Ақмола облысының 2020 жылғы қаңтар-наурыздағы әлеуметтiк — экономикалық дамуы туралы ақпарат

1. Экономика

Өнеркәсiпте өндiрiс көлемi 203 млрд. теңгенi құрды. Тауар өнiмнiң НКИ — 111,9%.

Тау-кен өндiру өнеркәсiбiнде нақты көлем индексi 128,1% құрады. Өсiм құрамында алтыны бар кендер 7,5%-ға, мыс қойыртпалары — 1,9 есеге артуымен байланысты.

Өңдеу өнеркәсiбiнде нақты көлем индексi 109,6% құрды.

Азық-түлiк өндiрiсiнде (НКИ — 119,5%) 2019 жылмен салыстырғанда

ұн өндiрiсi 22,3%-ға, өсiмдiк майы — 36,6%-ға, ет пен субөнiмдердi шығару 32,8%-ға және сүт — 8,1%-ға өстi.

Резеңке және пластмасса өнiмдерi өндiрiсiнде (НКИ — 115,2%) пластмассадан құбырлар өндiрiсi 3,7 есе артты.

Машина жасау саласында (НКИ — 152,1%) жетекшi кәсiпорындары болып «ЕПК Степногорск» (темiржол жылжымалы құрамға арналған подшипниктер өндiру), «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ (КАМАЗ жүк автомобильдерiн жинау), «Қамқор-Локомотив» ЖШС филиалының Атбасар электорвоздарды жөндеу зауыты (электровоздарды күрделi жөндеу) табылады. Өсiм «ЕПК Степногорск» АҚ (подшипниктер — 25,7%-ға) байқалды.

Есептi кезеңде «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ жүк және мамандандырылған автомобильдер өндiрiсi 151 бiрлiктi құрады, өткен жылдың деңгейiне 1,9 есе өсiммен.

Металлургия саласының (НКИ — 103,4%) өңделмеген алтын өндiрiсiнiң көлемi 5,7%-ға артып, 7 тоннаны құрады, бұл «Altyntau Kokshetau» АҚ қызметiмен байланысты.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнiмiнiң көлемi 38 млрд. теңгенi НКИ — 2019 жылдың сәйкес кезеңiне 104% құрады.

Өсiмдiк шаруашылығы. Ағымдағы жылы жаздық егiс көлемi 4,9 млн. га, оның iшiнде дәндi және дәндi — бұршақты дақылдар — 4,4 млн. га.

Майлы дақылдарды 254 мың га алқапқа егу, картоп — 16,1 мың га, көкөнiс — 3,4 мың га алқапқа егу жоспарлануда.

Жемдiк дақылдарды жаздық себу 181 мың га алаңға орналастыру жоспарлануда.

Мал шаруашылығы. Шаруашылықтың барлық санаттарымен тiрi салмақта 36 мың тонна ет (7,9%-ға төмендедi), 62,7 мың тонна сүт (2,9%-ға өстi), 203,9 млн. дана жұмыртқа (3,5%-ға төмендедi) өндiрiлдi.

IҚМ басы 3%-ға (502,1 мың басқа дейiн), оның iшiнде сиыр — 2,4%-ға

(221,7 мың басқа дейiн), қой мен ешкi — 1,5%-ға (640 мың басқа дейiн), жылқы –

6,4%-ға (201,6 мың басқа дейiн), құс — 1,5%-ға (7,6 млн.басқа дейiн) өстi.

Облыстың ауылшаруашылық тауар өндiрушiлерiмен астана базарларына 14,3 мың тонна сүт өнiмдерi (2019 жылғы ұқсас кезеңiне өсiм 1,7%), 7,2 мың тонна

ет өнiмдерi (өсiм 1,8%), 67,2 млн. дана жұмыртқа (өсiм 3,2%) жеткiзiлдi.

Нұр-Сұлтан қ. азық-түлiк белдiгiнiң аясында 82,3 млрд. теңгеге

31 жобасы жүзеге асырылуы жоспарлаған.

Облыс экономикасын дамытуға 74,9 млрд. теңге немесе 2019 жылдың сәйкес кезеңiне 192,2% инвестицияланды.

Қаржыландыру көздерi бойынша инвестициялар құрылымында 36,5% кәсiпорындар мен жеке құрылыс салушылардың өз қаражатына немесе

27,3 млрд.теңгеге келедi, республикалық және жергiлiктi бюджет қаражаты 12,6% немесе 9,4 млрд. теңгенi құрады. Инвестиция құрылымындағы банктер кредиттерiнiң үлесi 9,8%-ды, басқа да қарыз қаражаты — 41,1%-ды құрады.

2020 жылы сумен жабдықтау жүйелерiн дамыту жөнiндегi жобаларды iске асыруға 11,2 млрд. теңге бөлiндi. Қаражат жұмсалды 10 объектiнi салуға (3,5 млрд. теңге) және 17 объектiнi қайта жаңартуға (6,9 млрд. теңге), 12 жоба бойынша ЖСҚ әзiрлеуге (153,8 млн. теңге), iздестiру-барлау жұмыстарына

(573,4 млн. теңге), 11 объектiнi ағымдағы жөндеуге (70 млн. теңге).

590 елдi мекеннiң 358 АЕМ-нде орталықтандырылған сумен жабдықтау (60,7%), орталықтандырылмаған су — 213 АЕМ-нде (36,1%). Жеткiзiлетiн су

19 АЕМ-нде (3,2%).

Құрылыс жұмыстарының көлемi 6,3 млрд. теңгенi немесе

2019 жылдың сәйкес кезеңiне 117% құрады.

Тұрғын үй құрылысы.

151 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берiлдi, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңiне 103,7% құрайды.

Мемлекеттiк-жеке меншiк әрiптестiк.

Облыста жалпы құны 264,5 млрд.теңгеге 45 мемлекеттiк-жеке меншiк әрiптестiк жобасына қол қоялды, 6 жоба бойынша 4,2 млрд. теңгеге мемлекеттiк мiндеттемелер қабылданды. 26 жоба жоспарлау сатысында.

Кәсiпкерлiктi дамыту. Облыста жұмыс iстеп тұрған шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң саны 44 094 бiрлiктi құрайды, оның iшiнде шағын кәсiпкерлiктiң заңды тұлғалары — 7 879 бiрлiк, орта кәсiпкерлiктiң заңды тұлғалары — 109 бiрлiк, жеке кәсiпкерлер — 30 460, шаруа (фермер қожалықтары) — 5 646 бiрлiк.

«Бизнестiң жол картасы — 2025» бизнестi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын (бұдан әрi — Бағдарлама) iске асыру кезеңiнде

(2010 жылдан бастап) жалпы сомасы 149,3 млрд.теңгеге 1 309 жоба мақұлданды.

2020 жылы Бағдарламаны iске асыруға қосымша бөлiнетiн қаражатты ескере отырып 4,7 млрд.теңге бағытталды.

Тұтыну бағаларының индексi (2019 жылғы желтоқсанға қарағанда

2020 жылғы наурыз) 101,8% құрады, оның iшiнде азық-түлiк тауарларына — 103,1%, азық-түлiк емес тауарларға — 101,3%, халыққа көрсетiлген ақылы қызметтерге — 100,5%.

2019 жылы орташа айлық жалақы 2018 жылға 15,9%-ға өсiп,

139,7 мың теңгенi құрады.

Салық және бюджет. Мемлекеттiк бюджетке 36,2 млрд. теңге салықтар мен мiндеттi төлемдер түстi немесе болжамға 83%, оның iшiнде республикалық бюджетке — 16,5 млрд. теңге (болжамға 61,6%), жергiлiктi бюджетке — 19,7 млрд. теңге (болжамға 116,9%).

2. Әлеуметтiк сала

2020 жылдың қаңтар айларында облыста 2328 жаңа жұмыс орны құрылды, оның 1047 тұрақты.

Жұмыспен қамту қызметi арқылы 3009 адам жұмысқа орналастырылды, бұл өтiнiш бiлдiргендердiң 81,4% құрады.

Жұмыс iздеу Клубтарының семинарлық сабақтарына 291 азамат қатысты, оның iшiнде тұрақты және уақытша жұмысқа 241 азамат (82,8%) орналастырылды.

Бос жұмыс орындары 7 жәрмеңкесi өткiзiлдi, онда 148 бос жұмыс орындары ұсынылды, нәтижесiнде 29 адам жұмысқа орналастырылды.

Өнiмдi жұмыспен қамтуды және жаппай 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» кәсiпкерлiктi дамыту:

- «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсiптiк бiлiммен және қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқытумен қамтамасыз ету» бiрiншi бағыты бойынша 1855 адамды оқыту жоспарланған;

- «Жаппай кәсiпкерлiктi дамыту» екiншi бағыты бойынша 2799 адамды қамту жоспарланған, оның iшiнде:

- «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсiпкерлiк негiздерi — 1363 адам;

- ауылда және қалаларда кәсiпкерлiк бастамаларды қолдауға — 803 микрокредит;

- жаңа бизнес-идеяларды iске асыруға 216,9 млн. теңге сомасында 633 грант, 01.03.2020 жылғы жағдай бойынша гранттар 30 қатысушыға

15,9 млн. теңге берiлдi;

- «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» үшiншi бағыты бойынша жастар тәжiрибесiне 102 адам немесе жоспардың — 21,5%-ы (жоспар — 475), әлеуметтiк жұмыс орындарына — 235 адам немесе жоспардың 50,4%-ы (жоспар — 466), ақылы қоғамдық жұмыстарға — 666 адам немесе жоспардың — 39,7%-ы (жоспар — 1680) жiберiлдi.

Мектепке дейiнгi ұйым — 608 бiрлiк, соның iшiнде 245 балабақша (соның iшiнде  — мемлекеттiк 136, жеке — 109) және 363 мектепке дейiнгi шағын орталық. Балаларды тасымалдау 221 елдi мекенiнен жүзеге асырылады.

2020 жылдың 1 сәуiрдегi мектепке дейiнгi тәрбиемен және оқытумен

3-6 жас аралығы бойынша 100%, 1-6 жас аралығы бойынша 75,4%.

Жоғары көрсеткiштерi (1-6 жас аралығы бойынша) Қорғалжын (95,4%), Жақсы (94,1%) және Бiржан сал (93,1%) ауданында.

2020 жылы балабақша құрылысын аяқтау жоспарланған Шортанды ауданында, Целиноград ауданында 2 мектеп (Қоянды ауылында және Максимовка), Көкшетау қаласындағы 3 мектептiң оқу корпустарына қосымша құрылыс салу (№1, №6 және № 13), сондай-ақ Бұланды ауданының Алтынды орта мектебiн қайта жаңарту. 2 мектептiң құрылысы жалғасады Целиноград ауданында (Қосшы ауылында) және Көкшетау қаласында. Аршалы (1 нысан) және Целиноград (3 нысан) аудандарында 4 мектеп, Целиноград ауданында (1 нысан) және Көкшетау қаласында (2 нысан) 3 балабақша құрылысын бастау көзделген.

Денсаулық сақтауда Целиноград ауданында емхана және Көкшетау қаласында онкологиялық емхана, Целиноград және Шортанды аудандарында

2 дәрiгерлiк амбулатория құрылысы жалғасады.

Денсаулық сақтау саласында 2020 жылдың наурыз айында қан айналу жүйесiнiң ауруларымен ауыру деңгейi 48%-ға (100 мың адамға

838,9-дан 436,4-ке дейiн) төмендедi.

Жазатайым жағдайдан, уланудан және жарақаттан өлiм 19,5%-ға (100 мың тұрғынға шаққанда 93,80-ден 75,50-ге дейiн; 01.03.2020 жылдың жағдай бойынша Статистика комитетiнiң алдын ала деректерi) төмендедi.

Денсаулық сақтаудың күрделi шығыстары үшiн 2020 жылы 1,4 млрд. теңге бөлiндi, оның iшiнде медициналық ұйымдарды жабдықтау үшiн —

1,1 млрд. теңге, күрделi жөндеуге — 0,3 млрд. теңге.

Мемлекеттік рәміздері

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн