Ақмола облысының 2019 жылғы қаңтар-сәуірдегі әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы ақпарат

1. Экономика

Өнеркәсiпте өндiрiс көлемi 222,5 млрд. теңгенi құрды. Тауар өнiмнiң НКИ — 105,2%.

Тау-кен өндiру өнеркәсiбiнде нақты көлем индексi 110,5% құрады. Өсiм құрамында алтыны бар кендер 8,2%-ға, мыс қойыртпалары 60,3%-ға артуымен байланысты.

Өңдеу өнеркәсiбiнде нақты көлем индексi 104,7% құрды.

Азық-түлiк өндiрiсiнде (НКИ-121,1%) өткен жылмен салыстырғанда (заттай көрiнiсте) ет және сорпалық тағамдық азық-түлiктер 99,9%, сүт 12,8%, сары майы 25,5%, өсiмдiк майы 10,5% өстi.

Сусындар өндiрiсi саласында (НКИ-77,4%) минералды су және алкогольсiз сусындар өндiрiсi 25,2% төмендегенi байқалады.

Химия өнеркәсiбiнде (НКИ-64,2%) пестицидтер өндiрiсi көлемiнiң 44,1% төмендеуi байқалады.

Резеңке және пластмасса өнiмдерi өндiрiсiнде (НКИ 151,9%) қаптар мен полиэтиленнен жасалған пакеттер өндiрiсi 17,4 есе артты.

Машина жасау саласында (НКИ 106,8%) подшипниктер өндiрiсiнiң көлемi 29,5% — ға өстi, жүк автомобильдерiнiң көлемi 19,6% — ға төмендедi.

Металлургия саласының (НКИ 105,2%) өңделмеген және жартылай өңделген алтын көлемдерiнiң өндiру 2,2%, төмендеуi байқалады, бұл «Kazakhaltyn Technology» ЖШС қызметiмен байланысты.

Ауыл-шаруашылық жалпы өнiмнiң көлемi 47,7 млрд. теңге, нақты көлемнiң индексi — 2018 жылдың деңгейiне 113,9% құрады.

Өсiмдiк шаруашылығы. Ағымдағы жылы жоспарланған жаздық егiс алқабы 4,8 млн. га, соның iшiнде дәндi және дәндi-бұршақты дақылдардың ғжаздық алаңы 4,3 млн. га болып көзделген.

Майлы дақылдарды 264,5 мың га. егiстiк алқапта жүргiзу, 18,4 мың. га алқапта картопты, 4,1 мың. га -да көкөнiстi отырғызу жоспарланып отыр.

Жаздық жем-шөп дақылдарын 185,3 мың га. алаңында отырғызу жоспарлануда. Жалпы алғанда өткен жылдардағы көп жылдық шөп жемшөптердi ескере отырып, облыс бойынша жалпы алаңы 675,6 мың га. құрады.

Мал шаруашылығы. Шаруашылықтардың барлық санаттарымен тiрi салмақта 44,5 мың тонна ет (былтырғы жылдың сәйкес кезеңiне 29,3%-ға өсiм), 96 мың тонна сүт (3,9%-ға өсiм), 283,5 млн.дана жұмыртқа (0,9%-ға өсiм) өндiрiлдi.

IҚМ басының саны 3,3%-ға өстi (504,7 мың басты құрайды), оның iшiнде сиыр — 2,5%-ға (217 мың бас), қой мен ешкi — 3,2%-ға (674,8 мың басқа дейiн), жылқы — 7,9%-ға (205,3 мың бас), құстар — 36% ға (8,4 млн. бас). Шошқалар саны 2,7%- ға (139,9 мың басқа дейiн) азайды.

Ағымдағы жылы Нұр-Сұлтан қ. маңындағы азық-түлiк белдеуi аясында 10,3 млрд.теңгенiң 10 жобасы iске асырылуда

Облыстың ауылшаруашылық тауар өндiрушiлерiмен астана базарларына (2019 жылғы 8 мамыр жағдайына) 28,6 мың тонна сүт өнiмдерi (2018 жылғы ұқсас кезеңiне өсiм 10,1% -ға), 10,1 мың тонна ет өнiмдерi (өсiм 8,1%-ға), 83,4 млн. дана жұмыртқа (өсiм 18,6%-ға) жеткiзiлдi.

2019 жылдың қаңтар- наурыз айының қорытындысы бойынша экономиканы дамытуға 56,8 млрд. теңге қаржы жұмсалған, немесе 2018 жылдың деңгейiне 96,8% құрады.

Инвестиция құрылымында ең үлкен үлесi кәсiпорындардың меншiктi қаражатына және дербес салушылар 75,7% болады, олардың есебiнен 43,0 млрд. теңге, республикалық бюджет қаражаты — 7,9% немесе 4,5 млрд. теңге құрады. Банктердiң несиелерiнiң үлесi инвестицияның жалпы мөлшерiнде 18,9% құрайды, басқа қарыз қаржысының үлесi — 5,2%.

2019 жылы сумен жабдықтау және су бұру жүйесiн дамыту жүзеге асыруға 15,8 млрд. теңге бөлiндi. Қаражаттар 11 жобаның құрылысына (4 млрд.тенге) және 20 жобаның қайта жаңартуға (6,5 млрд.теңге), 3 жобаға ЖСҚ әзiрлеу (50,7 млн.теңге), iздестiру-барлау жұмыстары — (770 млн.теңге), РБ кредиттер (4,6 млрд. теңге) бағытталды.

601 елдi мекеннiң 357 АЕМ-нде орталықтандырылған сумен жабдықтау (59,4%), орталықтандырылмаған су — 224 АЕМ-нде (37,3%). Жеткiзiлетiн су 20 АЕМ-нде (3,3%).

Құрылыс жұмыстарының көлемi 9,5 млрд.теңге немесе 2018 жылдың деңгейiне 76,4% құрады.

Тұрғын үй құрылысы.

2019 жылдың қаңтар-наурыз айында 194,8 мың м2 енгiзiлген, бұл 2018 жылдың деңгейiне 110,8% арттық.

Мемлекеттiк — жеке меншiк.

Облыста мемлекеттiк — жеке меншiк әрiптестiк тетiгi арқылы 46 жоба iске асырылуда (бiлiм беру саласында — 34, денсаулық сақтау саласында — 4, тұрғын үй құрылысы саласында — 3, көлiк саласында — 2, энергетика саласында — 1, табиғат қорғау саласында-1, әлеуметтiк қамсыздандыру — 1 ).

Оның iшiнде құны 269,2 млрд.теңге болатын 36 жоба бойынша жеке серiктестермен шарттарға қол қойылды, 9,1 млрд. теңгеге мемлекеттiк мiндеттемелер қабылданды.

5 жоба бойынша құжаттама әзiрлендi және конкурстар жарияланды, 4 жоба жоспарлау сатысында.

Бұдан басқа, Қазақстан мен Ресейдiң өңiраралық ынтымақтастық Форумын өткiзуге дайындық үшiн 2020 жылы "Көкшетау" Форум-орталығын және Көкшетау қаласында Спорт сарайын салу бойынша МЖӘ тетiгi арқылы жобалар қарастырылуда.

Кәсiпкерлiктi дамыту. Облыста жұмыс iстеп тұрған шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң саны 46 550 бiрлiктi құрайды, оның iшiнде шағын кәсiпкерлiктiң заңды тұлғалары — 7 392 бiрлiк; орта кәсiпкерлiктiң заңды тұлғалары — 110 бiрлiк; жеке кәсiпкерлер — 33 964; шаруа (фермер қожалықтары) — 5 084 бiрлiк.

Iске асыру кезеңiнде (2010 жылдан бастап) «Бизнестiң жол картасы-2020» ағдарламасының барлық бағыттары бойынша 131 млрд.теңге кредит сомасына 966 жоба мақұлданды.

2019 жылы бағдарламаны iске асыруға 2,2 млрд.теңге бөлiндi, 26,5% игерiлдi.

Тұтыну бағаларының индексi (2019 жылғы сәуiрi 2018 жылғы желтоқсанға) 101,4% құрады, оның iшiнде азық — түлiк тауарларына — 104,6%, азық — түлiк емес тауарларға-101,2%, халыққа ақылы қызметтерге-97,6%.

2018 жылғы қаңтар-наурызда орташа айлық жалақы 2018 жылға 12,2% — ға өстi және 123,8 мың теңгенi құрады.

Салық және бюджет. Мемлекеттiк бюджетке 53,3 млрд.теңге салықтар мен мiндеттi төлемдер түстi немесе болжамға 104,0%, оның iшiнде республикалық бюджетке — 32,3 млрд. теңге (болжамға 102,9%), жергiлiктi бюджетке — 21,0 млрд. теңге (болжамға 105,6%).

2. Әлеуметтiк сала

2019 жылдың қаңтар — сәуiр айлар бойынша экономика салаларында 2 906 жаңа жұмыс орындары пайда болды, олардың 2047 — тұрақты.

Жұмыспен қамту қызметi арқылы 2668 адамды жұмысқа орналастырылды, бұл өтiнiш бiлдiргендер санының 58,8% құрады. Қоғамдық жұмыстарға 1060 адам жiберiлдi.

2017-2021 жылдарға нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың «Енбек» бағдарламасының шеңберiнде келесi iс-шаралар жоспарланған:

-бiрiншi бағыты бойынша «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсiптiк бiлiммен және қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқумен қамтамасыз ету» 3 680 адам оқытуға жолдау жоспарланған (еңбек нарығының қажеттiлiктерiн ескере отырып, техникалық және кәсiптiк бiлiмi бар кадрларды даярлау —

1 190 адам (әкiмшiсi Бiлiм басқармасы), жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсiптер және дағдылар бойынша қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқыту — (2490 адам). 1 мамыр 2019 жылдың қорытындысы бойынша қысқа мерзiмде кәсiптiк оқумен 674 адам қамтылды.

- екiншi бағыты бойынша «Жаппай кәсiпкерлiктi дамыту» бағдарламаға аясында жұмыспен қамту шараларымен 2676 адам, соның iшiнде:

- «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсiпкерлiк негiздерiне оқытумен 1270 адамды қамтылады. 1 мамыр 2019 жылдың қорытындысы бойынша

1047 адам оқу өттi.

- ауылдағы және қалалардағы кәсiпкерлiк бастамаларды қолдау мақсатында, 956 азаматқа 4 млрд. теңге сомасына несие берiлдi;

- жаңа бизнес-идеяларды iске асыруға 113,6 млн. теңге сомасында

450 грант беру. 1 мамыр 2019 жылдың қорытындысы бойынша 41,2 млн. теңге 163 адам грант алды.

- үшiншi бағыты бойынша «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы еңбек нарығын дамыту және еңбек ресурстарының ұтқырлығы» (жастар тәжiрибесiмен, әлеуметтiк жұмыс орындарымен) — 2 779 адам жұмыспен қамту қажет.

2019 жылдың қаңтар-наурыз айылар бойынша жастар тәжiрибесiне —

281 адам (жоспар — 496); әлеуметтiк жұмыс орындарға — 424 адам (жоспар — 538); ақылы қоғамдық жұмыстарға — 1060 адам (жоспар — 1745).

2019 жылғы Шортанды аудандарында және Көкшетау қаласында 3 балабақша, Бурабай, Бұланды, Целиноград (4 объектi) аудандарында және Көкшетау қ. 6 мектептердiң, мәдениет колледжiнiң мен мектептердiң 3 оқу корпустарына Көкшетау қ. (№1, №6, №13) жапсаржайлардын салу, Бұланды ауданы Алтынды орта мектебiнiң реконструкциялау көзделген.

Денсаулық сақтау саласында Аршалы ауданында медициналық пункт, Атбасар, Целиноград мен Шортанды аудандарында дәрiгерлiк амбулаториялардың, Көкшетау қ. онкологиялық емхананың құрылыс жоспарланған.

Мектепке дейiнгi ұйым — 615 бiрлiк, соның iшiнде 240 балабақша және 375 мектепке дейiнгi шағын орталық (соның iшiнде  — мемлекеттiк 136, жеке– 104.) 234 елдi мекенiнен тасымалдау жүзеге асырылады.

2018 жылдың 1 наурыздағы мектепке дейiнгi тәрбиемен және оқытумен 3-6 жас аралығы бойынша 99,0% , 1-6 жас аралығы бойынша 67,4%.

Жоғары көрсеткiштерi (1-6 жас аралығы бойынша) Сандықтау (87,6%), Ерейментау (82,2%), Есiл (80,1%) ауданындарында, Степногорск қ. (82,9%), ең төмен Көкшетау қаласында (57,8%), Атбасар (57,3%), Егiндыкөл (57,7%) ауданында.

Денсаулық сақтау саласында 2019 жылдың қаңтар-сәуiрiнде туберкулезбен ауыру көрсеткiшi 20,8%-ға төмендедi (100 мың адамға шаққанда 20,7- ден 16,4-ке дейiн).

Қан айналу жүйесiнiң ауруларынан өлiм көрсеткiшi 10,2%- ға (100 мың адамға шаққанда 234,76 -дан 210,73 -ке дейiн), қатерлi iсiктерден болатын өлiм 4,5% — ға (100 мың тұрғынға 106,41-ден 101,58-ге дейiн) төмендедi 2019ж.01.04. деректер бойынша.

Бала туу көрсеткiшi 12,2-ға өстi (1000 тұрғынға шаққанда 4,9-дан 5,5-ке дейiн).

2019 жылы денсаулық сақтау саласының күрделi шығындары 2428,2 млн. теңгенi құрады, оның iшiнде медициналық ұйымдарды жарақтандыруға — 1775,3 млн. теңге, күрделi жөндеулерге 652,9 млн. теңге қарастырылған.

Мемлекеттік рәміздері

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн