Ақмола облысының 2018 жылғы қаңтар-желтоқсан әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы ақпарат

1. Экономика

Өнеркәсiпте өндiрiс көлемi 645,6 млрд. теңгенi құрады. Тауарлық өнiмнiң НКИ — 106,9%.

Тау-кен өндiру өнеркәсiбiнде нақты көлем индексi 105% құрады.

Өсiм құрамында алтын бар кендi өндiру көлемiнiң 1,8% — ға, мыс кенiн өндiру көлемiнiң 23,7% — ға артуымен байланысты.

Өңдеу өнеркәсiбiнде нақты көлем индексi 107,4% құрды.

Азық-түлiк өндiрiсiнде (НКИ 105%) өткен жылмен салыстырғанда ет және қосымша өнiмдер шығару 12,3% — ға, өсiмдiк майы — 18,9% — ға, сүт-9,8% — ға өстi.

Химия өнеркәсiбiнде (НКИ-102,6%) этил спиртiн өндiру көлемiнiң 25,7% — ға өсуi байқалады.

Машина жасау саласында (НКИ 109,8%) подшипниктер өндiрiсiнiң көлемi 57,2% — ға өстi.

Металлургия саласының (НКИ 114%) өңделмеген және жартылай өңделген алтын өндiру көлемiнiң 11,7% — ға өсуi байқалады, бұл «Kazakhaltyn Technology» ЖШС үш алтын өндiру фабрикасының iске қосылуымен және «RG Gold» ЖШС қызметiмен байланысты.

Ауыл-шаруашылық жалпы өнiмнiң көлемi 397 млрд. теңге, НКИ — 100,8%.

Өсiмдiк шаруашылығы.

2019 жылы 712,2 мың га сүрi жер өңделдi.

888,2 мың га жер жыртылды,бұл белгiленген алаңның 105% құрайды.

Облыс бойынша шөп дайындау 1122,7 мың тоннаны немесе жылдық қажеттiлiкке 101,7% құрады.

Мал шаруашылығы. Шаруашылықтың барлық санаттарымен 109,5 мың тонна тiрi салмақта ет (өсiм 6%), 385,8 мың тонна сүт (өсiм 0,5%), 886,5 млн.дана жұмыртқа (өсiм 11,7%) өндiрiлдi.

IҚМ басы 1,6% — ға (410,6 мың басқа дейiн), оның iшiнде сиыр — 1,8% — ға (207,8 мың басқа), қой мен ешкi — 2,1% — ға (522,2 мың басқа дейiн), жылқы-0,1% — ға (172,3 мың басқа), құс-34,1% — ға (7,7 млн.басқа) өстi. Шошқа басы 3% — ға төмендедi (107,9 мың бас).

Астана қаласының айналасында азық-түлiк белдеуi бойынша 2018 жылы жалпы сомасы 26 млрд.теңгеге 13 жоба iске асырылды.

Облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiмен Астана нарығына жеткiзiлдi (келiсiм бойынша). 2017 жылдың тиiстi кезеңiне 9,9% — ға өстi, 28 мың тонна ет және ет өнiмдерi (9,8% — ға өстi), 270 млн.дана жұмыртқа (11,1% — ға өстi).

2018 жылғы қаңтар-желтоқсанда облыс экономикасын дамытуға 269,8 млрд.теңге инвестицияланды, бұл 2017 жылғы сәйкес кезеңнен 3,9% төмен.

Қаржыландыру көздерi бойынша инвестициялар құрылымында 49,5% кәсiпорындар мен жеке құрылыс салушылардың өз қаражатына немесе 133,7 млрд.теңге, республикалық бюджет қаражаты 15,2% немесе 40,9 млрд. теңгенi, жергiлiктi бюджет қаражаты 6,7% немесе 18,2 млрд. теңгенi құрады. Инвестиция құрылымындағы банктер кредиттерiнiң үлесi 12,3% — ды, басқа да қарыз қаражаты-16,3% — ды құрады.

2018 жылы сумен жабдықтау және су бұру жүйесiн дамытуға 9 млрд.теңге бөлiндi. Қаражат 11 объектiнi салуға және 16 объектiнi қайта жаңартуға (6,4 млрд.теңге), 21 жоба бойынша ЖСҚ әзiрлеуге (135,6 млрд. теңге), 10 объектiнi ағымдағы жөндеуге (170,2 млн. теңге) және iздестiру-барлау жұмыстарына (665,4 млн. теңге), ҰҚ-дан кредиттер (1,6 млрд. теңге) бағытталды.

607 елдi мекеннiң iшiнде 357 АЕМ — де орталықтандырылған сумен жабдықтау (58,8%), 228 АЕМ-де орталықтандырылмаған сумен жабдықтау (37,6%). 22 АЕМ-де тасымалданатын су (3,6%).

Құрылыс жұмыстарының көлемi 110,4 млрд. теңгенi немесе 2017 жылдың сәйкес кезеңiне 84,9% құрады.

Тұрғын үй құрылысы.

2018 жылдың қаңтар-желтоқсандағы айында 478 мың м2 енгiзiлген, бұл 2017 жылдың деңгейiне 112,1% құрады.

Кәсiпкерлiктi дамыту. Облыста жұмыс iстеп тұрған шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң саны 44 106 бiрлiктi құрайды (5,7% — ға өстi), оның iшiнде шағын кәсiпкерлiктiң заңды тұлғалары — 7 072 бiрлiк; орта кәсiпкерлiктiң заңды тұлғалары — 116; жеке кәсiпкерлер — 32 173; шаруа (фермер қожалықтары) — 4 745 бiрлiк.

Iске асыру кезеңiнде (2010 жылдан бастап — 2019 жылдың 1 қаңтарына дейiн) «Бизнестiң жол картасы-2020» бағдарламасының барлық бағыттары бойынша Өңiрлiк үйлестiру кеңесi 111,7 млрд.теңге кредит сомасына 808 жобаны мақұлдады.

2018 жылы Жеке кәсiпкерлiктi қолдауға 7,1 млрд.теңге бөлiндi.

Тұтыну бағаларының индексi 104,9% құрады, оның iшiнде азық — түлiк тауарларына — 105,2%, азық — түлiк емес тауарларға-106%, халыққа көрсетiлген ақылы қызметтерге-103,5%.

2018 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында орташа айлық жалақы 2017 жылдың сәйкес кезеңiне 8,8% — ға өсiп, 117,6 мың теңгенi құрады.

Салықтар және бюджет. Мемлекеттiк бюджетке 158,7 млрд.теңге салықтар мен мiндеттi төлемдер түстi немесе болжамға 102,2%, оның iшiнде республикалық бюджетке — 89,5 млрд. теңге (болжамға 101,1%), жергiлiктi бюджетке — 69,3 млрд. теңге (болжамға 103,6%).

2. Әлеуметтiк сала

2018 жылғы қаңтар-желтоқсанда облыста 12 727 жаңа жұмыс орны құрылды, оның 8035 — тұрақты.

Жұмыспен қамту қызметi арқылы 20 972 адам жұмысқа орналастырылды, бұл өтiнiш бiлдiргендердiң (ауысатындарды есепке алғанда) 103,3% құрады. Жұмысқа орналасқандардың орташа облыстық пайызы 3 ауданда байқалады: Бiржан сал (81,1%), Егiндiкөл (84,1%), Жақсы (89,9%).

Қоғамдық жұмыстарға 2817 адам жiберiлдi.

Барлық қаржыландыру көздерiнен 15 288 аз қамтылған азаматтарға 539 021 мың теңге сомасында әлеуметтiк көмек көрсетiлдi.

Жұмыс iздеу клубтарының семинарлық сабақтарына 2382 адам қатысты, оның iшiнде тұрақты және уақытша жұмысқа 2033 адам (85,3%) орналастырылды.

78 бос жұмыс орындар жәрмеңкесi өткiзiлiп, онда 4185 бос жұмыс орны ұсынылды, нәтижесiнде 424 адам жұмысқа орналастырылды.

2017-2021 жылдарға нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың «Енбек» бағдарламасының шеңберiнде келесi iс-шаралар жоспарланған:

-бiрiншi бағыты бойынша «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсiптiк бiлiммен және қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқытумен қамтамасыз ету» бiрiншi бағыты бойынша 2 665 адамды қамту жоспарланған (еңбек нарығының қажеттiлiгiн ескере отырып, техникалық және кәсiптiк бiлiмi бар кадрларды даярлау — 1 190 адам (бiлiм басқармасының әкiмшiсi); еңбек нарығында сұранысқа ие кәсiптер мен дағдылар бойынша жұмыс кадрларын қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқыту — 1 475 адам). 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қысқа мерзiмдi оқытумен 1713 адам немесе 116,1%, еңбек нарығының қажеттiлiгiн ескере отырып, техникалық және кәсiптiк бiлiмi бар кадрларды даярлау — 1 190 адам немесе 100% қамтылған.

- екiншi бағыты бойынша «Жаппай кәсiпкерлiктi дамыту» кәсiпкерлiк негiздерiне оқытумен «Бастау бизнес» жобасы бойынша 1927 адамды қамту жоспарланған. 2019 жылдың 1 қаңтарына 3,7 млрд. теңгеге 923 шағын несие берiлдi.

- үшiншi бағыты бойынша «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы еңбек нарығын дамыту және еңбек ресурстарының ұтқырлығы» (жастар тәжiрибесiмен, әлеуметтiк жұмыс орындарымен) — 3 401 адам жұмыспен қамту қажет. 2018 жылдың қаңтар- желтоқсан айылар бойынша жастар тәжiрибесiне — 733 адам (жоспар — 577); әлеуметтiк жұмыс орындарға — 809 адам (жоспар — 586); ақылы қоғамдық жұмыстарға — 2817 адам (жоспар — 2238).

2018 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 733 адам (жоспар -577), әлеуметтiк жұмыс орындарына — 809 адам (жоспар -586), ақылы қоғамдық жұмыстарға — 2817 адам (жоспар-2238) жiберiлдi.

2018 жылы облыстық бюджет қаражаты есебiнен Сандықтау ауданы Балкашино ауылында 200 орындық, Целиноград ауданы Қаражар ауылында 120 орындық мектептiң құрылысы аяқталды. Соның iшiнде облыс орталығына 900 орындық IТ — мектеп және Көкшетау қаласындағы №18 ОМЛ 420 орындық қосымша құрылыс есебiнен.

Денсаулық сақтау саласында Атбасар, Целиноград және Шортанды аудандарында дәрiгерлiк амбулаториялардың, Көкшетау қаласындағы онкологиялық емхананың, Аршалы ауданындағы медициналық пункттiң құрылысы қарастырылған.

Мектепке дейiнгi ұйымдардың саны — 615 бiрлiк, оның iшiнде 241 бала бақшалар (оның iшiнде мемлекеттiк-138, жеке меншiк — 103) және 374 шағын орталықтар. Балаларды тасымалдау 234 елдi мекеннен жүзеге асырылады.

2019 жылдың 1 қаңтарына 3 жастан 6 жасқа дейiнгi балаларды мектепке дейiнгi мекемелермен қамту 99%, 1 жастан 6 жасқа дейiнгi балаларды қамту 67,4% құрады.

Қамтудың жоғары көрсеткiштерi (1-6 жастағы балалар) Сандықтау (87,6%), Ерейментау (82,2%), Есiл (80,1%) аудандарында, Степногорск қаласында (82,9%), неғұрлым төмендеу — Көкшетау қаласында (57,8%), Атбасар (57,3%), Егiндiкөл (57,7%) аудандарында байқалды.

Денсаулық сақтау саласында 2018 жылғы қаңтар — желтоқсанда туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткiшi 12,6% — ға (100 мың тұрғынға шаққанда 64,9-дан 56,7-ге дейiн) төмендедi (100 мың адамға шаққанда 1510,5-тен 2875,3-ке дейiн), қан айналымы жүйесi ауруларымен 90,4% — ға (100 мың адамға шаққанда 1510,5-тен 2875,3-ке дейiн) ұлғайды.

Қан айналымы жүйесi ауруларынан болатын өлiм — жiтiм көрсеткiшi 24,1% — ға (100 мың адамға шаққанда 272,62-ден 206,77-ге дейiн), қатерлi iсiктерден-10,5% — ға (100 мың адамға шаққанда 121,69-дан 108,94-ке дейiн) төмендедi. 2018ж. 01.12. деректер бойынша.

Нәрестелер өлiмiнiң көрсеткiшi 15,4% — ға төмендедi (1000 тiрi туылғандарға шаққанда 7,8-ден 6,6-ға дейiн). Бала туу 1,8% төмендедi (1000 адамға шаққанда 16,9-дан 16,6-ға дейiн).

4 ана өлiмiнiң жағдайы тiркелдi 1.Көкшетау қ. және 3 аудандарында

(1 Жарқайын, 1 Аршалы және 1 Бұланды ).

Денсаулық сақтаудың күрделi шығындарына 1923,3 млн.теңге бөлiндi, оның iшiнде медициналық ұйымдарды жарақтандыруға — 1286,4 млн. теңге, күрделi жөндеуге — 636,9 млн. теңге.

Мемлекеттік рәміздері

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн