Ақмола облысының 2018 жылғы қаңтар-наурыздағы әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы ақпарат

1. Экономика

Өнеркәсiпте өндiрiс көлемi 140,8 млрд. теңгенi құрады. Тауар өнiмнiң НКИ — 105,1%.

Тау-кен өндiру өнеркәсiбiнде нақты көлем индексi 104,4% құрады.

Өсiм құрамында алтыны бар кендер 10,9%-ға, қиыршық тас 47,3%-ға артуымен байланысты.

Өңдеу өнеркәсiбiнде нақты көлем индексi 106,5% құрды.

Азық-түлiк өндiрiсiнде (НКИ-121,8%) өткен жылмен салыстырғанда (заттай көрiнiсте) ет және сорпалық тағамдық азық-түлiктер 20,1%, өсiмдiк майы 6,6%, ұн 40,9% өстi.

Сусындар өндiрiсi саласында (НКИ-93,5%) минералды су және алкогольсiз сусындар өндiрiсi 5,2% төмендегенi байқалады.

Химия өнеркәсiбiнде (НКИ-103,8%) этил спиртi өндiрiсi 86,6%-ға өстi.

Резеңке және пластмасса өнiмдерi өндiрiсiнде (НКИ 94,0%) пластмасстан жасалған фитинг және құбыр өндiрiсi 33,8% төмендегенi байқалады.

Машина жасау саласында (НКИ 142,9%) подшипниктер өндiрiсi өсiмiмен 68,8%, жүк автомобильдерi өндiрiсi 19,6%.

Басқа да металл емес минералды өнiмдер өндiрiсi саласында (НКИ 251,1%) керамикалық кiрпiш өндiрiсi көлемдерiнiң 75,8%-ға өстi, бетоннан жасалған бұйымдар — 38,4%-ға өстi.

Металлургия саласында (НКИ 99,6%) өңделмеген және жартылай өңделген алтын өндiру көлемiнiң 3,2% ұлғаюы байқалады, бұл «Altyntau Kokshetau» АҚ қызметiне байланысты.

«СТКХК» ЖШС табиғи уранның химиялық концентратты өңдеу көлемi 795 тоннаны құрады (2017 жылы салыстырғанда 8,6% төмендеген).

Ауыл-шаруашылық жалпы өнiмнiң көлемi 27 млрд. теңге, нақты көлемнiң индексi — 2017 жылдың деңгейiне 104,5 % құрады.

Өсiмдiк шаруашылығы. Ағымдағы жылы жоспарланған жаздық егiс алқабы 4,7 млн. га, соның iшiнде дәндi және дәндi-бұршақты дақылдардың ғжаздық алаңы 4,3 млн. га болып көзделген.

Майлы дақылдарды 258,4 мың га. егiстiк алқапта жүргiзу,18,4 мың. га алқапта картопты, 4,3 мың. га -да көкөнiстi отырғызу жоспарланып отыр.

Жаздық жем-шөп дақылдарын 160,6 мың га. алаңында отырғызу жоспарлануда. Жалпы алғанда өткен жылдардағы көп жылдық шөп жемшөптердi ескере отырып, облыс бойынша жалпы алаңы 644,0 мың га. құрады.

Мал шаруашылығы. Шаруашылықтардың барлық санаттарымен тiрi салмақта 25,8 мың тонна ет (былтырғы жылдың сәйкес кезеңiне 3,2%-ға өсiм), 58,6 мың тонна сүт (0,2%-ға өсiм), 206,6 млн.дана жұмыртқа (25,5%-ға өсiм) өндiрiлдi.

IҚМ басының саны 2,4%-ға өстi (468,7 мың басты құрайды ), оның iшiнде сиыр — 3,2%-ға (210,1 мың бас), жылқы — 5,3%-ға (173,6 мың бас), құстар — 15,8% ға (6,1 млн. бас). Қой мен ешкiнiң саны — 1,2%-ға (610,4 мың басқа дейiн) шошқалар — 1,0% ға (134,7 мың басқа дейiн) азайды

Ағымдағы жылы Астана қ. маңындағы азық-түлiк белдеуi аясында 7,5 млрд.теңгенiң 8 жобасы iске асырылуда

Облыстың ауылшаруашылық тауар өндiрушiлерiмен астана базарларына (2018 жылғы 1 сәуiр жағдайына) 12,6 мың тонна сүт өнiмдерi (2017 жылғы ұқсас кезеңiне өсiм 16,4% -ға), 5,8 мың тонна ет өнiмдерi (2017 жылғы ұқсас кезеңiне өсiм 15,8%-ға), 43,6 млн. дана жұмыртқа (2017 жылғы ұқсас кезеңiне өсiм 25,7 %-ға) жеткiзiлдi.

2018 жылдың қаңтар-наурыз айының қорытындысы бойынша экономиканы дамытуға 41,2 млрд. теңге қаржы жұмсалған, бұл 2017 жылғы ұқсас кезеңiнде 32,2% артық.

Инвестиция құрылымында ең үлкен үлесi кәсiпорындардың меншiктi қаражатына және дербес салушылар 74,7% болады, олардың есебiнен 30,8 млрд. теңге, республикалық бюджет қаражаты — 3,4% немесе 1,4 млрд. теңге құрады, жергiлiктi бюджет қаражаты — 1,5% немесе 0,6 млрд. теңге құрады. Банктердiң несиелерiнiң үлесi инвестицияның жалпы мөлшерiнде 10% құрайды, басқа қарыз қаржысының үлесi — 10,4%.

Сыртқы инвестициялардың көлемi — 3,1 млрд. теңге құрады.

2018 жылы сумен жабдықтау және су бұру жүйесiн дамыту жүзеге асыруға 8,4 млрд. теңге бөлiндi. Қаражаттар 11 жобаның құрылысына және 18 жобаның қайта жаңартуға (7,5 млрд.теңге), 21 жобаға ЖСҚ әзiрлеу (260,3 млн.теңге), 1 объектiнi ағымдағы жөндеу (13,1 млн.теңге), iздестiру-барлау жұмыстары — (665,4 млн.теңге) бағытталды.

607 елдi мекеннiң 357 АЕМ-нде орталықтандырылған сумен жабдықтау (58,8%), орталықтандырылмаған су — 228 АЕМ-нде (37,6%). Жеткiзiлетiн су 22 АЕМ-де (3,6%).

Құрылыс жұмыстарының көлемi 6,2 млрд.теңге немесе 2017 жылдың деңгейiнен 131,1% құрады.

Тұрғын үй құрылысы.

2018 жылдың қаңтар-наурыз айында 144,4 мың м2 енгiзiлген, бұл 2017 жылдың деңгейiне 115,8% құрады.

Кәсiпкерлiктi дамыту. Облыста 42,5 мың бiрлiк белсендi шағын және орта бизнес (бұдан әрi — ШОБ) субъектiлерi тiркелген, оның iшiнде шағын бизнестiң заңды тұлғалары 6,7 мың, орта бизнестiң заңды тұлғалары 111, жеке кәсiпкерлер — 31,5 мың, шаруа (фермер қожалықтары) 4,2 мың.

(2010 жылғы 2018 жылғы 1 сәуiрге) iске асыру кезеңiнде «Бизнестiң Жол картасы-2020» бағдарламаның барлық бағыттары бойынша бағдарламасы бойынша Өңiрлiк Үйлестiру кеңесiмен мақұлданды 809 жобаға кредит 111,8 млрд.теңгенi сомасы құрады.

2018 жылы жеке кәсiпкерлiктi қолдау үшiн бюджеттен 4,3 млрд. теңге бөлiндi.

Тұтыну бағасының индексi (2018ж. наурызы 2017ж.желтоқсанына) 101,4% құрады, оның iшiнде азық-түлiк тауарларына — 102,1%, азық-түлiк емес тауарларына — 101,1%, ақылы қызметтер — 101%.

2017 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында орташа айлық жалақы 2017 жылғы деңгейге 5,5%-ға өстi және 110,2 мың теңгенi құрады.

Салықтар және бюджет. Мемлекеттiк бюджетке 39,6 млрд. теңге немесе болжамды жоспарға қарағанда 106,9% сома түстi, соның iшiнде республикалық бюджетке — 22,9 млрд. теңге (болжамға 99,3%), жергiлiктi бюджетке — 16,7 млрд. теңге (болжамға 119,2%).

2. Әлеуметтiк сала

2018 жылдың қаңтар-наурыз айы бойынша экономика салаларында 2234 жаңа жұмыс орындары пайда болды, олардың 2045 — тұрақты.

Жұмыспен қамту қызметi арқылы 3193 адамды жұмысқа орналастырылды. Қоғамдық жұмыстарға 832 адам жiберiлдi.

Барлық қаржыландыру көздерiнен 7748 аз-қамтылған азаматтарға 81 006,6 мың. теңге сомасында әлеуметтiк көмек көрсетiлдi.

Жұмыс iздеу клубтарының семинарлық оқуларына 419 адам қатысты, олардың iшiнде тұрақты және уақытша жұмысқа 340 адам (81,1%) орналастырылды.

Бос жұмыс орындарының 15 жәрмеңкесi өткiзiлдi, осы жәрмеңкеде 1077 бос жұмыс орны ұсынылды, нәтижесiнде 158 адам жұмысқа орналастырылды.

2017-2021 жылдарға нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың «Енбек» бағдарламасының шеңберiнде келесi iс-шаралар жоспарланған:

-бiрiншi бағыты бойынша «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсiптiк бiлiммен және қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқумен қамтамасыз ету» 2 665 адам оқытуға жолдау жоспарланған (еңбек нарығының қажеттiлiктерiн ескере отырып, техникалық және кәсiптiк бiлiмi бар кадрларды даярлау — 1 190 адам (әкiмшiсi Бiлiм басқармасы), жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсiптер және дағдылар бойынша қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқыту — 1475 адам). 1 сәуiр 2018 жылдың жағдайы бойынша қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқытуға 987 адам бағытталған.

- екiншi бағыты бойынша «Жаппай кәсiпкерлiктi дамыту» бағдарламаға қатысушыларды «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 1927 адам жолдауға, сондай-ақ 2,7 млрд. теңге бойынша 320 қатысушыларға микрокредит беруге жоспарланған.

- үшiншi бағыты бойынша «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы еңбек нарығын дамыту және еңбек ресурстарының ұтқырлығы» (жастар тәжiрибесiмен, әлеуметтiк жұмыс орындарымен) — 3 175 адам жұмыспен қамту қажет. 2018 жылдың үш айы бойынша жастар тәжiрибесiне — 149 адам (жоспар — 517); әлеуметтiк жұмыс орындарға — 379 адам (жоспар — 520); ақылы қоғамдық жұмыстарға — 832 адам (жоспар — 2138).

ҚР бiлiм берудi дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы бойынша 2018 жылға Аршалы, Целиноград (2 нысан), Шортанды (2 нысан) аудандарда және Көкшетау қ. (2 нысан) 7 балабақша, Бурабай, Бiржан сал, Сандықтау, Целиноград (3 нысан) аудандарда және Көкшетау қ. (2 нысан, оның бiреуi мектепке кеңейтiлу) 8 мектеп, Көкшетау қаласындағы мәдениет колледжiнiң оқу корпусына кеңейтiмi, Қорғалжын ауданындағы мектеп-интернат және Зерендi ауылындағы орта мектептiң спорт залының құрылысымен оқу корпусының құрылысы қарастырылған.

Денсаулық сақтау саласында Атбасар ауданында 1 дәрiгерлiк амбулаторияны және Көкшетау қаласында 1 онкологиялық емхананы салу жоспарланған.

Мектепке дейiнгi ұйым — 603 бiрлiк, соның iшiнде 230 балабақша және 373 мектепке дейiнгi шағын орталық (соның iшiнде  — мемлекеттiк 140, жеке– 90.) 236 елдi мекенiнен тасымалдау жүзеге асырылады.

2018 жылдың 1 сәуiрге мектепке дейiнгi тәрбиемен және оқытумен 3-6 жас аралығы бойынша 97,7% , 1-6 жас аралығы бойынша 66,4%.

Денсаулық сақтау саласында туберкулезбен ауыру көрсеткiшi 8,1%-ға (100 мың адамға шаққанда 16,1- дан 14,8-ке дейiн), қан айналу жүйесiнiң ауруларымен ауыру деңгейi 25,3%-ға (100 мың адамға шаққанда 338,6-ден 252,8-ке дейiн) төмендедi.

Қан айналу жүйесiнiң ауруларынан өлу деңгейi 24,1%-ға (100 мың адамға шаққанда 67,08-ден 50,89-ға дейiн) төмендедi. Онкопатологиядан 14%-ға дейiн (100 мың адамға шаққанда 28,00-дан 24,09-ға дейiн) төмендедi.

Сәби өлiмi көрсеткiшi 54% есе ұлғайды (1000 тiрi туғанға 10,2-ден 4,7-ге дейiн) төмендедi. Туу деңгейi 8,1%-ға өстi (1000 адамға шаққанда 3,4-тен 3,7-ге дейiн).

Целиноград ауданында 1 ана өлiмi жағдайы тiркелдi.

Денсаулық сақтау саласының күрделi шығындары 2026,1 млн. теңгенi құрады, оның iшiнде медициналық ұйымдарды жарақтандыруға — 1354,4 млн. теңге, күрделi жөндеулерге 671,7 млн. теңге қарастырылған.

Мемлекеттік рәміздері
egov.kz
мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн