A- A A+
Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
Ақмола облысының 2016 жылғы қаңтар-қыркүйек әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы ақпарат

1. Экономика

Өнеркәсiпте өндiрiс көлемi 282,2 млрд.теңге құрды.Тауар өнiмнiң НКИ — 104,5% құрды.

Тау-кен өндiрiсi өнеркәсiбiнде нақты көлем индексi 110,1 % құрады. Өсiм құрамында алтын бар кендердi (15%-ға), уран кендердi (10,3%-ға), өндiру көлемдерiнiң байланысты.

Өңдеу өнеркәсiбiнде нақты көлем индексi 104,0% құрады.

Басқа да метал емес минералды өнiмдер өндiрiсi саласында (НКИ 84,3%) керамикалық кiрпiш өндiрiсi көлемiнiң (17,4%-ға) төмендеуi байқалады. Құрылыс ерiтiндiлерi өндiрiсi 3,4 есе өстi.

Сусындар өндiрiсi саласында (НКИ-117,2%) алкогольсiз сусындар шығару 23,9%, арақ 23,9% өстi.

Машина жасау саласында (НКИ 70,0%) «ЕПК Степногорск» АҚ (темiржол жылжымалы құрамға арналған подшипниктер өндiру), «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ (КАМАЗ жүк автомобильдерiн жинау), «Қамқор-Локомотив» ЖШС филиалының Атбасар электровоздарды жөндеу зауыты (электровоздарды күрделi жөндеу) жетекшi кәсiпорындар болып табылады.

Өсу келесi кәсiпорындар бойынша байқалады:

ЕПК Степногорск» АҚ, подшипниктер көлемi 8722 тоннаны құрды, өсiм өткен жылдың тиiстi кезеңiнiң деңгейiмен салыстырғанда 26%;

«КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ 439 жүк тасымалдау автокөлiгiн жинады, немесе өткен жылдың осы кезеңiне 103,1% құрады.

«Қамқор-Локомотив» АЭЖЗ ЖШС өндiрiсi 10,4%-ға төмендеуi байқалады. «Вектор» КЗ» ЖШС статдеректер бойынша 26 комбайндарын жинады (2015 ж. қаңтар-тамызда — 171 дана).

Резеңке және пластмасса бұйымдары өндiрiсiнде (НКИ 99,8%) 2016 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында полиэтиленнен жасалған қаптар және сөмкелер өндiрiсi 534,5 тоннаны құрады немесе өткен жылдың осы кезеңiне 103,5% құрады.

Пластмасстан жасалған фитинг және құбыр өндiрiсiнiң көлемi 14022,2 тонна немесе өткен жылдың тиiстi кезеңiнiң осы кезеңiне 93,3%.

Азық-түлiк өндiрiсiнде (НКИ-114,8%) өткен жылдың кезеңiмен салыстырғанда (табиғи тұрғыда) ет және сорпалық тағамдық азық-түлiктер 29,0%, өсiмдiк май 2,4 есе, ұн 31,7% өстi.

Химия өнеркәсiбiнде (НКИ-87,9%) пестицид өндiрiсi 13,8% төмендедi. Этил спиртi өндiрiсi 11,0% өстi. Күкiрт қышқылы өндiрiсi 91,8 мың тонна құрады (2015 ж. қаңтар-қыркүйекте — 9,6 мың тонна).

Металлургия саласында (НКИ 130,3%) өңделмеген және жартылай өңделген алтын өндiру көлемiнiң 31,9% ұлғаюы байқалады, бұл «Altyntau Kokshetau» ЖШС қызметiне байланысты.

«СТКХК» ЖШС табиғи уранның химиялық концентратты өңдеу көлемi 1880 тоннаны құрады (өсiм 24,4%).

Өндiрiстiң төмендеуiне облыстың 6 аймақта жол берiлген — Қорғалжын (99,9%), Целиноград (93,8%), Атбасар (89,6%), Бұланды (81,7%), Егiндiкөл (63,6%), Ерейментау (87,0%) аудандарында.

ИИДМБ аясында жүзеге асыру кезеңiнде (2010 жылдан 2016 жылдың 1 қазанға дейiн) 6,8 мың тұрақты жұмыс орындар құруымен 70 жоба 173,7 млрд. теңгеге iске қосылған.

Ауыл-шаруашылық жалпы өнiмнiң көлемi 248,4 млрд. теңге, нақты көлемнiң индексi — 2015 жылдың деңгейiне 113,1% құрады.

Өсiмдiк шаруашылығы. Дәндi және дәндi бұршақты дақылдардың жалпы түсiмi 5672,4 мың тоннаны құрады, орташа шығарылымы — 13,2 ц/га, картоп — 258,3 мың тонна (145,5 ц/га) көкөнiстер — 49,1 мың тонна (120,0 ц/га).

Майлы дақылдардан жалпы жиналым 128,8 мың тоннаны құрады, облыс бойынша орташа шығарылымы — 9,1 ц/га.

2016 жылдың астық жинауына 661,6 мың га жер өңделдi.

Ағымдағы жылы сүдiгер жырту 789,8 мың га алқапта көзделiп отыр, 14.10.15 ж. жағдай бойынша 707,0 мың га жыртылды, ол көзделген алқаптың 89,5% құрайды.

Облыста 2016 жылдың 13 қазанына дейiнгi жағдай бойынша дайындалған пiшеннiң көлемi 1159,3 мың тоннаны немесе жылдық қажеттi мөлшердiң 109,3%-ын құрады.

Мал шаруашылығы. Шаруашылықтардың барлық санаттарымен тiрi салмақта 69,2 мың тонна ет (2015 жылдың сәйкес кезеңiне 9,1%-ға өсiм), 299,0 мың тонна сүт (2015 жылдың сәйкес кезеңiне 4,5%-ға өсiм), 565,4 млн.дана жұмыртқа (2015 жылдың сәйкес кезеңiне 10,9 %-ға төмендеу) өндiрiлдi.

IҚМ басының саны 3,1%-ға өстi (425,1 мың басты құрайды ), оның iшiнде сиыр — 5,7%-ға (204,0 мың бас). Жылқы — 5,7%-ға (166,1 мың бас), қой мен ешкi — 2,8%-ға (558,1 мың бас), шошқалар — 3,1%-ға (124,1 мың басқа) дейiн өстi.

2015 жылдың сәйкес кезеңiне құстар саны былтырғы жылдың деңгейiнде (5,3 млн. бас)

Астана қ. азық-түлiк белдiгiнiң аясында 9,8 млрд. теңгеге 11 жоба жүзеге асырылып жатыр.

Оның iшiнде жалпы сомасы 6,1 млрд.тенгеге 7 жоба жүзеге асырылды.

Облыс ауыл шаруашылық құрырылымдарымен астана базарына (2016ж.10.10. жағдайына) 58,8 мың тонна сүт өнiмдерi (2015 жылдың сәйкес кезеңiне 10,9% — өсiммен), 15,9 мың тонна ет және ет өнiмдерi (2015 жылдың сәйкес кезеңiне 9,6% өсiммен), 170,9 млн. дана жұмыртқа (2015 жылдың сәйкес кезеңiне 11,2% өсiммен) жеткiзiлдi.

А.ж. 9 айдың қорытындысы бойынша экономиканы дамытуға 153,3 млрд. теңге қаржы жұмсалған, бұл 8,5% артық ұқсас кезеңiнде 2015 жылғы.

Инвестиция құрылымында ең үлкен үлесi кәсiпорындардың меншiктi қаражатына және дербес салушылар 47,1% болады, олардың есебiнен 72,2 млрд.теңге игерiлген.

Республикалық қаражаттың игерiлген үлесi инвестиция мөлшерiнен 27,7% немесе 42,5 млрд.теңгеден құрады, жергiлiктi бюджеттiң — 3,7%, 5,7 млрд. теңге игерiлген. Банктердiң несиелерiнiң үлесi инвестицияның жалпы мөлшерiнде 11,4% құрайды, басқа қарыз қаржысының үлесi — 10,1%.

Целиноград (60,9%), Зерендi (80,3%), Ерейментау (91,6%), Еңбекшiлдер (98,6%) 4 ауданында негiзгi капиталға инвестициялар көлемi төмендедi.

Сыртқы инвестициялардың көлемi 7,9 млрд. теңге құрады.

«Аймақтарды дамудың бағдарламасы» шеңберiнде сумен қамту жүйесiнiң дамуына және су кәрiзi бойынша 9 жобаны жүзеге асыруға 0,5 млрд.теңге бөлiнген

614 елдi мекендерден 353 елдi мекендер орталықтандырылған су (57,5%), орталықтандырымаған су — 234 елдi мекендер (38,1%). Жеткiзiлетiн су 27 елдi мекендер (4,4%).

Құрылыс жұмыстарының көлемi 73,1 млрд.теңге немесе 2015 жылдың деңгейiнен 104,2% құрады.

Құрылыс жұмыстарының көлемi 4 ауданында төмендедi: Зерендi (74,6%), Целиноград (80,1%), Шортанды (91,3%), Атбасар (91,7%).

Тұрғын үй құрылысы.

2016 жылда қантар-қыркүйек айындар аралығында 280,7 мың м2 енгiзiлген, бұл 2015 жылдың деңгейiне 138,8% құрады.

Облыста шағын және орта кәсiпкерлiктiң жұмыс iстейтiн субъектiлер саны 51,0 мың немесе өткен жылдың ұқсас кезеңiне 100% құрады, соның iшiнде шағын кәсiпкерлiктiң заңды тұлғалары 5,6 мың, орта кәсiпкерлiктiң заңды тұлғалары 131 бiрлiк, жеке кәсiпкерлер 41,8 мың, шаруа қожалығы (фермерлiк) 3,5 мың.

«Бизнестiң жол картасы-2020» бағдарламасының барлық бағыттары бойынша iске асыру кезеңiнде (2010 жылдан 2015 жылдың 1 қазанға дейiн) Өңiрлiк Үйлестiру кеңесiмен 72,4 млрд.теңге сомасына 605 жоба мақұлданды.

2016 жылы бағдарламаны iске асыру аясында республикалық бюджеттен жеке Ұлттық қордан кәсiпкерлiктi қолдау үшiн 3,0 млрд.теңге бөлiндi.

Үйлестiру кеңесiмен 12,5 млрд.теңге кредит сомасына 115 жоба мақұлданды;

Банктердiң кредиттерi бойынша сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялауына «Жаңа бизнес бастамаларды қолдау» бағдарламаның бiрiншi бағыты бойынша 8,9 млрд. теңге кредиттердiң жалпы сомасына 67 өтiнiм мақұлданды;

Банктердiң кредиттерi бойынша сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялауына «кәсiпкерлердi салалық қолдау» бағдарламаның екiншi бағыты бойынша 3,1 млрд. теңге кредиттердiң жалпы сомасына 18 өтiнiм мақұлданды.

Банкiнiң кредиттерi бойынша iшiнара кепiлдiк беру бағдарламаның бiрiншi бағыты бойынша 252,5 млн. теңге несиеге кепiлдiк берiлдi жалпы сомасына 12 өтiнiм мақұлданды;

Банкiнiң кредиттерi бойынша iшiнара кепiлдiк беру бағдарламаның екiншi бағыты бойынша 75,9 млн. теңге несиеге кепiлдiк берiлдi жалпы сомасына 7 өтiнiм мақұлданды;

Гранттық қаржыландырудан 22 млн. теңге сомасына 9 жоба мақұлданды;

Жеткiлiксiз инфрақұрылымды жеткiзу бойынша 72,3 млн.теңге сомасына 2 жоба мақұлданды.

Тұтыну бағасының индексi 104,5% (ҚР бойынша — 105,6%) құрады, оның iшiнде азық — түлiк тауарларына — 104,3%, азық — түлiк емес тауарларына — 107,3%, ақылы қызметтер — 101,9%.

2016 жылдың қаңтар-маусым айларында орташа айлық жалақы 2015 жылғы деңгейге 14,7%-ға өстi және 99,9 мың теңге құрады. Жалақының төмен деңгейi Целиноград (93 482 тенге), Ерейментау (93 300 тенге), Шортанды (93 145 тенге), Атбасар (87 578 тенге), Аршалы (87 454 тенге), Ақкөл (87 291 тенге), Сандықтау (87 142 тенге), Қоргалжын (86 024 тенге), Жарқаин (83 551 тенге), Егiндiкөл (83 370 тенге), Астрахан (82 041 тенге), Бұланды (81 825 тенге) және Жақсы (78 985 тенге), аудандарында.

Салықтар және бюджет. Мемлекеттiк бюджетке 77,9 млрд. теңге немесе болжамды жоспарға қарағанда 113,3% сома түстi, соның iшiнде республикалық бюджетке — 36 млрд. теңге(болжамға 127,3%), жергiлiктi бюджетке — 41,9 млрд. теңге(болжамға 103,6%).

2. Әлеуметтiк сала

2016 жылдың 9 айларында экономика салаларында 10142 жаңа жұмыс орындары пайда болды, олардың 5464 — тұрақты.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға 2016 жылы 6,5 млрд.теңге қарастырылды (1 бағыт –4,9 млрд. тенге, 2 бағыт  — 1,0 млрд. тенге, 3 бағыт — 0,3 млрд. тенге, жұмыспен қамту орталықтарыды қаржыландыру — 0,3 млрд. тенге).

Жалпы, бағдарламалар шеңберiнде 6417 адам жұмыс орындары пайда болды, олардың 73,2% — тұрақты (4696).

Бiрiншi бағыт «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту есебiнен жұмыспен қамту» бөлiнген қаражатқа сәйкес 352 жоба iске асырылуда, (бiлiм беру нысандары-141, денсаулық сақтау — 27, мәдениет — 34, әлеуметтiк қорғау -13, мұрағат-1, ТҮКШ -42, жолдар-92, спорт-2).

352 жоба iске асырылған жағдайда 1965 жаңа жұмыс орны пайда болады, соның iшiнде жұмыспен қамту орталығы арқылы — 1087.

36 жобалардан 35 жобалар бойынша конкурстар аяқталды (бiлiм беру нысандары-13, денсаулық сақтау — 11, мәдениет — 3, әлеуметтiк қорғау -5, мұрағат-1). Соның iшiнде 2016 жылдың 1 қазаны жағдайына 16 нысан аяқталды және 17 нысандарда жөндеу жұмыстары басталды.

3 дәрiгерлiк амбулатория құрылысы бойынша жұмыстар жалғасуда, 2016 жылға аяқтауға 216,0 млн. теңге қаражат сомасы жоспарланған. Бурабай ауданы Атамекен, Зерендi ауданы Троицкий ауылдарда бiр ауысымда 25 қабылдау жасайтын дәрiгерлiк емханаларың құрылысы аяқталды.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң арнайы сақтық қорынан бөлiнген қаражат есебiнен (1,5 млрд. теңге) 189 жобалар бойынша 45 нысан аяқталды, 111нысанада жөндеу жұмыстары,11 жобалар бойынша конкурстар жүргiзiлуде және 22 нысандар бойынша келiсiм-шарт жасасқан.

127 жобаларды iске асыру үшiн қосымша 1,3 млрд. теңге бөлiндi (3 транш) : (бiлiм беру -77, денсаулық сақтау — 9, мәдениет — 15, әлеуметтiк қорғау -8, жолдар — 15, спорт — 2, ТҮКШ -1).

Ағымдағы жылдың 9 айы iшiнде инфрақұрылымдық нысандарға 1116 адам (80%) жұмысқа орналастырылды, соның iшiнде Жұмыспен қамту орталықтары арқылы — 612 адам (80%).

Екiншi бағыт «Кәсiпкерлiк бастаманы ынталандыру» бойынша 104 қатысушы кәсiпкерлiк негiздерiне оқытылды 4,9 млн. теңгеге.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Ақмола филиалымен республикалық бюджет есебiнен 589,7 млн. теңгеге 253 шағын несие берiлдi(371 қатысушыға 1051,9 млн.теңге).

«Жұмыс берушiнiң қажеттiлiгi шеңберiнде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» үшiншi бағыты бойынша жастар тәжiрибесiне 497 адам жолданды немесе жоспардан 124,9% (398 адам), әлеуметтiк жұмыс орындарына 607 адам жұмысқа орналастырылды немесе жоспардан 144,5% (жоспар 420 адам), кәсiби оқытуға 99 адам немесе жоспардан 115,1% (жоспар 86 адам).

Бағдарламаларды жаңарту нәтижесiнде қосымша бөлiнген:

- Оралмандар мен iшкi көшiп-қонушылардың қоныс аударуына арналған гранттарға — 40,4 млн. теңге. 5 аудандарында қоныс аудару үшiн 123 отбасы (492 адам) анықталған: Ақкөл — 35 отбасы (123 адам), Ерейментау — 31 отбасы (114 адам.), Есiл — 1 отбасы (3 адам.), Зерендi 12 отбасы (42 адам) және Степногорск қаласы — 44 отбасы (210 адам.). Жоспарына сәйкес қоныс аудару 2016 жылдың қазан айында жоспарланған.

Жалпы, жаңа жұмыс орындарды құру арқылы жалпы жұмыссыздық деңгейi 4,9% құрады (2016ж. 2-тоқсанға арналған статистика).

Жұмыспен қамту қызметi арқылы 11977 адам жұмысқа орналастырылды, бұл өтiнiш бiлдiргендер санының 86,6% құрады. Жұмыспен қамтылғандардың төмен деңгейi 9 ауданында байқалады: Атбасар ауданында (85,1%), Целиноград ауданында (84,4 %), Бұланды ауданында (83,6%), Сандықтау ауданында (82,3%), Есiл ауданында (82,0%), Ақкөл ауданында (80,6%), Енбекшiлдер ауданында (79,5%), Көкшетау қаласы (79,3%), Зерендi ауданында (75,8%).

Қоғамдық жұмыстарға 2745 адам жiберiлдi.

ҚР бiлiм берудi дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы бойынша құрылыс жүргiзiлуде:

- 280 оқушыға арналған 2 мектеп (Ерейментау, Еңбекшiлдер аудандарында);

- 240 орынды 1 балабақша (Көкшетау қ.)

«Ақкөл қаласы, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған № 1 балалар үйi» ғимаратын қайта жабдықтау қарастылған. Бурабай ауданы 900 орындық мектептiң, Целиноград ауданы 300 орындық 2 мектептiң, Көкшетау қ. 280 орындық мектепке дейiнгi бiлiм мекемесiнiң құрылыстары аяқталған.

Астрахан ауданында ФАП-тiң, Есiл, Целиноград аудандарда бiр ауысымда 25 қабылдау жасайтын дәрiгерлiк емханаларың құрылысы жүргiзiлуде. Ақкөл және Зерендi аудандарда 250 қабылдау жасайтын 2 аудандық емхананың, Жарқайың ауданының (Державинск қ.) 70 орындық аурухананы емханамен сыйыстыру құрылысы аяқталған.

Мектепке дейiнгi ұйым — 577 бiрлiк, соның iшiнде 206 балабақша және 371 мектепке дейiнгi шағын орталық (соның iшiнде  — мемлекеттiк 142, жеке– 64.) 245 елдi мекенiнен тасымалдау жүзеге асырылады.

2016 жылдың 1 қазанға мектепке дейiнгi тәрбиемен және оқытумен 3-6 жас аралығы бойынша 95,4% , 1-6 жас аралығы бойынша 63,9%.

Жоғары көрсеткiштерi (1-6 жас аралығы бойынша) Ерейментау (76,4%), Есiл (74,5%), Жарқайың (72,4%) және Целиноград (72,4%) ауданындарында, ен төмен Астрахан (53,8%) ауданында, Көкшетау қаласында (52,1%).

Денсаулық сақтау саласында 2016 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында медициналық ұйымдардың жабдықталу деңгейi 57,16% құрайды (ФАП-тер — 48,11%, дәрiгерлiк амбулаториялар — 49,04%).

Туберкулезбен ауыру көрсеткiшi 3,8%-ға (100 мың адамға шаққанда 57,0-ден 54,8-ге дейiн) төмендедi. Қан айналу жүйесiнiң ауруларымен ауыру деңгейi 2,3%-ға (100 мың адамға шаққанда 1279,2-дан 1308,6-ке дейiн), онкопатологиямен ауыру көрсеткiшi 2,2%-ға (100 мың адамға шаққанда 177,0-ден 181,0-ге дейiн) артты.

Жалпы өлiм 6,3%-ға (1000 адамға шаққанда 7,18-ден 6,73-ке дейiн) төмендедi, соның iшiнде қан айналу жүйесiнiң ауруларынан өлу деңгейi 22,9%-ға (100 мың адамға шаққанда 226,85-тен 174,88-ге дейiн) төмендедi.

Сәби өлiмi көрсеткiшi 15,7%-ға төмендедi (1000 тiрi туғанға 8,3-тен 7,0-ге дейiн). Ана өлiмi жағдайлары тiркелмеген.

Денсаулық сақтау саласының күрделi шығындары 1,1 млрд. теңгенi құрайды, оның iшiнде медициналық ұйымдарды жарақтандыруға — 584,3 млн. теңге, күрделi және ағымдағы жөндеулерге 514,6 млн. теңге қарастырылған, соның iшiнде жергiлiктi бюджет есебiнен — 336,4 млн. теңге, республикалық бюджет есебiнен 178,2 млн. теңге бөлiнген.

Ақмола облысының Экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы

Дата создания статьи: 17.11.2016 10:39
Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.11.2016 10:39
Қаралым саны: 266
Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0
 
@2017 Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 114Б

8 (7162) 29-63-00;

economika@akmo.kz