Ақмола облысының 2019 жылғы қаңтар-маусымдағы әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы ақпарат

1. Экономика

Өнеркәсiпте өндiрiс көлемi 352,8 млрд. теңгенi құрды. Тауар өнiмнiң НКИ — 103,5%.

Тау-кен өнеркәсiбiнде нақты көлем индексi 114% құрады.

Өсiм құрамында алтын бар кен өндiру көлемiнiң 12,1% — ға, мыс кенiнiң 36,4% — ға артуымен байланысты.

Өңдеу өнеркәсiбiнде нақты көлем индексi 101,6% құрды.

Азық-түлiк өндiрiсiнде (НКИ 115,3%) өткен жылдан бастап ет өндiру артты (заттай көрiнiсте) және субөнiмдер 96,1%, сүт 7,6%, ұн 15,2% — ға өстi.

Резеңке және пластмасса бұйымдары өндiрiсiнде (НКИ 148,7%) полиэтилен пакеттерi мен қаптарды шығару 20 есеге ұлғайды.

Машина жасау саласында (НКИ 109,9%) подшипниктер өндiрiсiнiң көлемi 24,7% — ға өстi, жүк автомобильдерiнiң көлемi 63,9% — ға көтерiлдi.

Металлургия саласында (НКИ 100,6%) өңделмеген және жартылай өңделген күмiс өндiру көлемiнiң 1,9 есе өсуi байқалады, бұл «Kazakhaltyn Technology» ЖШС қызметiне байланысты. Сонымен қатар, өңделмеген алтын өндiру бойынша 2,1% — ға төмендеу байқалды, бұл «Altyntau Kokshetau» АҚ қызметiмен байланысты.

Ауыл-шаруашылық жалпы өнiмнiң көлемi 82 млрд. теңге, нақты көлемнiң индексi — 2018 жылдың деңгейiне 112% құрады.

Өсiмдiк шаруашылығы. Ағымдағы жылы жаздық егiс алқабы 4,8 млн. га, соның iшiнде дәндi және дәндi-бұршақты дақылдардың жаздық алаңы 4,3 млн. га егiлдi.

Майлы дақылдарды егу 264,5 мың. га, картоп 17,9 мың. га, көкөнiс 4,1 мың. га алқапта жүргiзiлдi.

Жемдiк дақылдар 181,7 мың. га алқапқа орналастырылды, өткен жылдардағы көпжылдық шөптердi есепке ала отырып, облыс бойынша жем-шөп көлемi 675,6 мың. га құрады.

Ағымдағы жылдың 11 шiлдесiндегi жағдай бойынша химиялық отау 4096,2 мың. га алаңда немесе белгiленген жоспарға 104,8% (жоспар — 3907 мың. га) жүргiзiлдi.

246,2 мың. тонна шөп дайындалды немесе белгiленген жоспарға 22,1% (жоспар — 1114 мың тонна).

Мал шаруашылығы. Шаруашылықтың барлық санаттарымен 69,7 мың. тонна тiрi салмақта ет өндiрiлдi (2018 жылдың сәйкес кезеңiне 28% — ға өстi), 190,7 мың. тонна сүт (3,3% — ға өстi), 445,6 млн. дана жұмыртқа (0,6% — ға өстi).

IҚМ басы 3% — ға (506,6 мың. бас), оның iшiнде сиыр — 1,9% — ға (218,8 мың. бас), қой мен ешкi — 2,6% — ға (692,8 мың. бас), жылқы — 7,9% — ға (219,2 мың. бас), құс — 29,4% — ға (8,3 млн. бас) өстi.

Ағымдағы жылы Нұр-сұлтан қ. айналасындағы азық-түлiк белдеуi бойынша жалпы сомасы 10,3 млрд.теңгеге 10 жоба iске асырылуда.

Облыстың ауылшаруашылық тауар өндiрушiлерiмен астана базарларына 67,4 мың. тонна сүт өнiмдерi (2018 жылғы ұқсас кезеңiне өсiм 9,6% -ға), 14 мың. тонна ет өнiмдерi (өсiм 8,5%-ға), 144,5 млн. дана жұмыртқа (өсiм 20,6%-ға) жеткiзiлдi.

2019 жылдың қаңтар — маусым айының қорытындысы бойынша экономиканы дамытуға 124,6 млрд. теңге қаржы жұмсалған, немесе өткен жылдың деңгейiне 115,2% құрады.

Инвестиция құрылымында ең үлкен үлесi кәсiпорындардың меншiктi қаражатына және дербес салушылар 71,6% болады, олардың есебiнен 89,2 млрд. теңге, республикалық бюджет қаражаты — 12% немесе 15 млрд. теңге құрады. Банктердiң несиелерiнiң үлесi инвестицияның жалпы мөлшерiнде 8,4% құрайды, басқа қарыз қаржысының үлесi — 8%.

2019 жылы сумен жабдықтау және су бұру жүйесiн дамыту жүзеге асыруға 16,1 млрд. теңге бөлiндi. Қаражаттар 11 жобаның құрылысына (3,7 млрд.тенге) және 25 жобаның қайта жаңартуға (6,9 млрд.теңге), 6 жобаға ЖСҚ әзiрлеу (78,7 млн.теңге), iздестiру-барлау жұмыстары — (770 млн.теңге), РБ кредиттер (4,6 млрд. теңге) бағытталды.

601 елдi мекеннiң 357 АЕМ-нде орталықтандырылған сумен жабдықтау (59,4%), орталықтандырылмаған су — 224 АЕМ-нде (37,3%). Жеткiзiлетiн су 20 АЕМ-нде (3,3%).

Құрылыс жұмыстарының көлемi 36,5 млрд.теңге немесе 2018 жылдың деңгейiне 103,2% құрады.

Тұрғын үй құрылысы.

2019 жылдың қаңтар-маусымда айында 268,9 мың. м2 енгiзiлген, бұл

2018 жылдың деңгейiне 108,2% арттық.

Мемлекеттiк — жеке меншiк.

Облыста мемлекеттiк — жеке меншiк әрiптестiк тетiгi арқылы 48 жоба iске асырылуда (бiлiм беру саласында — 37, денсаулық сақтау саласында — 4, тұрғын үй құрылысы саласында — 3, көлiк саласында — 2, энергетика саласында — 1, табиғат қорғау саласында-1).

Оның iшiнде құны 270 млрд.теңге болатын 39 жоба бойынша жеке серiктестермен шарттарға қол қойылды, 3,4 млрд. теңгеге мемлекеттiк мiндеттемелер қабылданды.

3 жоба бойынша құжаттама әзiрлендi және конкурс жарияланды, 6 жоба жоспарлау сатысында.

Сонымен қатар, Көкшетау қаласындағы Спорт сарайының құрылысы бойынша жоба қарастырылуда.

Кәсiпкерлiктi дамыту. Облыста жұмыс iстеп тұрған шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң саны 47 447 бiрлiктi құрайды, оның iшiнде шағын кәсiпкерлiктiң заңды тұлғалары — 7 449 бiрлiк; орта кәсiпкерлiктiң заңды тұлғалары — 110 бiрлiк; жеке кәсiпкерлер — 34 543; шаруа (фермер қожалықтары) — 5 345 бiрлiк.

Iске асыру кезеңiнде (2010 жылдан бастап) «Бизнестiң жол картасы-2020» ағдарламасының барлық бағыттары бойынша 138,6 млрд.теңге кредит сомасына 1144 жоба мақұлданды.

2019 жылы бағдарламаны iске асыруға 2,6 млрд.теңге бөлiндi, 48% игерiлдi.

Тұтыну бағаларының индексi (2019 жылғы маусым 2018 жылғы желтоқсанға) 102,2% құрады, оның iшiнде азық — түлiк тауарларына — 105,7%, азық — түлiк емес тауарларға — 101,9%, халыққа көрсетiлген ақылы қызметтерге — 98,2%.

2018 жылғы қаңтар-наурызда орташа айлық жалақы 2018 жылға 12,2% — ға өстi және 123,8 мың теңгенi құрады.

Салық және бюджет. Мемлекеттiк бюджетке 78,5 млрд.теңге салықтар мен мiндеттi төлемдер түстi немесе болжамға 103,3%, оның iшiнде республикалық бюджетке — 45,7 млрд. теңге (болжамға 102,6%), жергiлiктi бюджетке — 32,8 млрд. теңге (болжамға 104,3%).

2. Әлеуметтiк сала

2019 жылғы қаңтар-маусымда облыста 6799 жаңа жұмыс орны ашылды, оның iшiнде 3961- тұрақты.

Жұмыспен қамту қызметi арқылы 7617 адам жұмысқа орналастырылды, бұл өтiнiш бiлдiргендердiң 68,9% құрады.

Жұмыс iздеу клубтарының семинарлық оқуларына 935 адам қатысты, олардың iшiнде тұрақты және уақытша жұмысқа 831 адам (88,9%) жұмысқа орналастырылды.

55 бос жұмыс орындар жәрмеңкесi өткiзiлiп, онда 2499 бос жұмыс орны ұсынылды, нәтижесiнде 149 адам жұмысқа орналастырылды.

2017-2021 жылдарға нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың «Енбек» бағдарламасының шеңберiнде келесi iс-шаралар жоспарланған:

-бiрiншi бағыты бойынша «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсiптiк бiлiммен және қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқумен қамтамасыз ету» 3 680 адам оқытуға жолдау жоспарланған (еңбек нарығының қажеттiлiктерiн ескере отырып, техникалық және кәсiптiк бiлiмi бар кадрларды даярлау — 1 190 адам (әкiмшiсi Бiлiм басқармасы), жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсiптер және дағдылар бойынша қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқыту — 2490 адам). 1 шiлде

2019 жылдың қорытындысы бойынша қысқа мерзiмде кәсiптiк оқумен 1303 адам қамтылды.

- екiншi бағыты бойынша «Жаппай кәсiпкерлiктi дамыту» бағдарламаға аясында жұмыспен қамту шараларымен 3069 адам, соның iшiнде:

- «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсiпкерлiк негiздерiне оқытумен 1270 адамды қамтылады. 1 шiлде 2019 жылдың қорытындысы бойынша 1478 адам оқу өттi.

- ауылдағы және қалалардағы кәсiпкерлiк бастамаларды қолдау мақсатында, 956 азаматқа 4 млрд. теңге сомасына несие берiлдi, 1 шiлде

2019 жылдың қорытындысы бойынша 1132,8 млн. теңгеге 265 микрокредит алынды;

- жаңа бизнес-идеяларды iске асыруға 312 млн. теңге сомасында

843 грант беру. 1 шiлде 2019 жылдың қорытындысы бойынша 97,5 млн. теңге 377 адам грант алды.

- үшiншi бағыты бойынша «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы еңбек нарығын дамыту және еңбек ресурстарының ұтқырлығы» (жастар тәжiрибесiмен, әлеуметтiк жұмыс орындарымен) — 2983 адам жұмыспен қамту қажет.

2019 жылдың қаңтар- маусым айылар бойынша жастар тәжiрибесiне —

362 адам (жоспар — 700); әлеуметтiк жұмыс орындарға — 600 адам (жоспар — 538); ақылы қоғамдық жұмыстарға — 1624 адам (жоспар — 1745).

Мектепке дейiнгi ұйым — 614 бiрлiк, соның iшiнде 240 балабақша және 375 мектепке дейiнгi шағын орталық (соның iшiнде  — мемлекеттiк 136, жеке– 104) және 374 шағын орталықтар. Балаларды тасымалдау 234 елдi мекеннен жүзеге асырылады.

3 жастан 6 жасқа дейiнгi балаларды мектепке дейiнгi мекемелермен қамту 99% — ды, 1 жастан 6 жасқа дейiнгi балаларды қамту 67,4% — ды құрады.

Жоғары көрсеткiштерi (1-6 жас аралығы бойынша) Сандықтау (87,6%), Ерейментау (82,2%), Есiл (80,1%) ауданындарында, Степногорск қ. (82,9%), ең төмен Көкшетау қаласында (57,8%), Атбасар (57,3%), Егiндыкөл (57,7%) ауданында.

2019 жылғы Шортанды аудандарында және Көкшетау қаласында

3 балабақша, Бурабай, Целиноград (4 объектi) аудандарында және Көкшетау қ. 6 мектептердiң, мәдениет колледжiнiң мен мектептердiң 3 оқу корпустарына Көкшетау қ. (№1, №6, №13) жапсаржайлардын салу, Бұланды ауданы Алтынды орта мектебiнiң реконструкциялау көзделген.

Денсаулық сақтау саласында 2019 жылдың қаңтар — маусым айында туберкулезбен ауыру көрсеткiшi 13,9% -ға (100 мың адамға 29,5-ден 25,4-ге дейiн) төмендедi, қан айналу жүйесiнiң ауруларымен ауыру деңгейi 40,2%-ға (100 мың адамға 1238,6-тен 1736,6-ға дейiн) өстi.

Жалпы өлiм — жiтiм көрсеткiшi 4% — ға төмендедi (1000 адамға шаққанда 10,54-тен 10,12-ге дейiн), қанайналым жүйесi ауруларынан болатын өлiм-жiтiм 14,3% — ға төмендедi (100 мың адамға шаққанда 233,39-дан 200,09-ға дейiн), қатерлi iсiктерден 7,5% — ға өстi (100 мың адамға шаққанда 102,49-дан 110,18-ге дейiн) Статистика комитетiнiң деректерi 01.06.19 ж.).

2019 жылы денсаулық сақтау саласының күрделi шығындары 2,7 млрд. теңгенi құрады, оның iшiнде медициналық ұйымдарды жарақтандыруға — 2,1 млрд. теңге, күрделi жөндеулерге 0,6 млрд. теңге қарастырылған.

Атбасар, Целиноград, Шортанды аудандарында 3 дәрiгерлiк амбулаторияның және Көкшетау қаласында онкологиялық емхананың құрылысы жүргiзiлуде, Аршалы ауданында медициналық пункт пайдалануға берiлдi.

Мемлекеттік рәміздері

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн