Ақмола облысының 2017 жылғы қаңтар-тамыздағы әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы ақпарат

1. Экономика

Өнеркәсiпте өндiрiс көлемi 341,3 млрд. теңгенi құрды. Тауар өнiмнiң НКИ — 100,1%.

Тау-кен өндiру өнеркәсiбiнде нақты көлем индексi 91,8% құрады.

Өңдеу өнеркәсiбiнде нақты көлем индексi 100,3% құрды.

Азық-түлiк өндiрiсiнде НКИ-117,0% құрады өткен жылдың кезеңiмен салыстырғанда (заттай көрiнiсте) ет және сорпалық тағамдық азық-түлiктер 42,1%, өсiмдiк майы 80,1%, ұн 22,2% өстi.

Машина жасау саласында НКИ 120,0% құрады жетекшi кәсiпорындары болып «ЕПК Степногорск» (темiржол жылжымалы құрамға арналған подшипниктер өндiру), «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ (КАМАЗ жүк автомобильдерiн жинау), «Қамқор-Локомотив» ЖШС филиалының Атбасар электорвоздарды жөндеу зауыты (электровоздарды күрделi жөндеу) табылады.

Өсу келесi кәсiпорын бойынша байқалады:

«Қамқор-Локомотив» ЖШС АЭЖЗ филиалы бойынша ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларында тауарлық өнiм көлемi 4862,3 млн. теңге немесе өткен жылдың салыстырмалы кезеңiне 167,3% құрды;

«ЕПК Степногорск» АҚ (подшипниктер-27,9%-ға);

«КАМАЗ-Инжиниринг» (жүк автомобильдер-1,0%-ға).

Металлургия саласында (НКИ 100,4%) өңделмеген және жартылай өңделген алтын өндiру көлемiнiң 9,4% ұлғаюы байқалады, бұл «Altyntau Kokshetau» АҚ қызметiне байланысты.

«СТКХК» ЖШС табиғи уранның химиялық концентратты өңдеу көлемi 1077 тоннаны құрады (2016 жылдың салыстырмалы кезеңiне 42,7% төмендеген).

ИИДМБ шеңберiнде (2010-2016 жылдар бойы) iске асыру кезеңiде 160,5 млрд. теңге сомасына 74 жоба жүзеге асырылды, 7 мың тұрақты жұмыс орындары құрылды.

Ауыл-шаруашылық жалпы өнiмнiң көлемi 107,5 млрд. теңге, нақты көлемнiң индексi — 2016 жылдың деңгейiне 101,4% құрады.

Өсiмдiк шаруашылығы. 2017 жылы облыс бойынша 4,7 млн га алқапқа жаздық егiс жұмыстары жүргiзiлдi, соның iшiнде 4,3 млн.га алқапты дәндi және дәндi-бұршақты дақылдар алып жатыр.

2017 жылы 257,2 мың га алқапқа майлы дақылдарды себiлдi. Мал азықтық дақылдардың жаздық егiсiн 147,4 мың га алқапқа жүргiзiлдi. Жалпы, өткен жылдардағы көпжылдық шөптердi есепке алғанда мал азығы дақылдары алқабының жалпы ауданы 609,6 мың га-ды құрайды.

Сондай-ақ, 2017 жылы 18,3 мың га жерге картоп отырғызылды. Көкөнiстер отырғызылатын алқаптың жалпы ауданы 4,3 мың га-ды құрайды.

Мал шаруашылығы. Шаруашылықтардың барлық санаттарымен тiрi салмақта 66,4 мың тонна ет (өткен жылдың деңгейiне 8,5%-ға өсiм), 267,2 мың тонна сүт (2,4%-ға өсiм), 506,8 млн.дана жұмыртқа (1,5%-ға өсiм) өндiрiлдi.

IҚМ басының саны 0,6%-ға өстi (434,8 мың бас құрады), оның iшiнде сиыр —

(204,0 мың бас), жылқы өсiмi — 5,7%-ға (177,4 мың бас), қой мен ешкi басы 0,9%-ға төмендедi (577,5 мың бас), шошқалар өсiмi — 1%-ды құрады (124,1 мың бас), құс өсiмi  — 10,2%-ды құрады (5,8 млн. бас) дейiн өстi.

Мал шаруашылығы саласын дамытудың кредиттiк бағдарламаларын iске асыру шеңберiнде ағымдағы жылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 294 бас IҚМ, «Алтын Асық» — 1730 бас, «Құлан»- 986 бас сатып алынды.

Астана қ. азық-түлiк белдiгiнiң аясында 11,4 млрд. теңгеге 12 жоба жүзеге асырылып жатыр, соның iшiнде: 4 — астық қоймалар 4,4 млрд. теңгеге, 1- сүт өндiрiсi 2,2 млрд. теңгеге, 3 — жылыжый кешенiң 0,9 млрд. теңгеге, 3-диiрмен кешенi 3,1 млрд. теңгеге, 1- өсiмдiк май өндiру 0,8 млрд. теңгеге. Қазiргi уақытта 4,9 млрд. теңге 4 жоба жүзеге асырылған.

Облыстың ауыл шаруашылық құрырылымдары (ағымдағы жылдың 10

қыркүйегiне) астана базарына 65,4 мың тонна сүт өнiмдерiн (2016 жылдың деңгейiне 9,2% өсiм), 16,3 мың тонна ет өнiмдерiн (8,4% өсiм), 157,2 млн. дана жұмыртқа (1,1% өсiм) жеткiздi.

2017 жылы қаңтар-тамыз қорытындысы бойынша экономиканы дамытуға 140,2 млрд. теңге қаржы жұмсалған, бұл 2016 жылғы ұқсас кезеңiнде 4,6% артық.

Инвестиция құрылымында ең үлкен үлесi кәсiпорындардың меншiктi қаражатына және дербес салушылар 42,7% болады, олардың есебiнен 59,9 млрд.теңге игерiлген.

Республикалық қаражаттың игерiлген үлесi инвестиция мөлшерiнен 34,5% немесе 48,3 млрд. теңгеден құрады, жергiлiктi бюджеттiң — 4,9%, 6,8 млрд. теңге игерiлген. Банктердiң несиелерiнiң үлесi инвестицияның жалпы мөлшерiнде 7,6% құрайды, басқа қарыз қаржысының үлесi — 10,3%.

2017 жылы жүзеге асыруға жүйесiн дамыту сумен жабдықтау және су бұру бюджеттен 8,9 млрд. теңге, оның iшiнде мемлекеттiк бағдарлама шеңберiнде "Нұрлы жол" 1,4 млрд. теңге бөлiндi, 2020 жылға дейiн өңiрлердi дамыту — 7,5 млрд. теңге. 10 құрылысына және 18 объектi қайта жаңартуға (7,9 млрд. теңге), ЖСҚ әзiрлеу бойынша 12 жоба (0,2 млрд. теңге), 2 объектiлерiн ағымдағы жөндеу(0,2 млрд. теңге) және iздестiру-барлау жұмыстары (0,6 млрд. теңге).

607 елдi мекендерден 352 елдi мекендер орталықтандырылған су (58%), орталықтандырылмаған су — 229 елдi мекендер (37,7%). Жеткiзiлетiн су 26 елдi мекендер (4,3%).

Құрылыс жұмыстарының көлемi 62,7 млрд.теңге немесе 2016 жылдың деңгейiнен 100,5% құрады.

Тұрғын үй құрылысы.

2017 жылда қаңтар-тамыз айлары аралығында 315,8 мың м2 енгiзiлген, бұл 2016 жылдың деңгейiне 116,4% құрады.

Кәсiпкерлiктi дамыту. Облыста 42,9 мың. белсендi шағын және орта бизнес (бұдан әрi — ШОБ) субъектiлерi тiркелген оның ңшңнде шағын бизнестiң заңды тұлғалары 6,3 мың. орта бизнестiң заңды тұлғалары 118 жеке кәсiпкерлер — 32,4 мың. шаруа (фермер қожалықтары) 4,1 мың.

(2010 жылғы 2017 жылғы 1 қыркүйекке) iске асыру кезеңiнде «Бизнестiң Жол картасы-2020» бағдарламаның барлық бағыттары бойынша бағдарламасы бойынша Өңiрлiк Үйлестiру кеңесiмен мақұлданды 682 жобаға кредит 85 млрд.теңгенi сомасы құрады.

Тұтыну бағасының индексi (2017ж. тамыз 2016ж. желтоқсанына) 104,0% (ҚР бойынша — 103,9%) құрады, оның iшiнде азық-түлiк тауарларына — 104,0%, азық-түлiк емес тауарларына — 104,4%, ақылы қызметтер — 103,6%.

2017 жылдың қаңтар-маусым айларында орташа айлық жалақы 2016 жылғы деңгейге 6,7%-ға өстi және 106,6 мың теңгенi құрады.

Салықтар және бюджет. Мемлекеттiк бюджетке 79,4 млрд. теңге немесе болжамды жоспарға қарағанда 111,0% сома түстi, соның iшiнде республикалық бюджетке — 39,9 млрд. теңге (болжамға 117,7%), жергiлiктi бюджетке — 39,5 млрд. теңге (болжамға 104,9%).

2. Әлеуметтiк сала

2017 жылдың қантар — тамыз айларында экономика салаларында 9518 жаңа жұмыс орындары пайда болды, олардың 5381 — тұрақты.

Жұмыспен қамту қызметi арқылы 12 228 адам жұмысқа орналастырылды, бұл өтiнiш бiлдiргендер санының 80,5% құрады.

Қоғамдық жұмыстарға 2484 адам жiберiлдi.

Жұмыс iздеу клубтарының семинарлық оқуларына 739 адам қатысты, олардың iшiнде тұрақты және уақытша жұмысқа 594 адам жұмысқа орналастырылды (80,4%).

Бос жұмыс орындарының 46 жәрмеңкесi өткiзiлдi, осы жәрмеңкеде 2152 бос жұмыс орны ұсынылды, нәтижесiнде 249 адам жұмысқа орналастырылды (соның iшiнде тұрақты жұмыс орындарына — 70 адам).

Барлық қаржыландыру көздерiнен 3265 аз қамтылған азаматтарға 58 940,6 млн. теңге сомасында әлеуметтiк көмек көрсетiлдi.

Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың бағдарламасының бойынша:

-бiрiншi бағыты бойынша «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсiптiк бiлiммен және қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқумен қамтамасыз ет» 6261 адам оқытуға жолдау қарастырылған. Бүгiнгi күнi қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқытуға 1962 адам, оқытуды аяқтауға 31 адам бағытталған.

- екiншi бағыты бойынша «Жаппай кәсiпкерлiктi дамыту» бағдарламаға қатысушыларды «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсiпкерлiк негiздерiн 608 адам немесе 64,8% (жоспар -938 адам) оқытуды аяқталған.

Сондай-ақ, 1,6 млрд. теңге сомасында 369 қатысушыларға микрокредит берiлдi.

- үшiншi бағыты бойынша «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы еңбек нарығын дамыту және еңбек ресурстарының ұтқырлығы» 3512 адам жұмыспен қамту қажет. 2017 жылдың 1 қыркүйектегi жағдай бойынша жастар тәжiрибесiне — 544 адам, немесе 106,9%; әлеуметтiк жұмыс орындарға — 566 адам немесе 114,3%; ақылы қоғамдық жұмыстарға — 2 472 адам, немесе 102,7% бағытталған.

Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебiнен жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша 1 қыркүйектегi жағдайға қарасты 164 адам жұмысқа орналыстырды, оның iшiнде Жұмыспен қамту орталығы бойынша 88 адам жұмысқа орналастырды.

ҚР бiлiм берудi дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы бойынша 1 балабақшың (Көкшетау қ), 2 520 орындық 7 мектептердiң құрылысы (Көкшетау қ, Бурабай, Еңбекшiлдер, Сандыктау, Целиноград ауданы (3 нысан), орта мектебiне 420 орындық жапсаржай салу және Мәдениет колледжiнiң оқу корпусына қосымша ғимараттың құрылысы (Көкшетау қ), мектеп-интернат ғимаратын қайта жаңарту (Қорғалжын ауданы), орта мектеп ғимаратының екi қабатты блогын реконструкциялау (Бұланды ауданы), балалар үйi қайта жабдықтау (Сандықтау ауданы) оқу корпусының ғимаратын салумен мектебiнiң спорт залын салу көзделген (Зерендi ауданы) қарастылған.

Бурабай ауданы Кенесары а. дәрiгерлiк емхананың құрылысы қарастырылған.

Мектепке дейiнгi ұйым — 591 бiрлiк, соның iшiнде 216 балабақша және 376 мектепке дейiнгi шағын орталық (соның iшiнде  — мемлекеттiк 145, жеке– 71.) 242 елдi мекенiнен тасымалдау жүзеге асырылады. 2017 жылдың 1 қырқүйекке мектепке дейiнгi тәрбиемен және оқытумен 3-6 жас аралығы бойынша 95,4% , 1-6 жас аралығы бойынша 63,9%.

Денсаулық сақтау саласында Медициналық ұйымдардың жабдықталу деңгейi 57,58% құрайды (ФАП-тер — 47,70%, дәрiгерлiк амбулаториялар — 51,61%).

Туберкулезбен ауыру көрсеткiшi 6,0%-ға (100 мың адамға шаққанда 49,7-ден 46,7-ге дейiн), қан айналу жүйесiнiң ауруларымен ауыру деңгейi 14,6%-ға (100 мың адамға шаққанда 1173,3-тен 1002,4-ке дейiн), онкопатологиямен ауыру 1,1%-ға (100 мың адамға шаққанда 160,7-ден 158,9-ға дейiн) төмендедi.

Қан айналу жүйесiнiң ауруларынан өлу деңгейi 8,9%-ға (100 мың адамға шаққанда 155,98-ден 169,89-ға дейiн), онкопатологиядан 5,8%-ға дейiн (100 мың адамға шаққанда 76,30-дан 80,76-ға дейiн) артты.

Сәби өлiмi көрсеткiшi 2,3%-ға төмендедi (1000 тiрi туғанға 8,5-тен 8,3-ке дейiн). Бiр ана өлiмi жағдайы тiркелген.

Денсаулық сақтау саласының күрделi шығындары 3 631,7 млн. теңгенi құрады, оның iшiнде медициналық ұйымдарды жарақтандыруға — 2 525,4 млн. теңге, күрделi жөндеулерге 1 106,3 млн. теңге қарастырылған, соның iшiнде Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламасы шеңберiнде — 223,7 млн. теңге бөлiнген.

Мемлекеттік рәміздері
egov.kz
мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн