көлемiнiң 3,0%-ға өстi.

Сусындар өндiрiсi саласында (НКИ-114,5%) алкогольсiз сусындар шығару 7,2%, арақ 27,2% өстi.

Машина жасау саласында (НКИ 79,1%) «ЕПК Степногорск» АҚ (темiржол жылжымалы құрамға арналған подшипниктер өндiру), «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ (КАМАЗ жүк автомобильдерiн жинау), «Қамқор-Локомотив» ЖШС филиалының Атбасар электровоздарды жөндеу зауыты (электровоздарды күрделi жөндеу) жетекшi кәсiпорындар болып табылады.

«ЕПК Степногорск» АҚ кәсiпорны бойынша өсiм байқалды, подшипниктер көлемi 11996 тоннаны құрды, өсiм өткен жылдың тиiстi кезеңiнiң деңгейiмен салыстырғанда 1,2 есеге өстi.

«Қамқор-Локомотив» АЭЖЗ ЖШС өндiрiсi 3,2%-ға төмендеуi байқалады. «Вектор» КЗ» ЖШС статдеректер бойынша 153 комбайндарын жинады (2015 ж. қаңтар-желтоқсанда — 222 дана). «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ 604 жүк тасымалдау автокөлiгiн жинады, немесе 2015 жылдың осы кезеңiне 83,8% құрады.

Резеңке және пластмасса бұйымдары өндiрiсiнде (НКИ 95,7%) 2016 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында полиэтиленнен жасалған қаптар және сөмкелер өндiрiсi 725,0 тоннаны құрады немесе 2015 жылдың осы кезеңiне 99,8% құрады.

Пластмасстан жасалған фитинг және құбыр өндiрiсiнiң көлемi 15851,4 тонна немесе 2015 жылдың тиiстi кезеңiне 88,0%.

Азық-түлiк өндiрiсiнде (НКИ-109,9%) 2015 жылдың кезеңiмен салыстырғанда (табиғи тұрғыда) ет және сорпалық тағамдық азық-түлiктер 21,9%, өсiмдiк май 2,0 есе, ұн 22,1% өстi.

Химия өнеркәсiбiнде (НКИ-85,2%) этил спиртiнiң өндiрiсi 13,9%-ға, пестицидтер өндiрiсi 14,6%-ға төмендедi. Күкiрт қышқылының өндiрiсi 136,7 мың тоннаны құрады (2015 жылдың кезеңiне 3,4 есе өсiммен).

Металлургия саласында (НКИ 125,1%) өңделмеген және жартылай өңделген алтын өндiру көлемiнiң 26,1% ұлғаюы байқалады, бұл «Altyntau Kokshetau» АҚ қызметiне байланысты.

«СТКХК» ЖШС табиғи уранның химиялық концентратты өңдеу көлемi 2424 тоннаны құрады (өсiм 20,7%).

Өндiрiстiң төмендеуiне облыстың 5 аймақта жол берiлген — Бұланды (89,1%), Егiндiкөл (95,3%), Ерейментау (96,8%), Қорғалжын (98,7%), Целиноград (96,5%), аудандарында.

ИИДМБ аясында жүзеге асыру кезеңiнде (2010 -2016 жылдары ) 7,1мың тұрақты жұмыс орындар құруымен 78 жоба 180,6 млрд. теңгеге iске қосылған.

Ауыл-шаруашылық жалпы өнiмнiң көлемi 347,0 млрд. теңге, нақты көлемнiң индексi — 2015 жылдың деңгейiне 108,7% құрады.

Өсiмдiк шаруашылығы. 2016 жылдың астығын жинау аяқталды. Дәндi және дәндi бұршақты дақылдардың жалпы түсiмi 5723,2 мың тоннаны құрады, шығарылымы — 13,2 ц/га, картоп — 278,3 мың тонна (154,3 ц/га) көкөнiстер — 60,1 мың тонна (141,1 ц/га).

Майлы дақылдардан жалпы жиналым 184,0 мың тоннаны құрады, облыс бойынша орташа шығарылымы — 8,7 ц/га.

2016 жылдың астық жинауына 661,6 мың га жер өңделдi.

2016 жылы сүдiгер жырту көзделген 789,8 мың га алқапқа, 801,7 мың га жыртылды, ол көзделген алқаптың 101,5% құрайды.

Облыста дайындалған пiшеннiң көлемi 1165,0 мың тоннаны немесе жылдық қажеттi мөлшердiң 109,9%-ын құрады.

Мал шаруашылығы. Шаруашылықтардың барлық санаттарымен тiрi салмақта 96,6 мың тонна ет (2015 жылдың сәйкес кезеңiне 6,5%-ға өсiм), 377,0 мың тонна сүт (2015 жылдың сәйкес кезеңiне 5,0%-ға өсiм), 725,4 млн.дана жұмыртқа 2015 жылдың сәйкес кезеңiне 7,0 %-ға төмендеу) өндiрiлдi.

IҚМ басының саны 4,0%-ға өстi (398,9 мың бас ), оның iшiнде сиыр — 6,8%-ға (205,8 мың бас) жылқы — 2,2%-ға (155,5 мың бас), қой мен ешкi — 1,2%-ға (515,6 мың бас), шошқалар — 4,5%-ға (116,9 мың басқа), құстар — 6,2% ға (5,3 млн. бас) дейiн өстi.

2016 жылы Астана қ. маңындағы азық-түлiк белдеуi аясында 7,2 млрд.теңгенiң 9 жобасы iске асырылды ("Зерновой двор" ЖШС (Атбасар ауданы) — қуаты жылына 9,0 мың тонна астық қоймасының құрылысы (2-кезең),"Беркат" ЖШС (Атбасар ауданы) — қуаты жылына 35,0 мың тонна астық қоймасының құрылысы (2-кезең),"Жана Береке" ШҚ (Ерейментау ауданы) — 3000 бас iIрi қара малға бордақылау алаңын, 5,0 мың тоннаға ет өңдеу кешенiн құру, "Агрофирма Родина ЖШС (Целиноград ауданы) — 1000 сауынды сиыр ұстауға Мал шаруашылығы кешенiн салу, "АКА" ЖШС (Целиноград ауданы) — 20,0 мың тонна астыққа қойманың құрылысы, "Ирченко-элеватор" ЖШС (Атбасар ауданы) — 20 мың тонна астыққа элеватор кешенiнiң құрылысы (2-кезең), "Атбасар Ұн" ЖШС (Атбасар ауданы) — қуаттылығы 12,0 мың тоннаға Астық қоймасының, тәулiгiне 150 тонна диiрменнiң құрылысы, ТОО "El Grano"(Аккольский район, г. Акколь)- дәндi және майлы дақылдарды кептiру, тазалау, сақтау үшiн, қуаты-13,5 мың тоннаға элеватор құрылысы,«Ерейментау Кулан» ЖШС (Ерейментау ауданы) — 3000 бас. IҚМ ға Бордақылау алаңын құру).

Облыстың ауылшаруашылық тауарөндiрушiлерiмен 2016 жылы астана базарларына 94,0 мың тонна сүт өнiмдерi (өсiм 8,3%-ға), 22,2 мың тонна ет өнiмдерi (6,2%-ға), 222,5 млн. дана жұмыртқа (2,3%-ға) жеткiзiлдi.

2016 жылдың 12 айдын қорытындысы бойынша экономиканы дамытуға 223,1 млрд. теңге қаржы жұмсалған, бұл 6,6% артық ұқсас кезеңiнде 2015 жылғы.

Инвестиция құрылымында ең үлкен үлесi кәсiпорындардың меншiктi қаражатына және дербес салушылар 45,8% болады, олардың есебiнен 102,2 млрд.теңге игерiлген.

Республикалық қаражаттың игерiлген үлесi инвестиция мөлшерiнен 30,6% немесе 68,3 млрд.теңгеден құрады, жергiлiктi бюджеттiң — 3,6%, 8 млрд. теңге игерiлген. Банктердiң несиелерiнiң үлесi инвестицияның жалпы мөлшерiнде 9,6% құрайды, басқа қарыз қаржысының үлесi — 10,4%.

Целиноград (65,6%), Ерейментау (83,3%), Зерендi (96,6%) 3 ауданында негiзгi капиталға инвестициялар көлемi төмендедi.

Сыртқы инвестициялардың көлемi 10,6 млрд. теңге құрады.

«Нұрлы жол», 2020 Аймақтарды дамудың бағдарламалар шеңберiнде 19 жобаны жүзеге асыруға 3,7 млрд.теңге сумен қамту жүйенiң дамуы бойымен және су бөлуi ерекшеленген бөлiнген.

614 елдi мекендерден 353 елдi мекендер орталықтандырылған су (57,5%), орталықтандырымаған су — 234 елдi мекендер (38,1%). Жеткiзiлетiн су 27 елдi мекендер (4,4%).

Құрылыс жұмыстарының көлемi 99,3 млрд.теңге немесе 2015 жылдың деңгейiнен 102,8% құрады.

Құрылыс жұмыстарының көлемi 2 ауданында төмендедi: Зерендi (73,8%), Целиноград (76,3%).

Тұрғын үй құрылысы.

2016 жылда қаңтар-желтоқсан айлары аралығында 364,8 мың шаршы метр енгiзiлген, бұл 2015 жылдың деңгейiне 129,3% құрады.

Облыста шағын және орта кәсiпкерлiктiң жұмыс iстейтiн субъектiлер саны 44,8 мың құрады немесе 96,7% соның iшiнде шағын кәсiпкерлiктiң заңды тұлғалары 5,7 мың, орта кәсiпкерлiктiң заңды тұлғалары 117 бiрлiк, жеке кәсiпкерлер 35,5 мың, шаруа қожалығы (фермерлiк) 3,5 мың.

Астрахан, Жақсы, Ақкөл, Жарқайың, Шортанды, Сандықтау, Қорғалжын, Аршалы,Атбасар, Бурабай, Есiл, Зерендi аудандарында және Степногорск, Көкшетау қалаларында қызметтегi шағын және орта бизнес субъектiлерiнiң төмендеуiне жол берiлдi.

«Бизнестiң жол картасы-2020» бағдарламасының барлық бағыттары бойынша iске асыру кезеңiнде (2010 жылдан 2017 жылдың 1 қаңтарға дейiн) Өңiрлiк Үйлестiру кеңесiмен 84,5 млрд.теңге сомасына 666 жоба мақұлданды.

2016 жылы бағдарламаны iске асыру аясында республикалық бюджеттен жеке кәсiпкерлiктi қолдау үшiн 2,1 млрд.теңге бөлiндi.

Үйлестiру кеңесiмен 24,6 млрд.теңге кредит сомасына 176 жоба мақұлданды;

Банктердiң кредиттерi бойынша сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялауына «Жаңа бизнес бастамаларды қолдау» бағдарламаның бiрiншi бағыты бойынша 14,6 млрд. теңге кредиттердiң жалпы сомасына 103 өтiнiм мақұлданды;

Банктердiң кредиттерi бойынша сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялауына «кәсiпкерлердi салалық қолдау» бағдарламаның екiншi бағыты бойынша 9,3 млрд. теңге кредиттердiң жалпы сомасына 30 өтiнiм мақұлданды.

Банкiнiң кредиттерi бойынша iшiнара кепiлдiк беру бағдарламаның бiрiншi бағыты бойынша 424,6 млн. теңге несиеге кепiлдiк берiлдi жалпы сомасына 23 өтiнiм мақұлданды;

Банкiнiң кредиттерi бойынша iшiнара кепiлдiк беру бағдарламаның екiншi бағыты бойынша 117,9 млн. теңге несиеге кепiлдiк берiлдi жалпы сомасына 9 өтiнiм мақұлданды;

Гранттық қаржыландырудан 22 млн. теңге сомасына 9 жоба мақұлданды;

Жеткiлiксiз инфрақұрылымды жеткiзу бойынша 72,3 млн.теңге сомасына 2 жоба мақұлданды.

Тұтыну бағасының индексi 108,1% (ҚР бойынша — 108,5%) құрады, оның iшiнде азық — түлiк тауарларына — 110,2%, азық — түлiк емес тауарларына — 110,5%, ақылы қызметтер — 103,2%.

2016 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында орташа айлық жалақы 2015 жылғы деңгейге 15,6%-ға өстi және 101,1 мың теңгенi құрады. Жалақының төмен деңгейi Бурабай (98 437 теңге), Ерейментау (96 467 теңге), Есiл (96 460 теңге), Шортанды (95 732 теңге),Целиноград (95 168 теңге), Сандықтау (92 290 теңге), Атбасар (89 161 теңге), Жақсы (89 020 теңге), Астрахан (88 848 теңге), Аршалы (88 387 теңге), Ақкөл (87 924 теңге), Жаркайың (86 624 теңге), Егiндiкөл (86 293 теңге), Бұланды (85 462 теңге) және Қорғалжын (84 595 теңге) аудандарында.

Салықтар және бюджет. Мемлекеттiк бюджетке 112,6 млрд. теңге немесе болжамды жоспарға қарағанда 111% сома түстi, соның iшiнде республикалық бюджетке — 54,3 млрд. теңге (болжамға 121,2%), жергiлiктi бюджетке — 58,4 млрд. теңге (болжамға 102,9%).

2. Әлеуметтiк сала

2016 жылдың 12 айларында экономика салаларында 12 504 жаңа жұмыс орындары пайда болды, олардың 6757 — тұрақты.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға 2016 жылы 6,5 млрд.теңге қарастырылды (1 бағыт –4,7 млрд. тенге, 2 бағыт  — 1,1 млрд. тенге, 3 бағыт — 0,4 млн. тенге, жұмыспен қамту орталықтарыды қаржыландыру — 0,3 млрд. тенге).

Жалпы, бағдарламалар шеңберiнде 9844 адам жұмыс орындары пайда болды, олардың 76,5% — тұрақты (7528).

Бiрiншi бағыт «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту есебiнен жұмыспен қамту» бойынша ағымдағы жылға жоспарланған 364 жоба iске асырылуға жоспарлануда (бiлiм беру нысандары-150, денсаулық сақтау — 29, мәдениет — 34, әлеуметтiк қорғау -14, мұрағат-1, ТҮКШ -42, жолдар-92, спорт-2). 4,696 млрд. тенге немесе 99,6% игерiлдi.

364 жобадан 361 жоба аяқталды, 3 жоба аяқталған жоқ, сот талқылаулары себебi, оның iшiнде басқармаларына:

Жолаушылар көлiгi және автомобильдiк жолдар басқармасы — 1 жоба ("Арықты селосы, Қорғалжын ауданының ағымдағы кентiшiлiк асфальт-бетон жолдар шұңқырлы жөндеу, " 3703,7 мың теңге. Сот жүргiзiлуде себебi, екiншi тыңдау 9.01.2017 ж.)

бiлiм басқармасы бойынша -1 жоба (Қабанбай Батыр селосы Целиноград ауданы "№41ОМ ағымды жөндеу" 4344.0 мың теңге. Себебi, шарттық орындамауы мiндеттемелердi. Талап-арыз берiлдi, сот органдары).

денсаулық сақтау басқармасы-1 жоба ("Көкшетау медициналық колледжi, Көкшетау қаласы марштары да оқу корпусының ғимаратында ағымдағы қоршауын жөндеу " 912,0 мың теңге. Себебi мiндеттемелер орындалған жоқ.

364 жоба бойынша 2040 жаңа жұмыс орны пайда болады, соның iшiнде жұмыспен қамту орталығы арқылы — 1127. 2016 жылы инфрақұрылымдық нысандарға 2081 адам (102%) жұмысқа орналастырылды, соның iшiнде Жұмыспен қамту орталықтары арқылы — 1137 адам (100,9%).

Бурабай ауданы Атамекен және Веденовка, Зерендi ауданы Троицкий ауылдарда бiр ауысымда 25 қабылдау жасайтын дәрiгерлiк емханаларың 3 дәрiгерлiк амбулатория құрылысы, 158,7 млн. теңге қаражат сомасы құрылысы аяқталды.

Екiншi бағыт «Кәсiпкерлiк бастаманы ынталандыру» бойынша 115 қатысушыны кәсiпкерлiк негiздерiне оқыту, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Ақмола филиалымен республикалық бюджет есебiнен 943,5 млн. теңгеге 385 шағын несие берiлдi (371 қатысушыға 1051,9 млн. теңгеге шағын несиесi беру жоспарланған).

«Жұмыс берушiнiң қажеттiлiгi шеңберiнде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» үшiншi бағыты бойынша жастар тәжiрибесiне 537 адам жолданды немесе жоспардан 134,9% (398 адам), әлеуметтiк жұмыс орындарына 637 адам жұмысқа орналастырылды немесе жоспардан 151,7% (жоспар 420 адам), кәсiби оқытуға 103 адам немесе жоспардан 120% (жоспар 86 адам).

Бағдарламаларды жаңарту нәтижесiнде қосымша бөлiнген:

- Оралмандар қоныс аударуына арналған гранттарға — 40,4 млн. теңге онын 40,3 млн.тенге төлендi 99,8%. 8 аудандарға және Степногорск қаласына қоныс аудару үшiн 123 отбасы (489 адам) анықталған: Ақкөл — 24 отбасы (89 адам), Ерейментау — 25 отбасы (112 адам.), Зерендi 6 отбасы (21 адам), Аршалы -3 отбасы (12 адам), Атбасар- 2 отбасы (7 адам), Бұланды- 7 отбасы (28 адам), Шортанды- 1 отбасы (5 адам), Қорғалжын-18 отбасы (77 адам) және Степногорск қаласы — 37 отбасы (138 адам.).

Жалпы, жаңа жұмыс орындарды құру арқылы жалпы жұмыссыздық деңгейi 4,9% құрады (2016ж. 3-тоқсанға арналған статистика).

Жұмыспен қамту қызметi арқылы 17082 адам жұмысқа орналастырылды, бұл өтiнiш бiлдiргендер санының 91,5 % құрады. Жұмыспен қамтылғандардың төмен деңгейi 8 ауданында байқалады: Сандықтау ауданында (90,7%),Жақсы ауданында (89,7%), Қорғалжын ауданында (89,5%,) Еңбекшiлдер ауданында (87,1%), Зерендi ауданында (86,9%), Көкшетау қ. (82,4%), Аршалы ауданында (80,8%), Ақкөл ауданында (80,6%.,

Қоғамдық жұмыстарға 3318 адам жiберiлдi.

ҚР бiлiм берудi дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы бойынша 2 балабақшалардың (Көкшетау қ., олардың iшiнде 1-i Ұлттық қоры қаражаттар есебiнен), 1 780 орындық 5 мектептердiң құрылысы (Бурабай, Ерейментау, Еңбекшiлдер, Целиноград ауданы (2 нысан), Ақкөл қаласы, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған № 1 балалар үйi» ғимаратын қайта жабдықтау аяқталған.

Астрахан ауданында ФАП-тiң, Есiл ауданы және Целиноград дәрiгерлiк емханаларың құрылысы аяқталды, Ақкөл және Зерендi аудандарда 250 қабылдау жасайтын 2 аудандық емхананың, Жарқайың ауданының (Державинск қ.) 70 орындық аурухананы емханамен сыйыстыру құрылысы аяқталған.

Мектепке дейiнгi ұйым — 593 бiрлiк құрайды, соның iшiнде 214 балабақша және 379 мектепке дейiнгi шағын орталық (соның iшiнде  — мемлекеттiк 144, жеке– 70.) 245 елдi мекенiнен тасымалдау жүзеге асырылады.

2016 жылы мектепке дейiнгi тәрбиемен және оқытумен 3-6 жас аралығы бойынша 95,4% , 1-6 жас аралығы бойынша 63,9% құрады.

Жоғары көрсеткiштерi (1-6 жас аралығы бойынша) Ерейментау (76,4%), Есiл (74,5%), Жарқайың (72,4%) және Целиноград (72,4%) ауданындарында, ен төмен Астрахан (53,8%) ауданында, Көкшетау қаласында (52,1%).

Денсаулық сақтау саласында 2016 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында медициналық ұйымдардың жабдықталу деңгейi 57,16% құрайды (ФАП-тер — 48,11%, дәрiгерлiк амбулаториялар — 49,04%).

Туберкулезбен ауыру көрсеткiшi 2,9%-ға (100 мың адамға шаққанда 72,9-дан 70,8-ге дейiн), қан айналу жүйесiнiң ауруларымен ауыру деңгейi 4,7%-ға (100 мың адамға шаққанда 1694,9-дан 1615,8-ге дейiн) төмендедi.

Онкопатологиямен ауыру 2,4%-ға (100 мың адамға шаққанда 244,5-тен 250,5-ге дейiн) артты.

Жалпы өлiм 5,1%-ға (1000 адамға шаққанда 9,7-ден 9,2-ге дейiн) төмендедi, соның iшiнде қан айналу жүйесiнiң ауруларынан өлу деңгейi 13,1%-ға (100 мың адамға шаққанда 285,0-ден 247,5-ке дейiн) төмендедi.

Сәби өлiмi көрсеткiшi 23,5%-ға төмендедi (1000 тiрi туғанға 9,8-ден 7,5-ке дейiн). Ана өлiмi жағдайлары тiркелмеген.

Денсаулық сақтау саласының күрделi шығындары 1,1 млрд. теңгенi құрайды, оның iшiнде медициналық ұйымдарды жарақтандыруға — 622,1 млн. теңге, күрделi және ағымдағы жөндеулерге 537,6 млн. теңге қарастырылған, соның iшiнде жергiлiктi бюджет есебiнен — 315,2 млн. теңге, республикалық бюджет есебiнен 205,0 млн. теңге бөлiнген.

Ақмола облысының Экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы

Дата создания статьи: 16.01.2017 11:50
Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.01.2017 11:50
Қаралым саны: 176
Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0
 
@2017 Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 114Б

8 (7162) 29-63-00;

economika@akmo.kz