Ақмола облысының 2017 жылғы қаңтар-желтоқсандағы әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы ақпарат

1. Экономика

Өнеркәсiпте өндiрiс көлемi 545,5 млрд. теңгенi құрды. Тауар өнiмiнiң НКИ — 100,2%.

Тау-кен өндiру өнеркәсiбiнде нақты көлем индексi 94,7% құрады.

Төмендеу қиыршық тас өндiрудiң 13,5% кемуiмен байланысты. Тас көмiр барлаудың көлемi 1,9 есеге ұлғайды.

Өңдеу өнеркәсiбiнде нақты көлем индексi 101% құрады.

Азық-түлiк өндiрiсiнде (НКИ-112,9%) өткен жылмен салыстырғанда (заттай көрiнiсте) ет және сорпалық тағамдық азық-түлiктер 22,5%, өсiмдiк майы 69,1%, ұн 12% өстi. Өңделген сүт өндiрiсi және кiлегей 37,7% — ға, сары май — 6,1% — ға төмендедi.

Сусындар өндiрiсi саласында (НКИ-71,5%) алкогольсiз сусындар өндiрiсi 14,7% — ға, арақ 29,9% -ға төмендегенi байқалады.

Химия өнеркәсiбiнде (НКИ-110,8%) пестицидтер өндiрiсi 12,5%-ға өстi. Күкiрт қышқылының өндiрiсi 136,7 мың тоннаны құрады, өткен жылымен салыстырғанда төмендеу 2%.

Резеңке және пластмасса өнiмдерi өндiрiсiнде (НКИ 49,8%) пластмасстан жасалған фитинг және құбырлар өндiрiсi 5,1 есеге төмендедi (2016 жылдың желтоқсан айында «Арыстан» СҚЗ» ЖШС кәсiпорнының қызметi тоқтатылған).

Машина жасау саласында (НКИ 116,7) подшипниктер, 34,5%-ға, жүк автомобильдер өндiрiсi 33,6%-ға өстi.

Басқа да металл емес минералды өнiмдер өндiрiсi саласында (НКИ 120,5%) керамикалық кiрпiш өндiрiсi көлемдерiнiң 4,8%-ға өстi.

Металлургия саласында (НКИ 101,3%) өңделмеген және жартылай өңделген алтын өндiру көлемiнiң 3,2% ұлғаюы байқалады, бұл «Altyntau Kokshetau» АҚ қызметiне байланысты.

«СТКХК» ЖШС табиғи уранның химиялық концентратты өңдеу көлемi 1 967 тоннаны құрады (2016 жылы салыстырғанда 18,9% төмендеген).

ИИДМБ шеңберiнде 2010-2016 жылдар аралығында 254,2 млрд. теңге сомасына 79 жоба жүзеге асырылды, 7,9 мың тұрақты жұмыс орындары құрылды.

Ауыл-шаруашылық жалпы өнiмнiң көлемi 383 млрд. теңге, нақты көлемнiң индексi — 2016 жылдың деңгейiне 100,1% құрады.

Өсiмдiк шаруашылығы. Дәндi және дәндi бұршақты дақылдардан жалпы түсiмi 5281,4 мың тоннаны құрады, орташа шығарылымы — 12,2 ц/га, картоп — 281,1 мың тонна (153,6 ц/га) көкөнiстер — 60,8 мың тонна (141,5 ц/га).

Майлы дақылдарды жинау 257,2 мың га шабылды. Майлы дақылдардан жалпы жиналым 206,1 мың тонна құрайды, орташа өнiмдiлiгi — 8,0 ц/га

2018 жылдың астық жинаудан 675,7 мың га жер өңделдi.

Сүдiгер жырту 1038,1 мың га жыртылды, ол көзделген алқаптың 131,4% құрайды.

Облыста дайындалған пiшеннiң көлемi 1126,3 мың тоннаны немесе жылдық қажеттi мөлшердiң 100,7%-ын құрайды.

Мал шаруашылығы. Шаруашылықтардың барлық санаттарымен тiрi салмақта 103,3 мың тонна ет (2016 жылдың деңгейiне 6,9%-ға өсiм), 383,8 мың тонна сүт (2016 жылдың деңгейiне 1,8%-ға өсiм), 793,6 млн.дана жұмыртқа (2016 жылдың деңгейiне 8,4 %-ға төмендеу) өндiрiлдi.

IҚМ басының саны 1,4% %-ға өстi (399,3 мың басты құрайды ), оның iшiнде сиыр — 0,3%-ға, шошқа — 4,7% -ға (116,1 мың басқа), құстар саны 116,4% дейiн (5,8 млн. голов) Жылқының саны — 2,4% ға (160,7 мың бас), қой мен ешкi — 0,8% ға (515,3 мың бас), дейiн азайды.

Астана қ. азық-түлiк белдiгiнiң аясында 2017 жылы 10,9 млрд. теңгенiң 12 жобасы жүзеге асырылды.

Облыстың ауыл шаруашылығы құрырылымдары астана базарына (01.01.2018ж. жағдайына) 102 мың тонна сүт өнiмдерiн (2016 жылдың деңгейiне 8,5% — өсiммен), 25,5 мың тонна ет және ет өнiмдерiн (2016 жылдың деңгейiне 14,8% өсiммен), 243 млн. дана жұмыртқа (2016 жылдың деңгейiне 9,3% өсiммен) жеткiздi.

2017 жылы қаңтар-желтоқсан айларының қорытындысы бойынша экономиканы дамытуға 257 млрд. теңге қаржы жұмсалған, бұл 2016 жылдың деңгейiнен 6,1% артық.

Инвестиция құрылымының ең үлкен үлесiн кәсiпорындардың меншiктi қаражаты 42,2% және дербес салушылар құрап, олардың есебiнен 108,6 млрд. теңге игерiлген.

Республикалық бюджеттiң үлесi игерiлген инвестиция мөлшерiнiң 35% немесе 90 млрд. теңгенi құрады, ол жергiлiктi бюджеттiң — 5,9%, 15,1 млрд. теңге игерiлген. Банктердiң несиелерiнiң үлесi инвестицияның жалпы мөлшерiнде 7,1% құрайды, басқа қарыз қаржысының үлесi — 9,8%.

Сыртқы инвестициялардың көлемi 14,9 млрд. теңге құрады.

2017 жылы сумен жабдықтау және су бұру жүйесiн дамытуды жүзеге асыруға бюджеттен 9,6 млрд. теңге, оның iшiнде "Нұрлы жол" мемлекеттiк бағдарлама шеңберiнде 1,4 млрд. теңге бөлiндi, 2020 жылға дейiн өңiрлердi дамытуға — 8,2 млрд. теңге. Қаражаттар 10 құрылысқа және 16 объектiнi қайта жаңартуға (6,9 млрд. теңге) жiберiлдi, ЖСҚ әзiрлеу бойынша 5 жобаға (69 млн. теңге), 6 объектiнiң ағымдағы жөндеуiне (0,6 млрд. теңге) және iздестiру-барлау жұмыстарына (0,6 млрд. теңге).

607 ауылды елдi мекеннiң 357 елдi мекенiн орталықтандырылған сумен қамтуға (58,8%), орталықтандырылмаған сумен — 228 елдi мекендi (37,6%). Тасмалдап жеткiзiлетiн су 22 елдi мекендерде (3,6%).

Құрылыс жұмыстарының көлемi 121,5 млрд.теңге немесе 2016 жылдың деңгейiнiң 115,9% құрады.

Тұрғын үй құрылысы.

2017 жылдың қаңтар-желтоқсан айы аралығында 426,4 мың м2 пайдалануға енгiзiлген, бұл 2016 жылдың деңгейiнiң 116,9% құрады.

Кәсiпкерлiктi дамыту. Облыста 41,7 мың бiрлiк белсендi шағын және орта кәсiпкерлiк (бұдан әрi — ШОБ) субъектiлерi бар, оның iшiнде шағын бизнестiң заңды тұлғалары 6,4 мың; орта бизнестiң заңды тұлғалары 114; жеке кәсiпкерлер — 31 мың; шаруа қожалықтары (фермер қожалықтары) 4,1 мың.

(2010 жылдан 2018 жылдың 1 қаңтарына) iске асыру кезеңiнде «Бизнестiң Жол картасы-2020» бағдарламасының барлық бағыттары бойынша Өңiрлiк үйлестiру кеңесi қолдауын тапқан 111,7 млрд. теңгенi 808 жобасын несие сомасы қолдады.

2017 жылы жеке кәсiпкерлiктi қолдау үшiн бюджеттен 5,6 млрд. теңге бөлiндi, оның 5,4 млрд. теңгесi немесе 97% игерiлдi.

Тұтыну бағасының индексi (2017ж. желтоқсаны 2016ж. желтоқсанына) 107,1% құрады, оның iшiнде азық-түлiк тауарларына — 107%, азық-түлiк емес тауарларына — 108,8%, ақылы қызметтер — 105,4%.

2017 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында орташа айлық жалақы 2016 жылғы деңгейге 6,9%-ға өстi және 108,1 мың теңгенi құрады.

Салықтар және бюджет. Мемлекеттiк бюджетке 134 млрд. теңге немесе болжамды жоспардың 102,3% сомасы түстi, соның iшiнде республикалық бюджетке — 72,8 млрд. теңге (болжамның 100,9%), жергiлiктi бюджетке — 61,2 млрд. теңге (болжамның 104%).

2. Әлеуметтiк сала

2017 жыл бойынша экономика салаларында 12 239 жаңа жұмыс орындары пайда болды, олардың 6 913 — тұрақты.

Жұмыспен қамту қызметi арқылы 19 677 адам жұмысқа орналастырылды, бұл өтiнiш бiлдiргендер санының 92,3% құрайды.

Қоғамдық жұмыстарға 2 795 адам жiберiлдi.

Барлық қаржыландыру көздерiнен 3 486 аз-қамтылған азаматтарға 103 673,2 мың теңге сомасында әлеуметтiк көмек көрсетiлдi.

Жұмыс iздеу клубтарының семинарлық оқуларына 1 411 адам қатысты, олардың iшiнде тұрақты және уақытша жұмысқа 1 086 адам (77,0%) орналастырылды.

Бос жұмыс орындарының 73 жәрмеңкесi өткiзiлдi, аталған жәрмеңкеде 2 992 бос жұмыс орны ұсынылды, нәтижесiнде 403 адам жұмысқа орналастырылды.

2017-2021 жылдарға арналған нәтижелi жұмыспен қамтудың және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудыңмемлекеттiк бағдарламасы шеңберiнде келесi iс-шаралар жоспарланған:

-бiрiншi: «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсiптiк бiлiммен және қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқумен қамтамасыз ету» бағыты бойынша 6 261 адамды оқытуға жолдау қажет (еңбек нарығының қажеттiлiктерiн ескере отырып, техникалық және кәсiптiк бiлiмi бар кадрларды даярлау — 1 190 адам (әкiмшiсi — Бiлiм басқармасы), жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсiптер және дағдылар бойынша қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқыту — 5 040 адам (әкiмшiсi — Жұмыспен қамтуды және әлеуметтiк бағдарламаларды үйлестiру басқармасы), кәсiптiк даярлауға оқытуды аяқтау 2013 жылы БМ арқылы және 2016 ДСӘДМ жылы «ЖҚЖК-2020» бағдарламасы арқылы бағытталған — жоспар 31 адам (әкiмшiсi — Жұмыспен қамтуды және әлеуметтiк бағдарламаларды үйлестiру басқармасы). 2017 жыл бойынша қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқытуға 5 118 адам, олардың iшiнде 4 801 аяқтаған.

- екiншi: «Жаппай кәсiпкерлiктi дамыту» бағыты бойынша бағдарламаға қатысушыларды «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсiпкерлiк негiздерiне 938 адам немесе 100% оқытуды аяқтаған.

Сондай-ақ, жалпы сомасы 2,4 млрд. теңгенiң 464 қатысушысына микрокредит берiлдi.

- үшiншi «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы еңбек нарығын дамыту және еңбек ресурстарының ұтқырлығы» бағыты бойынша (жастар тәжiрибесiмен, әлеуметтiк жұмыс орындарымен, оралмандарды көшуге субсидиялау, 14 инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебiнен жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша (денсаулық — 1, әлеуметтiк қорғау — 13)  — 195 адамды жұмысқа орналастыруды жоспарлау, соның iшiнде жұмыспен қамту орталықтары арқылы 100 адам) — 3 512 адам жұмыспен қамту қажет. 2017 жыл бойынша жастар тәжiрибесiне — 731 адамды (олардың iшiнде 2017 ж. жиналғаны 644 адам, 87 адам 2016 ж. жалғастырушы), немесе 129,6%; әлеуметтiк жұмыс орындарға — 704 адам (олардың iшiнде 2017 ж. жиналғаны 593 адам, 111 адам 2016 ж. жалғастырушы), немесе 129,2%; ақылы қоғамдық жұмыстарға — 2 795 адам, немесе 109,6% жлданды.

Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебiнен жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша 2018 жылдың 1 қаңтардағы жағдайы бойынша 185 адам жұмысқа орналастырылды, оның iшiнде Жұмыспен қамту орталығы бойынша 98 адам жұмысқа орналастырылды.

ҚР бiлiм берудi дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы бойынша 2 балабақшаның (Көкшетау қ), 2 400 орындық 7 мектептердiң құрылысы (Көкшетау қ, Бурабай, Бiржан сал, Сандыктау, Целиноград ауданы (3 нысан), 2 жапсарлас құрылыс (420 орындық мектепке және Көкшетау қаласының мәдениет колледждiң оқу корпусына), Көкшетау қ. Краснояр тас жолы бойында тұрған оқу-тәрбиелiк кешенiнiң құрылысына, мектеп-интернат ғимаратын қайта жабдықтауға (Қорғалжын ауданы), оқу корпусы ғимаратының құрылысына, мектебiнiң спорт залын құрылысына (Зерендi ауданы) қарастырылған. Целиноград ауданындағы 120 орынға арналған 1 мектептiң және орта мектеп ғимаратының екi қабатты блогының (Буланды ауданы) құрылысы аяқталды. Қалған нысандар 2018 жылға ауыстырылды.

Бурабай ауданында дәрiгерлiк емхананың құрылысы аяқталды.

Мектепке дейiнгi ұйымдар — 600 бiрлiк, соның iшiнде 226 балабақша және 374 мектепке дейiнгi шағын орталықтар (соның iшiнде  — мемлекеттiк 140, жекеменшiктiк — 86.) 239 елдi мекеннен оқушыларды мектепке тасымалдау жүзеге асырылады.

2018 жылдың 1 қантарына мектепке дейiнгi тәрбиемен және оқытумен қамтылған 3-6 жас аралығындағылар бойынша 97,7%, 1-6 жас аралығындағылар бойынша 66,4%.

Денсаулық сақтау саласында медициналық ұйымдардың жабдықталу деңгейi 58,4% құрайды (ФАП-тер — 49,13%, дәрiгерлiк амбулаториялар — 52,12%).

Туберкуллезбен сырқаттану көрсеткiшi 8,0%-ға (100 мың адамға шаққанда 70,6-дан 64,9-ке дейiн), қан айналымы жүйесiнiң сырқаттану деңгейi 26,5%-ға (100 мың адамға шаққанда 2056,5-ден 1510,5-ке дейiн) төмендедi. Қан айналымы жүйесiнiң сырқатының өлу деңгейi 2,8%-ға (100 мың адамға шаққанда 247,67-ден 240,7-ға дейiн) төмендедi.

Денсаулық сақтау саласының күрделi шығындары 2864,2 млн. теңгенi құрады, оның iшiнде медициналық ұйымдарды жарақтандыруға — 1796,9 млн. теңге, күрделi жөндеулерге 1067,3 млн. теңге қарастырылған, соның iшiнде Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламасы шеңберiнде — 221,3 млн. теңге бөлiнген.

Мемлекеттік рәміздері
egov.kz
мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн