Ақмола облысының 2018 жылғы қаңтар-маусымдағы әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы ақпарат

1. Экономика

Өнеркәсiпте өндiрiс көлемi 298,3 млрд. теңгенi құрды. Тауар өнiмнiң НКИ — 105,4%.

Тау-кен өндiру өнеркәсiбiнде нақты көлем индексi 102,1% құрады.

Өсiм құрамында алтыны бар кендер 10,3%-ға, мыс кендер 7,2%-ға артуымен байланысты.

Өңдеу өнеркәсiбiнде нақты көлем индексi 105,5% құрды.

Азық-түлiк өндiрiсiнде (НКИ-114,0%) өткен жылмен салыстырғанда (заттай көрiнiсте) ет және сорпалық тағамдық азық-түлiктер 15,1%, өсiмдiк майы 31,7%, ұн 25,4%, сүт 9,3% өстi.

Сусындар өндiрiсi саласында (НКИ-90,6%) минералды су және алкогольсiз сусындар өндiрiсi 9,5% төмендегенi байқалады.

Химия өнеркәсiбiнде (НКИ-85,4%) пестицидтер өндiрiсi 22,4% — ға төмендеуi байқалады.

Резеңке және пластмасса өнiмдерi өндiрiсiнде (НКИ 76,7%) пластмасстан жасалған фитинг және құбыр өндiрiсi 33,9% төмендегенi байқалады.

Машина жасау саласында (НКИ 116,8%) подшипниктер өндiрiсi — 66,5%-ға өстi.

Басқа да металл емес минералды өнiмдер өндiрiсi саласында (НКИ 105,1%) керамикалық кiрпiш өндiрiсi көлемдерiнiң 19,8%-ға өстi.

Металлургия саласында (НКИ 105,0%) өңделмеген және жартылай өңделген алтын өндiру көлемiнiң 2,3% өстi, бұл «Altyntau Kokshetau» АҚ қызметiне байланысты.

«СТКХК» ЖШС табиғи уранның химиялық концентратты өңдеу көлемi 1037 тоннаны құрады, 2017 жылымен салыстырғанда өсiм 13,6%.

Өндiрiстiң төмендеуiне облыстың 7 аймақта жол берiлген — Бұланды (64,5%), Егiндiкөл (67,5%), Ерейментау (45,4%), Есiл (90,1%), Жарқайын (75,7%), Зерендi (98,7%), Қорғалжын (70,5%).

Ауыл-шаруашылық жалпы өнiмнiң көлемi 68 045,5 млн. теңге, нақты көлемнiң индексi — 2017 жылдың деңгейiне 103,7% құрады.

Өндiрiстiң төмендеуi Атбасар (96,5%), Ерейментау (98,7%), Бiржан сал (99,5%), Бұланды (99,7 %) аудандарында жол тапты.

Өсiмдiк шаруашылығы. Ағымдағы жылы жаздық егiс 4,7 млн. га алқабында өткiзiлдi, соның iшiнде дәндi және дәндi-бұршақты дақылдардың жаздық алаңы 4,3 млн. га.

Майлы дақылдарды 263,3 мың га. егiстiк алқапта жүргiзiлдi, 18,4 мың. га алқапта картопты, 4,3 мың. га -да көкөнiстi отырғыздi

Жаздық жем-шөп дақылдарын 157,6 мың га. алаңында отырғыздi. Жалпы алғанда өткен жылдардағы көп жылдық шөп жемшөптердi ескере отырып, облыс бойынша жалпы алаңы 644,0 мың га. құрады.

Мал шаруашылығы. Шаруашылықтардың барлық санаттарымен тiрi салмақта 54,4 мың тонна ет (былтырғы жылдың сәйкес кезеңiне 3,0%-ға өсiм), 184,5 мың тонна сүт (0,4%-ға өсiм), 442,8 млн.дана жұмыртқа (21,2%-ға өсiм) өндiрiлдi.

IҚМ басының саны 2,8%-ға өстi (491,9 мың басты құрайды ), оның iшiнде сиыр — 3,2%-ға (214,6 мың бас), жылқы — 4,5%-ға (203,1 мың бас), құстар — 15,1% ға (6,4 млн. бас). Қой мен ешкiнiң саны — 0,2%-ға (675,0 мың басқа дейiн) шошқалар — 4,2% ға (144,2 мың басқа дейiн) азайды

Ағымдағы жылы Астана қ. маңындағы азық-түлiк белдеуi аясында 7,6 млрд.теңгенiң 8 жобасы iске асырылуда

Облыстың ауылшаруашылық тауар өндiрушiлерiмен астана базарларына (01.07.2018 ж.) 67,4 мың тонна сүт өнiмдерi (2017 жылғы ұқсас кезеңiне өсiм 9,6%), 14,0 мың тонна ет өнiмдерi (2017 жылғы ұқсас кезеңiне өсiм 8,5%), 144,5 млн. дана жұмыртқа (2017 жылғы ұқсас кезеңiне өсiм 20,6 %) жеткiзiлдi.

2018 жылдың қаңтар-маусым айының қорытындысы бойынша экономиканы дамытуға 103,8 млрд. теңге қаржы жұмсалған, бұл 2017 жылғы ұқсас кезеңiнде 10,8% артық.

Инвестиция құрылымында ең үлкен үлесi кәсiпорындардың меншiктi қаражатына және дербес салушылар 59,9% болады, олардың есебiнен 62,1 млрд. теңге, республикалық бюджет қаражаты — 13,3% немесе 13,8 млрд. теңге құрады, жергiлiктi бюджет қаражаты — 3,6% немесе 3,7 млрд. теңге құрады. Банктердiң несиелерiнiң үлесi инвестицияның жалпы мөлшерiнде 7,4% құрайды, басқа қарыз қаржысының үлесi — 15,8%.

Негiзгi капиталға инвестициялар көлемi 9 ауданында төмендедi: Атбасар (48,0%), Астрахан (51,4%), Егiндiкөл (52,1%), Ерейментау (56,3%), Аршалы (59,8%), Сандықтау (60,0%), Ақкөл (62,0%), Бурабай (77,5%), Бiржан сал (80,8%).

Сыртқы инвестициялардың көлемi — 6,4 млрд. теңге құрады.

2018 жылы сумен жабдықтау және су бұру жүйесiн дамыту жүзеге асыруға 9,3 млрд. теңге бөлiндi. Қаражаттар 13 жобаның құрылысына және 20 жобаның қайта жаңартуға (6,6 млрд.теңге), 20 жобаға ЖСҚ әзiрлеу (250,8 млн.теңге), 6 объектiнi ағымдағы жөндеу (63,0 млн.теңге), iздестiру-барлау жұмыстары — (665,4 млн.теңге), ҰҚ-дан кредиттер (1,6 млрд. теңге). бағытталды.

607 елдi мекеннiң 357 АЕМ-нде орталықтандырылған сумен жабдықтау (58,8%), орталықтандырылмаған су — 228 АЕМ-нде (37,6%). Жеткiзiлетiн су 22 АЕМ-нде (3,6%).

Құрылыс жұмыстарының көлемi 34,4 млрд.теңге немесе 2017 жылдың деңгейiнен 103,6% құрады.

Құрылыс жұмыстарының көлемi 8 өңiрде төмендедi: Ерейментау (35,6%), Егiндiкөл (43,3%), Шортанды (57,7%), Аршалы (58,1%), Степногорск (58,6%), Астрахан (75,1%), Бiржан сал (94,9%), Целиноград (95,6%).

Тұрғын үй құрылысы.

2018 жылдың қаңтар-маусым айында 248,4 мың м2 енгiзiлген, бұл 2017 жылдың деңгейiне 97,1% құрады.

Кәсiпкерлiктi дамыту. Облыста 43,6 мың бiрлiк белсендi шағын және орта бизнес (бұдан әрi — ШОБ) субъектiлерi тiркелген, оның iшiнде шағын бизнестiң заңды тұлғалары 6,8 мың; орта бизнестiң заңды тұлғалары 114; жеке кәсiпкерлер — 32,2 мың; шаруа (фермер қожалықтары) 4,5 мың.

(2010 жылдан 2018 жылғы 1 шiлдесiне) iске асыру кезеңiнде «Бизнестiң Жол картасы-2020» бағдарламаның барлық бағыттары бойынша бағдарламасы бойынша Өңiрлiк Үйлестiру кеңесiмен мақұлданды 828 жобаға кредит 112,1 млрд.теңгенi сомасы құрады.

2018 жылы жеке кәсiпкерлiктi қолдау үшiн бюджеттен 4,3 млрд. теңге бөлiндi.

Тұтыну бағасының индексi (2018ж. маусымы 2017ж. маусымына) 102,7% құрады, оның iшiнде азық-түлiк тауарларына — 103,2%, азық-түлiк емес тауарларына — 102,7%, ақылы қызметтер — 101,9%.

2018 жылдың қаңтар-наурыз айларында орташа айлық жалақы 2017 жылғы деңгейге 9%-ға өстi және 110,4 мың теңгенi құрады.

Салықтар және бюджет. Мемлекеттiк бюджетке 77,7 млрд. теңге немесе болжамды жоспарға қарағанда 105,3% сома түстi, соның iшiнде республикалық бюджетке — 43,6 млрд. теңге (болжамға 103,8%), жергiлiктi бюджетке — 34,1 млрд. теңге (болжамға 107,2%).

2. Әлеуметтiк сала

2018 жылдың қаңтар- маусым айылар бойынша экономика салаларында 6808 жаңа жұмыс орындары пайда болды, олардың 4266 — тұрақты.

Жұмыспен қамту қызметi арқылы 9313 адамды жұмысқа орналастырылды, бұл өтiнiш бiлдiргендер санының 85,7% құрады. Жұмыспен қамтылғандардың төмен деңгейi 10 аймақтарда: Есiл ауданында (60,0%), Қорғалжын ауданында (68,7%), Зерендi ауданында (71,5%), Бiржан сал ауданында (71,6%), Егiндiкөл ауданында (72,7%), Ерейментау ауданында (73,3%), Көкшетау қ. (76,5%), Астрахан ауданында (78,8%), Бұланды ауданында (83,7%), Сандыктау ауданында (84,6%).

Қоғамдық жұмыстарға 1965 адам жiберiлдi.

Барлық қаржыландыру көздерiнен 11 337 аз-қамтылған азаматтарға 220 589,8 мың. теңге сомасында әлеуметтiк көмек көрсетiлдi.

Жұмыс iздеу клубтарының семинарлық оқуларына 1408 адам қатысты, олардың iшiнде тұрақты және уақытша жұмысқа 1232 адам (87,5%) орналастырылды.

Бос жұмыс орындарының 38 жәрмеңкесi өткiзiлдi, осы жәрмеңкеде 2258 бос жұмыс орны ұсынылды, нәтижесiнде 256 адам жұмысқа орналастырылды.

2017-2021 жылдарға нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың «Енбек» бағдарламасының шеңберiнде келесi iс-шаралар жоспарланған:

-бiрiншi бағыты бойынша «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсiптiк бiлiммен және қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқумен қамтамасыз ету» 2 665 адам оқытуға жолдау жоспарланған (еңбек нарығының қажеттiлiктерiн ескере отырып, техникалық және кәсiптiк бiлiмi бар кадрларды даярлау — 1 190 адам (әкiмшiсi Бiлiм басқармасы), жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсiптер және дағдылар бойынша қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқыту — 1475 адам). 2018 жылдың 1 шiлдегi жағдайы бойынша қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқытуға 1457 адам бағытталған.

- екiншi бағыты бойынша «Жаппай кәсiпкерлiктi дамыту» бағдарламаға қатысушыларды «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 1927 адам жолдауға, 1 шiлдегi жағдай бойынша 1055 адам оқумен қамтылды немесе 54,7% құрады. Сондай-ақ 3,7 млрд. теңге бойынша 620 қатысушыларға микрокредит беруге жоспарланған, 1 шiлдеге 663,2 млн. теңге 183 микрокредит берiлдi.

- үшiншi бағыты бойынша «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы еңбек нарығын дамыту және еңбек ресурстарының ұтқырлығы» (жастар тәжiрибесiмен, әлеуметтiк жұмыс орындарымен) — 3 288 адам жұмыспен қамту қажет. 2018 жылдың қаңтар-маусым айылар бойынша жастар тәжiрибесiне — 288 адам (жоспар — 526); әлеуметтiк жұмыс орындарға — 599 адам (жоспар — 524); ақылы қоғамдық жұмыстарға — 1965 адам (жоспар — 2238).

2018 жылға Аршалы, Целиноград (2 нысан), Шортанды (2 нысан) аудандарда және Көкшетау қ. (2 нысан) 7 балабақша, Бурабай, Бiржан сал, Сандықтау, Целиноград (4 нысан) аудандарда және Көкшетау қ. (2 нысан, оның бiреуi мектепке кеңейтiлу) 9 мектеп, Көкшетау қаласындағы мәдениет колледжiнiң оқу корпусына кеңейтiмi, Қорғалжын ауданындағы мектеп-интернат және Зерендi ауылындағы орта мектептiң спорт залының құрылысымен оқу корпусының құрылысы қарастырылған.

Денсаулық сақтау саласында Атбасар ауданында дәрiгерлiк амбулатория және Көкшетау қаласында онкологиялық емхана салу жоспарланған.

Мектепке дейiнгi ұйым — 603 бiрлiк, соның iшiнде 230 балабақша және 373 мектепке дейiнгi шағын орталық (соның iшiнде  — мемлекеттiк 140, жеке– 90.) 236 елдi мекенiнен тасымалдау жүзеге асырылады.

2018 жылдың 1 шiлдеге мектепке дейiнгi тәрбиемен және оқытумен 3-6 жас аралығы бойынша 97,7% , 1-6 жас аралығы бойынша 66,4%.

Жоғары көрсеткiштерi (1-6 жас аралығы бойынша) Сандықтау (83,9%), Ерейментау (76,6%), Есiл (76,2%) ауданындарында, ең төмен Көкшетау қаласында (57,3%), Астрахан (54,2%) ауданында.

Денсаулық сақтау саласында 2018 жылдың қаңтар-маусым айларында туберкулезбен ауыру көрсеткiшi 14,2%-ға (100 мың адамға шаққанда 34,4- дан 29,5-ке дейiн) төмендедi, қан айналу жүйесiнiң ауруларымен ауыру деңгейi 30,7%-ға (100 мың адамға шаққанда 737,7-ден 964,3-ке дейiн) көбейдi.

Өлiм көрсеткiштерiнiң төмендеуi қан айналу жүйесiнiң ауруларынан 25,2%-ға (100 мың адамға шаққанда 314,2-ден 234,9-ге дейiн), қатерлi iсiктерден болатын өлiм 19,8% -ға (100 мың тұрғынға 128,8-ден 103,2-ге дейiн) төмендедi.

Сәби өлiмi көрсеткiшi 24,1%-ға (1000 тiрi туғанға 8,7-ден 6,6-ге дейiн) төмендедi. Бала туу деңгейi 5,2%-ға (1000 адамға шаққанда 7,6-тен 8,0-ге дейiн) көбейдi.

Аудандарда 4 ана өлiмiнiң жағдайы тiркелдi (2 Целиноград, 1 Атбасар және 1 Бұланды ).

Денсаулық сақтау саласының күрделi шығындары 2026,1 млн. теңгенi құрады, оның iшiнде медициналық ұйымдарды жарақтандыруға — 1354,4 млн. теңге, күрделi жөндеулерге 671,7 млн. теңге қарастырылған.

Мемлекеттік рәміздері
egov.kz
мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн