Ақмола облысының 2019 жылғы қаңтар-желтоқсан әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы ақпарат

1. Экономика

Өнеркәсiпте өндiрiс көлемi 769 млрд. теңгенi құрады. Тауарлық өнiмнiң НКИ-103,3%.

Тау-кен өнеркәсiбiнде нақты көлем индексi 117,7% құрады. Өсiм құрамында алтыны бар кендер 19,4%-ға, мыс қойыртпалары 14%-ға артуымен байланысты.

Өңдеу өнеркәсiбiнде нақты көлем индексi 101,1% құрады.

Азық-түлiк өндiрiсiнде (НКИ-111,1%) 2018 жылмен салыстырғанда (заттай көрiнiсте) ет және сорпалық тағамдық азық-түлiктер 78,7%, сүт 23,9%, сары май 11% өстi.

Резеңке және пластмасса өнiмдерi өндiрiсiнде (НКИ-137%) қаптар мен полиэтиленнен жасалған пакеттер өндiрiсi 8,6 есе артты.

Машина жасау саласында (НКИ 116,6%) өсiм «ЕПК Степногорск» АҚ (подшипниктер, 20,8%-ға), «Қамқор-Локомотив» ЖШС филиал (электровоздарды күрделi жөндеу,15,3%-ға) кәсiпорындары бойынша байқалды.

«КамАЗ-Инжиниринг» АҚ жүк және мамандандырылған автомобильдер өндiрiсi 71,5%-ға өсiп, 1000 бiрлiктi құрады (2018ж. қаңтар-желтоқсан– 583 бiрлiк).

Ауыл шаруашылығының жалпы өнiмiнiң көлемi 515,8 млрд.теңгенi НКИ — 2018 жылдың сәйкес кезеңiне 100,1% құрады.

Өсiмдiк шаруашылығы. Дәндi және дәндi бұршақты дақылдардың жалпы түсiмi 5,1 млн. тоннаны құрады, орташа шығарылымы — 11,7 ц/га, картоп — 278,1 мың тонна (160 ц/га) көкөнiстер — 57,5 мың тонна (149,6 ц/га).

Майлы дақылдарды жинау 245,1 мың га алаңында шабылды. Жалпы түсiмi 186,8 мың тонна құрады (7,6ц/га).

Сүрi жерлердi өңдеу 721,6 мың га алаңында немесе белгiленген жоспардан 101,6% жүргiзiлдi (жоспар — 710,4 мың га).

Сүдiгер жырту 889 мың га алқапта жыртылды, ол көзделген алқаптың 103,7% құрайды.

Мал шаруашылығы. Шаруашылықтардың барлық санаттарымен тiрi салмақта 140,1 мың тонна ет (былтырғы жылдың сәйкес кезеңiне 27,9%-ға өсiм), 396,1 мың тонна сүт (2,7%-ға өсiм).

IҚМ басының саны 1,8%-ға өстi (430,2 мың басты құрайды), оның iшiнде сиыр — 4,1%-ға (219,9 мың бас), құстар — 7% -ға (8,1 млн. бас).

Облыстың ауылшаруашылық тауар өндiрушiлерiмен астана базарларына 113,6 мың тонна сүт өнiмдерi (2018 жылғы ұқсас кезеңiне өсiм 1,4%), 28,6 мың тонна ет өнiмдерi (өсiм 2%), 276,5 млн. дана жұмыртқа (өсiм 2,4%) жеткiзiлдi.

Облыс экономикасын дамытуға 329,7 млрд. теңге немесе 2018 жылдың сәйкес кезеңiне 114,4% инвестицияланды.

Қаржыландыру көздерi бойынша инвестициялар құрылымында 61,3% кәсiпорындар мен жеке құрылыс салушылардың өз қаражатына немесе 202,2 млрд.теңгеге келедi, республикалық және жергiлiктi бюджет қаражаты 19,5% немесе 64,3 млрд. теңгенi құрады. Инвестиция құрылымындағы банктер кредиттерiнiң үлесi 10% — ды, басқа да қарыз қаражаты — 9,2% — ды құрады.

2019 жылы сумен жабдықтау және су бұру жүйесiн дамыту жүзеге асыруға 16,3 млрд. теңге бөлiндi. Қаражаттар 11 жобалардың құрылысына (4,8 млрд.тенге) және 27 жобаның қайта жаңартуға (6,4 млрд.теңге), 6 жобаға ЖСҚ әзiрлеу (65,8 млн.теңге), iздестiру-барлау жұмыстары — (440,1 млн.теңге), «Нұрлы жол» кредиттер (4,4 млрд. теңге) бағытталды, 6 ағымдағы жөндеу (184,4 млн.теңге).

Құрылыс жұмыстарының көлемi 135,3 млрд. теңгенi немесе 2018 жылдың сәйкес кезеңiне 121,2% құрады.

Тұрғын үй құрылысы.

534,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берiлдi, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңiне 111,7% құрайды.

Мемлекеттiк-жеке меншiк әрiптестiк.

Облыста жалпы құны 264,5 млрд.теңгеге 45 мемлекеттiк-жеке меншiк әрiптестiк жобасына қол қоялды, оның iшiнде 6 жоба бойынша 4,2 млрд. теңгеге мемлекеттiк мiндеттемелер қабылданды. 12 жоба жоспарлау сатысында.

Кәсiпкерлiктi дамыту. Облыста жұмыс iстеп тұрған шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң саны 45 453 бiрлiктi құрайды, оның iшiнде шағын кәсiпкерлiктiң заңды тұлғалары — 7 703 бiрлiк; орта кәсiпкерлiктiң заңды тұлғалары — 114 бiрлiк; жеке кәсiпкерлер — 32 017; шаруа (фермер қожалықтары) — 5 619 бiрлiк.

Iске асыру кезеңiнде (2010 жылдан бастап) «Бизнестiң жол картасы-2020» бағдарламасының барлық бағыттары бойынша 143,6 млрд.теңге кредит сомасына 1 231 жоба мақұлданды.

2019 жылы Бағдарламаны iске асыруға 2,1 млрд.теңге бөлiндi және игерiлдi.

Тұтыну бағаларының индексi (2018 жылғы желтоқсанға қарағанда 2019 жылғы желтоқсан) 105,1% құрады, оның iшiнде азық — түлiк тауарларына — 109,6%, азық — түлiк емес тауарларға — 105%, халыққа көрсетiлген ақылы қызметтерге — 99,8%.

Орташа айлық жалақы 2018 жылдың тиiстi кезеңiне 14,8% — ға өсiп, 135,1 мың теңгенi құрады.

Салық және бюджет. Мемлекеттiк бюджетке 194,9 млрд. теңге салықтар мен мiндеттi төлемдер түстi немесе болжамға 101,9%, оның iшiнде республикалық бюджетке — 123,7 млрд. теңге (болжамға 101%), жергiлiктi бюджетке — 71,3 млрд. теңге (болжамға 103,4%).

2. Әлеуметтiк сала

2019 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында облыста 16 664 жаңа жұмыс орны құрылды, оның 8 010 тұрақты.

Жұмыспен қамту қызметi арқылы 20 582 адам жұмысқа орналастырылды, бұл өтiнiш бiлдiргендердiң 89% құрады.

Жұмыс iздеу Клубтарының семинарлық сабақтарына 2 188 адам қатысты, оның iшiнде тұрақты және уақытша жұмысқа 1 971 адам (90,1%) орналастырылды.

109 бос жұмыс орындары жәрмеңкесi өткiзiлдi, онда 4 624 бос жұмыс орындары ұсынылды, нәтижесiнде 296 адам жұмысқа орналастырылды.

Өнiмдi жұмыспен қамтуды және жаппай 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» кәсiпкерлiктi дамыту:

- «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсiптiк бiлiммен және қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқытумен қамтамасыз ету» бiрiншi бағыты бойынша 2019 жылда 3 083 адам қысқа мерзiмдi оқытумен қамтылды немесе жоспардың — 103,1% — ы (жоспар — 2990 адам);

- «Жаппай кәсiпкерлiктi дамыту» екiншi бағыты бойынша:

- «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсiпкерлiк негiздерiне оқыту — 4030 адам оқудан өттi немесе жоспардың — 100,2% — ы (жоспар — 4020 адам);

- ауылда және қалаларда кәсiпкерлiк бастамалардың қолдауға 1 048 шағын несие берiлдi немесе жоспардың — 86,7% — ы (жоспар — 1209).

- жаңа бизнес-идеяларды iске асыруға 579,2 млн. теңге сомасында 1 518 адам грант алды (жоспарға 100%).

- «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» үшiншi бағыты бойынша жастар тәжiрибесiне — 757 адам немесе жоспардың — 108,1% — ы (жоспар — 700), әлеуметтiк жұмыс орындарына — 602 адам немесе жоспардың — 110,7% — ы (жоспар — 544), ақылы қоғамдық жұмыстарға — 2 240 адам немесе жоспардың — 128,4% — ы (жоспар — 1745) жiберiлдi.

Мектепке дейiнгi ұйым — 610 бiрлiк, соның iшiнде 244 балабақша және 366 мектепке дейiнгi шағын орталық (соның iшiнде  — мемлекеттiк 136, жеке — 108.) 221 елдi мекенiнен тасымалдау жүзеге асырылады.

2020 жылдың 1 қантардағы мектепке дейiнгi тәрбиемен және оқытумен 3-6 жас аралығы бойынша 100% , 1-6 жас аралығы бойынша 75,4%.

Жоғары көрсеткiштерi (1-6 жас аралығы бойынша) Жақсы (94,1%), Бiржан сал (93,1%), Қорғалжын (95,4%) ауданындарында.

2019 жылғы Бурабай ауданының 800 оқушыға мектеп, Ақан Серi ат. Мәдениет колледжiнiң оқу корпусына қосымша ғимаратты, Көкшетау қ. 280 орындық 1 балабақша пайдалануға берiлдi. Шортанды аудандарында және Көкшетау қаласында 2 балабақша, Целиноград (4 объектi) аудандарында және Көкшетау қ. 5 мектептердiң, мектептердiң 3 оқу корпустарына Көкшетау қ. (№1, №6, №13) жапсаржайлардын салу, Бұланды ауданы Алтынды орта мектебiнiң реконструкциялау жалғастырылды.

Денсаулық сақтау саласында 2019 жылдың қаңтар — желтоқсан айларында туберкулезбен ауыру көрсеткiшi 9,7% — ға (100 мың адамға 56,5-тен 51,0-ге дейiн) төмендедi.

Жалпы өлiм 0,7% — ға (1000 адамға 10,07-ден 10,0-ға дейiн) төмендедi, қан айналым жүйесiнiң ауруларынан өлiм деңгейi 3,9% -ға (100 мың тұрғынға шаққанда 206,8-ден 198,69-ға дейiн) төмендедi, жазатайым жағдайдан, уланудан және жарақаттан 2% -ға (100 мың тұрғынға шаққанда 87,21-ден 85,49-ға дейiн) төмендедi.

Денсаулық сақтаудың күрделi шығыстары үшiн 2019 жылы 2,7 млрд. теңге бөлiндi, оның iшiнде медициналық ұйымдарды жабдықтау үшiн — 2,1 млрд. теңге, күрделi жөндеуге — 0,6 млрд. теңге.

Аршалы ауданында медициналық пункт, Атбасар 25 келушiге дәрiгерлiк амбулатория пайдалануға берiлдi. Целиноград мен Шортанды аудандарында 2 дәрiгерлiк амбулаториялардың, Көкшетау қ. онкологиялық емхананың құрылыс жүргiзiлуде, Целиноград ауданында бiр ауысымда 100 адам қабылдайтын емхананың құрылыс басталды.

Мемлекеттік рәміздері

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн