Ақмола облысының 2019 жылғы қаңтар-қыркүйектегі әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы ақпарат

1. Экономика

Өнеркәсiпте өндiрiс көлемi 553,6 млрд. теңгенi құрды. Тауар өнiмнiң НКИ — 102,4%.

Тау-кен өнеркәсiбiнде нақты көлем индексi 114,3% құрады.

Өсiм құрамында алтын бар кен өндiру көлемiнiң 17,4% — ға, мыс кенiнiң 13,5% — ға артуымен байланысты.

Өңдеу өнеркәсiбiнде нақты көлем индексi 99,9% құрды.

Азық-түлiк өндiрiсiнде (НКИ 114,9%) өткен жылдан бастап ет өндiру артты (заттай көрiнiсте) 99%-ға, сүт 9,8% — ға, ұн 14,7% — ға өстi.

Резеңке және пластмасса бұйымдары өндiрiсiнде (НКИ 149,2%) полиэтилен пакеттерi мен қаптарды шығару 10,9 есеге ұлғайды.

Машина жасау саласында (НКИ 104,5%) подшипниктер өндiрiсiнiң көлемi 19,7% — ға өстi, жүк автомобильдерiнiң көлемi 84,6% — ға көтерiлдi.

Ауыл-шаруашылық жалпы өнiмнiң көлемi 347,7 млрд. теңге, нақты көлемнiң индексi — 2018 жылдың деңгейiне 106,5% құрады.

Өсiмдiк шаруашылығы. Қазiргi уақытта егiн жинау аяқталып жатыр, 4,3 млн.га алқаптан дәндi дақылдар жиналды (99,1%). Бункерлiк салмақта жалпы астық жинау 4,9 млн. тоннаны құрайды, орташа өнiмдiлiк-11,5 ц/га.

Майлы дақылдарды жинау 154,8 мың га алқапта немесе майлы дақылдардың жалпы жинау алқабының 60,3% (260,5 мың га) жүргiзiлдi , майлы дақылдарды жалпы жинау 107 мың тоннаны құрайды, орташа өнiмдiлiк 6,9 ц/га.

Картоп жинау 17,2 мың га алаңда жүргiзiлдi немесе жинау алаңынан 99% (17,4 мың га), картоптың жалпы түсiмi 210,4 мың тоннаны құрайды, орташа өнiмдiлiк 122,2 ц / га.

Көкөнiстер 3,8 мың га алқаптан жиналды немесе жинау алаңынан 98,4% (3,8 мың га), көкөнiстердiң жалпы түсiмi 42,8 мың тоннаны құрайды, орташа өнiмдiлiк 113,3 ц/га.

1139,9 мың тонна шөп дайындалды немесе белгiленген жоспарға 102,3% (жоспар — 1114 мың тонна).

Мал шаруашылығы. Шаруашылықтардың барлық санаттарымен тiрi салмақта 101,2 мың тонна ет (былтырғы жылдың сәйкес кезеңiне 30,9%-ға өсiм), 316,1 мың тонна сүт (2,9%-ға өсiм).

IҚМ басының саны 4,9%-ға өстi (454,2 мың басты құрайды), оның iшiнде сиыр — 5%-ға (217,7 мың бас), қой мен ешкiнiң — 1,3%-ға (562,4 мың бас), жылқы — 8,1%-ға (197,9 мың бас), құстар — 24,2%-ға (8,2 млн. бас).

Ағымдағы жылы Нұр-Сұлтан қ. маңындағы азық-түлiк белдеуi аясында 10,7 млрд.теңгенiң 10 жобасы iске асырылуда.

Облыстың ауылшаруашылық тауар өндiрушiлерiмен астана базарларына (04.10.2019 ж.) 97,1 мың тонна сүт өнiмдерi (2018 жылғы ұқсас кезеңiне өсiм 6,9%), 21,8 мың тонна ет өнiмдерi (2018 жылғы ұқсас кезеңiне өсiм 8,5%), 218,2 млн. дана жұмыртқа (2018 жылғы ұқсас кезеңiне өсiм 9,7%) жеткiзiлдi.

2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айының қорытындысы бойынша экономиканы дамытуға 235,8 млрд. теңге қаржы жұмсалған, немесе 2018 жылдың деңгейiне 109,5% құрады.

Инвестиция құрылымында ең үлкен үлесi кәсiпорындардың меншiктi қаражатына және дербес салушылар 60% болады, олардың есебiнен 141,5 млрд. теңге, республикалық мен жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты — 17,9% немесе 42,2 млрд. теңге құрады. Банктердiң несиелерiнiң үлесi инвестицияның жалпы мөлшерiнде 11,1% құрайды, басқа қарыз қаржысының үлесi — 11%.

2019 жылы сумен жабдықтау және су бұру жүйесiн дамытуға 17,3 млрд.теңге бөлiндi. Қаражат 13 құрылысқа (4,6 млрд.теңге) және 27 объектiнi қайта жаңартуға (7,1 млрд. теңге), 6 жоба бойынша ЖСҚ әзiрлеуге (78,7 млн. теңге), iздестiру-барлау жұмыстарына (770 млн. теңге), "Нұрлы жол" бойынша кредиттер (4,6 млрд. теңге), 2 ағымдағы жөндеуге (131,3 млн. теңге) бағытталды.

601 елдi мекеннiң iшiнде 357 АЕМ — де орталықтандырылған сумен жабдықтау (59,4%), 224 АЕМ-орталықсыздандырылған (37,3%). 20 АЕМ-де тасымалданатын су (3,3%).

Құрылыс жұмыстарының көлемi 94,2 млрд. теңгенi немесе 2018 жылдың сәйкес кезеңiне 118,1% құрады.

Тұрғын үй құрылысы.

2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айында 404 мың м2 енгiзiлген, бұл 2018 жылдың деңгейiне 102,5% арттық.

Мемлекеттiк — жеке меншiк.

Облыста мемлекеттiк — жеке меншiк әрiптестiк тетiгi арқылы 47 жоба iске асырылуда (бiлiм беру саласында — 36, денсаулық сақтау саласында — 4, тұрғын үй құрылысы саласында — 3, көлiк саласында — 2, энергетика саласында — 1, табиғат қорғау саласында-1), оның iшiнде Целиноград ауданында жеке партермен жасалған шарт бұзылған.

Құны 264,5 млрд. теңге болатын 41 жоба бойынша жеке серiктестермен келiсiмдерге қол қойылды, 4,2 млрд. теңгеге мемлекеттiк мiндеттемелер қабылданды.

5 жоба жоспарлау сатысында.

Кәсiпкерлiктi дамыту. Облыста жұмыс iстеп тұрған шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң саны 47 317 бiрлiктi құрайды, оның iшiнде шағын кәсiпкерлiктiң заңды тұлғалары — 7 556 бiрлiк; орта кәсiпкерлiктiң заңды тұлғалары — 111 бiрлiк; жеке кәсiпкерлер — 34 149; шаруа (фермер қожалықтары) — 5 501 бiрлiк.

Iске асыру кезеңiнде (2010 жылдан бастап) «Бизнестiң жол картасы-2020» ағдарламасының барлық бағыттары бойынша 131,9 млрд.теңге кредит сомасына 1 017 жоба мақұлданды.

2019 жылы Бағдарламаны iске асыруға 2,6 млрд.теңге бөлiндi, 73,9% игерiлдi.

Тұтыну бағаларының индексi (2019 жылғы қыркүйек 2018 жылғы желтоқсанға) 102,8% құрады, оның iшiнде азық — түлiк тауарларына — 106,1%, азық — түлiк емес тауарларға — 103%, халыққа көрсетiлген ақылы қызметтерге — 98,5%.

2018 жылғы қаңтар-маусымда орташа айлық жалақы 2018 жылға 14,1% — ға өстi және 131,7 мың теңгенi құрады.

Салық және бюджет. Мемлекеттiк бюджетке 120,9 млрд.теңге салықтар мен мiндеттi төлемдер түстi немесе болжамға 105,2%, оның iшiнде республикалық бюджетке — 70,3 млрд. теңге (болжамға 101,9%), жергiлiктi бюджетке — 50,5 млрд. теңге (болжамға 110,2%).

2. Әлеуметтiк сала

2019 жылдың қаңтар — қыркүйек айлар бойынша экономика салаларында 10289 жаңа жұмыс орындары пайда болды, олардың 6454 — тұрақты.

Жұмыспен қамту қызметi арқылы 13 692 адамды жұмысқа орналастырылды, бұл өтiнiш бiлдiргендер санының 80,2% құрады.

Жұмыс iздеу клубтарының семинарлық оқуларына 1544 адам қатысты, олардың iшiнде тұрақты және уақытша жұмысқа 1115 адам (89,9%) жұмысқа орналастырылды.

Бос жұмыс орындарының 61 жәрмеңкесi өткiзiлдi, осы жәрмеңкеде 2735 бос жұмыс орны ұсынылды, нәтижесiнде 2735 адам жұмысқа, оның iшiнде жұмыс орнына 235 адам жұмысқа орналастырылды.

2017-2021 жылдарға нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың «Енбек» бағдарламасының шеңберiнде келесi iс-шаралар жоспарланған:

-бiрiншi бағыты бойынша «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсiптiк бiлiммен және қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқумен қамтамасыз ету» 3 680 адам оқытуға жолдау жоспарланған (еңбек нарығының қажеттiлiктерiн ескере отырып, техникалық және кәсiптiк бiлiмi бар кадрларды даярлау — 1 190 адам (әкiмшiсi Бiлiм басқармасы), жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсiптер және дағдылар бойынша қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқыту — 2490 адам). 1 қазан 2019 жылдың қорытындысы бойынша қысқа мерзiмде кәсiптiк оқумен 1977 адам қамтылды.

- екiншi бағыты бойынша «Жаппай кәсiпкерлiктi дамыту» бағдарламаға аясында жұмыспен қамту шараларымен 3369 адам, соның iшiнде:

- «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсiпкерлiк негiздерiне оқытумен 1270 адамды қамтылады. 1 қазан 2019 жылдың қорытындысы бойынша 1478 адам оқу өттi.

- ауылдағы және қалалардағы кәсiпкерлiк бастамаларды қолдау мақсатында, 956 азаматқа 4,7 млрд. теңге сомасына несие берiлдi, 1 қазан 2019 жылдың 680 микрокредит алынды;

- жаңа бизнес-идеяларды iске асыруға 463,6 млн. теңге сомасында 1143 грант беру. 1 қазан 2019 жылдың 633 адам грант алды.

- үшiншi бағыты бойынша «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы еңбек нарығын дамыту және еңбек ресурстарының ұтқырлығы» (жастар тәжiрибесiмен, әлеуметтiк жұмыс орындарымен) — 2989 адам жұмыспен қамту қажет.

2019 жылдың қаңтар- қазан айылар бойынша жастар тәжiрибесiне — 783 адам (жоспар — 700); әлеуметтiк жұмыс орындарға — 684 адам (жоспар — 544); ақылы қоғамдық жұмыстарға — 1988 адам (жоспар — 1745).

Мектепке дейiнгi ұйым — 614 бiрлiк, соның iшiнде 240 балабақша және 374 мектепке дейiнгi шағын орталық (соның iшiнде  — мемлекеттiк 136, жеке– 104) 234 елдi мекенiнен тасымалдау жүзеге асырылады.

Мектепке дейiнгi тәрбиемен және оқытумен 3-6 жас аралығы бойынша 99% , 1-6 жас аралығы бойынша 67,4%.

Жоғары көрсеткiштерi (1-6 жас аралығы бойынша) Сандықтау (87,6%), Ерейментау (82,2%), Есiл (80,1%) ауданындарында, Степногорск қ. (82,9%), ең төмен — Көкшетау қаласында (57,8%), Атбасар (57,3%), Егiндыкөл (57,7%) ауданында.

2019 жылы Шортанды ауданында және Көкшетау қаласында 2 балабақша, Целиноград ауданында (4 объект) және Көкшетау қаласында 5 мектеп, Көкшетау қаласында 3 мектептiң оқу корпустарына қосымша құрылыс салу (№1, №6 және №13), сондай-ақ Бұланды ауданының Алтынды орта мектебiн қайта жаңарту қарастырылған. Бурабай ауданында 800 орындық мектеп, Ақан серi атындағы мәдениет колледжiне қосымша құрылыс және Көкшетау қаласында 1 балабақша 280 орынға енгiзiлдi.

Денсаулық сақтау саласында 2019 жылдың қаңтар — қыркүйек айларында туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткiшi 15,1% — ға төмендедi (100 мың адамға 43,1-дан 36,6-ге дейiн).

Жалпы өлiм 1,6% -ға (1000 адамға 10,12-ден 9,96-ке дейiн) төмендедi, қан айналым жүйесiнiң ауруларынан өлiм деңгейi 6,7% — ға төмендедi (100 мың тұрғынға шаққанда 213,3-тен 199-ке дейiн), жазатайым жағдайдан, уланудан және жарақаттан 9,7% -ға төмендедi (100 мың тұрғынға шаққанда 92-дан 83,1-ға дейiн).

Бала туу көрсеткiшi 0,3%-ға өстi (1000 адамға шаққанда 12,25-тен 12,29-ке дейiн).

Денсаулық сақтаудың күрделi шығыстары үшiн 2019 жылы 2,7 млрд. теңге бөлiндi, оның iшiнде медициналық ұйымдарды жабдықтау үшiн — 2,1 млрд. теңге, күрделi жөндеуге — 0,6 млрд. теңге.

Целиноград, Шортанды аудандарында 2 дәрiгерлiк амбулаторияның, Көкшетау қаласының онкологиялық емханасының және Целиноград ауданында 100 келушiге арналған емхананың құрылысы жүргiзiлуде.

Аршалы ауданында медициналық пункт және Атбасар ауданында дәрiгерлiк амбулатория пайдалануға берiлдi.

Мемлекеттік рәміздері

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн