A- A A+
Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
Ақмола облысының 2017 жылғы қаңтар-шілдедегі әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы ақпарат

1. Экономика

Өнеркәсiпте өндiрiс көлемi 295,2 млрд. теңгенi құрды. Тауар өнiмнiң НКИ — 100,1%.

Тау-кен өндiру өнеркәсiбiнде нақты көлем индексi 91,9% құрады.

Төмендеу құрамында алтын бар кендердi барлаудың 4,6% кемуiмен байланысты. Тас көмiрдi барлаудың көлемi 3,3 есеге ұлғайды.

Өңдеу өнеркәсiбiнде нақты көлем индексi 100,3% құрады.

Азық-түлiк өндiрiсiнде (НКИ-115,9%) өткен жылдың кезеңiмен салыстырғанда (заттай көрiнiсте) ет және сорпалық тағамдық азық-түлiктер 44,1%, өсiмдiк майы 70,2%, ұн 22,2% өстi.

Сусындар өндiрiсi саласында (НКИ-75,9%) алкогольсiз сусындар өндiрiсi 40,8%, арақ 13,7% төмендегенi байқалады.

Химия өнеркәсiбiнде (НКИ-94,9%) пестицидтер өндiрiсi 3,3%-ға, этил спиртi 22,2%-ға төмендедi. Күкiрт қышқылының өндiрiсi 61,1 мың тоннаны құрады, өткен жылдың кезеңiне 9,4% төмендедi.

Резеңке және пластмасса өнiмдерi өндiрiсiнде (НКИ 43,9%) пластмасстан жасалған фитинг және құбыр өндiрiсi 14,4 есеге төмендедi (2016 жылың желтоқсан айында «Арыстан» СҚЗ» ЖШС кәсiпорнының қызметi тоқтатылған).

Басқа да металл емес минералды өнiмдер өндiрiсi саласында (НКИ 71,5%) кiрпiш өндiрiсi көлемдерiнiң 10,9%-ға және тауарлық бетон 2,3 есеге төмендегенi байқалды.

Металлургия саласында (НКИ 99,6%) өңделмеген және жартылай өңделген алтын өндiру көлемiнiң 9,8% ұлғаюы байқалады, бұл «Altyntau Kokshetau» АҚ қызметiне байланысты.

«СТКХК» ЖШС табиғи уранның химиялық концентратты өңдеу көлемi 1077 тоннаны құрады (2016 жылдың салыстырмалы кезеңiне 42,7% төмендеген).

Машина жасау саласында (НКИ 124,7%) жетекшi кәсiпорындары болып «ЕПК Степногорск» (темiржол жылжымалы құрамға арналған подшипниктер өндiру), «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ (КАМАЗ жүк автомобильдерiн жинау), «Қамқор-Локомотив» ЖШС филиалының Атбасар электорвоздарды жөндеу зауыты (электровоздарды күрделi жөндеу) табылады.

Өсу келесi кәсiпорын бойынша байқалады:

«ЕПК Степногорск» АҚ (подшипниктер, 26,0%-ға);

«КАМАЗ-Инжиниринг» (жүк автомобильдер, 7,5%-ға).

«Қамқор-Локомотив» ЖШС АЭЖЗ филиалы бойынша ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айларында тауарлық өнiм көлемi 4262,0 млн. теңге немесе өткен жылдың салыстырмалы кезеңiне 158,3% құрды;

ИИДМБ шеңберiнде (2010-2016 жылдар бойы) iске асыру кезеңiде 158,8 млрд. теңге сомасына 72 жоба жүзеге асырылды, 6,8 мың тұрақты жұмыс орындары құрылды.

Ауыл-шаруашылық жалпы өнiмнiң көлемi 77 млрд. теңге, нақты көлемнiң индексi — 2016 жылдың деңгейiне 102,7% құрады.

Өсiмдiк шаруашылығы. 2017 жылы облыс бойынша 4,7 млн га алқапқа жаздық егiс жұмыстары жүргiзiлдi, соның iшiнде 4,3 млн.га алқапты дәндi және дәндi-бұршақты дақылдар алып жатыр.

2017 жылы 257,2 мың га алқапқа майлы дақылдарды себiлдi. Мал азықтық дақылдардың жаздық егiсiн 162,9 мың га алқапқа жүргiзiлдi. Жалпы, өткен жылдардағы көпжылдық шөптердi есепке алғанда мал азығы дақылдары алқабының жалпы ауданы 609,6 мың га-ды құрайды.

Сондай-ақ, 2017 жылы 18,3 мың га жерге картоп отырғызылды. Көкөнiстер отырғызылатын алқаптың жалпы ауданы 4,3 мың га-ды құрайды.

Мал шаруашылығы. Шаруашылықтардың барлық санаттарымен тiрi салмақта 59,7 мың тонна ет (өткен жылдың деңгейiне 7,7%-ға өсiм), 228,5 мың тонна сүт (2,7%-ға өсiм), 434,9 млн.дана жұмыртқа (0,8%-ға томендеу) өндiрiлдi.

IҚМ басының саны 0,7%-ға өстi (439,5 мың бас құрады), оның iшiнде сиыр —

өткен жылдың деңгейiнде (203,9 мың бас), жылқы өсiмi — 5,7%-ға (179,9 мың бас), қой мен ешкi төмендету — 0,7%-ға (676,4 мың бас), шошқалар өсiмi — 0,2%-ға (125,3 мың бас), құс өсiмi  — 12,3%-ға (5,7 млн. бас) дейiн өстi.

Мал шаруашылығы саласын дамытудың кредиттiк бағдарламаларын iске асыру шеңберiнде ағымдағы жылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 294 бас IҚМ, «Алтын Асық» — 1730 бас, «Құлан»- 986 бас сатып алынды.

Астана қ. азық-түлiк белдiгiнiң аясында 11,4 млрд. теңгеге 12 жоба жүзеге асырылып жатыр, соның iшiнде: 4 — астық қоймалар 4,4 млрд. теңгеге, 1- сүт өндiрiсi 2,2 млрд. теңгеге, 3 — жылыжый кешенiң 0,9 млрд. теңгеге, 3-диiрмен кешенi 3,1 млрд. теңгеге, 1- өсiмдiк май өндiру 0,8 млрд. теңгеге. Қазiргi уақытта 2,8 млрд. теңге 2 жоба жүзеге асырылған.

Облыстың ауыл шаруашылық құрырылымдары ағымдағы жылдың 11 тамызына астана базарына 49,9 мың тонна сүт өнiмдерiн (2016 жылдың деңгейiне 11,1% өсiм), 11,1 мың тонна ет өнiмдерiн (10,6% өсiм), 129,3 млн. дана жұмыртқа (2,3% өсiм) жеткiздi.

2017 жылы қаңтар-шiлде қорытындысы бойынша экономиканы дамытуға 115,9 млрд. теңге қаржы жұмсалған, бұл 2016 жылғы ұқсас кезеңiнде 10,9% артық.

Инвестиция құрылымында ең үлкен үлесi кәсiпорындардың меншiктi қаражатына және дербес салушылар 45,8% болады, олардың есебiнен 53,1 млрд.теңге игерiлген.

Республикалық қаражаттың игерiлген үлесi инвестиция мөлшерiнен 31% немесе 35,9 млрд. теңгеден құрады, жергiлiктi бюджеттiң — 4,7%, 5,5 млрд. теңге игерiлген. Банктердiң несиелерiнiң үлесi инвестицияның жалпы мөлшерiнде 7,5% құрайды, басқа қарыз қаржысының үлесi — 11%.

Сыртқы инвестициялардың көлемi 6,5 млрд. теңге құрады.

2017 жылы жүзеге асыруға жүйесiн дамыту сумен жабдықтау және су бұру бюджеттен 8,9 млрд. теңге, оның iшiнде мемлекеттiк бағдарлама шеңберiнде "Нұрлы жол" 1,4 млрд. теңге бөлiндi, 2020 жылға дейiн өңiрлердi дамыту — 7,5 млрд. теңге. 10 құрылысына және 18 объектi қайта жаңартуға (7,9 млрд. теңге), ЖСҚ әзiрлеу бойынша 12 жоба (0,2 млрд. теңге), 2 объектiлерiн ағымдағы жөндеу(0,2 млрд. теңге) және iздестiру-барлау жұмыстары (0,6 млрд. теңге).

607 елдi мекендерден 352 елдi мекендер орталықтандырылған су (58%), орталықтандырылмаған су — 229 елдi мекендер (37,7%). Жеткiзiлетiн су 26 елдi мекендер (4,3%).

Құрылыс жұмыстарының көлемi 47,5 млрд.теңге немесе 2016 жылдың деңгейiнен 100,2% құрады.

Тұрғын үй құрылысы.

2017 жылда қаңтар-шiлде айын аралығында 297,3 мың м2 енгiзiлген, бұл 2016 жылдың деңгейiне 121,7% құрады.

Кәсiпкерлiктi дамыту. Облыста 42,6 мың. белсендi шағын және орта бизнес (бұдан әрi — ШОБ) субъектiлерi тiркелген оның ңшңнде шағын бизнестiң заңды тұлғалары 6,2 мың. орта бизнестiң заңды тұлғалары 117 жеке кәсiпкерлер — 32,3 мың. шаруа (фермер қожалықтары) 4,0 мың. (2010 жылғы 2017 жылғы 1 тамызға) iске асыру кезеңiнде «Бизнестiң Жол картасы-2020» бағдарламаның барлық бағыттары бойынша бағдарламасы бойынша Өңiрлiк Үйлестiру кеңесiмен мақұлданды 682 жобаға кредит 85 млрд.теңгенi сомасы құрады.

Тұтыну бағасының индексi (2017ж. шiлде 2016ж. желтоқсанына) 103,2% (ҚР бойынша — 103,8%) құрады, оның iшiнде азық-түлiк тауарларына — 104,4%, азық-түлiк емес тауарларына — 103,4%, ақылы қызметтер — 101,6%.

2017 жылдың қаңтар-маусым айларында орташа айлық жалақы 2016 жылғы деңгейге 6,7%-ға өстi және 106,6 мың теңгенi құрады.

Салықтар және бюджет. Мемлекеттiк бюджетке 61,7 млрд. теңге немесе болжамды жоспарға қарағанда 108,2% сома түстi, соның iшiнде республикалық бюджетке — 28,7 млрд. теңге (болжамға 114,8%), жергiлiктi бюджетке — 33,0 млрд. теңге (болжамға 103,0%).

2. Әлеуметтiк сала

2017 жылдың қантар — шiлде айларында экономика салаларында 8082 жаңа жұмыс орындары пайда болды, олардың 4427 — тұрақты.

Жұмыспен қамту қызметi арқылы 8740 адам жұмысқа орналастырылды, бұл өтiнiш бiлдiргендер санының 68,0% құрады.

Қоғамдық жұмыстарға 2304 адам жiберiлдi.

Жұмыс iздеу клубтарының семинарлық оқуларына 534 адам қатысты, олардың iшiнде тұрақты және уақытша жұмысқа 427 адам жұмысқа орналастырылды (80%).

Бос жұмыс орындарының 35 жәрмеңкесi өткiзiлдi, осы жәрмеңкеде 1589 бос жұмыс орны ұсынылды, нәтижесiнде 173 адам жұмысқа орналастырылды (соның iшiнде тұрақты жұмыс орындарына — 31 адам).

Барлық қаржыландыру көздерiнен 3239 аз қамтылған азаматтарға 55 093,7 млн. теңге сомасында әлеуметтiк көмек көрсетiлдi.

Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың бағдарламасының бойынша:

-бiрiншi бағыты бойынша «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсiптiк бiлiммен және қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқумен қамтамасыз ет» 6261 адам оқытуға жолдау (еңбек нарығының қажеттiлiктерiн ескере отырып, техникалық және кәсiптiк бiлiмi бар кадрларды даярлау — 1190 адам (әкiмшiсi Бiлiм басқармасы), жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсiптер және дағдылар бойынша қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқыту — 5040 адам (әкiмшiсi Жұмыспен қамтуды және әлеуметтiк бағдарламаларды үйлестiру басқармасы), кәсiптiк даярлауға оқытуды аяқтау 2013 жылы БМ арқылы және 2016 ДСӘДМ жылы «ЖҚЖК-2020» бағдарламасы арқылы бағытталған — жоспар 31 адам (әкiмшiсi Жұмыспен қамтуды және әлеуметтiк бағдарламаларды үйлестiру басқармасы). Бүгiнгi күнде жағдай бойынша қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқытуға 1576 адам, оқытуды аяқтауға 31 адам бағытталған.

- екiншi бағыты бойынша «Жаппай кәсiпкерлiктi дамыту» бағдарламаға қатысушыларды «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсiпкерлiк негiздерiн 528 адам немесе 56,3% (жоспар -938 адам) оқытуды аяқталған.

Сондай-ақ, 399 адамға шағын несие беруi жоспарланып отыр. 2017 жылдың Бүгiнгi күнге жағдай бойынша 962,9 млн. теңге сомасында 238 қатысушыларға микрокредит берiлдi.

- үшiншi бағыты бойынша «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы еңбек нарығын дамыту және еңбек ресурстарының ұтқырлығы» (жастар тәжiрибесiмен, әлеуметтiк жұмыс орындарымен, 7 инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебiнен жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша (денсаулық — 1, әлеуметтiк қорғау — 3)  — 195 адам жұмысқа орналастыру жоспарлау, соның iшiнде жұмыспен қамту орталықтары арқылы 100 адам, оралмандарды көшуге субсидиялау 312 адам қажет) 3512 адам жұмыспен қамту қажет. 2017 жылдың 1 тамыздағы жағдай бойынша жастар тәжiрибесiне — 502 адам, немесе 98,6%; әлеуметтiк жұмыс орындарға — 566 адам, немесе 114,3%; ақылы қоғамдық жұмыстарға — 2 304 адам, немесе 95,7% бағытталған.

Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебiнен жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша 1 тамыздағы жағдайға қарасты 152 адам жұмысқа орналыстырды, оның iшiнде Жұмыспен қамту орталығы бойынша 82 адам жұмысқа орналастырды.

ҚР бiлiм берудi дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы бойынша 1 балабақшың (Көкшетау қ), 2 520 орындық 7 мектептердiң құрылысы (Көкшетау қ, Бурабай, Еңбекшiлдер, Сандыктау, Целиноград ауданы (3 нысан), орта мектебiне 420 орындық жапсаржай салу және Мәдениет колледжiнiң оқу корпусына қосымша ғимараттың құрылысы (Көкшетау қ), мектеп-интернат ғимаратын қайта жаңарту (Қорғалжын ауданы), орта мектеп ғимаратының екi қабатты блогын реконструкциялау (Буланды ауданы), балалар үйi қайта жабдықтау (Сандықтау ауданы) оқу корпусының ғимаратын салумен мектебiнiң спорт залын салу көзделген (Зерендi ауданы) қарастылған.

Бурабай ауданы Кенесары а. дәрiгерлiк емхананың құрылысы қарастырылған.

Мектепке дейiнгi ұйым — 591 бiрлiк, соның iшiнде 215 балабақша және 376 мектепке дейiнгi шағын орталық (соның iшiнде  — мемлекеттiк 145, жеке– 70.) 245 елдi мекенiнен тасымалдау жүзеге асырылады.

2017 жылдың 1 шiлдеге мектепке дейiнгi тәрбиемен және оқытумен 3-6 жас аралығы бойынша 95,4% , 1-6 жас аралығы бойынша 63,9%.

Денсаулық сақтау саласында Медициналық ұйымдардың жабдықталу деңгейi 57,58% құрайды (ФАП-тер — 47,70%, дәрiгерлiк амбулаториялар — 51,61%).

Туберкулезбен ауыру көрсеткiшi 8,3%-ға (100 мың адамға шаққанда 44,8-ден 41,1-ге дейiн), қан айналу жүйесiнiң ауруларымен ауыру деңгейi 4,1%-ға (100 мың адамға шаққанда 901,2-ден 864,4-ке дейiн), онкопатологиямен ауыру 3,2%-ға (100 мың адамға шаққанда 141,3-тен 136,8-ге дейiн) төмендедi.

Қан айналу жүйесiнiң ауруларынан өлу деңгейi 12,9%-ға (100 мың адамға шаққанда 134,23-тен 151,52-ге дейiн), онкопатологиядан 3,6%-ға дейiн (100 мың адамға шаққанда 66,44-тен 68,87-ге дейiн) артты.

Сәби өлiмi көрсеткiшi 4,7%-ға төмендедi (1000 тiрi туғанға 8,6-дан 8,2-ге дейiн). Ана өлiмi жағдайлары тiркелмеген.

Денсаулық сақтау саласының күрделi шығындары 3 631,7 млн. теңгенi құрады, оның iшiнде медициналық ұйымдарды жарақтандыруға — 2 521,1 млн. теңге, күрделi жөндеулерге 1 110,6 млн. теңге қарастырылған, соның iшiнде Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламасы шеңберiнде — 223,7 млн. теңге бөлiнген.

Ақмола облысының Экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы

Дата создания статьи: 17.08.2017 16:48
Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.08.2017 16:48
Қаралым саны: 157
Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0
 
@2017 Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 114Б

8 (7162) 29-63-00;

economika@akmo.kz