A- A A+
Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
Ақмола облысының 2016 жылғы қаңтар-қарашадағы әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы ақпарат

1. Экономика

Өнеркәсiпте өндiрiс көлемi 374,3 млрд.теңге құрды.Тауар өнiмнiң НКИ — 104,2% құрды.

Тау-кен өндiрiсi өнеркәсiбiнде нақты көлем индексi 108,5% құрады. Өсiм құрамында алтын бар кендердi (9,5%-ға), темiр кендердi (18,8%-ға) өндiру көлемдерiнiң байланысты.

Өңдеу өнеркәсiбiнде нақты көлем индексi 104,0% құрады.

Басқа да метал емес минералды өнiмдер өндiрiсi саласында (НКИ 106,9%) керамикалық кiрпiш өндiрiсi көлемiнiң (6,9%-ға) төмендеуi байқалады. Құрылыс ерiтiндiлерi өндiрiсi 6,3 есе, тауарлы бетон 35,5%-ға өстi.

Сусындар өндiрiсi саласында (НКИ-116,7%) алкогольсiз сусындар шығару 10,0%, арақ 30,6% өстi.

Машина жасау саласында НКИ 76,6% құрады.

Өсу келесi кәсiпорындар бойынша байқалады:

«ЕПК Степногорск» АҚ, подшипниктер көлемi 10996 тоннаны құрды, өсiм өткен жылдың тиiстi кезеңiнiң деңгейiмен салыстырғанда 1,2 есе;

«КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ 604 жүк тасымалдау автокөлiгiн жинады, немесе өткен жылдың осы кезеңiне 104,5% құрады.

«Қамқор-Локомотив» АЭЖЗ ЖШС өндiрiсi 13,2%-ға төмендеуi байқалады. «Вектор» КЗ» ЖШС статдеректер бойынша 96 комбайндарын жинады (2015 ж. қаңтар-қарашада — 209 дана).

Резеңке және пластмасса бұйымдары өндiрiсiнде (НКИ 96,5%) 2016 жылғы қаңтар-қараша айларында полиэтиленнен жасалған қаптар және сөмкелер өндiрiсi 661,6 тоннаны құрады немесе өткен жылдың осы кезеңiне 100,8% құрады.

Пластмасстан жасалған фитинг және құбыр өндiрiсiнiң көлемi 15577,1 тонна немесе өткен жылдың тиiстi кезеңiнiң осы кезеңiне 89,3%.

Азық-түлiк өндiрiсiнде (НКИ-110,8%) өткен жылдың кезеңiмен салыстырғанда (табиғи тұрғыда) ет және сорпалық тағамдық азық-түлiктер 24,5%, өсiмдiк май 1,9 есе, ұн 24,0% өстi.

Химия өнеркәсiбiнде (НКИ-86,6%) пестицид өндiрiсi 13,7% төмендедi. Этил спиртi өндiрiсi 6,0% өстi. Күкiрт қышқылы өндiрiсi 123,8 мың тонна құрады (өткен жылдың кезеңiне 4 есе өсiммен).

Металлургия саласында (НКИ 122,8%) өңделмеген және жартылай өңделген алтын өндiру көлемiнiң 23,4% ұлғаюы байқалады, бұл «Altyntau Kokshetau» АҚ қызметiне байланысты.

«СТКХК» ЖШС табиғи уранның химиялық концентратты өңдеу көлемi 2141 тоннаны құрады (өсiм 19,7%).

Өндiрiстiң төмендеуiне облыстың 4 аймақта жол берiлген — Бұланды (87,4%), Егiндiкөл (79,3%), Ерейментау (93,2%), Целиноград (94,0%), аудандарында.

ИИДМБ аясында жүзеге асыру кезеңiнде (2010 жылдан 2016 жылдың 1 желтоқсанға дейiн) 7,0 мың тұрақты жұмыс орындар құруымен 75 жоба 180,4 млрд. теңгеге iске қосылған.

Ауыл-шаруашылық жалпы өнiмнiң көлемi 340,3 млрд. теңге, нақты көлемнiң индексi — 2015 жылдың деңгейiне 110,3% құрады.

Өсiмдiк шаруашылығы. 2016 жылдың астығын жинау аяқталды. Дәндi және дәндi бұршақты дақылдардың жалпы түсiмi 5704,8 мың тоннаны құрады, шығарылымы — 13,2 ц/га, картоп — 278,3 мың тонна (154,3 ц/га) көкөнiстер — 60,1 мың тонна (141,1 ц/га).

Майлы дақылдардан жалпы жиналым 182,1 мың тоннаны құрады, облыс бойынша орташа шығарылымы — 8,7 ц/га.

2016 жылдың астық жинауына 661,6 мың га жер өңделдi.

Ағымдағы жылы сүдiгер жырту көзделген 789,8 мың га алқапқа, 801,7 мың га жыртылды, ол көзделген алқаптың 101,5% құрайды.

Облыста дайындалған пiшеннiң көлемi 1165,0 мың тоннаны немесе жылдық қажеттi мөлшердiң 109,9%-ын құрады.

Мал шаруашылығы. Шаруашылықтардың барлық санаттарымен тiрi салмақта 85,2 мың тонна ет (2015 жылдың сәйкес кезеңiне 8,4%-ға өсiм), 350,8 мың тонна сүт (2015 жылдың сәйкес кезеңiне 4,6%-ға өсiм), 668,4 млн.дана жұмыртқа (2015 жылдың сәйкес кезеңiне 4,9 %-ға төмендеу) өндiрiлдi.

IҚМ басының саны 2,9%-ға өстi (408,0 мың басты құрайды ), оның iшiнде сиыр — 6,8%-ға (204,4 мың бас). Жылқы — 6,2%-ға (165,6 мың бас), қой мен ешкi — 3,8%-ға (521,5 мың бас), шошқалар — 2,3%-ға (118,5 мың басқа), құстар — 6,4% ға (5,3млн. бас) дейiн өстi.

Ағымдағы жылы Астана қ. маңындағы азық-түлiк белдеуi аясында 9,8 млрд. теңгенiң 11 жобасын жүзеге асыру жоспарланған.

Қазiргi уақытта 7,2 млрд.теңгенiң 9 жобасы iске асырылды ("Зерновой двор" ЖШС (Атбасар ауданы) — қуаты жылына 9,0 мың тонна астық қоймасының құрылысы (2-кезең),"Беркат" ЖШС (Атбасар ауданы) — қуаты жылына 35,0 мың тонна астық қоймасының құрылысы (2-кезең),"Жана Береке" ШҚ (Ерейментау ауданы) — 3000 бас iIрi қара малға бордақылау алаңын, 5,0 мың тоннаға ет өңдеу кешенiн құру, "Агрофирма Родина ЖШС (Целиноград ауданы) — 1000 сауынды сиыр ұстауға Мал шаруашылығы кешенiн салу, "АКА" ЖШС (Целиноград ауданы) — 20,0 мың тонна астыққа қойманың құрылысы, "Ирченко-элеватор" ЖШС (Атбасар ауданы) — 20 мың тонна астыққа элеватор кешенiнiң құрылысы (2-кезең), "Атбасар Ұн" ЖШС (Атбасар ауданы) — қуаттылығы 12,0 мың тоннаға Астық қоймасының, тәулiгiне 150 тонна диiрменнiң құрылысы, ТОО "El Grano"(Аккольский район, г. Акколь)- дәндi және майлы дақылдарды кептiру, тазалау, сақтау үшiн, қуаты-13,5 мың тоннаға элеватор құрылысы,«Ерейментау Кулан» ЖШС (Ерейментау ауданы) — 3000 бас. IҚМ ға Бордақылау алаңын құру).

Ағымдағы жылдың соңына дейiн, жалпы сомасы 2,6 млрд. теңгеге 2 жоба iске асырылада(«Племенное хозяйство «Зеренда» ЖШС (Целиноград ауданы)- 5,0 мың басқа асыл тұқымды ешкi шаруашылығының құрылысы, "Тепличные технологии Казахстана" (г. Степногорск қ.)-көкөнiс өндiру бойынша жылыжай кешенiн кеңейту).

Облыстың ауылшаруашылық тауарөндiрушiлерiмен 2015 жылдың 11 айына астана базарларына 88,0 мың тонна сүт өнiмдерi (өсiм 8,6%-ға), 19,1 мың тонна ет өнiмдерi (8,4%), 215,6 млн. дана жұмыртқа (8,9%-ға) жеткiзiлдi.

А.ж. 11 айдың қорытындысы бойынша экономиканы дамытуға 194,5 млрд. теңге қаржы жұмсалған, бұл 8,4% артық ұқсас кезеңiнде 2015 жылғы.

Инвестиция құрылымында ең үлкен үлесi кәсiпорындардың меншiктi қаражатына және дербес салушылар 45,6% болады, олардың есебiнен 88,7 млрд.теңге игерiлген.

Республикалық қаражаттың игерiлген үлесi инвестиция мөлшерiнен 31,2% немесе 60,8 млрд.теңгеден құрады, жергiлiктi бюджеттiң — 3,6%, 7 млрд. теңге игерiлген. Банктердiң несиелерiнiң үлесi инвестицияның жалпы мөлшерiнде 9,5% құрайды, басқа қарыз қаржысының үлесi — 10%.

Целиноград (58,2%), Зерендi (75,6%), Ерейментау (89,3%) 3 ауданында негiзгi капиталға инвестициялар көлемi төмендедi.

Сыртқы инвестициялардың көлемi 9 млрд. теңге құрады.

«Аймақтарды дамудың бағдарламасы» шеңберiнде 12 жобаны жүзеге асыруға 0,7 млрд.теңге сумен қамту жүйенiң дамуы бойымен және су бөлуi ерекшеленген бөлiнген.

614 елдi мекендерден 353 елдi мекендер орталықтандырылған су (57,5%), орталықтандырымаған су — 234 елдi мекендер (38,1%). Жеткiзiлетiн су 27 елдi мекендер (4,4%).

Құрылыс жұмыстарының көлемi 90,8 млрд.теңге немесе 2015 жылдың деңгейiнен 101,4% құрады.

Құрылыс жұмыстарының көлемi 3 ауданында төмендедi: Целиноград (77,4%), Зерендi (92,8%), Шортанды (96,1%).

Тұрғын үй құрылысы.

2016 жылда қантар-қараша айындар аралығында 328,5 мың м2 енгiзiлген, бұл 2015 жылдың деңгейiне 139,5% құрады.

Облыста шағын және орта кәсiпкерлiктiң жұмыс iстейтiн субъектiлер саны 44,9 мың құрады немесе 96,6% соның iшiнде шағын кәсiпкерлiктiң заңды тұлғалары 5,6 мың, орта кәсiпкерлiктiң заңды тұлғалары 130 бiрлiк, жеке кәсiпкерлер 35,7 мың, шаруа қожалығы (фермерлiк) 3,5 мың.

«Бизнестiң жол картасы-2020» бағдарламасының барлық бағыттары бойынша iске асыру кезеңiнде (2010 жылдан 2015 жылдың 1 желтоқсанға дейiн) Өңiрлiк Үйлестiру кеңесiмен 80,1 млрд.теңге сомасына 642 жоба мақұлданды.

2016 жылы бағдарламаны iске асыру аясында республикалық бюджеттен жеке кәсiпкерлiктi қолдау үшiн 2,1 млрд.теңге бөлiндi.

Үйлестiру кеңесiмен 20,2 млрд.теңге кредит сомасына 152 жоба мақұлданды;

Банктердiң кредиттерi бойынша сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялауына «Жаңа бизнес бастамаларды қолдау» бағдарламаның бiрiншi бағыты бойынша 10,5 млрд. теңге кредиттердiң жалпы сомасына 84 өтiнiм мақұлданды;

Банктердiң кредиттерi бойынша сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялауына «кәсiпкерлердi салалық қолдау» бағдарламаның екiншi бағыты бойынша 9,0 млрд. теңге кредиттердiң жалпы сомасына 27 өтiнiм мақұлданды.

Банкiнiң кредиттерi бойынша iшiнара кепiлдiк беру бағдарламаның бiрiншi бағыты бойынша 406,5 млн. теңге несиеге кепiлдiк берiлдi жалпы сомасына 21 өтiнiм мақұлданды;

Банкiнiң кредиттерi бойынша iшiнара кепiлдiк беру бағдарламаның екiншi бағыты бойынша 117,9 млн. теңге несиеге кепiлдiк берiлдi жалпы сомасына 9 өтiнiм мақұлданды;

Гранттық қаржыландырудан 22 млн. теңге сомасына 9 жоба мақұлданды;

Жеткiлiксiз инфрақұрылымды жеткiзу бойынша 72,3 млн.теңге сомасына 2 жоба мақұлданды.

Тұтыну бағасының индексi 106,7% (ҚР бойынша — 107,5%) құрады, оның iшiнде азық — түлiк тауарларына — 107,8%, азық — түлiк емес тауарларына — 109,5%, ақылы қызметтер — 102,5%.

2016 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында орташа айлық жалақы 2015 жылғы деңгейге 15,6%-ға өстi және 101,1 мың теңгенi құрады. Жалақының төмен деңгейi Бурабай (98 437 теңге), Ерейментау (96 467 теңге), Есiл (96 460 теңге), Шортанды (95 732 теңге),Целиноград (95 168 теңге), Сандықтау (92 290 теңге), Атбасар (89 161 теңге), Жақсы (89 020 теңге), Астрахан (88 848 теңге), Аршалы (88 387 теңге), Ақкөл (87 924 теңге), Жаркайың (86 624 теңге), Егiндiкөл (86 293 теңге), Бұланды (85 462 теңге) және Қорғалжын (84 595 теңге) аудандарында.

Салықтар және бюджет. Мемлекеттiк бюджетке 99,7 млрд. теңге немесе болжамды жоспарға қарағанда 109% сома түстi, соның iшiнде республикалық бюджетке — 47,1 млрд. теңге (болжамға 114,6%), жергiлiктi бюджетке — 52,6 млрд. теңге (болжамға 104,5%).

2. Әлеуметтiк сала

2016 жылдың 11 айларында экономика салаларында 11 917 жаңа жұмыс орындары пайда болды, олардың 6331 — тұрақты.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға 2016 жылы 6,6 млрд.теңге қарастырылды (1 бағыт — 4,8 млрд. тенге, 2 бағыт  — 1,1 млрд. тенге, 3 бағыт — 0,4 млн. тенге, жұмыспен қамту орталықтарыды қаржыландыру — 0,3 млрд. тенге).

Жалпы, бағдарламалар шеңберiнде 8414 адам жұмыс орындары пайда болды, олардың 73,9% — тұрақты (6214).

Бiрiншi бағыт «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту есебiнен жұмыспен қамту» бойынша ағымдағы жылға жоспарланған 353 жоба iске асырылуға жоспарлануда (бiлiм беру нысандары-141, денсаулық сақтау — 27, мәдениет — 34, әлеуметтiк қорғау -14, мұрағат-1, ТҮКШ -42, жолдар-92, спорт-2).

36 жобалардан (бiлiм беру нысандары-13, денсаулық сақтау — 11, мәдениет — 3, әлеуметтiк қорғау -5, мұрағат-1) 31 нысан аяқталды және 5 нысандарда жөндеу жұмыстары жүргiзiлуде (денсаулық сақтау — 2, мәдениет — 2,мұрағат-1).

3 дәрiгерлiк амбулаториялардың нысан аяқталды.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң арнайы сақтық қорынан бөлiнген қаражат есебiнен (1,5 млрд. теңге) 189 жобалар бойынша 185 нысан аяқталды (бiлiм беру нысандары-49, денсаулық сақтау — 7, мәдениет — 14, ТҮКШ -39, жолдар-76), 4 нысанада жөндеу жұмыстар жүргiзiлуде (бiлiм беру нысандары-2, мәдениет — 1, ТҮКШ -1).

127 жобаларды iске асыру үшiн қосымша 1,3 млрд. теңге бөлiндi (3 транш) : (бiлiм беру -77, денсаулық сақтау — 9, мәдениет — 15, әлеуметтiк қорғау -8, жолдар — 15, спорт — 2, ТҮКШ -1), олардың iшiнде 63 жобалар бойынша жұмыстар аяқталды, 64 нысанада жөндеу жұмыстар жүргiзiлуде (бiлiм беру -46, денсаулық сақтау — 6, әлеуметтiк қорғау -5, мәдениет — 4, спорт — 2, ТҮКШ -1).

За счет сложившейся экономии государственных закупок по трем траншам реализуется 1 проект, по которому уже ведутся работы. (капитальный ремонт жилых корпусов психоневрологического медико-социального учреждения в селе Купчановка, Буландынского района)

Мемлекеттiк сатып алудан экономиясына байланысты үш транш бойынша, 1 жоба жүзеге асырды, бұл нысан бойынша жөндеу жұмыстар жүргiзiлуде

353 жоба бойынша 2017 жаңа жұмыс орны пайда болады, соның iшiнде жұмыспен қамту орталығы арқылы — 1113. 2016 жылғы 1 желтоқсан жағдайы бойынша инфрақұрылымдық нысандарға 1817 адам (90,1%) жұмысқа орналастырылды, соның iшiнде Жұмыспен қамту орталықтары арқылы — 1040 адам (93,4%).

Екiншi бағыт «Кәсiпкерлiк бастаманы ынталандыру» бойынша 115 қатысушыны кәсiпкерлiк негiздерiне оқыту, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Ақмола филиалымен республикалық бюджет есебiнен 943,5 млн. теңгеге 385 шағын несие берiлдi (371 қатысушыға 1051,9 млн. теңгеге шағын несиесi беру жоспарланған).

«Жұмыс берушiнiң қажеттiлiгi шеңберiнде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» үшiншi бағыты бойынша жастар тәжiрибесiне 521 адам жолданды немесе жоспардан 130,9% (398 адам), әлеуметтiк жұмыс орындарына 634 адам жұмысқа орналастырылды немесе жоспардан 151% (жоспар 420 адам), кәсiби оқытуға 103 адам немесе жоспардан 120% (жоспар 86 адам).

Бағдарламаларды жаңарту нәтижесiнде қосымша бөлiнген:

- Оралмандар қоныс аударуына арналған гранттарға — 40,4 млн. теңге онын 40,3 млн.тенге төлендi 99,6%. 9 аудандарында қоныс аудару үшiн 123 отбасы (491 адам) анықталған: Ақкөл — 24 отбасы (89 адам), Ерейментау — 25 отбасы (113 адам.), Зерендi 6 отбасы (21 адам) және Степногорск қаласы — 37 отбасы (139 адам.).Аршалы -3 отбасы (12 адам),Атбасар — 2 отбасы (7 адам), Буланды — 7 отбасы (28 адам), Шортанды — 1 отбасы (5 адам), Коргалжын — 18 отбасы (77 адам).

Жалпы, жаңа жұмыс орындарды құру арқылы жалпы жұмыссыздық деңгейi 4,9% құрады (2016ж. 3-тоқсанға арналған статистика).

Жұмыспен қамту қызметi арқылы 15 371 адам жұмысқа орналастырылды, бұл өтiнiш бiлдiргендер санының 87,8% құрады. Жұмыспен қамтылғандардың төмен деңгейi 9 ауданында байқалады: Қорғалжын ауданында (86,4%), Есиль ауданында (85,9%), Енбекшилдер ауданында (84,4%), Буланды ауданында (83,7%), Жақсы ауданында (83,5%), Зерендi ауданында (83%), Ақкөл ауданында (80,4%), Аршалы ауданында (81,1%),Көкшетау қ. (78,9%).

Қоғамдық жұмыстарға 3235 адам жiберiлдi.

ҚР бiлiм берудi дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы бойынша 240 орынды балабақша Көкшетау қ. құрылыс жүргiзiлуде.

(Бурабай, Ерейментау, Еңбекшiлдер, Целиноград ауданы (2 нысан) 1 780 орындық мектептердiң, Көкшетау қ. 280 орындық мектепке дейiнгi бiлiм мекемесiнiң құрылыстары, Ақкөл қаласы, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған № 1 балалар үйi» ғимаратын қайта жабдықтау аяқталған.

Астрахан ауданында ФАП-тiң, Есiл, ауылда бiр ауысымда 25 қабылдау жасайтын дәрiгерлiк емханың құрылысы жүргiзулуде. Ақкөл және Зерендi аудандарда 250 қабылдау жасайтын 2 аудандық емхананың, Жарқайың ауданының (Державинск қ.) 70 орындық аурухананы емханамен сыйыстыру құрылысы аяқталған.

Мектепке дейiнгi ұйым — 587 бiрлiк, соның iшiнде 211 балабақша және 376 мектепке дейiнгi шағын орталық (соның iшiнде  — мемлекеттiк 144, жеке– 67.) 245 елдi мекенiнен тасымалдау жүзеге асырылады.

2016 жылдың 1 желтоқсанға мектепке дейiнгi тәрбиемен және оқытумен 3-6 жас аралығы бойынша 95,4% , 1-6 жас аралығы бойынша 63,9%.

Жоғары көрсеткiштерi (1-6 жас аралығы бойынша) Ерейментау (76,4%), Есiл (74,5%), Жарқайың (72,4%) және Целиноград (72,4%) ауданындарында, ен төмен Астрахан (53,8%) ауданында, Көкшетау қаласында (52,1%).

Денсаулық сақтау саласында 2016 жылдың қаңтар-қараша айларында медициналық ұйымдардың жабдықталу деңгейi 57,16% құрайды (ФАП-тер — 48,11%, дәрiгерлiк амбулаториялар — 49,04%).

Туберкулезбен ауыру көрсеткiшi 1,3%-ға (100 мың адамға шаққанда 67,5-ден 66,6-ға дейiн).. Онкопатологиямен ауыру көрсеткiшi 4,1%-ға (100 мың адамға шаққанда 220,6-ден 229,6-ге дейiн), қан айналу жүйесiнiң ауруларымен ауыру деңгейi 1,8%-ға (100 мың адамға шаққанда 1518,3-дан 1546,1-ке дейiн) артты.

Жалпы өлiм 6,9%-ға (1000 адамға шаққанда 8,86-ден 8,24-ке дейiн) төмендедi, соның iшiнде қан айналу жүйесiнiң ауруларынан өлу деңгейi 18,3%-ға (100 мың адамға шаққанда 268,39-тен 219,31-ге дейiн) төмендедi.

Сәби өлiмi көрсеткiшi 22,4%-ға төмендедi (1000 тiрi туғанға 9,8-ден 7,6-ге дейiн). Ана өлiмi жағдайлары тiркелмеген.

Денсаулық сақтау саласының күрделi шығындары 1,1 млрд. теңгенi құрайды, оның iшiнде медициналық ұйымдарды жарақтандыруға — 602,6 млн. теңге, күрделi және ағымдағы жөндеулерге 539,6 млн. теңге қарастырылған, соның iшiнде жергiлiктi бюджет есебiнен — 334,6 млн. теңге, республикалық бюджет есебiнен 228,8205,0 млн. теңге бөлiнген.

Ақмола облысының Экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы

Дата создания статьи: 15.12.2016 17:02
Парақтағы соңғы өзгерістер: 15.12.2016 17:02
Қаралым саны: 183
Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0
 
@2017 Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 114Б

8 (7162) 29-63-00;

economika@akmo.kz