A- A A+
Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
Ақмола облысының 2017 жылғы қаңтар-наурыз әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы ақпарат

1. Экономика

Өнеркәсiпте өндiрiс көлемi 119,8 млрд. теңгенi құрды. Тауар өнiмнiң НКИ — 105,7% (ҚР бойынша 105,8%).

Тау-кен өндiру өнеркәсiбiнде нақты көлем индексi 103,6% құрды.

Өсiм тас көмiрдi барлаудың көлемдерiнiң ұлғайюымен байланысты (54,3%).

Өңдеу өнеркәсiбiнде нақты көлем индексi 107,6% құрады.

Азық-түлiк өндiрiсiнде (НКИ-118,7%) өткен жылдың кезеңiмен салыстырғанда (заттай көрiнiсте) ет және сорпалық тағамдық азық-түлiктер 35,6%, өсiмдiк майы 68,0%, ұн 27,5% өстi.

Сусындар өндiрiсi саласында (НКИ-93,8%) алкогольсiз сусындар өндiрiсi 27,4% төмендегенi байқалады. Арақ өндiрiсi 15,1% өстi.

Химия өнеркәсiбiнде (НКИ-112,5%) пестицидтер өндiрiсi 18,9%-ға өстi. Күкiрт қышқылының өндiрiсi 25,6 мың тоннаны құрады немесе өткен жылдың кезеңiне 86,1%.

Резеңке және пластмасса өнiмдерi өндiрiсiнде (НКИ 60,2%) пластмасстан жасалған фитинг және құбыр өндiрiсi 75,3% (2016 жылың желтоқсан айында «Арыстан» СҚЗ» ЖШС кәсiпорнының қызметi тоқтатылған).

Машина жасау саласында (НКИ 131,4%) жетекшi кәсiпорындары болып «ЕПК Степногорск» (темiржол жылжымалы құрамға арналған подшипниктер өндiру), «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ (КАМАЗ жүк автомобильдерiн жинау), «Қамқор-Локомотив» ЖШС филиалының Атбасар электорвоздарды жөндеу зауыты (электровоздарды күрделi жөндеу) табылады.

Өсу келесi кәсiпорын бойынша байқалады:

«Қамқор-Локомотив» ЖШС АЭЖЗ филиалы бойынша ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында тауарлық өнiм көлемi 1704,3 млн. теңге немесе өткен жылдың салыстырмалы кезеңiне 147,0% құрды.

«КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айында 98 автокөлiктердi құрастырды (оның iшiнде 97 бiрлiк  — жүк көлiктерi, 1 бiрлiк — арнайы мамандырылған), (2016 жылдың қаңтар-наурыз айларында 98 жүк автокөлiктерi құрастырылған).

Басқа да металл емес минералды өнiмдер өндiрiсi саласында (НКИ 392,9%) кiрпiш өндiрiсi көлемдерiнiң 67,4%-ға өсуi, тауарлық бетон 22 есеге өсуi байқалды.

Металлургия саласында (НКИ 113,8%) өңделмеген және жартылай өңделген алтын өндiру көлемiнiң 6,3% ұлғаюы байқалады, бұл «Altyntau Kokshetau» АҚ қызметiне байланысты.

«СТКХК» ЖШС табиғи уранның химиялық концентратты өңдеу көлемi 870 тоннаны құрады (2016 жылдың кезеңiне 1,3 есе өсiммен).

Өндiрiстiң төмендеуiне облыстың 2 аймақта жол берiлген — Жақсы (85,5%), Қорғалжын ауданында (71,6%).

ИИДМБ аясында жүзеге асыру кезеңiнде (2010-2016 жылға) 7,1 мың тұрақты жұмыс орындар құруымен 78 жоба 180,6 млрд. теңгеге iске қосылған.

Ауыл-шаруашылық жалпы өнiмнiң көлемi 24,2 млрд. теңге, нақты көлемнiң индексi — 2016жылдың деңгейiне 101,8% құрады.

Өсiмдiк шаруашылығы. 2017 жылы облыс бойынша 4,7 млн га алқапқа жаздық егiс жұмыстары жоспарланған, соның iшiнде 4,3 млн.га алқапқа дәндi және дәндi дақылдар орналастырылады.

2017 жылы 241,5 мың га алқапқа майлы дақылдарды себу жоспарланған. Мал азықтық дақылдардың жаздық егiсiн 142,2 мың га алқапқа жүргiзу көзделген. Жалпы, өткен жылдардағы көпжылдық шөптердi есепке алғанда мал азығы дақылдары алқабының жалпы ауданы 591,7 мың га-ды құрайды.

Сондай-ақ, 2017 жылы 18,4 мың га жерге картоп отырғызу жоспарда бар. Көкенiстер отырғызылатын алқаптың жалпы ауданы 4,3 мың га-ды құрайтын болады.

Машина-трактор паркiнiң дайындығы облыс бойынша 79-99%. Көктемгi дала жұмыстарына дизель отынымен қамтамасыз ету 43,7 мың тонна (қажеттiлiктен 55,1%), дизель майымен — 3,6 мың тонна (78,4%), бензинмен — 5,8 мың тонна (78,5%) құрайды.

Мал шаруашылығы. Шаруашылықтардың барлық санаттарымен тiрi салмақта 25 мың тонна ет (өткен жылдың деңгейiне 6,8%-ға өсiм), 58,5 мың тонна сүт (6,2%-ға өсiм), 164,5 млн.дана жұмыртқа (13,1%-ға төмендеу) өндiрiлдi.

IҚМ басының саны 4,4%-ға өстi (458 мың бас құрайды), оның iшiнде сиыр — 5,7%-ға (203,6 мың бас), жылқы — 8,9%-ға (164,8 мың бас), қой мен ешкi — 3,4%-ға (617,9 мың бас), шошқалар– 0,1%-ға (136,1 мың бас), құс 6,4%-ға (5,3 млн. бас) дейiн өстi.

Мал шаруашылығы саласын дамытудың кредиттiк бағдарламаларын iске асыру шеңберiнде ағымдағы жылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 49 бас IҚМ, «Алтын Асық» — 723 бас, «Құлан»- 184 бас сатып алынды.

Астана қ. азық-түлiк белдiгiнiң аясында 8,6 млрд. теңгеге 9 жоба жүзеге асырылып жатыр, соның iшiнде: 6 — астық қоймалары, 1-асыл тұқымды ешкi шаруашылығы, 1 — жылыжай, 1 — жылыжый кешенiң кеңейту.

Облыс ауыл шаруашылық құрырылымдары ағымдағы жылдың астана базарына 7,2 мың тонна сүт өнiмдерi (2016 жылдың деңгейiне 10,2% өсiм), 4,2 мың тонна ет өнiмдерi (10,7% өсiм), 41,4 млн. дана жұмыртқа (1,4% өсiм) жеткiзiлдi.

2017ж. қаңтар-наурыз қорытындысы бойынша экономиканы дамытуға 29,1 млрд. теңге қаржы жұмсалған, бұл 27,3% артық ұқсас кезеңiнде 2016 жылғы.

Инвестиция құрылымында ең үлкен үлесi кәсiпорындардың меншiктi қаражатына және дербес салушылар 62,4% болады, олардың есебiнен 18,2 млрд.теңге игерiлген.

Республикалық қаражаттың игерiлген үлесi инвестиция мөлшерiнен 9,3% немесе 2,7 млрд. теңгеден құрады, жергiлiктi бюджеттiң — 3,8%, 1,1 млрд. теңге игерiлген. Банктердiң несиелерiнiң үлесi инвестицияның жалпы мөлшерiнде 13,7% құрайды, басқа қарыз қаржысының үлесi — 10,8%.

Ерейментау (35,3%), Еңбекшiлдер (60,1%), Есiл (82,5%) 3 ауданында негiзгi капиталға инвестициялар көлемi төмендедi.

Сыртқы инвестициялардың көлемi 2,2 млрд. теңге құрады.

2017 жылы жүзеге асыруға жүйесiн дамыту сумен жабдықтау және су бұру бюджеттен 8,6 млрд. теңге, оның iшiнде мемлекеттiк бағдарлама шеңберiнде "Нұрлы жол" 1,4 млрд. теңге бөлiндi, 2020 жылға дейiн өңiрлердi дамыту — 7,2 млрд. теңге. 10 құрылысына және 17 объектi қайта жаңартуға (7,8 млрд. теңге), ЖСҚ әзiрлеу бойынша 13 жоба (0,2 млрд. теңге) және iздестiру-барлау жұмыстары (0,6 млрд. теңге).

607 елдi мекендерден 352 елдi мекендер орталықтандырылған су (58%), орталықтандырымаған су — 229 елдi мекендер (37,7%). Жеткiзiлетiн су 26 елдi мекендер (4,3%).

Құрылыс жұмыстарының көлемi 4,5 млрд.теңге немесе 2016 жылдың деңгейiнен 113,1% құрады.

Құрылыс жұмыстарының көлемi 10 ауданында төмендедi: Жарқайың (21,1%), Қорғалжын (27,4%), Жақсы (37,7%), Сандықтау (40,9%), Целиноград (41,4%), Егiндiкөл (48,7%), Атбасар (65,9%), Еңбекшiлдер (73,5%), Зерендi (89,1%), Бұланды (98,4%).

Тұрғын үй құрылысы.

2017 жылда қантар айында аралығында 124,7 мың м2 енгiзiлген, бұл 2016 жылдың деңгейiне 113,1% құрады.

Кәсiпкерлiктi дамыту. Облыста шағын және орта кәсiпкерлiктiң жұмыс iстейтiн субъектiлер саны 41,4 мың, соның iшiнде шағын кәсiпкерлiктiң заңды тұлғалары 6,1 мың, орта кәсiпкерлiктiң заңды тұлғалары 120 бiрлiк, жеке кәсiпкерлер 31,4 мың, шаруа қожалығы (фермерлiк) 3,7мың.

«Бизнестiң жол картасы-2020» бағдарламасының барлық бағыттары бойынша iске асыру кезеңiнде (2010 жылдан 2017 жылдың 1 сәуiрiне дейiн) Өңiрлiк Үйлестiру кеңесiмен 84,5 млрд.теңге кредит сомасына 666 жоба мақұлданды.

2017 жылы жеке кәсiпкерлiктi қолдау үшiн 7,8 млрд.теңге бөлiндi.

Тұтыну бағасының индексi 101,1% (2017ж. наурызы 2016ж. желтоқсанына) 101,6% (ҚР бойынша — 102,3%) құрады, оның iшiнде азық — түлiк тауарларына — 102,6%, азық — түлiк емес тауарларына — 101,1%, ақылы қызметтер — 100,8%.

2016 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында орташа айлық жалақы 2015 жылғы деңгейге 17,5%-ға өстi және 104,4 мың теңгенi құрады. Жалақының төмен деңгейi Бурабай (101 439 теңге), Есiл (99 577 теңге), Шортанды (97 583 теңге), Ерейментау (97 526 теңге), Целиноград (97 116 теңге), Астрахан (96 245 теңге), Жақсы (95 163 теңге), Сандықтау (94 132 теңге), Егiндiкөл (92 410 теңге), Атбасар (91 611 теңге), Ақкөл (91 502 теңге), Аршалы (90 891 теңге), Бұланды (86 630 теңге), Қорғалжын (85 066 теңге) және Жаркайың аудандарында (82 524 теңге).

Салықтар және бюджет. Мемлекеттiк бюджетке 31,6 млрд. теңге немесе болжамды жоспарға қарағанда 117% сома түстi, соның iшiнде республикалық бюджетке — 17,2 млрд. теңге (болжамға 116%), жергiлiктi бюджетке — 14,4 млрд. теңге (болжамға 118,2%).

2. Әлеуметтiк сала

2017 жылдың қантар-наурыз айларында экономика салаларында 1963 жаңа жұмыс орындары пайда болды, олардың 1503 — тұрақты.

Жұмыспен қамту қызметi арқылы 2219 адам жұмысқа орналастырылды, бұл өтiнiш бiлдiргендер санының 63,5% құрады. Жұмыспен қамтылғандардың төмен деңгейi 10 аймақтарда: Зерендi ауданында (31,0%), Бұланды ауданында (39,0%), Целиноград ауданында (40,2%), Жақсы ауданында (41,7%), Егiндiкөл ауданында (44,3%), Көкшетау қаласында (46,6%), Есiл ауданында (49,5%), Сандықтау ауданында (50,0 %), Атбасар ауданында (56,7%), Астрахан ауданында (59,4%).

Қоғамдық жұмыстарға 819 адам жiберiлдi.

Жұмыс iздеу клубтарының семинарлық оқуларына 200 адам қатысты, олардың iшiнде тұрақты және уақытша жұмысқа 154 адам (77%) жұмысқа орналастырылды.

Бос жұмыс орындарының 14 жәрмеңкесi өткiзiлдi, осы жәрмеңкеде 779 бос жұмыс орны ұсынылды, нәтижесiнде 70 адам жұмысқа орналастырылды.

Тұрмысы кедейлiктiң шегiнен төмен азаматтардың саны 183 адамға төмендеп және 343 адамды құрады.

Барлық қаржыландыру көздерiнен 2815 аз қамтылған азаматтарға 29 920,6 млн. теңге сомасында әлеуметтiк көмек көрсетiлдi.

Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың бағдарламасының бойынша:

-бiрiншi бағыты бойынша «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсiптiк бiлiммен және қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқумен қамтамасыз ет» 2129 адам оқытуға жолдау (еңбек нарығының қажеттiлiктерiн ескере отырып, техникалық және кәсiптiк бiлiмi бар кадрларды даярлау — 1190 адам (әкiмшiсi Бiлiм басқармасы), жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсiптер және дағдылар бойынша қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқыту — 909 адам (әкiмшiсi Жұмыспен қамтуды және әлеуметтiк бағдарламаларды үйлестiру басқармасы), кәсiптiк даярлауға оқытуды аяқтау 2013 жылы БМ арқылы және 2016 ДСӘДМ жылы «ЖҚЖК-2020» бағдарламасы арқылы бағытталған — жоспар 30 адам (әкiмшiсi Жұмыспен қамтуды және әлеуметтiк бағдарламаларды үйлестiру басқармасы)).

-екiншi бағыты бойынша «Жаппай кәсiпкерлiктi дамыту» бағдарламаға қатысушыларды «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсiпкерлiк негiздерiне 937 адамды оқыту және шағын несие 514 адам жоспарлануда.

-үшiншi бағыты бойынша «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы еңбек нарығын дамыту және еңбек ресурстарының ұтқырлығы» (жастар тәжiрибесiмен, әлеуметтiк жұмыс орындарымен, 7 инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебiнен жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша (денсаулық — 1, әлеуметтiк қорғау — 3)  — 195 адам жұмысқа орналастыру жоспарлау, соның iшiнде жұмыспен қамту орталықтары арқылы 100 адам) 3512 адам жұмыспен қамту қажет; оралмандарды көшуге субсидиялау 312 адам қажет. 2017 жылдың 3 айында жастар тәжiрибесiне — 145 адам,әлеуметтiк жұмыс орындарға — 276 адам бағытталған.

ҚР бiлiм берудi дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы бойынша 1 балабақшың (Көкшетау қ), 2 520 орындық 7 мектептердiң құрылысы (Көкшетау қ, Бурабай, Еңбекшiлдер, Сандыктау, Целиноград ауданы (3 нысан), орта мектебiне 420 орындық жапсаржай салу және Мәдениет колледжiнiң оқу корпусына қосымша ғимараттың құрылысы (Көкшетау қ), мектеп-интернат ғимаратын қайта жаңарту (Қорғалжын ауданы), орта мектеп ғимаратының екi қабатты блогын реконструкциялау (Буланды ауданы), балалар үйi қайта жабдықтау (Сандықтау ауданы) оқу корпусының ғимаратын салумен мектебiнiң спорт залын салу көзделген (Зерендi ауданы) қарастылған.

Бурабай ауданы Кенесары а. ауысымына 25 қабылдау жасайтын дәрiгерлiк емхананың құрылысы қарастырылған.

Мектепке дейiнгi ұйым — 592 бiрлiк, соның iшiнде 215 балабақша және 377 мектепке дейiнгi шағын орталық (соның iшiнде  — мемлекеттiк 145, жеке– 70.) 245 елдi мекенiнен тасымалдау жүзеге асырылады.

2017 жылдың 1 сәуiрге мектепке дейiнгi тәрбиемен және оқытумен 3-6 жас аралығы бойынша 95,4% , 1-6 жас аралығы бойынша 63,9%.

Жоғары көрсеткiштерi (1-6 жас аралығы бойынша) Ерейментау (76,4%), Есiл (74,5%), Жарқайың (72,4%) және Целиноград (72,4%) ауданындарында, ең төмен Астрахан (53,8%) ауданында, Көкшетау қаласында (52,1%).

Денсаулық сақтау саласында медициналық ұйымдардың жабдықталу деңгейi 57,45% құрайды (ФАП-тер — 47,70%, дәрiгерлiк амбулаториялар — 51,61%).

Туберкулезбен ауыру көрсеткiшi 13,8%-ға (100 мың адамға шаққанда 18,8-ден 16,2-ге дейiн), қан айналу жүйесiнiң ауруларымен ауыру деңгейi 17,8%-ға (100 мың адамға шаққанда 412,2-ден 338,6-ға дейiн), онкопатологиямен ауыру 5,0%-ға (100 мың адамға шаққанда 55,9-дан 53,1-ге дейiн) төмендедi.

Қан айналу жүйесiнiң ауруларынан өлу деңгейi 38,5%-ға артты (100 мың адамға шаққанда 48,35-тен 66,98-ге дейiн), онкопатологиядан 4,2%-ға дейiн (100 мың адамға шаққанда 29,17-ден 27,95-ке дейiн).

Сәби өлiмi көрсеткiшi 7,7%-ға артты (1000 тiрi туғанға 9,1-ден 9,8-ге дейiн). Ана өлiмi жағдайлары тiркелмеген.

Денсаулық сақтау саласының күрделi шығындары 3 373,8 млн. теңгенi құрады, оның iшiнде медициналық ұйымдарды жарақтандыруға — 2 449,1 млн. теңге, күрделi жөндеулерге 924,7 млн. теңге қарастырылған, соның iшiнде 2017-2021 жылдарға арналған нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламасы шеңберiнде — 223,7 млн. теңге бөлiнген.

Ақмола облысының Экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы

Дата создания статьи: 17.04.2017 14:39
Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.04.2017 14:39
Қаралым саны: 323
Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0
 
@2017 Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 114Б

8 (7162) 29-63-00;

economika@akmo.kz