Ақмола облысының 2018 жылғы қаңтар-қазан әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы ақпарат

1. Экономика

Өнеркәсiпте өндiрiс көлемi 520,6 млрд. теңгенi құрды. Тауар өнiмнiң НКИ — 105,1%.

Тау-кен өндiру өнеркәсiбiнде нақты көлем индексi 103,7% құрады.

Өсiм құрамында алтыны бар кендер 5,8%-ға, мыс кендер 22,3%-ға артуымен байланысты.

Өңдеу өнеркәсiбiнде нақты көлем индексi 104,8% құрды.

Азық-түлiк өндiрiсiнде (НКИ-109%) өткен жылмен салыстырғанда (заттай көрiнiсте) ет және сорпалық тағамдық азық-түлiктер 15,1%, өсiмдiк майы 28,3%, ұн 8,4%, сүт 4,4% өстi.

Сусындар өндiрiсi саласында (НКИ-94,5%) минералды су және алкогольсiз сусындар өндiрiсi 12,5% төмендегенi байқалады.

Химия өнеркәсiбiнде (НКИ-87,3%) пестицидтер өндiрiсi 20,3% — ға «Astana Nan Chemicals» ЖШС төмендеуi байқалады.

Резеңке және пластмасса өнiмдерi өндiрiсiнде (НКИ 68,8%) пластмасстан жасалған фитинг және құбыр өндiрiсi 43,6% төмендегенi байқалады.

Машина жасау саласында (НКИ 104%) подшипниктердiн өндiрiсi ұлғайды, 59,2%-ға.

Металлургия саласының (НКИ 110,7%) өңделмеген және жартылай өңделген алтын көлемдерiнiң өндiру 9,1%, өсуi байқалады, бұл iске үш алтын шығару фабрикасы «Kazakhaltyn Technology» ЖШС қызметiн және «RG Gold» ЖШС қосумен байланысты.

"СГХК" ЖШС табиғи уранның химиялық концентратын өңдеу көлемi "Қазатомөнеркәсiп "ҰАК"АҚ шикiзаттарын жеткiзу көлемiне сәйкес 1501 тоннаны құрады (4,8% — ға төмендеу).

Ауыл-шаруашылық жалпы өнiмнiң көлемi 370,3 млрд. теңге, НКИ — 102,3%.

Өсiмдiк шаруашылығы. Дәндi және дәндi бұршақты дақылдардың жалпы түсiмi 5611,5 мың тоннаны құрады, орташа шығарылымы — 13 ц/га, картоп — 279,6 мың тонна (156,1 ц/га) көкөнiстер — 62,8 мың тонна (154,5 ц/га).

Майлы дақылдарды жинау 255,1 мың га немесе 91,4% алаңында шабылды жалғасуда (13.11.2018 ж.).

2019 жылдың астық жинауына 712,2 мың га жер өңделдi.

Ағымдағы жылы сүдiгер жырту 845,9 мың га алқапта көзделiп отыр, 888,2 мың га жыртылды, ол көзделген алқаптың 105% құрайды.

Облыста дайындалған пiшеннiң көлемi 1122,7 мың тоннаны немесе жылдық қажеттi мөлшердiң 101,7%-ын құрады.

Мал шаруашылығы. Шаруашылықтардың барлық санаттарымен тiрi салмақта 84,7 мың тонна ет (былтырғы жылдың сәйкес кезеңiне 4%-ға өсiм), 335,2 мың тонна сүт (0,7%-ға өсiм), 742,9 млн.дана жұмыртқа (14%-ға өсiм) өндiрiлдi.

IҚМ басының саны 1,4%-ға өстi (427 мың басты құрайды), оның iшiнде сиыр — 1,1%-ға (206,9 мың бас), жылқы — 6,1%-ға (181,5 мың бас), құстар — 31,1% ға (7,7 млн. бас). Қой мен ешкiнiң саны — 0,9%-ға (537,5 мың басқа дейiн) шошқалар — 6,6% ға (114,6 мың басқа дейiн) азайды.

Ағымдағы жылы Астана қ. маңындағы азық-түлiк белдеуi аясында 8,9 млрд.теңгенiң 8 жобасы iске асырылуда.

Облыстың ауылшаруашылық тауар өндiрушiлерiмен астана базарларына (09.11.2018 ж.) 103,5 мың тонна сүт өнiмдерi (2017 жылғы ұқсас кезеңiне өсiм 10,6%), 24,9 мың тонна ет өнiмдерi (2017 жылғы ұқсас кезеңiне өсiм 11%), 244 млн. дана жұмыртқа (2017 жылғы ұқсас кезеңiне өсiм 10,1 %) жеткiзiлдi.

2018 жылдың қаңтар-қазан айының қорытындысы бойынша экономиканы дамытуға 225 млрд. теңге қаржы жұмсалған, бұл 2017 жылғы ұқсас кезеңiнде 2,9% артық.

Инвестиция құрылымында ең үлкен үлесi кәсiпорындардың меншiктi қаражатына және дербес салушылар 47,6% болады, олардың есебiнен 107 млрд. теңге, республикалық бюджет қаражаты — 15% немесе 33,6 млрд. теңге құрады, жергiлiктi бюджет қаражаты — 5,6% немесе 12,7 млрд. теңге құрады. Банктердiң несиелерiнiң үлесi инвестицияның жалпы мөлшерiнде 14,2% құрайды, басқа қарыз қаржысының үлесi — 17,6%.

2018 жылы сумен жабдықтау және су бұру жүйесiн дамыту жүзеге асыруға 9,1 млрд. теңге бөлiндi. Қаражаттар 11 жобаның құрылысына және 18 жобаның қайта жаңартуға (6,4 млрд.теңге), 21 жобаға ЖСҚ әзiрлеу (216,2 млрд.теңге), 10 объектелерiнi ағымдағы жөндеуге (170,2 млн.теңге), iздестiру-барлау жұмыстары — (665,4 млн.теңге), ҰҚ кредиттер (1,6 млрд. теңге) бағытталды.

607 елдi мекеннiң 357 АЕМ-нде орталықтандырылған сумен жабдықтау (58,8%), орталықтандырылмаған су — 228 АЕМ-нде (37,6%). Жеткiзiлетiн су 22 АЕМ-нде (3,6%).

Құрылыс жұмыстарының көлемi 88,2 млрд.теңге немесе 2017 жылдың деңгейiне 83% құрады.

Тұрғын үй құрылысы.

2018 жылдың қаңтар-қазан айында 427,4 мың м2 енгiзiлген, бұл 2017 жылдың деңгейiне 105,9% құрады.

Кәсiпкерлiктi дамыту. Облыста шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң жұмыс iстеп тұрған саны 44 506 бiрлiк құрайды, соның iшiңде шағын бизнестiң заңды тұлғалары — 7 031, орта бизнестiң заңды тұлғалары — 125, жеке кәсiпкерлер — 32 622, шаруа (фермер) қожалықтары — 4 728.

«Бизнес жол картасы 2020» бағдарламаның барлық бағыттары бойынша бойынша жүзеге асыру кезеңiнен (2010 ж. бастап –2018 жылдың 1 қазанға) Өңiрлiк үйлестiру кеңесiмен 112,1 млрд. теңге жалпы сомасына 828 жоба мақұлданды, оның iшiнде 2018 жылы 351,3 млн.теңгеге 20 жоба бөлiндi.

2018 жылда жеке кәсiпкепрлiктi қолдауына 5,7 млрд. теңге бөлiңдi.

Тұтыну бағасының индексi 103,2% құрады, оның iшiнде азық-түлiк тауарларына — 102,8%, азық-түлiк емес тауарларына — 104,4%, ақылы қызметтер — 102,6%.

2018 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында орташа айлық жалақы 2017 жылғы деңгейге 8,8%-ға өстi және 117,6 мың теңгенi құрады.

Салықтар және бюджет. Мемлекеттiк бюджетке 123,2 млрд. теңге немесе болжамды жоспарға қарағанда 105% сома түстi, соның iшiнде республикалық бюджетке — 67,5 млрд. теңге (болжамға 101,1%), жергiлiктi бюджетке — 55,8 млрд. теңге (болжамға 110%).

2. Әлеуметтiк сала

2018 жылдың қаңтар-қазан айылар бойынша экономика салаларында 11 186 жаңа жұмыс орындары пайда болды, олардың 6690 — тұрақты.

Жұмыспен қамту қызметi арқылы 16 864 адамды жұмысқа орналастырылды, бұл өтiнiш бiлдiргендер санының 94,6% құрады

Қоғамдық жұмыстарға 2632 адам жiберiлдi.

Барлық қаржыландыру көздерiнен 13 932 аз-қамтылған азаматтарға 410 799,9 мың. теңге сомасында әлеуметтiк көмек көрсетiлдi.

Жұмыс iздеу клубтарының семинарлық оқуларына 1949 адам қатысты, олардың iшiнде тұрақты және уақытша жұмысқа 1637 адам (84,0%) орналастырылды.

Бос жұмыс орындарының 64 жәрмеңкесi өткiзiлдi, осы жәрмеңкеде 3741 бос жұмыс орны ұсынылды, нәтижесiнде 391 адам жұмысқа орналастырылды.

2017-2021 жылдарға нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың «Енбек» бағдарламасының шеңберiнде келесi iс-шаралар жоспарланған:

-бiрiншi бағыты бойынша «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсiптiк бiлiммен және қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқумен қамтамасыз ету» 2 665 адам оқытуға жолдау жоспарланған (еңбек нарығының қажеттiлiктерiн ескере отырып, техникалық және кәсiптiк бiлiмi бар кадрларды даярлау — 1 190 адам (әкiмшiсi Бiлiм басқармасы), жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсiптер және дағдылар бойынша қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқыту — 1475 адам). 2018 жылдың 1 қарашадағы жағдайы бойынша қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқытуға 1702 адам бағытталған.

- екiншi бағыты бойынша «Жаппай кәсiпкерлiктi дамыту» бағдарламаға қатысушыларды «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 1927 адам жолдауға, 1 қарашадағы жағдай бойынша 2358 адам оқумен қамтылды немесе 122,0% құрады. Сондай-ақ 3,7 млрд. теңге бойынша 735 қатысушыларға микрокредит беруге жоспарланған, 1 қарашадағы жағдайға 2496,0 млн. теңге 682 микрокредит берiлдi.

- үшiншi бағыты бойынша «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы еңбек нарығын дамыту және еңбек ресурстарының ұтқырлығы» (жастар тәжiрибесiмен, әлеуметтiк жұмыс орындарымен) — 3 291 адам жұмыспен қамту қажет. 2018 жылдың қаңтар- қазан айылар бойынша жастар тәжiрибесiне — 652 адам (жоспар — 529); әлеуметтiк жұмыс орындарға — 756 адам (жоспар — 524); ақылы қоғамдық жұмыстарға — 2632 адам (жоспар — 2238).

2018 жылында Целиноград (2 объектi), Шортанды аудандарында және Көкшетау қ. (2 объектi) 5 балабақша, Бурабай, Бiржан сал, Сандықтау, Целиноград (4 объектi) аудандарында және Көкшетау қ. (2 объектi) 9 мектеп, мәдениет колледжiнiң оқу корпусына және 420 орындық №18 ОМ Көкшетау қ. 2 жапсаржай салу көзделген, сондай-ақ Қорғалжын ауданында мектеп–интернатты, Зерендi с. орта мектеп спорт залының құрылысымен жаңа оқу корпусының реконструкциялау, Бұланды ауданында қазандықты салу және С блогын қайта жаңғырту.

Денсаулық сақтау саласында Атбасар, Целиноград мен Шортанды аудандарында дәрiгерлiк амбулатория, Көкшетау қ. онкологиялық емхана, Аршалы ауданында медициналық пункт құрылыс жоспарланған.

Мектепке дейiнгi ұйым — 612 бiрлiк, соның iшiнде 238 балабақша және 374 мектепке дейiнгi шағын орталық (соның iшiнде — мемлекеттiк 138, жеке– 100.) 234 елдi мекенiнен тасымалдау жүзеге асырылады.

2018 жылдың 1 қыркүйекке мектепке дейiнгi тәрбиемен және оқытумен 3-6 жас аралығы бойынша 99% , 1-6 жас аралығы бойынша — 67,4%.

Денсаулық сақтау саласында 2018 жылдың қаңтар-қазан айларында туберкулезбен ауыру көрсеткiшi 16,1%-ға төмендедi(100 мың адамға шаққанда 57,1- дан 47,9-ге дейiн), қан айналу жүйесiнiң ауруларымен ауыру деңгейi 83,5%-ға (100 мың адамға шаққанда 1233,2-ден 2262,4-ке дейiн) көбейдi.

Қан айналу жүйесiнiң ауруларынан өлiм көрсеткiшi 27,1%-ға (100 мың адамға шаққанда 287,22-тен 209,39-ке дейiн), қатерлi iсiктерден болатын өлiм 15,0% -ға (100 мың тұрғынға 127,92-ден 108,68-ке дейiн) төмендедi (2018ж. ҚР СК 01.10. деректерi бойынша).

Сәби өлiмi көрсеткiшi 19,8%-ға (1000 тiрi туғанға 8,1-ден 6,5-ге дейiн) төмендедi. Бала туу 0,7%-ға (1000 адамға шаққанда 13,8-ден 13,7-ге дейiн) деңгейi төмендедi.

5 ана өлiмiнiң жағдайы тiркелдi: 1 — Көкшетау қ. және 4 — аудандарында

(1 Целиноград, 1 Жарқайын, 1 Аршалы және 1 Бұланды ).

Денсаулық сақтау саласының күрделi шығындары 2026,1 млн. теңгенi құрады, оның iшiнде медициналық ұйымдарды жарақтандыруға — 1354,4 млн. теңге, күрделi жөндеулерге 671,7 млн. теңге қарастырылған.

Мемлекеттік рәміздері

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн