A- A A+
Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
Ақмола облысының 2016 жылғы қаңтар-тамыз әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы ақпарат

1. Экономика

Өнеркәсiпте өндiрiс көлемi 243,3 млрд.теңге құрды.Тауар өнiмнiң НКИ — 104,2% құрды.

Тау-кен өндiрiсi өнеркәсiбiнде нақты көлем индексi 111,6% құрады. Өсiм құрамында алтын бар кендердi (19,2%-ға), уран кендердi (5,1%-ға), өндiру көлемдерiнiң байланысты.

Өңдеу өнеркәсiбiнде нақты көлем индексi 103,7% құрады.

Басқа да метал емес минералды өнiмдер өндiрiсi саласында (НКИ 83,5%) керамикалық кiрпiш өндiрiсi көлемiнiң (20,3%-ға) төмендеуi байқалады. Тауарлы бетон өндiрiсi 2,3% өстi.

Сусындар өндiрiсi саласында (НКИ-115,6%) алкогольсiз сусындар шығару 19,1%, арақ 24,3% өстi.

Машина жасау саласында (НКИ 68,5%) «ЕПК Степногорск» АҚ (темiржол жылжымалы құрамға арналған подшипниктер өндiру), «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ (КАМАЗ жүк автомобильдерiн жинау), «Қамқор-Локомотив» ЖШС филиалының Атбасар электровоздарды жөндеу зауыты (электровоздарды күрделi жөндеу) жетекшi кәсiпорындар болып табылады.

Өсу келесi кәсiпорындар бойынша байқалады:

«ЕПК Степногорск» АҚ, подшипниктер көлемi 7703 тоннаны құрды, өсiм өткен жылдың тиiстi кезеңiнiң деңгейiмен салыстырғанда 1,3 есе;

«КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ 387 жүк тасымалдау автокөлiгiн жинады, немесе өткен жылдың осы кезеңiне 112,5% құрады.

«Қамқор-Локомотив» АЭЖЗ ЖШС өндiрiсi 10,1%-ға төмендеуi байқалады. «Вектор» КЗ» ЖШС (статдеректер бойынша) 13 комбайндарын жинады (2015 ж. қаңтар-тамызда — 152 дана).

Резеңке және пластмасса бұйымдары өндiрiсiнде (НКИ 96,0%) 2016 жылғы қаңтар-тамыз айларында полиэтиленнен жасалған қаптар және сөмкелер өндiрiсi 470,8 тоннаны құрады немесе өткен жылдың осы кезеңiне 105,3% құрады.

Пластмасстан жасалған фитинг және құбыр өндiрiсiнiң көлемi 12007,6 тонна немесе өткен жылдың тиiстi кезеңiнiң осы кезеңiне 88,5%.

Азық-түлiк өндiрiсiнде (НКИ-116,4%) өткен жылдың кезеңiмен салыстырғанда (табиғи тұрғыда) ет және сорпалық тағамдық азық-түлiктер 30,3%, өсiмдiк май 2,3 есе, ұн 37,5% өстi.

Химия өнеркәсiбiнде (НКИ-88,0%) пестицид өндiрiсi 13,7% төмендедi. Этил спиртi өндiрiсi 16,2% өстi. Күкiрт қышқылы өндiрiсi 78,7 мың тонна құрады (2015 ж. қантар-тамызда — 1,3 мың тонна).

Металлургия саласында (НКИ 135,0%) өңделмеген және жартылай өңделген алтын өндiру көлемiнiң 38,3% ұлғаюы байқалады, бұл «Altyntau Kokshetau» ЖШС қызметiне байланысты.

СТКХК» ЖШС табиғи уранның химиялық концентратты өңдеу көлемi 1880 тоннаны құрады (өсiм 24,4%).

Өндiрiстiң төмендеуiне облыстың 8 аймағында жол берiлген — Қорғалжын (98,9%), Есiл (97,0%), Целиноград (96,0%), Жарқайын (95,8%), Атбасар (90,1%), Ерейментау (85,8%), Бұланды (75,9%), Егiндiкөл (60,4%), аудандарында.

ИИДМБ аясында жүзеге асыру кезеңiнде (2010 жылдан 2016 жылдың 1 қыркүйегiне дейiн) 6,5 мың тұрақты жұмыс орындар құруымен 64 жоба 169,3 млрд. теңгеге iске қосылған.

Ауыл-шаруашылық жалпы өнiмнiң көлемi 94,4 млрд. теңге, нақты көлемнiң индексi — 2015 жылдың деңгейiне 114,5% құрады.

Өсiмдiк шаруашылығы. Ақмола облысында ауыл шаруашылығы дақылдарының астық жинау алқабы 4746,6 мың га құрайды, оның iшiнде дәндi және дәндi бұршақты — 4328,7 мың га (былтырғы жылдың деңгейiнен 239,4 мың га жоғары), майлы дақылдар — 219,8 мың га (2015 жылдағыдан 25,5 мың га төмен), жемдiк — 175,8 мың га ( 2015 жылдағыдан 18,1 мың га төмен), картоп — 18,0 мың га (2015 жылдағы деңгейде) және көкөнiстер — 4,4 мың га (2015 жылдағы деңгейде).

Егiн жинау А.ж. 10 қыркүйектегi жағдай бойынша (жедел деректер) облыс бойынша дәндi дақылдар 2432,6 мың га алқапта немесе 56,2% шабылды, (егiн жинау алқабы, облыс бойынша дәндi дақылдар — 4 328,7 мың га). Астықты бастыру 2 327,0 мың га алқапта жүргiзiлдi немесе 53,8%. Жалпы алым 3 025,1 мың. тоннаны құрады, 13ц/га орташа астық өнiмдiлiгiмен.

Мал шаруашылығы. Шаруашылықтардың барлық санаттарымен тiрi салмақта 61,2 мың тонна ет (2015 жылдың сәйкес кезеңiне 8,3%-ға өсiм), 260,9 мың тонна сүт (2015 жылдың сәйкес кезеңiне 4,2%-ға өсiм), 499,4 млн.дана жұмыртқа (2015 жылдың сәйкес кезеңiне 1,1 %-ға төмендеу) өндiрiлдi.

IҚМ басының саны 2,9%-ға өстi (432,3 мың басты құрайды ), оның iшiнде сиыр — 6,0%-ға (203,9 мың бас). Жылқы — 4,5%-ға (167,9 мың бас), қой мен ешкi — 2,9%-ға (582,7 мың бас), құстар — 0,3%-ға (5,2 млн. бас) дейiн өстi.

2015 жылдың сәйкес кезеңiне шошқалар саны былтырғы жылдың деңгейiнде (122,9 мың басқа).

Астана қ. азық-түлiк белдiгiнiң аясында 8,9 млрд. теңгеге 10 жоба жүзеге асырылып жатыр.

Оның iшiнде жалпы сомасы 1,8 млрд.тенгеге 2 жоба жүзеге асырылды.

Облыс ауыл шаруашылық құрырылымдарымен астана базарына (2016ж.05.09. жағдайына) 48,3 мың тонна сүт өнiмдерi (2015 жылдың сәйкес кезеңiне 10,3% — өсiммен), 15,4 мың тонна ет және ет өнiмдерi (2015 жылдың сәйкес кезеңiне 17,1% өсiммен), 144,7 млн. дана жұмыртқа (2015 жылдың сәйкес кезеңiне 16,2% өсiммен) жеткiзiлдi.

А.ж. 8 айдың қорытындысы бойынша экономиканы дамытуға 122,6 млрд. теңге қаржы жұмсалған, бұл 2015 жылғы ұқсас кезеңiне 7,0% артық.

Инвестиция құрылымында ең үлкен үлесi кәсiпорындардың меншiктi қаражатына және дербес салушылар 49,5% болады, олардың есебiнен 60,7 млрд.теңге игерiлген.

Республикалық қаражаттың игерiлген үлесi инвестиция мөлшерiнен 26,4% немесе 32,4 млрд.теңгеден құрады, жергiлiктi бюджеттiң — 4,2%, 5,2 млрд. теңге игерiлген. Банктердiң несиелерiнiң үлесi инвестицияның жалпы мөлшерiнде 12,0% құрайды, басқа қарыз қаржысының үлесi — 7,9%.

Ерейментау (81,9%), Целиноград (67,3%), Еңбекшiлдер (67,1%), Зерендi (61,9%) 4 ауданында негiзгi капиталға инвестициялар көлемi төмендедi.

Сыртқы инвестициялардың көлемi 7,5 млрд. теңге құрады.

«Аймақтарды дамудың бағдарламасы» шеңберiнде 9 жобаны жүзеге асыруға 0,6 млрд.теңге сумен қамту жүйенiң дамуы бойымен және су бөлуi ерекшеленген бөлiнген.

614 елдi мекендерден 353 елдi мекендер орталықтандырылған су (57,5%), орталықтандырылмаған су — 234 елдi мекендер (38,1%). Жеткiзiлетiн су 27 елдi мекендер (4,4%).

Құрылыс жұмыстарының көлемi 59,2 млрд.теңге немесе 2015 жылдың деңгейiнен 107,1% құрады.

Құрылыс жұмыстарының көлемi 7 ауданында төмендедi: Целиноград (91,2%), Астрахан (90,9%), Атбасар (87,8%), Зерендi (81,0%), Шортанды (79,9%), Егiндiкөл (77,4%), Жарқайың (76,1%).

Тұрғын үй құрылысы.

2016 жылда қантар-тамыз айлары аралығында 271,3 мың м2 енгiзiлген 2015 жылдың деңгейiне 142,8% құрады.

Облыста шағын және орта кәсiпкерлiктiң жұмыс iстейтiн субъектiлер саны 51,4 мың құрады немесе 101,5% соның iшiнде шағын кәсiпкерлiктiң заңды тұлғалары 5,5 мың, орта кәсiпкерлiктiң заңды тұлғалары 130 бiрлiк, жеке кәсiпкерлер 42,2 мың, шаруа қожалығы (фермерлiк) 3,5 мың.

«Бизнестiң жол картасы-2020» бағдарламасының барлық бағыттары бойынша iске асыру кезеңiнде (2010 жылдан 2015 жылдың 1 қыркүйекке дейiн) Өңiрлiк Үйлестiру кеңесiмен 68,5 млрд.теңге сомасына 587 жоба мақұлданды.

2016 жылы бағдарламаны iске асыру аясында республикалық бюджеттен жеке кәсiпкерлiктi қолдау үшiн 1,9 млрд.теңге бөлiндi.

Үйлестiру кеңесiмен 8,6 млрд.теңге кредит сомасына 97 жоба мақұлданды;

Банктердiң кредиттерi бойынша сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялауына «Жаңа бизнес бастамаларды қолдау» бағдарламаның бiрiншi бағыты бойынша 5,9 млрд. теңге кредиттердiң жалпы сомасына 55 өтiнiм мақұлданды;

Банктердiң кредиттерi бойынша сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялауына «кәсiпкерлердi салалық қолдау» бағдарламаның екiншi бағыты бойынша 2,5 млрд. теңге кредиттердiң жалпы сомасына 16 өтiнiм мақұлданды.

Банкiнiң кредиттерi бойынша iшiнара кепiлдiк беру бағдарламаның бiрiншi бағыты бойынша 92,0 млн. теңге несиеге кепiлдiк берiлдi жалпы сомасына 8 өтiнiм мақұлданды;

Банкiнiң кредиттерi бойынша iшiнара кепiлдiк беру бағдарламаның екiншi бағыты бойынша 75,9 млн. теңге несиеге кепiлдiк берiлдi жалпы сомасына 7 өтiнiм мақұлданды;

Гранттық қаржыландырудан 22 млн. теңге 9 жоба мақұлданды;

Жеткiлiксiз инфрақұрылымды жеткiзу бойынша 72,3 млн.теңге сомасына 2 жоба мақұлданды.

Тұтыну бағасының индексi 104,1% (ҚР бойынша — 105,4%) құрады, оның iшiнде азық — түлiк тауарларына — 104,4%, азық — түлiк емес тауарларына — 105,6%, ақылы қызметтер — 102,4%.

2016 жылдың қаңтар-маусым айларында орташа айлық жалақы 2015 жылғы деңгейге 14,7%-ға өстi және 99,9 мың теңге құрады. Жалақының төмен деңгейi Целиноград (93 482 тенге), Ерейментау (93 300 тенге), Шортанды (93 145 тенге), Атбасар (87 578 тенге), Аршалы (87 454 тенге), Ақкөл (87 291 тенге), Сандықтау (87 142 тенге), Қоргалжын (86 024 тенге), Жарқаин (83 551 тенге), Егiндiкөл (83 370 тенге), Астрахан (82 041 тенге), Бұланды (81 825 тенге) және Жақсы (78 985 тенге), аудандарында.

Салықтар және бюджет. Мемлекеттiк бюджетке 71,3 млрд. теңге немесе болжамды жоспарға қарағанда 116,6% сома түстi, соның iшiнде республикалық бюджетке — 33,8 млрд. теңге (болжамға 130,9%), жергiлiктi бюджетке — 37,5 млрд. теңге (болжамға 106,1%).

2. Әлеуметтiк сала

2016 жылдың 8 айларында экономика салаларында 8 734 жаңа жұмыс орындары пайда болды, олардың 4854 — тұрақты.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға 2016 жылы 5,2 млрд.теңге қарастырылды. Жалпы, Жұмыспен қамту жол картасы -2020 шеңберiнде 5094 адам жұмыс орындары пайда болды, олардың 72,0 % тұрақты немесе 3668 орын.

Бiрiншi бағыт «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту есебiнен жұмыспен қамту» бойынша ағымдағы жылға жоспарланған 1,9 млрд. теңгенiң 33 жоба iске асырылуға жоспарлануда, 766 жаңа жұмыс орны пайда болады, соның iшiнде жұмыспен қамту орталығы арқылы — 386.

Барлық 33 жобалар бойынша конкурстар жарияланды, 32 жобалар бойынша конкурстар аяқталды (бiлiм беру нысандары-13-н 13, денсаулық сақтау — 11-н 11, мәдениет — 3-н 3, әлеуметтiк қорғау -5-н 5, мұрағат-1-н 1.

32 жобалардан 25 нысандарда жөндеу жұмыстары басталды (бiлiм беру -11 нысандары, денсаулық сақтау — 8, мәдениет — 2, жұмыспен қамтуды үйлестiру-3, мұрағат-1 ), 7 нысан аяқталды (бiлiм беру -2 нысандары, денсаулық сақтау — 4, жұмыспен қамтуды үйлестiру-1).

Конкурстық рәсiмдер мәдениеттiң 1 жобасы бойынша 91,1 млн. теңге сомасына жүргiзiлуде (Бұланды аудандық мәдениет үйi ғимаратының күрделi жөндеуi және Бұланды ауданы, Макинск қаласындағы қазанның техникалық жабдығын ауыстыру).

2016 жылдың 1 қыркүйегiне 3 дәрiгерлiк амбулатория құрылысы бойынша жұмыстар жалғасуда, 2016 жылға аяқтауға 226,4 млн. теңге қаражат сомасы жоспарланған. Бурабай ауданы Атамекен, Зерендi ауданы Троицкий ауылдарда бiр ауысымда 25 қабылдау жасайтын дәрiгерлiк емхананың құрылысы аяқталды.

Ағымдағы жылдың 8 айы iшiнде инфрақұрылымдық нысандарға 764 адам (54,7%) жұмысқа орналастырылды, соның iшiнде Жұмыспен қамту орталықтары арқылы — 413 адам (53,9%).

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысына сәйкес (29.07.2016 ж. № 448) Ұлттық арнайы сақтық қорынан Қазақстан Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығын мерекелеуге 1,5 млрд. теңгеге 126 ауылдық округтерде бағдарламалардың 5 әкiмшiлерi бойынша 189 жобаларын (бiлiм беру- 51, денсаулық сақтау- 7, мәдениет- 15, ТҮКШ- 40, жолдар-76) iске асыру үшiн қаражат бөлiндi.

Екiншi бағыт «Кәсiпкерлiк бастаманы ынталандыру» бойынша 104 қатысушыны кәсiпкерлiк негiздерiне оқыту 4,9 млн. теңгеге, 371 қатысушыға 1051,9 млн. теңгеге шағын несиесi беру жоспарланған.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Ақмола филиалымен республикалық бюджет есебiнен 431,5 млн. теңгеге 185 шағын несие берiлдi.

«Жұмыс берушiнiң қажеттiлiгi шеңберiнде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» үшiншi бағыты бойынша жастар тәжiрибесiне 448 адам жолданды немесе жоспардан 112,6% (398 адам), әлеуметтiк жұмыс орындарына 568 адам жұмысқа орналастырылды немесе жоспардан 135,2% (жоспар 420 адам), кәсiби оқытуға 63 адам немесе жоспардан 73,3% (жоспар 86 адам).

Бағдарламаларды жаңарту нәтижесiнде қосымша қаражаттар бөлiнген:

- Оралмандар мен iшкi көшiп-қонушылардың қоныс аударуына арналған гранттарға — 40,4 млн. теңге . 5 аудандарында қоныс аудару үшiн 123 отбасы (492 адам) анықталған: Ақкөл — 35 отбасы (123 адам), Ерейментау — 31 отбасы (114 адам.), Есiл — 1 отбасы (3 адам.), Зерендi 12 отбасы (42 адам) және Степногорск қаласы — 44 отбасы (210 адам.). Жоспарына сәйкес қоныс аудару 2016 жылдың қазан айында жоспарланған

Жалпы, жаңа жұмыс орындарды құру арқылы жалпы жұмыссыздық деңгейi 4,9% құрады (2016ж. 2-тоқсанға арналған статистика мәлiметтерi).

Жұмыспен қамту қызметi арқылы 9705 адам жұмысқа орналастырылды, бұл өтiнiш бiлдiргендер санының 84,0% құрады. Жұмыспен қамтылғандардың төмен деңгейi Зерендi ауданында (74,1%), Көкшетау қаласы (76,5%), Атбасар ауданында (78,4%), Сандықтау ауданында (79,3%), Ақкөл ауданында (80,1%), Ерейментау ауданында (80,3%), Есiл ауданында (81,1%), Бұланды ауданында (82,7%),.

Қоғамдық жұмыстарға 2443 адам жiберiлдi.

ҚР бiлiм берудi дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы бойынша құрылыс жүргiзiлуде:

- 880 оқушыға арналған 3 мектеп (Целиноград), Ерейментау, Еңбекшiлдер аудандарында);

- 240 орынды балабақша (Көкшетау қ.)

«Ақкөл қаласы, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған № 1 балалар үйi» ғимаратын қайта жабдықтау қарастылған. Бурабай ауданы 900 орындық мектептiң, Целиноград ауданы 300 орындық мектептiң, Көкшетау қ. 280 орындық мектепке дейiнгi бiлiм мекемесiнiң құрылыстары аяқталған.

Астрахан ауданында ФАП-тiң құрылысы жүргiзулуде. Ақкөл және Зерендi аудандарда 250 қабылдау жасайтын 2 аудандық емхананың, Жарқайың ауданының (Державинск қ.) 70 орындық аурухананы емханамен сыйыстыру құрылысы аяқталған.

Мектепке дейiнгi ұйым — 582 бiрлiк, соның iшiнде 202 балабақша және 380 мектепке дейiнгi шағын орталық (соның iшiнде  — мемлекеттiк 141, жеке– 61.) 232 елдi мекенiнен тасымалдау жүзеге асырылады.

2016 жылдың 1 қыркүйегiне мектепке дейiнгi тәрбиемен және оқытумен 3-6 жас аралығы бойынша 91% , 1-6 жас аралығы бойынша 60,5%.

Жоғары көрсеткiштерi (1-6 жас аралығы бойынша) Сандықтау (78,2%), Целиноград (72,2%), Жарқайың (70,6%) және Қорғалжын (69,8%) ауданындарында, ен төмен Астрахан (50,5%) ауданында, Көкшетау қаласында (48,3%).

2016 жылдың қаңтар-тамыз айларында медициналық ұйымдардың жабдықталу деңгейi 56,8% құрайды (ФАП-тер — 49,99%, дәрiгерлiк амбулаториялар — 49,68%).

Туберкулезбен ауыру көрсеткiшi 6,3%-ға (100 мың адамға шаққанда 53,4-тен 50,0-ге дейiн) төмендедi. Қан айналу жүйесiнiң ауруларымен ауыру деңгейi 10,4%-ға (100 мың адамға шаққанда 1062,6-дан 1173,3-ке дейiн), онкопатологиямен ауыру көрсеткiшi 1,9%-ға (100 мың адамға шаққанда 157,8-ден 160,7-ге дейiн) артты.

Қан айналу жүйесiнiң ауруларынан өлу деңгейi 1,4 есе төмендедi (100 мың адамға шаққанда 212,9-дан 156,0-ге дейiн), онкопатологиядан өлiм деңгейi 5,5%-ға (100 мың адамға шаққанда 80,8-ден 76,3-ке дейiн), туберкулезден өлiм деңгейi 14,7%-ға (100 мың адамға шаққанда 2,9-дан 2,4-ке дейiн) төмендедi.

Сәби өлiмi көрсеткiшi 22,7%-ға төмендедi (1000 тiрi туғанға 8,8-ден 6,8-ге дейiн). Ана өлiмi жағдайлары тiркелмеген.

Ағымдағы жылы жергiлiктi және республикалық бюджеттерден 16 күрделi және 8 ағымдағы жөндеу жүргiзу үшiн 555,1 млн. теңге бөлiндi (соның iшiнде Жұмыспен қамтудың жол картасы шеңберiнде 233,1 млн. теңгеге 10 күрделi және 8 ағымдағы жөндеу), материалды-техникалық базаны нығайтуға 583,4 млн. теңге бөлiндi.

Ақмола облысының Экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы

Дата создания статьи: 17.11.2016 10:40
Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.11.2016 10:40
Қаралым саны: 166
Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0
 
@2017 Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 114Б

8 (7162) 29-63-00;

economika@akmo.kz