A- A A+
Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
Ақмола облысының 2017 жылғы қаңтардағы әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы ақпарат

1. Экономика

Өнеркәсiпте өндiрiс көлемi 37,0 млрд. теңгенi құрды. Тауар өнiмнiң НКИ — 105,3% (ҚР бойынша 104,9%).

Тау-кен өндiру өнеркәсiбiнде нақты көлем индексi 98,2% құрды.

Құрамында алтын бар кендердi (17,1%-ға) барлаудын төмендеуiне байланысты.

Өңдеу өнеркәсiбiнде нақты көлем индексi 108,5% құрды.

Азық-түлiк өндiрiсiнде (НКИ-96,6%) өткен жылдың кезеңiмен салыстырғанда (заттай көрiнiсте) ет және сорпалық тағамдық азық-түлiктер 23,6%, өсiмдiк майы 18,9%, ұн 1,7% өстi.

Сусындар өндiрiсi саласында (НКИ-111,5%) арақ 23,9% өстi.

Химия өнеркәсiбiнде (НКИ-112,0%) күкiрт қышқылының өндiрiсi 13,3 мың тоннаны құрады (2016 жылдың кезеңiне 1,3 есе өсiммен). Пестицидтер өндiрiсi 23,9%-ға өстi.

Резеңке және пластмасса өнiмдерi өндiрiсiнде (НКИ 81,8 %) 2017 жылғы қаңтар айында пластмасстан жасалған фитинг және құбыр өндiрiсiнiң көлемi 290,7 тонна немесе өткен жылдың тиiстi кезеңiнiң осы кезеңiне 52,1%.

Машина жасау саласында (НКИ 104,6%) жетекшi кәсiпорындары болып «ЕПК Степногорск» (темiржол жылжымалы құрамға арналған подшипниктер өндiру), «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ (КАМАЗ жүк автомобильдерiн жинау), «Қамқор-Локомотив» ЖШС филиалының Атбасар электорвоздарды жөндеу зауыты (электровоздарды күрделi жөндеу) табылады.

Өсу келесi кәсiпорын бойынша байқалады:

«Қамқор-Локомотив» ЖШС АЭЖЗ филиалы бойынша ағымдағы жылдың қаңтар айында тауарлық өнiм көлемi 393,0 млн. теңге немесе өткен жылдың тиiстi кезеңiне 110,1% құрды.

«КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ ағымдағы жылдың қаңтар айында жүк автомобильдерiн құрастыруды жүзеге асырған жоқ

Басқа да металл емес минералды өнiмдер өндiрiсi саласында (НКИ 167,4%) кiрпiш өндiрiсi көлемдерiнiң 1,7 есе өстi.

Металлургия саласында (НКИ 121,7%) өңделмеген және жартылай өңделген алтын өндiру көлемiнiң 8,8% ұлғаюы байқалады, бұл «Altyntau Kokshetau» АҚ қызметiне байланысты.

«СТКХК» ЖШС табиғи уранның химиялық концентратты өңдеу көлемi 294 тоннаны құрады (2016 жылдың кезеңiне 1,4 есе өсiммен).

Өндiрiстiң төмендеуi облыстың 2 аймағында жол берiлген: Корғалжын ауданы (69,3%) мен Көкшетау (89,1%).

ИИДМБ аясында жүзеге асыру кезеңiнде (2010-2016 жылға) 7,1 мың тұрақты жұмыс орындар құруымен 78 жоба 180,6 млрд. теңгеге iске қосылған.

Ауыл-шаруашылық жалпы өнiмнiң көлемi 7542,9 млн теңге, нақты көлемнiң индексi — 2016 жылдың деңгейiне 102,1% құрады.

НКИ нiң төмендеу қарқыны мен терiс динамикасы Еңбекшiлдер (98,6%), Астрахан (98,3%), Егiндiкөл (95,9%), Бурабай (81,2%), Қорғалжын (65,4% — ға) аудандарында жол жiберiлдi.

Өсiмдiк шаруашылығы. Ағымдағы жылы жоспарланған жаздық егiс алқабы 4,7 млн. га, соның iшiнде дәндi және дәндi-бұршақты дақылдардың жаздық алаңы 4,3 млн. га болып көзделген.

Майлы дақылдарды 219,4 мың га. егiстiк алқапта жүргiзу жоспарланып отыр. Облыс бойынша 18,4 мың. га алқапта картопты, 4,3 мың. га -да көкөнiстi отырғызу жоспарланып отыр

Жаздық жем-шөп дақылдарын 135,0 мың га. алаңында отырғызу жоспарлануда. Жалпы алғанда өткен жылдардағы көп жылдық шөп жемшөптердi ескере отырып, облыс бойынша жалпы алаңы 584,4 мың га. құрады.

Мал шаруашылығы. Шаруашылықтардың барлық санаттарымен тiрi салмақта 8,9 мың тонна ет (былтырғы жылдың сәйкес кезеңiне 7,5%-ға өсiм), 14,5 мың тонна сүт (былтырғы жылдың сәйкес кезеңiне 9,2%-ға өсiм), 55,5 млн.дана жұмыртқа (былтырғы жылдың сәйкес кезеңiне 84,5 %-ға дейiн төмендеу) өндiрiлдi.

IҚМ басының саны 3,7%-ға өстi (410,8 мың басты құрайды ), оның iшiнде сиыр — 7,5%-ға (202,9 мың бас). Жылқы — 8,0%-ға (160,2 мың бас), қой мен ешкi — 2,0%-ға (527,5 мың бас), шошқалар — 0,5%-ға (118,0 мың басқа), құстар — 2,9% ға (4,9 млн. бас) дейiн өстi.

Ағымдағы жылы Астана қ. маңындағы азық-түлiк белдеуi аясында 6,2 млрд.теңгенiң 8 жобасы iске асырылуда

Облыстың ауылшаруашылық тауар өндiрушiлерiмен астана базарларына (2017ж.13.02.) 1,6 мың тонна сүт өнiмдерi (өсiм 9,4%-ға), 0,7 мың тонна ет өнiмдерi (10,5%-ға), 7,0 млн. дана жұмыртқа (2,4%-ға) жеткiзiлдi.

А.ж. 1 ай қорытындысы бойынша экономиканы дамытуға 7,0 млрд. теңге қаржы жұмсалған, бұл 19,1% артық ұқсас кезеңiнде 2015 жылғы.

Инвестиция құрылымында ең үлкен үлесi кәсiпорындардың меншiктi қаражатына және дербес салушылар 81,7% болады, олардың есебiнен 5,7 млрд.теңге игерiлген.

Республикалық қаражаттың игерiлген үлесi инвестиция мөлшерiнен 1,2% немесе 82,2 млн.теңгеден құрады, жергiлiктi бюджеттiң — 0,3%, 20,0 млн. теңге игерiлген. Банктердiң несиелерiнiң үлесi инвестицияның жалпы мөлшерiнде 4,6% құрайды немесе 325,7 млн. теңге, басқа қарыз қаржысының үлесi — 12,2% немесе 860,3 млн.теңге.

Астрахан (93,1%), Жақсы (87,9%), Ерейментау (85,3%), Целиноград (65,7%), Зеренда (63,2%), Қорғалжын (49,6%) Еңбекшiлдер (30,0%), Есiл (2,7%) 8 ауданында негiзгi капиталға инвестициялар көлемi төмендедi.

Сыртқы инвестициялардың көлемi 0,7 млрд. теңге құрады.

«Нұрлы жол», 2020 Аймақтарды дамудың бағдарламалар шеңберiнде 8,5 млрд.теңге сумен қамту жүйенiң дамуы бойымен және су бөлуi ерекшеленген бөлiнген(11-шi салу, 15-ти — қайта жаңартуға 7,8 млрд. теңге және ЖСҚ әзiрлеу бойынша 11 жоба — 0,1 млрд. теңге, IБЖ-0,6 млрд.теңге).

608 елдi мекендерден 351 елдi мекендер орталықтандырылған су (57,7%), орталықтандырымаған су — 230елдi мекендер (37,8%). Жеткiзiлетiн су 27 елдi мекендер (4,5%).

Құрылыс жұмыстарының көлемi 0,7 млрд.теңге немесе 2016 жылдың деңгейiнен 122,4% құрады.

Құрылыс жұмыстарының көлемi 2 ауданында төмендедi: Аршалы (94,6%), Астрахан (92,8%), Есiл (89,6%), Зеренда (78,4%), Ақкөл (46,0%).

Тұрғын үй құрылысы.

2016 жылда қантар-желтоқсан айындар аралығында 72,0 мың м2 енгiзiлген, бұл 2016 жылдың деңгейiне 139,9% құрады.

Кәсiпкерлiктi дамыту. Облыста шағын және орта кәсiпкерлiктiң жұмыс iстейтiн субъектiлер саны 44,8 мың, соның iшiнде шағын кәсiпкерлiктiң заңды тұлғалары 5,8 мың, орта кәсiпкерлiктiң заңды тұлғалары 116 бiрлiк, жеке кәсiпкерлер 35,3 мың, шаруа қожалығы (фермерлiк) 3,6 мың.

«Бизнестiң жол картасы-2020» бағдарламасының барлық бағыттары бойынша iске асыру кезеңiнде (2010 жылдан 2017 жылдың 1 ақпанына дейiн) Өңiрлiк Үйлестiру кеңесiмен 84,5 млрд.теңге кредит сомасына 666 жоба мақұлданды. 2017 жылы жеке кәсiпкерлiктi қолдау үшiн 5,3 млрд.теңге бөлiндi.

Тұтыну бағасының индексi 100,3% (ҚР бойынша — 100,8%) құрады, оның iшiнде азық — түлiк тауарларына — 100,5%, азық — түлiк емес тауарларына — 100,3%, ақылы қызметтер — 100,1%.

2016 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында орташа айлық жалақы 2015 жылғы деңгейге 17,5%-ға өстi және 104,4 мың теңгенi құрады. Жалақының төмен деңгейi Бурабай (101 439 теңге), Есiл (99 577 теңге), Шортанды (97 583 теңге), Ерейментау (97 526 теңге), Целиноград (97 116 теңге), Астрахан (96 245 теңге), Жақсы (95 163 теңге), Сандықтау (94 132 теңге), Егiндiкөл (92 410 теңге), Атбасар (91 611 теңге), Ақкөл (91 502 теңге), Аршалы (90 891 теңге), Бұланды (86 630 теңге), Қорғалжын (85 066 теңге) және Жаркайың аудандарында (82 524 теңге).

Салықтар және бюджет. Мемлекеттiк бюджетке 7,1 млрд. теңге немесе болжамды жоспарға қарағанда 151,2% сома түстi, соның iшiнде республикалық бюджетке — 2,9 млрд. теңге (болжамға 163,6%), жергiлiктi бюджетке — 4,1 млрд. теңге (болжамға 143,5%).

2. Әлеуметтiк сала

2017 жылдың қантар айларында экономика салаларында 535 жаңа жұмыс орындары пайда болды, олардың 439 — тұрақты.

Жұмыспен қамту қызметi арқылы 525 адам жұмысқа орналастырылды, бұл өтiнiш бiлдiргендер санының 44,2% құрады. Жұмыспен қамтылғандардың төмен деңгейi 11 аймақтарда: Қорғалжын ауданында (5%), Буланды ауданында (15%), Көкшетау қаласында (26,3%), Аршалы ауданында (28,6%), Целиноград ауданында (30,9%), Есиль ауданында (33,3%), Ерейментау ауданында (34,6%), Атбасар ауданында (38,0%), Егиндыколь ауданында (38,5%), Зерендi ауданында (40,0%), Жаркаин ауданында (43,6%),

Қоғамдық жұмыстарға 247 адам жiберiлдi.

Тұрмысы кедейлiктiң шегiнен төмен азаматтардың саны 120 адамға төмендеп және 449 адамды құрады.

Барлық қаржыландыру көздерiнен 207 аз қамтылған азаматтарға 8 450,7 млн. теңге сомасында әлеуметтiк көмек көрсетiлдi.

Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың бағдарламасының бойынша:

-бiрiншi бағыты бойынша «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсiптiк бiлiммен және қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқумен қамтамасыз ет» 2129 адам оқытуға жолдау (еңбек нарығының қажеттiлiктерiн ескере отырып, техникалық және кәсiптiк бiлiмi бар кадрларды даярлау — 1190 адам (әкiмшiсi Бiлiм басқармасы), жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсiптер және дағдылар бойынша қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқыту — 909 адам (әкiмшiсi Жұмыспен қамтуды және әлеуметтiк бағдарламаларды үйлестiру басқармасы), кәсiптiк даярлауға оқытуды аяқтау 2013 жылы БМ арқылы және 2016 ДСӘДМ жылы «ЖҚЖК-2020» бағдарламасы арқылы бағытталған — жоспар 30 адам (әкiмшiсi Жұмыспен қамтуды және әлеуметтiк бағдарламаларды үйлестiру басқармасы)).

-екiншi бағыты бойынша «Жаппай кәсiпкерлiктi дамыту» бағдарламаға қатысушыларды «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсiпкерлiк негiздерiне 1080 адамды оқыту және шағын несие 514 адам жоспарлануда.

-үшiншi бағыты бойынша «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы еңбек нарығын дамыту және еңбек ресурстарының ұтқырлығы» (жастар тәжiрибесiмен, әлеуметтiк жұмыс орындарымен, 7 инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебiнен жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша (денсаулық — 1, әлеуметтiк қорғау — 3)  — 195 адам жұмысқа орналастыру жоспарлау, соның iшiнде жұмыспен қамту орталықтары арқылы 100 адам) 3512 адам жұмыспен қамту қажет; оралмандарды көшуге субсидиялау 312 адам қажет

ҚР бiлiм берудi дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы бойынша 1 балабақшың (Көкшетау қ), 2 520 орындық 7 мектептердiң құрылысы (Көкшетау қ, Бурабай, Еңбекшiлдер, Сандыктау, Целиноград ауданы (3 нысан), 420 орынға арналған орта мектебiне жапсаржай салу және Мәдениет колледжiнiң оқу корпусына қосымша ғимараттың құрылысы (Көкшетау қ), мектеп-интернат ғимаратын қайта жаңарту (Қорғалжын ауданы), орта мектеп ғимаратының екi қабатты блогын реконструкциялау (Бұланды ауданы), балалар үйiн қайта жаңарту (Сандықтау ауданы) қарастылған.

Бурабай ауданы Кенесары а. ауысымына 25 қабылдау жасайтын дәрiгерлiк емхананыңқұрылысы қарастырылған.

Мектепке дейiнгi ұйым — 593 бiрлiк, соның iшiнде 215 балабақша және 378 мектепке дейiнгi шағын орталық (соның iшiнде  — мемлекеттiк 145, жеке– 70.) 245 елдi мекенiнен тасымалдау жүзеге асырылады.

2017 жылдың 1 акпанға мектепке дейiнгi тәрбиемен және оқытумен 3-6 жас аралығы бойынша 95,4% , 1-6 жас аралығы бойынша 63,9%.

Жоғары көрсеткiштерi (1-6 жас аралығы бойынша) Ерейментау (76,4%), Есiл (74,5%), Жарқайың (72,4%) және Целиноград (72,4%) ауданындарында, ен төмен Астрахан (53,8%) ауданында, Көкшетау қаласында (52,1%).

Денсаулық сақтау саласында 2017 жылдың қаңтар айында медициналық ұйымдардың жабдықталу деңгейi 57,34% құрайды (ФАП-тер — 48,11%, дәрiгерлiк амбулаториялар — 49,04%).

Туберкулезбен ауыру көрсеткiшi 3,8%-ға (100 мың адамға шаққанда 5,3-тен 5,1-ге дейiн), қан айналу жүйесiнiң ауруларымен ауыру деңгейi 18,7%-ға (100 мың адамға шаққанда 119,5-тен 97,1-ге дейiн), онкопатологиямен ауыру 4,0%-ға (100 мың адамға шаққанда 14,9-дан 14,3-ке дейiн) артты.

Қан айналу жүйесiнiң ауруларынан өлу деңгейi 45,3%-ға артты (100 мың адамға шаққанда 17,29-дан 25,12-ге дейiн).

Сәби өлiмi көрсеткiшi 27,4%-ға артты (1000 тiрi туғанға 9,5-тен 12,1-ге дейiн). Ана өлiмi жағдайлары тiркелмеген.

Денсаулық сақтау саласының күрделi шығындары 3,4 млрд. теңгенi құрады, оның iшiнде медициналық ұйымдарды жарақтандыруға — 2,5 млрд. теңге, күрделi жөндеулерге 924,7 млн. теңге қарастырылған, соның iшiнде Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламасы шеңберiнде — 223,7 млн. теңге бөлiнген.

 

 

Ақмола облысының Экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы

 

Дата создания статьи: 17.02.2017 12:08
Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.02.2017 12:08
Қаралым саны: 280
Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0
 
@2017 Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 114Б

8 (7162) 29-63-00;

economika@akmo.kz