Ақмола облысының 2020 жылғы қаңтар-ақпандағы әлеуметтiк — экономикалық дамуы туралы ақпарат

1. Экономика

Өнеркәсiпте өндiрiс көлемi 128,3 млрд. теңгенi құрды. Тауар өнiмнiң НКИ — 107,9%.

Тау-кен өндiру өнеркәсiбiнде нақты көлем индексi 128% құрады. Өсiм құрамында алтыны бар кендер 8,8%-ға, мыс қойыртпалары — 2 есеге артуымен байланысты.

Өңдеу өнеркәсiбiнде нақты көлем индексi 104,4% құрды.

Азық-түлiк өндiрiсiнде (НКИ — 114,2%) өткен жылдың ұқсас кезеңiмен салыстырғанда ұн өндiрiсi 12,2%-ға, өсiмдiк майы 12,9%-ға, ет пен субөнiмдердi шығару 28,5%-ға және сүт 6,9%-ға өстi.

Сусындар өндiрiсi саласында (НКИ — 124,9%) минералды су және алкогольсiз сусындар өндiрiсi 50,1% артты.

Машина жасау саласында (НКИ — 145,1%) жетекшi кәсiпорындары болып «ЕПК Степногорск» (темiржол жылжымалы құрамға арналған подшипниктер өндiру), «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ (КАМАЗ жүк автомобильдерiн жинау), «Қамқор-Локомотив» ЖШС филиалының Атбасар электорвоздарды жөндеу зауыты (электровоздарды күрделi жөндеу) табылады.

Өндiрiс көлемiнiң артуы «ЕПК Степногорск» АҚ (подшипниктер 26,3%-ға) және «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ (2,1 есеге) байқалды.

Металлургия саласының (НКИ — 98,7%) «Қазатомөнеркәсiп» ҰАК» АҚ шикiзаттарын жеткiзу көлемiне сәйкес «СТХК» ЖШС табиғи уранның химиялық концентратын өңдеу көлемi 408 тоннаны құрады (18,4%-ға төмендеу).

Өңделмеген алтын өндiрiсiнде 3,2% өсiмге қол жеткiзiлдi, бұл «Altyntau Kokshetau» АҚ қызметiмен байланысты.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнiмiнiң көлемi 22,5 млрд. теңгенi НКИ — 2019 жылдың сәйкес кезеңiне 100,1% құрады.

Өсiмдiк шаруашылығы. Ағымдағы жылы жаздық егiс көлемi 4,9 млн. га, оның iшiнде дәндi және дәндi — бұршақты дақылдар — 4,4 млн. га.

Майлы дақылдарды 254 мың га алқапқа егу, картоп 16,1 мың га, көкөнiс 3,4 мың га алқапқа егу жоспарлануда.

Жемдiк дақылдарды жаздық себу 181 мың га алаңға орналастыру жоспарлануда.

Мал шаруашылығы. Шаруашылықтың барлық санаттарымен тiрi салмақта 22,1 мың тонна ет,34 мың тонна сүт, 134,4 млн. дана жұмыртқа өндiрiлдi.

IҚМ басы 3,7%-ға (471,8 мың басқа дейiн), оның iшiнде сиыр — 2,9%-ға

(217,9 мың басқа дейiн), қой мен ешкi — 1,2%-ға (586,7 мың басқа дейiн), жылқы — 6,2% — ға (197 мың басқа дейiн), құс — 5,6% — ға (7,7 млн.басқа дейiн) өстi.

Облыстың ауылшаруашылық тауар өндiрушiлерiмен астана базарларына 6,4 мың тонна сүт өнiмдерi (2019 жылғы ұқсас кезеңiне өсiм 3,8%), 3,4 мың тонна ет өнiмдерi (өсiм 8,1%), 29 млн. дана жұмыртқа (өсiм 7,9%) жеткiзiлдi.

Нұр-Сұлтан қ. азық-түлiк белдiгiнiң аясында 82,3 млрд. теңгеге 31 жобасы жүзеге асырылуы жоспарлаған.

Облыс экономикасын дамытуға 44,6 млрд.теңге немесе 2019 жылдың сәйкес кезеңiне 179,2% инвестицияланды.

Қаржыландыру көздерi бойынша инвестициялар құрылымында 39,7% кәсiпорындар мен жеке құрылыс салушылардың өз қаражатына немесе

17,7 млрд.теңгеге келедi, республикалық және жергiлiктi бюджет қаражаты 1,6% немесе 719,9 млн. теңгенi құрады. Инвестиция құрылымындағы банктер кредиттерiнiң үлесi 8,2% — ды, басқа да қарыз қаражаты — 50,5% — ды құрады.

2020 жылы сумен жабдықтау жүйелерiн дамыту жөнiндегi жобаларды iске асыруға 11,2 млрд. теңге бөлiндi. Қаражат жұмсалды 10 объектiнi салуға (3,5 млрд. теңге) және 17 объектiнi қайта жаңартуға (6,9 млрд. теңге), 12 жоба бойынша ЖСҚ әзiрлеуге (153,8 млн. теңге), iздестiру-барлау жұмыстарына

(573,4 млн. теңге), 11 объектiнi ағымдағы жөндеуге (70 млн. теңге).

590 елдi мекеннiң 358 АЕМ-нде орталықтандырылған сумен жабдықтау (60,7%), орталықтандырылмаған су — 213 АЕМ-нде (36,1%). Жеткiзiлетiн су

19 АЕМ-нде (3,2%).

Құрылыс жұмыстарының көлемi 2 млрд. теңгенi немесе

2019 жылдың сәйкес кезеңiне 100,9% құрады.

Тұрғын үй құрылысы.

78,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берiлдi, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңiне 78,1% құрайды.

Мемлекеттiк-жеке меншiк әрiптестiк.

Облыста жалпы құны 264,5 млрд.теңгеге 45 мемлекеттiк-жеке меншiк әрiптестiк жобасына қол қоялды, 6 жоба бойынша 4,2 млрд. теңгеге мемлекеттiк мiндеттемелер қабылданды. 26 жоба жоспарлау сатысында.

Кәсiпкерлiктi дамыту. Облыста жұмыс iстеп тұрған шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң саны 44 193 бiрлiктi құрайды, оның iшiнде шағын кәсiпкерлiктiң заңды тұлғалары — 7 834 бiрлiк, орта кәсiпкерлiктiң заңды тұлғалары — 109 бiрлiк, жеке кәсiпкерлер — 30 643, шаруа (фермер қожалықтары) — 5 607 бiрлiк.

Iске асыру кезеңiнде (2010 жылдан бастап) «Бизнестiң жол картасы — 2025» бағдарламасының барлық бағыттары бойынша 142,6 млрд.теңге кредит сомасына 1 309 жоба мақұлданды.

2020 жылы Бағдарламаны iске асыруға 3,3 млрд.теңге бөлiндi.

Тұтыну бағаларының индексi (2019 жылғы желтоқсанға қарағанда

2020 жылғы ақпан) 101,1% құрады, оның iшiнде азық-түлiк тауарларына — 101,9%, азық-түлiк емес тауарларға — 100,8%, халыққа көрсетiлген ақылы қызметтерге — 100,2%.

2019 жылғы қаңтар-ақпандағы орташа айлық жалақы 2018 жылдың тиiстi кезеңiмен салыстырғанда 15,9%-ға өсiп, 139,7 мың теңгенi құрады.

Салық және бюджет. Мемлекеттiк бюджетке 29,8 млрд. теңге салықтар мен мiндеттi төлемдер түстi немесе болжамға 97,9%, оның iшiнде республикалық бюджетке — 15,2 млрд. теңге (болжамға 76,1%), жергiлiктi бюджетке — 14,6 млрд. теңге (болжамға 139,6%).

2. Әлеуметтiк сала

2020 жылдың қаңтар айларында облыста 1590 жаңа жұмыс орны құрылды, оның 666 тұрақты.

Жұмыспен қамту қызметi арқылы 2108 адам жұмысқа орналастырылды, бұл өтiнiш бiлдiргендердiң 83,2% құрады.

Жұмыс iздеу Клубтарының семинарлық сабақтарына 159 адам қатысты, оның iшiнде тұрақты және уақытша жұмысқа 138 адам (86,8%) орналастырылды.

Бос жұмыс орындары 5 жәрмеңкесi өткiзiлдi, онда 124 бос жұмыс орындары ұсынылды, нәтижесiнде 26 адам жұмысқа орналастырылды.

Өнiмдi жұмыспен қамтуды және жаппай 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» кәсiпкерлiктi дамыту:

- «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсiптiк бiлiммен және қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқытумен қамтамасыз ету» бiрiншi бағыты бойынша 1855 адамды оқыту жоспарланған;

- «Жаппай кәсiпкерлiктi дамыту» екiншi бағыты бойынша 2799 адамды қамту жоспарланған, оның iшiнде:

- «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсiпкерлiк негiздерi — 1363 адам;

- ауылда және қалаларда кәсiпкерлiк бастамаларды қолдауға –

803 микрокредит;

- жаңа бизнес-идеяларды iске асыруға 216,9 млн. теңге сомасында

633 грант, 01.03.2020ж. жағдай бойынша гранттар 10 қатысушыға 15,9 млн. теңге берiлдi;

- «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» үшiншi бағыты бойынша жастар тәжiрибесiне — 63 адам немесе жоспардың — 13,3% — ы (жоспар — 475), әлеуметтiк жұмыс орындарына — 175 адам немесе жоспардың 37,6% — ы (жоспар — 466), ақылы қоғамдық жұмыстарға — 503 адам немесе жоспардың — 30% — ы (жоспар — 1680) жiберiлдi.

Мектепке дейiнгi ұйым — 608 бiрлiк, соның iшiнде 245 балабақша (соның iшiнде  — мемлекеттiк 136, жеке — 109) және 363 мектепке дейiнгi шағын орталық. Балаларды тасымалдау 221 елдi мекенiнен жүзеге асырылады.

2020 жылдың 1 наурыздағы мектепке дейiнгi тәрбиемен және оқытумен

3-6 жас аралығы бойынша 100%, 1-6 жас аралығы бойынша 75,4%.

Жоғары көрсеткiштерi (1-6 жас аралығы бойынша) Қорғалжын (95,4%), Жақсы (94,1%) және Бiржан сал (93,1%) ауданында.

2020 жылы балабақша құрылысын аяқтау жоспарланған Шортанды ауданында, Целиноград ауданында 2 мектеп (Қоянды ауылында және Максимовка), Көкшетау қаласындағы 3 мектептiң оқу корпустарына қосымша құрылыс салу (№1, №6 және № 13), сондай-ақ Бұланды ауданының Алтынды орта мектебiн қайта жаңарту. 2 мектептiң құрылысы жалғасады Целиноград ауданында (Қосшы ауылында) және Көкшетау қаласында. Аршалы және Целиноград (3 объект) аудандарында 4 мектеп, Целиноград ауданында және Көкшетау қаласында 3 балабақша құрылысын бастау көзделген (2 нысан).

Денсаулық сақтауда Целиноград ауданында емхана және Көкшетау қаласында онкологиялық емхана, Целиноград және Шортанды аудандарында

2 дәрiгерлiк амбулатория құрылысы жалғасады.

Денсаулық сақтау саласында 2020 жылдың қаңтар-ақпан айларында қан айналу жүйесiнiң ауруларымен ауыру деңгейi 51,8%-ға

(100 мың адамға 576,5-тен 277,9-ға дейiн) төмендедi.

Жалпы өлiм 3,3%-ға (1000 адамға 10,63-ден 10,28-ға дейiн) төмендедi, қан айналым жүйесiнiң ауруларынан өлiм деңгейi 4,2%-ға (100 мың тұрғынға шаққанда 208,52-ден 199,81-ға дейiн) төмендедi, жазатайым жағдайдан, уланудан және жарақаттан 27,6%-ға (100 мың тұрғынға шаққанда 108,24-ден 78,33-ға дейiн) төмендедi, қатерлi iсiктерден болатын өлiм 1,3%-ға төмендедi (100 мың тұрғынға 93,91-тен 92,71-ке дейiн; 01.02.2020 ж. жағдай бойынша Статистика комитетiнiң алдын ала деректерi).

Денсаулық сақтаудың күрделi шығыстары үшiн 2020 жылы 1,4 млрд. теңге бөлiндi, оның iшiнде медициналық ұйымдарды жабдықтау үшiн —

1,1 млрд. теңге, күрделi жөндеуге — 0,3 млрд. теңге.

Мемлекеттік рәміздері

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн