Ақмола облысының 2019 жылғы қаңтар-ақпан әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы ақпарат

1. Экономика

Өнеркәсiпте өндiрiс көлемi 105,9 млрд. теңгенi құрды. Тауар өнiмнiң НКИ — 103,1%.

Тау-кен өндiру өнеркәсiбiнде нақты көлем индексi 106,7% құрады. Өсiм құрамында алтыны бар қойыртпалар 26,1%-ға, мыс қойыртпалары 25,0%-ға артуымен байланысты.

Өңдеу өнеркәсiбiнде нақты көлем индексi 103,0% құрды.

Азық-түлiк өндiрiсiнде (НКИ-116,9%) өткен жылмен салыстырғанда (заттай көрiнiсте) ет және сорпалық тағамдық азық-түлiктер 94,5%, сүт 16,7%, сары майы 46,3%, өсiмдiк майы 6,9% өстi.

Сусындар өндiрiсi саласында (НКИ-62,0%) минералды су және алкогольсiз сусындар өндiрiсi 37,1% төмендегенi байқалады.

Химия өнеркәсiбiнде (НКИ-78,5%) пестицидтер өндiрiсi көлемiнiң 27,2% төмендеуi байқалады.

Резеңке және пластмасса өнiмдерi өндiрiсiнде (НКИ 151,2%) қаптар мен полиэтиленнен жасалған пакеттер өндiрiсi 16,7 есе артты.

Машина жасау саласында (НКИ 109,8%) мойынтiрiктердi өндiру көлемi ұлғакйтылды 40,1%-ға.

Металлургия саласының (НКИ 104,6%) өңделмеген және жартылай өңделген алтын көлемдерiнiң өндiру 1,0%, төмендеуi байқалады, бұл «Kazakhaltyn Technology» ЖШС қызметiмен байланысты.

Ауыл-шаруашылық жалпы өнiмнiң көлемi 20,8 млрд. теңге, нақты көлемнiң индексi — 2018 жылдың деңгейiне 115% құрады.

Өсiмдiк шаруашылығы. Ағымдағы жылы жоспарланған жаздық егiс алқабы 4,7 млн. га, соның iшiнде дәндi және дәндi-бұршақты дақылдардың жаздық алаңы 4,3 млн. га болып көзделген.

Майлы дақылдарды 247,7 мың га. егiстiк алқапта жүргiзу жоспарланып отыр, 17,4 мың. га алқапта картопты, 3,9 мың. га -да көкөнiстi отырғызу.

Жаздық жем-шөп дақылдарын 163,9 мың га. алаңында отырғызу жоспарлануда.

Мал шаруашылығы. Шаруашылықтардың барлық санаттарымен тiрi салмақта 22,2 мың тонна ет (2018 жылдың сәйкес кезеңiне 27,6%-ға өсiм), 32,8 мың тонна сүт (4%-ға өсiм), 138,5 млн.дана жұмыртқа (2,3%-ға өсiм) өндiрiлдi.

IҚМ басының саны 3,8%-ға өстi (455,2 мың басты құрайды), оның iшiнде сиыр — 2,9%-ға (211,6 мың бас), қой мен ешкi — 3,6%-ға (580 мың бас), жылқы — 9,7%-ға (185,4 мың бас), құстар — 23%-ға (7,3 млн. бас) дейiн өстi. Шошқалардың саны 5,6%-ға — ға азайды (116,5 мың бас).

Астана қ. азық-түлiк белдiгiнiң аясында 10,3 млрд. теңгеге 10 жобасы жүзеге асырылуы жоспарлаған.

Облыстың ауылшаруашылық тауар өндiрушiлерiмен астана базарларына (01.03.2019 ж.) 6,3 мың тонна сүт өнiмдерi (2018 жылғы ұқсас кезеңiне өсiм 11,6%-ға), 3,3 мың тонна ет өнiмдерi (өсiм 12,6%-ға), 31,1 млн. дана жұмыртқа (өсiм 23,9%-ға) жеткiзiлдi.

2019 жылғы қаңтар-ақпанда облыс экономикасын дамытуға 24,1 млрд.теңге инвестицияланды, бұл 2018 жылғы сәйкес кезеңнен 4,9% жоғары.

Қаржыландыру көздерi бойынша инвестициялар құрылымында 79,6% кәсiпорындар мен жеке құрылыс салушылардың өз қаражатына немесе 19,2млрд.теңгеге келедi, республикалық бюджет қаражаты 0,1% немесе 27,5млн. теңгенi құрады. Инвестиция құрылымындағы банктер кредиттерiнiң үлесi 12,3% — ды, басқа да қарыз қаражаты — 4,5% — ды құрады.

2019 жылы сумен жабдықтау және су бұру жүйесiн дамытуға 15,8 млрд.теңге бөлiндi. Қаражат 11 (4 млрд. теңге) құрылысқа және 20 объектiнi қайта жаңартуға (6,5 млрд. теңге), 3 жоба бойынша ЖСҚ әзiрлеуге (50,7 млн. теңге), iздестiру-барлау жұмыстарына (770 млн. теңге), РБ-дан кредиттер (4,5 млрд. теңге) бағытталды.

607 елдi мекеннiң iшiнде 357 АЕМ — де орталықтандырылған сумен жабдықтау (59,4%), 228 АЕМ-де орталықтандырылмаған сумен жабдықтау (37,6%). 22 АЕМ-де тасымалданатын су (3,6%).

Құрылыс жұмыстарының көлемi 1,9 млрд. теңгенi немесе 2018 жылдың сәйкес кезеңiне 59,6% құрады.

Тұрғын үй құрылысы.

2019 жылдың қаңтар-ақпанында 100,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берiлдi, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңiне 94,8% құрайды.

Кәсiпкерлiктi дамыту. Облыста 45 249 бiрлiк белсендi шағын және орта бизнес (бұдан әрi — ШОБ) субъектiлерi тiркелген, оның iшiнде шағын бизнестiң заңды тұлғалары 7 220 бiрлiк; орта бизнестiң заңды тұлғалары 110; жеке кәсiпкерлер — 33 119; шаруа (фермер қожалықтары) 4 800 бiрлiк.

(2010 жылдан 2019 жылғы 1 наурызы бойынша ) iске асыру кезеңiнде «Бизнестiң Жол картасы-2020» бағдарламаның барлық бағыттары бойынша бағдарламасы бойынша 121,4 млрд. теңге кредит сомасына 896 жоба мақұлданды.

2019 жылы Бағдарламаны iске асыру үшiн бюджеттен 2,2 млрд. теңге бөлiндi 26,5% игерiлдi.

Тұтыну бағаларының индексi (2019 жылғы ақпан 2018 жылғы желтоқсанға) 100,6% құрады, оның iшiнде азық — түлiк тауарларына — 103%, азық — түлiк емес тауарларға-100,8%, халыққа ақылы қызметтерге — 97,4%.

2018 жылғы қаңтар — желтоқсанда орташа айлық жалақы 9,4% — ға өстi және 120,5 мың. теңгенi құрады.

Салық және бюджет. Мемлекеттiк бюджетке 30,9 млрд.теңге салықтар мен мiндеттi төлемдер түстi немесе болжамға 107,8%, оның iшiнде республикалық бюджетке — 19 млрд. теңге (болжамға 102,2%), жергiлiктi бюджетке — 11,9 млрд. теңге (болжамға 118,1%).

2. Әлеуметтiк сала

2019 жылдың қаңтар — ақпан айы бойынша экономика салаларында 1023 жаңа жұмыс орындары пайда болды, олардың 794 — тұрақты.

Жұмыспен қамту қызметi арқылы 1834 адамды жұмысқа орналастырылды, бұл өтiнiш бiлдiргендер санының 67,5% құрады. Жұмыспен қамтылғандардың ең төмен деңгейi 6 аймақтарда: Егiндiкөл ауданында (25,4%); Жақсы ауданында (36,6%), Көкшетау қ. (40,6%), Шортанды ауданында (40,7%); Целиноград ауданында (47,0%); Қорғалжын ауданында (42,6%) .

Қоғамдық жұмыстарға 478 адам жiберiлдi.

Барлық қаржыландыру көздерiнен 10343 аз-қамтылған азаматтарға 68 974,7 мың. теңге сомасында әлеуметтiк көмек көрсетiлдi.

2017-2021 жылдарға нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың «Енбек» бағдарламасының шеңберiнде келесi iс-шаралар жоспарланған:

-бiрiншi бағыты бойынша «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсiптiк бiлiммен және қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқумен қамтамасыз ету» 3 680 адам оқытуға жолдау жоспарланған (еңбек нарығының қажеттiлiктерiн ескере отырып, техникалық және кәсiптiк бiлiмi бар кадрларды даярлау — 1 190 адам (әкiмшiсi Бiлiм басқармасы), жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсiптер және дағдылар бойынша қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқыту — 2490 адам).

- екiншi бағыты бойынша «Жаппай кәсiпкерлiктi дамыту» бағдарламаға аясында жұмыспен қамту шараларымен 2340 адам, соның iшiнде:

- «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсiпкерлiк негiздерiне оқытумен 970 адамды қамтылады.

- ауылдағы және қалалардағы кәсiпкерлiк бастамаларды қолдау мақсатында, 920 азаматқа 3,2 млрд. теңге сомасына несие берiлдi;

- жаңа бизнес-идеяларды iске асыруға 113,6 млн. теңге сомасында 450 грант беру.

- үшiншi бағыты бойынша «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы еңбек нарығын дамыту және еңбек ресурстарының ұтқырлығы» (жастар тәжiрибесiмен, әлеуметтiк жұмыс орындарымен) — 2781 адам жұмыспен қамту қажет.

2019 жылдың қаңтар-ақпан айылар бойынша жастар тәжiрибесiне — 169 адам (жоспар — 498); әлеуметтiк жұмыс орындарға — 255 адам (жоспар — 538); ақылы қоғамдық жұмыстарға — 478 адам (жоспар — 1745).

2019 жылы Шортанды ауданында және Көкшетау қаласында 2 балабақша, Бурабай, Целиноград (4 объект) аудандарында және Көкшетау қаласында 6 мектеп, мәдениет колледжiне қосымша құрылыс салу қарастырылған. Көкшетау қаласындағы 3 мектептiң оқу корпустарына (№1, №6 және №13), сондай-ақ Бұланды ауданының Алтынды орта мектебiн қайта жаңарту.

Денсаулық сақтауда Аршалы ауданында медициналық пункт, Атбасар, Целиноград, Шортанды аудандарында 3 дәрiгерлiк амбулатория және Көкшетау қаласында онкологиялық емхана салу жоспарлануда.

Мектепке дейiнгi ұйымдардың саны — 614 бiрлiк, оның iшiнде 238 бала бақшалар (оның iшiнде мемлекеттiк-135, жеке меншiк — 103) және 376 шағын орталықтар. Балаларды тасымалдау 234 елдi мекеннен жүзеге асырылады.

2019 жылдың 1 қаңтарына 3 жастан 6 жасқа дейiнгi балаларды мектепке дейiнгi мекемелермен қамту 99%, 1 жастан 6 жасқа дейiнгi балаларды қамту 67,4% құрады.

Қамтудың жоғары көрсеткiштерi (1-6 жастағы балалар) Сандықтау (87,6%), Ерейментау (82,2%), Есiл (80,1%) аудандарында, Степногорск қаласында (82,9%), неғұрлым төмендеу — Көкшетау қаласында (57,8%), Атбасар (57,3%), Егiндiкөл (57,7%) аудандарында байқалды.

Денсаулық сақтау саласында 2019 жылдың қаңтар-ақпанында туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткiшi 11,6% — ға (100 мың тұрғынға шаққанда 9,5-тен 8,4-ке дейiн) төмендедi.қан айналымы жүйесiнiң ауруларымен 124,4% — ға (100 мың халыққа шаққанда 256,9-дан 576,5-ке дейiн ұлғайды).

Қан айналымы жүйесi ауруларынан болатын өлiм — жiтiм көрсеткiшi 4,2% — ға (100 мың адамға шаққанда 217,73-ден 208,52-ге дейiн), қатерлi iсiктерден-26,1% — ға (100 мың адамға шаққанда 127,14-дан 93,91-ге дейiн) төмендедi.

Нәрестелер өлiмiнiң көрсеткiшi 110,3% — ға (1000 тiрi туылғандарға шаққанда 3,9-тен 8,2-ге дейiн) өстi. Туу көрсеткiшi 2,5% деңгейiнде қалып отыр (1000 адам), бұл ретте туылғандар санының 1% — ға (1811-ден 1830-ға дейiн) өсуi байқалады.

Денсаулық сақтаудың күрделi шығыстарына 2019 жылы 2 428,2 млн. теңге бөлiндi, оның iшiнде медициналық ұйымдарды жарақтандыруға — 1 775,3 млн. теңге, күрделi жөндеуге — 652,9 млн. теңге.

Мемлекеттік рәміздері

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн