A- A A+
Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
Ақмола облысының 2017 жылғы қаңтар-мамырындағы әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы ақпарат

1. Экономика

Өнеркәсiпте өндiрiс көлемi 209,7 млрд. теңгенi құрады. Тауар өнiмнiң НКИ — 104,7% (ҚР бойынша 107,8%).

Тау-кен өндiру өнеркәсiбiнде нақты көлем индексi 95,1% құрады.

Төмендеу құрамында алтыны бар кендердi барлаудың 5,0% кемуiмен байланысты. Тас көмiр барлау көлемi 90,0% ұлғайды.

Өңдеу өнеркәсiбiнде нақты көлем индексi 107,1% құрады.

Азық-түлiк өндiрiсiнде (НКИ-126,7%) өткен жылдың кезеңiмен салыстырғанда (заттай көрiнiсте) ет және сорпалық тағамдық азық-түлiктер 40,2%, өсiмдiк майы 46,2%, ұн 36,4% өстi.

Сусындар өндiрiсi саласында (НКИ-82,3%) алкогольсiз сусындар өндiрiсi 36,4% төмендегенi байқалады. Арақ өндiрiсi 1,2% өстi.

Химия өнеркәсiбiнде (НКИ-89,7%) пестицидтер өндiрiсi 9,0%-ға, этил спиртi 28,0%-ға төмендедi. Күкiрт қышқылының өндiрiсi 45,2 мың тоннаны құрады, өткен жылдың кезеңiне 11,8%.

Резеңке және пластмасса өнiмдерi өндiрiсiнде (НКИ 52,5%) пластмасстан жасалған фитинг және құбыр өндiрiсi 5 есеге төмендедi (2016 жылдың желтоқсан айында «Арыстан» СҚЗ» ЖШС кәсiпорнының қызметi тоқтатылған).

Машина жасау саласында (НКИ 130,7%) жетекшi кәсiпорындар болып «ЕПК Степногорск» (темiржол жылжымалы құрамға арналған подшипниктер өндiру), «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ (КАМАЗ жүк автомобильдерiн жинау), «Қамқор-Локомотив» ЖШС филиалының Атбасар электровоздарды жөндеу зауыты (электровоздарды күрделi жөндеу) табылады.

Өсу келесi кәсiпорын бойынша байқалады:

«Қамқор-Локомотив» ЖШС АЭЖЗ филиалы бойынша ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларында тауарлық өнiм көлемi 3161,1 млн. теңге немесе өткен жылдың салыстырмалы кезеңiне 164,0% құрды;

«ЕПК Степногорск» АҚ (подшипниктер 10,5%-ға).

«КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айында 208 автокөлiктер құрастырды (оның iшiнде 205 бiрлiк  — жүк көлiктерi, 3 бiрлiк — арнайы мамандырылған), 2016 жылдың қаңтар-мамыр айларында 204 жүк автокөлiк құрастырылған.

Басқа да металл емес минералды өнiмдер өндiрiсi саласында (НКИ 142,4%) кiрпiш өндiрiсi көлемдерiнiң 15,4%-ға өсуi, тауарлық бетон 1,4 есеге өсуi байқалды.

Металлургия саласында (НКИ 102,9%) өңделмеген және жартылай өңделген алтын өндiру көлемiнiң 10,5% ұлғаюы байқалады, бұл «Altyntau Kokshetau» АҚ қызметiне байланысты.

«СТКХК» ЖШС табиғи уранның химиялық концентратын өңдеу көлемi 870 тоннаны құрады (2016 жылдың салыстырмалы кезеңiне 37,2% төмендеген).

ИИДМБ шеңберiнде (2010-2016 жылдар бойы) iске асыру кезеңiде 158,8 млрд. теңге сомасына 72 жоба жүзеге асырылды, 6,8 мың тұрақты жұмыс орындары құрылды.

Ауыл-шаруашылық жалпы өнiмнiң көлемi 46,7 млрд. теңге, нақты көлемнiң индексi — 2016 жылдың деңгейiне 102,7% құрады.

Өсiмдiк шаруашылығы. 2017 жылы облыс бойынша 4,7 млн га алқапқа жаздық егiс жұмыстары жүргiзiлдi, соның iшiнде 4,3 млн.га алқапты дәндi және дәндi-бұршақты дақылдар алып жатыр.

2017 жылы 257,2 мың га алқапқа майлы дақылдарды себiлдi. Мал азықтық дақылдардың жаздық егiсiн 136,5 мың га алқапқа жүргiзiлдi. Жалпы, өткен жылдардағы көпжылдық шөптердi есепке алғанда мал азығы дақылдары алқабының жалпы ауданы 591,7 мың га-ды құрайды.

Сондай-ақ, 2017 жылы 18,3 мың га жерге картоп отырғызылды. Көкөнiстер отырғызылатын алқаптың жалпы ауданы 4,3 мың га-ды құрайды.

Мал шаруашылығы. Шаруашылықтардың барлық санаттарымен тiрi салмақта 41,9 мың тонна ет (өткен жылдың деңгейiне 9,5%-ға өсiм), 133,9 мың тонна сүт (3,8%-ға өсiм), 297,9 млн.дана жұмыртқа (6,1%-ға томендеу) өндiрiлдi.

IҚМ басының саны 5,1%-ға өстi (484,0 мың бас құрады), оның iшiнде сиыр — 5,3%-ға (208,7% мың бас), жылқы — 10,3%-ға (194,5 мың бас), қой мен ешкi — 4,1%-ға (693,5 мың бас), шошқалар– 2,1%-ға (156,3 мың бас), құс 16,3%-ға (5,6 млн. бас) дейiн өстi.

Мал шаруашылығы саласын дамытудың кредиттiк бағдарламаларын iске асыру шеңберiнде ағымдағы жылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 280 бас IҚМ, «Алтын Асық» — 1530 бас, «Құлан»- 330 бас сатып алынды.

Астана қ. азық-түлiк белдiгiнiң аясында 8,6 млрд. теңгеге 9 жоба жүзеге асырылып жатыр, соның iшiнде: 6 — астық қоймалары, 1-асыл тұқымды ешкi шаруашылығы, 1 — жылыжай, 1 — жылыжый кешенiң кеңейту.

Облыстың ауыл шаруашылық құрырылымдары (ағымдағы жылдың 5 маусымына) астана базарына 20,1 мың тонна сүт өнiмдерiн (2016 жылдың деңгейiне 8,4% өсiм), 6,7 мың тонна ет өнiмдерiн (7,9% өсiм), 88,4 млн. дана жұмыртқа (0,2% өсiм) жеткiздi.

2017жылғы қаңтар- мамыры қорытындысы бойынша экономиканы дамытуға 64,0 млрд. теңге қаржы жұмсалған, бұл 2016 жылғы ұқсас кезеңiнен 21,4% артық.

Инвестиция құрылымында ең үлкен үлесi кәсiпорындардың меншiктi қаражатына және дербес салушылар 55,5% болады, олардың есебiнен 35,6 млрд.теңге игерiлген.

Республикалық қаражаттың игерiлген үлесi инвестиция мөлшерiнен 22,0% немесе 14,1 млрд. теңге құрайды, жергiлiктi бюджеттiң — 3,1%, 2,0 млрд. теңге игерiлген. Банктердiң несиелерiнiң үлесi инвестицияның жалпы мөлшерiнiң 8,3% құрайды, басқа қарыз қаржысының үлесi — 11,1%.

Сыртқы инвестициялардың көлемi 3,7 млрд. теңге құрады.

2017 жылы жүзеге асыруға жүйесiн дамытуға сумен жабдықтау және су бұру бюджеттен 8,9 млрд. теңге, оның iшiнде мемлекеттiк бағдарлама шеңберiнде "Нұрлы жол" 1,4 млрд. теңге бөлiндi, 2020 жылға дейiн өңiрлердi дамытуға — 7,5 млрд. теңге. 10 құрылысына және 18 объектi қайта жаңартуға (7,9 млрд. теңге), ЖСҚ әзiрлеу бойынша 12 жоба (0,2 млрд. теңге), 2 объектiлерiн ағымдағы жөндеу(0,2 млрд. теңге) және iздестiру-барлау жұмыстары (0,6 млрд. теңге).

607 елдi мекендерден 352 елдi мекендер орталықтандырылған су (58%), орталықтандырымаған су — 229 елдi мекендер (37,7%). Жеткiзiлетiн су 26 елдi мекендер (4,3%).

Құрылыс жұмыстарының көлемi 18,5 млрд.теңге немесе 2016 жылдың деңгейiнен 95,3% құрады.

Тұрғын үй құрылысы.

2017 жылдың қаңтар-мамыр айы аралығында 205,6 мың м2 енгiзiлген, бұл 2016 жылдың деңгейiне 107,8% құрады.

Кәсiпкерлiктi дамыту. Облыста 42,1 мың. белсендi шағын және орта бизнес (бұдан әрi — ШОБ) субъектiлерi тiркелген оның iшiнде шағын бизнестiң заңды тұлғалары 6,1 мың, орта бизнестiң заңды тұлғалары 117, жеке кәсiпкерлер — 32,0 мың, шаруа (фермер) қожалықтары 3,9 мың.

(2010 жылғы 2017 жылғы 12 маусымға) iске асыру кезеңiнде «Бизнестiң Жол картасы-2020» бағдарламасының барлық бағыттары бойынша Өңiрлiк Үйлестiру кеңесiмен 681 жоба мақұлданды, кредит сомасы 84,8 млрд.теңгенi құрады. Кәсiпкерлiктi дамытуға және қолдауға 2017 жылы 8,0 млрд. теңге бөлiндi.

Тұтыну бағасының индексi 102,3% (2017ж. мамыры 2016ж. желтоқсанына) 102,3% (ҚР бойынша — 103,3%) құрады, оның iшiнде азық-түлiк тауарларына — 103,1%, азық-түлiк емес тауарларына — 102,5%, ақылы қызметтер — 100,9%.

2017 жылдың қаңтар-наурыз айларында орташа айлық жалақы 2016 жылғы деңгейге 7,6%-ға өстi және 101,3 мың теңгенi құрады.

Салықтар және бюджет. Мемлекеттiк бюджетке 45,8 млрд. теңге немесе болжамды жоспарға қарағанда 110,1% сома түстi, соның iшiнде республикалық бюджетке — 21,5 млрд. теңге (болжамға 112,7%), жергiлiктi бюджетке — 24,3 млрд. теңге (болжамға 107,9%).

2. Әлеуметтiк сала

2017 жылдың қаңтар — мамыр айларында экономика салаларында 4727 жаңа жұмыс орындары пайда болды, олардың 2549 — тұрақты.

Жұмыспен қамту қызметi арқылы 5057 адам жұмысқа орналастырылды, бұл өтiнiш бiлдiргендер санының 59,2% құрады.

Қоғамдық жұмыстарға 1841 адам жiберiлдi.

Жұмыс iздеу клубтарының семинарлық оқуларына 413 адам қатысты, олардың iшiнде тұрақты және уақытша жұмысқа 334 адам жұмысқа орналастырылды.

Барлық қаржыландыру көздерiнен 2963 аз қамтылған азаматтарға 50 321,0 млн. теңге сомасында әлеуметтiк көмек көрсетiлдi.

Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың бағдарламасының бойынша:

-бiрiншi бағыты бойынша «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсiптiк бiлiммен және қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқумен қамтамасыз ету» 2745 адамды оқытуға жолдау. 2017 жылдың 1 маусымдағы жағдай бойынша қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқытуға 774 адам, оқытуды аяқтауға 31 адам бағытталған.

- екiншi бағыты бойынша «Жаппай кәсiпкерлiктi дамыту» бағдарламасына қатысушыларына «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсiпкерлiк негiздерiне 447 адам немесе 47,7% (жоспар -937 адам) оқытуға жолданған,

Сондай-ақ, 514 адамға шағын несие беру жоспарланып отыр. Ауылдық жерлерде 2 012 млн. теңге сомасы «Ауы шаруашылықты қаржылай қолдау фонды» АҚ (1 185,1 млн. теңге) — арасында үйлестiрiлдi, кестеге сәйкес шағын несие алуына берiлген үмiткерлердiң құжаттарын қарау үшiн өңiрлерге барылады (кепiлдiктегi мүлiк бойынша — а.ж. 17 мамырынан бастап 9 маусымына деiн). Жалпы 65 құжат қаралды (соның iшiнен мақұлданды — 14, пысықтауда — 51) және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ (826,9 млн. теңге) — 35,6 млн. теңге жалпы сомасына шағын несиенi 3 қатысушы алды (Ерейментау, Ақкөл мен Аршалы аудандарында).

- үшiншi бағыты бойынша «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы еңбек нарығын дамыту және еңбек ресурстарының ұтқырлығы» 3512 адамды жұмыспен қамту қажет. 2017 жылдың 1 маусымдағы жағдай бойынша жастар тәжiрибесiне — 277 адам немесе 54,4%; әлеуметтiк жұмыс орындарына — 436 адам немесе 102,3%; ақылы қоғамдық жұмыстарға — 1849 адам жодама алған.

ҚР бiлiм берудi дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы бойынша 1 балабақша (Көкшетау қ), 2 520 орындық 7 мектептiң құрылысы (Көкшетау қ, Бурабай, Еңбекшiлдер, Сандықтау, Целиноград ауданы (3 нысан), орта мектебiне 420 орындық жапсарлас құрылыс салу және Мәдениет колледжiнiң оқу корпусына қосымша ғимараттың құрылысы (Көкшетау қ), мектеп-интернат ғимаратын қайта жаңарту (Қорғалжын ауданы), орта мектеп ғимаратының екi қабатты блогын реконструкциялау (Буланды ауданы), балалар үйi қайта жабдықтау (Сандықтау ауданы) оқу корпусының ғимаратын салумен мектебiнiң спорт залын салу көзделген (Зерендi ауданы) қарастылған.

Бурабай ауданы Кенесары а. дәрiгерлiк емхананың құрылысы қарастырылған.

Мектепке дейiнгi ұйым — 591 бiрлiк, соның iшiнде 216 балабақша және 375 мектепке дейiнгi шағын орталықтары (соның iшiнде  — мемлекеттiк 145, жеке– 71.) 242 елдi мекенiнен тасымалдау жүзеге асырылады.

2017 жылдың 1 маусымына мектепке дейiнгi тәрбиемен және оқытумен 3-6 жас аралығы бойынша 95,4% , 1-6 жас аралығы бойынша 63,9%.

Денсаулық сақтау саласында Медициналық ұйымдардың жабдықталу деңгейi 57,45% құрайды (ФАП-тер — 47,70%, дәрiгерлiк амбулаториялар — 51,61%).

Туберкулезбен ауыру көрсеткiшi 13,3%-ға (100 мың адамға шаққанда 32,4-тен 28,1-ге дейiн), қан айналу жүйесiнiң ауруларымен ауыру деңгейi 9,5%-ға (100 мың адамға шаққанда 630,5-тен 570,6-ға дейiн), онкопатологиямен ауыру 3,8%-ға (100 мың адамға шаққанда 99,1-ден 95,3-ке дейiн) төмендедi.

Қан айналу жүйесiнiң ауруларынан өлу деңгейi 20,5%-ға (100 мың адамға шаққанда 93,32-ден 112,49-ға дейiн), онкопатологиядан 5,4%-ға дейiн (100 мың адамға шаққанда 47,13-тен 49,70-ке дейiн) артты.

Сәби өлiмi көрсеткiшi 2,4%-ға төмендедi (1000 тiрi туғанға 8,4-тен 8,2-ге дейiн). Ана өлiмi жағдайлары тiркелмеген.

Денсаулық сақтау саласының күрделi шығындары 3 572,3 млн. теңгенi құрады, оның iшiнде медициналық ұйымдарды жарақтандыруға — 2 461,7 млн. теңге, күрделi жөндеулерге 1 110,6 млн. теңге қарастырылған, соның iшiнде Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламасы шеңберiнде — 223,7 млн. теңге бөлiнген.

Дата создания статьи: 15.06.2017 12:00
Парақтағы соңғы өзгерістер: 15.06.2017 12:00
Қаралым саны: 271
Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0
 
@2017 Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 114Б

8 (7162) 29-63-00;

economika@akmo.kz