Ақмола облысының 2019 жылғы қаңтар-тамыздағы әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы ақпарат

1. Экономика

Өнеркәсiпте өндiрiс көлемi 484,9 млрд. теңгенi құрды. Тауар өнiмнiң НКИ — 102,9%.

Тау-кен өнеркәсiбiнде нақты көлем индексi 116,1% құрады.

Өсiм құрамында алтын бар кен өндiру көлемiнiң 19,4% — ға, мыс кенiнiң 16,2% — ға артуымен байланысты.

Өңдеу өнеркәсiбiнде нақты көлем индексi 100,6% құрды.

Азық-түлiк өндiрiсiнде (НКИ 115,6%) өткен жылдан бастап құс ет өндiру (заттай көрiнiсте) 3,3 есеге ұлғайды, сүт 7,7%-ға, сүт өнiмдерi — 8%-ға, ұн 16,5% — ға өстi.

Сусындар өндiрiсi саласында (НКИ 73,5%) минералды су өндiрiсi 18,5% — ға, алкогольсiз сусындар — 34,4% — ға және арақ өндiрiсi 30,4%-ға төмендедi.

Химия өнеркәсiбiнде (НКИ 70,1%) пестицидтер өндiрiсi көлемiнiң 38,4% — ға төмендеуi байқалады.

Резеңке және пластмасса бұйымдары өндiрiсiнде (НКИ 147,4%) полиэтилен пакеттерi мен қаптарды шығару 12,3 есеге ұлғайды.

Машина жасау саласында (НКИ 103,3%) подшипниктер өндiрiсiнiң көлемi 21,1% — ға өстi, жүк автомобильдерiнiң көлемi 66,1% — ға көтерiлдi.

Металлургия саласында (НКИ 99,8%) өңделмеген алтын өндiру бойынша 4% — ға төмендеу байқалды, бұл «Altyntau Kokshetau» АҚ қызметiмен байланысты.

Ауыл-шаруашылық жалпы өнiмнiң көлемi 137,3 млрд. теңге, нақты көлемнiң индексi — 2018 жылдың деңгейiне 115,8% құрады.

Өсiмдiк шаруашылығы. Ағымдағы жылы жаздық егiс 4,8 млн. га алаңда жүргiзiлдi, оның iшiнде дәндi және дәндi — бұршақты дақылдар — 4,3 млн. га.

Майлы дақылдарды егу 260,5 мың га, картоп 17,4 мың га, көкөнiс 3,8 мың га алқапта жүргiзiлдi.

Жаздық жем-шөп дақылдарын 178,2 мың га. алаңында отырғызылды. Жалпы алғанда өткен жылдардағы көп жылдық шөп жемшөптердi ескере отырып, облыс бойынша жалпы алаңы 677,1 мың га. құрады.

Қазiргi уақытта облыс АШТӨ егiн жинауға кiрiстi. 16 қыркүйектегi жағдай бойынша 1251,6 мың га алқапта дәндi дақылдар жиналды, оның 1227,6 мың га бастырылды немесе жалпы егiн жинау алаңының 28%.

1139,9 мың тонна шөп дайындалды немесе белгiленген жоспарға 102,3% (жоспар — 1114 мың тонна).

Мал шаруашылығы. Шаруашылықтардың барлық санаттарымен тiрi салмақта 89,9 мың тонна ет (былтырғы жылдың сәйкес кезеңiне 30,3%-ға өсiм), 277,6 мың тонна сүт (3,1%-ға өсiм), 593 млн.дана жұмыртқа (1,2%-ға төмендеу) өндiрiлдi.

IҚМ басының саны 5,1%-ға өстi (463 мың басты құрайды), оның iшiнде сиыр — 6,1%-ға (219,8 мың бас), қой мен ешкiнiң — 1,3%-ға (578,5 мың бас), жылқы — 8,7%-ға (201,6 мың бас), құстар — 26,4%-ға (8,3 млн. бас). Шошқалар саны 6,1%-ға (109,3 мың басқа дейiн) азайды.

Ағымдағы жылы Нұр-Сұлтан қ. маңындағы азық-түлiк белдеуi аясында 10,7 млрд.теңгенiң 10 жобасы iске асырылуда.

Облыстың ауылшаруашылық тауар өндiрушiлерiмен астана базарларына (06.09.2019 ж.) 94 мың тонна сүт өнiмдерi (2018 жылғы ұқсас кезеңiне өсiм 7%), 19,2 мың тонна ет өнiмдерi (2018 жылғы ұқсас кезеңiне өсiм 8,6%), 193,6 млн. дана жұмыртқа (2018 жылғы ұқсас кезеңiне өсiм 10,1%) жеткiзiлдi.

2019 жылдың қаңтар-шiлде айының қорытындысы бойынша экономиканы дамытуға 180,8 млрд. теңге қаржы жұмсалған, немесе 2018 жылдың деңгейiне 103,0% құрады.

Инвестиция құрылымында ең үлкен үлесi кәсiпорындардың меншiктi қаражатына және дербес салушылар 64,5% болады, олардың есебiнен 116,7 млрд. теңге, республикалық мен жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты — 17,9% немесе 32,3 млрд. теңге құрады. Банктердiң несиелерiнiң үлесi инвестицияның жалпы мөлшерiнде 9,9% құрайды, басқа қарыз қаржысының үлесi — 7,7%.

2019 жылы сумен жабдықтау және су бұру жүйесiн дамыту жүзеге асыруға 17,3 млрд. теңге бөлiндi. Қаражаттар 13 жобалардың құрылысына (4,6 млрд.тенге) және 27 жобаның қайта жаңартуға (7,1 млрд.теңге), 6 жобаға ЖСҚ әзiрлеу (78,7 млн.теңге), iздестiру-барлау жұмыстары — (770 млн.теңге), РБ кредиттер (4,6 млрд. теңге) бағытталды, 2 ағымдағы жондеу (131,3 млн.теңге).

601 елдi мекеннiң 357 АЕМ-нде орталықтандырылған сумен жабдықтау (59,4%), орталықтандырылмаған су — 224 АЕМ-нде (37,3%). Жеткiзiлетiн су 20 АЕМ-нде (3,3%).

Құрылыс жұмыстарының көлемi 70,5 млрд.теңге немесе 2018 жылдың деңгейiне 100,3 % құрады.

Тұрғын үй құрылысы.

2019 жылдың қаңтар-мамыр айында 356,2 мың м2 енгiзiлген, бұл 2018 жылдың деңгейiне 104,4% арттық.

Мемлекеттiк — жеке меншiк.

Облыста мемлекеттiк — жеке меншiк әрiптестiк тетiгi арқылы 48 жоба iске асырылуда (бiлiм беру саласында — 36, денсаулық сақтау саласында — 4, тұрғын үй құрылысы саласында — 3, көлiк саласында — 2, энергетика саласында — 2, табиғат қорғау саласында-1,

Оның iшiнде құны 264,6 млрд.теңге болатын 40 жоба бойынша жеке серiктестермен шарттарға қол қойылды, 4,2 млрд. теңгеге мемлекеттiк мiндеттемелер қабылданды.

2 жоба бойынша құжаттама әзiрлендi және конкурстар жарияланды, 6 жоба жоспарлау сатысында.

Кәсiпкерлiктi дамыту. Облыста жұмыс iстеп тұрған шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң саны 47 020 бiрлiктi құрайды, оның iшiнде шағын кәсiпкерлiктiң заңды тұлғалары — 7 502 бiрлiк; орта кәсiпкерлiктiң заңды тұлғалары — 111 бiрлiк; жеке кәсiпкерлер — 33 999; шаруа (фермер қожалықтары) — 5 408 бiрлiк.

Iске асыру кезеңiнде (2010 жылдан бастап) «Бизнестiң жол картасы-2020» ағдарламасының барлық бағыттары бойынша 131,8 млрд.теңге кредит сомасына 1 003 жоба мақұлданды.

2019 жылы Бағдарламаны iске асыруға 2,6 млрд.теңге бөлiндi, 71,5% игерiлдi.

Тұтыну бағаларының индексi (2019 жылғы тамыз 2018 жылғы желтоқсанға) 102,6% құрады, оның iшiнде азық — түлiк тауарларына — 106,1%, азық — түлiк емес тауарларға — 102,6%, халыққа көрсетiлген ақылы қызметтерге — 98,4%.

2018 жылғы қаңтар-маусымда орташа айлық жалақы 2018 жылға 14,1% — ға өстi және 131,7 мың теңгенi құрады.

Салық және бюджет. Мемлекеттiк бюджетке 111,1 млрд.теңге салықтар мен мiндеттi төлемдер түстi немесе болжамға 102%, оның iшiнде республикалық бюджетке — 65,7 млрд. теңге (болжамға 100%), жергiлiктi бюджетке — 45,3 млрд. теңге (болжамға 105,1%).

2. Әлеуметтiк сала

2019 жылдың қаңтар — тамыз айлар бойынша экономика салаларында 9433 жаңа жұмыс орындары пайда болды, олардың 5851 — тұрақты.

Жұмыспен қамту қызметi арқылы 11027 адамды жұмысқа орналастырылды, бұл өтiнiш бiлдiргендер санының 75,8% құрады. Жұмыс iздеу клубтарының семинарлық оқуларына 1240 адам қатысты, олардың iшiнде тұрақты және уақытша жұмысқа 1115 адам (89,9%) жұмысқа орналастырылды.

Бос жұмыс орындарының 61 жәрмеңкесi өткiзiлдi, осы жәрмеңкеде 2735 бос жұмыс орны ұсынылды, нәтижесiнде 2735 адам жұмысқа, оның iшiнде жұмыс орнына 235 адам жұмысқа орналастырылды.

2017-2021 жылдарға нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың «Енбек» бағдарламасының шеңберiнде келесi iс-шаралар жоспарланған:

-бiрiншi бағыты бойынша «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсiптiк бiлiммен және қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқумен қамтамасыз ету» 3 680 адам оқытуға жолдау жоспарланған (еңбек нарығының қажеттiлiктерiн ескере отырып, техникалық және кәсiптiк бiлiмi бар кадрларды даярлау — 1 190 адам (әкiмшiсi Бiлiм басқармасы), жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсiптер және дағдылар бойынша қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқыту — 2490 адам). 1 қыркүйек 2019 жылдың қорытындысы бойынша қысқа мерзiмде кәсiптiк оқумен 1822 адам қамтылды.

- екiншi бағыты бойынша «Жаппай кәсiпкерлiктi дамыту» бағдарламаға аясында жұмыспен қамту шараларымен 3369 адам, соның iшiнде:

- «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсiпкерлiк негiздерiне оқытумен 1270 адамды қамтылады. 1 қыркүйек 2019 жылдың қорытындысы бойынша 1478 адам оқу өттi.

- ауылдағы және қалалардағы кәсiпкерлiк бастамаларды қолдау мақсатында, 956 азаматқа 4 млрд. теңге сомасына несие берiлдi, 1 қыркүйек 2019 жылдың 555 микрокредит алынды;

- жаңа бизнес-идеяларды iске асыруға 463,6 млн. теңге сомасында 1143 грант беру. 1 қыркүйек 2019 жылдың 491 адам грант алды.

- үшiншi бағыты бойынша «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы еңбек нарығын дамыту және еңбек ресурстарының ұтқырлығы» (жастар тәжiрибесiмен, әлеуметтiк жұмыс орындарымен) — 2983 адам жұмыспен қамту қажет.

2019 жылдың қаңтар- маусым айылар бойынша жастар тәжiрибесiне — 718 адам (жоспар — 700); әлеуметтiк жұмыс орындарға — 656 адам (жоспар — 538); ақылы қоғамдық жұмыстарға — 1887 адам (жоспар — 1745).

Мектепке дейiнгi ұйым — 614 бiрлiк, соның iшiнде 240 балабақша және 374 мектепке дейiнгi шағын орталық (соның iшiнде  — мемлекеттiк 136, жеке– 104.) 234 елдi мекенiнен тасымалдау жүзеге асырылады.

2019 жылдың 1 шiлдегi мектепке дейiнгi тәрбиемен және оқытумен 3-6 жас аралығы бойынша 99,0% , 1-6 жас аралығы бойынша 67,4%.

2019 жылғы Шортанды аудандарында және Көкшетау қаласында 3 балабақша, Бурабай, Бұланды, Целиноград (4 объектi) аудандарында және Көкшетау қ. 6 мектептердiң, мәдениет колледжiнiң мен мектептердiң 3 оқу корпустарына Көкшетау қ. (№1, №6, №13) жапсаржайлардын салу, Бұланды ауданы Алтынды орта мектебiнiң реконструкциялау көзделген.

Денсаулық сақтау саласында 2019 жылдың тамыз айында туберкулезбен ауыру көрсеткiшi 11,1% -ға (100 мың адамға 37,9-дан 33,7-ге дейiн) төмендедi, қан айналу жүйесiнiң ауруларымен ауыру деңгейi 32,1%-ға (100 мың адамға 1705,5-тен 2252,3-ке дейiн) өстi.

Жалпы өлiм 2,3% -ға (1000 адамға 10,37-ден 10,13-ке дейiн) төмендедi, қан айналым жүйесiнiң ауруларынан өлiм деңгейi 11,3% -ға (100 мың тұрғынға шаққанда 222,5-тен 197,3-ке дейiн) төмендедi, жазатайым жағдайдан, уланудан және жарақаттан 6,6% -ға (100 мың тұрғынға шаққанда 90,9-дан 84,9-ға дейiн) қатерлi iсiктерден болатын өлiм 1,8-ға (100 мың тұрғынға 112,5-тен 114,5-ке дейiн өстi (01.08.19 жағдай бойынша Статистика комитетiнiң деректерi).

Нәресте өлiмi 19,1% -ға (1000 тiрi туғанға 6,8-ден 8,1-ге дейiн) өстi. Бала туу көрсеткiшi 0,4%-ға төмендедi (1000 адамға шаққанда 10,37-ден 10,13-ке дейiн).

Денсаулық сақтаудың күрделi шығыстары үшiн 2019 жылы 2,7 млрд. теңге бөлiндi, оның iшiнде медициналық ұйымдарды жабдықтау үшiн — 2,1 млрд. теңге, күрделi жөндеуге — 0,6 млрд. теңге.

Атбасар, Целиноград мен Шортанды аудандарында дәрiгерлiк амбулаториялардың, Көкшетау қ. онкологиялық емхананың құрылыс жүргiзiлуде, Аршалы ауданында медициналық пункт пайдалануға берiлдi.

Мемлекеттік рәміздері

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн