A- A A+
Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
Ақмола облысының 2018 жылғы қаңтар-сәуірдегі әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы ақпарат

1. Экономика

Өнеркәсiпте өндiрiс көлемi 192,2 млрд. теңгенi құрды. Тауар өнiмнiң НКИ — 104,6%.

Тау-кен өндiру өнеркәсiбiнде нақты көлем индексi 105,6% құрады.

Өсiм құрамында алтыны бар кендер 11,2%-ға, қиыршық тас 20,4%-ға артуымен байланысты.

Өңдеу өнеркәсiбiнде нақты көлем индексi 104,4% құрды.

Азық-түлiк өндiрiсiнде (НКИ-122,4%) өткен жылмен салыстырғанда (заттай көрiнiсте) ет және сорпалық тағамдық азық-түлiктер 21,2%, өсiмдiк майы 18,9%, ұн 41,5% өстi.

Сусындар өндiрiсi саласында (НКИ-93,3%) минералды су және алкогольсiз сусындар өндiрiсi 7,9% төмендегенi байқалады.

Химия өнеркәсiбiнде (НКИ-79,3%) этил спиртi өндiрiсi 55,6%-ға өстi. пестицидтер өндiрiсi 30,7% — ға төмендеуi байқалады.

Резеңке және пластмасса өнiмдерi өндiрiсiнде (НКИ 90,3%) пластмасстан жасалған фитинг және құбыр өндiрiсi 23,0% төмендегенi байқалады.

Машина жасау саласында (НКИ 130,7%) жетекшi кәсiпорындары болып «ЕПК Степногорск» (темiржол жылжымалы құрамға арналған подшипниктер өндiру), «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ (КАМАЗ жүк автомобильдерiн жинау), «Қамқор-Локомотив» ЖШС филиалының Атбасар электорвоздарды жөндеу зауыты (электровоздарды күрделi жөндеу) табылады.

Өсу келесi кәсiпорын бойынша байқалады:

«Қамқор-Локомотив» ЖШС АЭЖЗ филиалы бойынша а.ж. қаңтар-сәуiр айларында тауарлық өнiм көлемi 3,0 млрд. теңге немесе өткен жылы салыстырғанда 124,8% құрды;

«ЕПК Степногорск» АҚ (подшипниктер, 67,9%-ға);

«КАМАЗ-Инжиниринг» а.ж. қаңтар-сәуiр айларында жүк және мамандырылған автомобильдер өндiрiсi 148 дана құрды (2017 жылғы қаңтар-сәуiр деңгейiнде).

Басқа да металл емес минералды өнiмдер өндiрiсi саласында (НКИ 156,8%) керамикалық кiрпiш өндiрiсi көлемдерiнiң 50,9%-ға өстi.

Металлургия саласында (НКИ 100,9%) өңделмеген және жартылай өңделген алтын өндiру көлемiнiң 0,3% өстi, бұл «Altyntau Kokshetau» АҚ қызметiне байланысты.

«СТКХК» ЖШС табиғи уранның химиялық концентратты өңдеу көлемi 795 тоннаны құрады (2017 жылы салыстырғанда 8,6% төмендеген).

Ауыл-шаруашылық жалпы өнiмнiң көлемi 38 712,5 млн. теңге, нақты көлемнiң индексi — 2017 жылдың деңгейiне 104,5% құрады.

Өсiмдiк шаруашылығы. Ағымдағы жылы жоспарланған жаздық егiс алқабы 4,7 млн. га, соның iшiнде дәндi және дәндi-бұршақты дақылдардың ғжаздық алаңы 4,3 млн. га болып көзделген.

Майлы дақылдарды 258,4 мың га. егiстiк алқапта жүргiзу жоспарланып отыр. Облыс бойынша 18,4 мың. га алқапта картопты, 4,3 мың. га -да көкөнiстi отырғызу жоспарланып отыр

Жаздық жем-шөп дақылдарын 160,6 мың га. алаңында отырғызу жоспарлануда. Жалпы алғанда өткен жылдардағы көп жылдық шөп жемшөптердi ескере отырып, облыс бойынша жалпы алаңы 644,0 мың га. құрады.

Мал шаруашылығы. Шаруашылықтардың барлық санаттарымен тiрi салмақта 34,4 мың тонна ет (былтырғы жылдың сәйкес кезеңiне 3,7%-ға өсiм), 92,3 мың тонна сүт (0,4%-ға өсiм), 281,6 млн.дана жұмыртқа (23,4%-ға өсiм) өндiрiлдi.

IҚМ басының саны 2,3%-ға өстi (488,3 мың басты құрайды ), оның iшiнде сиыр — 1,9%-ға (211,7 мың бас), жылқы — 5,6%-ға (190,3 мың бас), құстар — 12,3% ға (6,2 млн. бас). Қой мен ешкiнiң саны — 0,7%-ға (653,6 мың басқа дейiн) шошқалар — 1,4% ға (143,8 мың басқа дейiн) азайды

Ағымдағы жылы Астана қ. маңындағы азық-түлiк белдеуi аясында 7,5 млрд.теңгенiң 8 жобасы iске асырылуда

Облыстың ауылшаруашылық тауар өндiрушiлерiмен астана базарларына (01.05.2018 ж.) 28,6 мың тонна сүт өнiмдерi (2017 жылғы ұқсас кезеңiне өсiм 10,1% -ға), 10,1 мың тонна ет өнiмдерi (2017 жылғы ұқсас кезеңiне өсiм 8,1%-ға), 83,4 млн. дана жұмыртқа (2017 жылғы ұқсас кезеңiне өсiм 18,6 %-ға) жеткiзiлдi.

2018 жылдың қаңтар-сәуiр айының қорытындысы бойынша экономиканы дамытуға 56,1 млрд. теңге қаржы жұмсалған, бұл 2017 жылғы ұқсас кезеңiнде 21,1% артық.

Инвестиция құрылымында ең үлкен үлесi кәсiпорындардың меншiктi қаражатына және дербес салушылар 69,5% болады, олардың есебiнен 39,0 млрд. теңге, республикалық бюджет қаражаты — 6,0% немесе 3,4 млрд. теңге құрады, жергiлiктi бюджет қаражаты — 2,0% немесе 1,1 млрд. теңге құрады. Банктердiң несиелерiнiң үлесi инвестицияның жалпы мөлшерiнде 10,6% құрайды, басқа қарыз қаржысының үлесi — 11,8%.

Сыртқы инвестициялардың көлемi — 4,6 млрд. теңге құрады.

2018 жылы сумен жабдықтау және су бұру жүйесiн дамыту жүзеге асыруға 8,4 млрд. теңге бөлiндi. Қаражаттар 11 жобаның құрылысына және 18 жобаның қайта жаңартуға (7,5 млрд.теңге), 21 жобаға ЖСҚ әзiрлеу (260,3 млн.теңге), 1 объектiнi ағымдағы жөндеу (13,1 млн.теңге), iздестiру-барлау жұмыстары — (665,4 млн.теңге) бағытталды.

607 елдi мекеннiң 357 АЕМ-нде орталықтандырылған сумен жабдықтау (58,8%), орталықтандырылмаған су — 228 АЕМ-нде (37,6%). Жеткiзiлетiн су 22 АЕМ-нде (3,6%).

Құрылыс жұмыстарының көлемi 12,0 млрд.теңге немесе 2017 жылдың деңгейiнен 124,4% құрады.

Тұрғын үй құрылысы.

2018 жылдың қаңтар-сәуiр айында 175,9 мың м2 енгiзiлген, бұл 2017 жылдың деңгейiне 112,2% құрады.

Кәсiпкерлiктi дамыту. Облыста 42,7 мың бiрлiк белсендi шағын және орта бизнес (бұдан әрi — ШОБ) субъектiлерi тiркелген, оның iшiнде шағын бизнестiң заңды тұлғалары 6,8 мың, орта бизнестiң заңды тұлғалары 111, жеке кәсiпкерлер — 31,6 мың, шаруа (фермер қожалықтары) 4,3 мың.

(2010 жылғы 2018 жылғы 1 мауысымына) iске асыру кезеңiнде «Бизнестiң Жол картасы-2020» бағдарламаның барлық бағыттары бойынша бағдарламасы бойынша Өңiрлiк Үйлестiру кеңесiмен мақұлданды 809 жобаға кредит 111,8 млрд.теңгенi сомасы құрады.

2018 жылы жеке кәсiпкерлiктi қолдау үшiн бюджеттен 4,3 млрд. теңге бөлiндi.

Тұтыну бағасының индексi (2018ж. сәуiрi 2017ж. сәуiрге) 107,1% құрады, оның iшiнде азық-түлiк тауарларына — 107,0%, азық-түлiк емес тауарларына — 108,3%, ақылы қызметтер — 105,8%.

2018 жылдың қаңтар-наурыз айларында орташа айлық жалақы 2017 жылғы деңгейге 9%-ға өстi және 110,4 мың теңгенi құрады.

Салықтар және бюджет. Мемлекеттiк бюджетке 50 млрд. теңге немесе болжамды жоспарға қарағанда 115,3% сома түстi, соның iшiнде республикалық бюджетке — 28,5 млрд. теңге (болжамға 114,8%), жергiлiктi бюджетке — 21,5 млрд. теңге (болжамға 116,1%).

2. Әлеуметтiк сала

2018 жылдың қаңтар-сәуiр айылар бойынша экономика салаларында 3415 жаңа жұмыс орындары пайда болды, олардың 2651 — тұрақты.

Жұмыспен қамту қызметi арқылы 4809 адамды жұмысқа орналастырылды, бұл өтiнiш бiлдiргендер санының 77,0% құрады.

Қоғамдық жұмыстарға 1244 адам жiберiлдi.

Барлық қаржыландыру көздерiнен 9209 аз-қамтылған азаматтарға 127 435,5 мың. теңге сомасында әлеуметтiк көмек көрсетiлдi.

Жұмыс iздеу клубтарының семинарлық оқуларына 703 адам қатысты, олардың iшiнде тұрақты және уақытша жұмысқа 596 адам (84,8%) орналастырылды.

Бос жұмыс орындарының 23 жәрмеңкесi өткiзiлдi, осы жәрмеңкеде 1502 бос жұмыс орны ұсынылды, нәтижесiнде 194 адам жұмысқа орналастырылды.

2017-2021 жылдарға нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың «Енбек» бағдарламасының шеңберiнде келесi iс-шаралар жоспарланған:

-бiрiншi бағыты бойынша «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсiптiк бiлiммен және қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқумен қамтамасыз ету» 2 665 адам оқытуға жолдау жоспарланған (еңбек нарығының қажеттiлiктерiн ескере отырып, техникалық және кәсiптiк бiлiмi бар кадрларды даярлау — 1 190 адам (әкiмшiсi Бiлiм басқармасы), жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсiптер және дағдылар бойынша қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқыту — 1475 адам). 2018 жылдың 1 мамырдағы жағдайы бойынша қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқытуға 1164 адам бағытталған.

- екiншi бағыты бойынша «Жаппай кәсiпкерлiктi дамыту» бағдарламаға қатысушыларды «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 1927 адам жолдауға, 1 мамырдағы жағдай бойынша 636 адам оқумен қамтылды немесе 33% құрады. Сондай-ақ 2,7 млрд. теңге бойынша 320 қатысушыларға микрокредит беруге жоспарланған.

- үшiншi бағыты бойынша «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы еңбек нарығын дамыту және еңбек ресурстарының ұтқырлығы» (жастар тәжiрибесiмен, әлеуметтiк жұмыс орындарымен) — 3 175 адам жұмыспен қамту қажет. 2018 жылдың қаңтар-сәуiр айылар бойынша жастар тәжiрибесiне — 202 адам (жоспар — 517); әлеуметтiк жұмыс орындарға — 485 адам (жоспар — 520); ақылы қоғамдық жұмыстарға — 1244 адам (жоспар — 2138).

2018 жылға Аршалы, Целиноград (2 нысан), Шортанды (2 нысан) аудандарда және Көкшетау қ. (2 нысан) 7 балабақша, Бурабай, Бiржан сал, Сандықтау, Целиноград (3 нысан) аудандарда және Көкшетау қ. (2 нысан, оның бiреуi мектепке кеңейтiлу) 8 мектеп, Көкшетау қаласындағы мәдениет колледжiнiң оқу корпусына кеңейтiмi, Қорғалжын ауданындағы мектеп-интернат және Зерендi ауылындағы орта мектептiң спорт залының құрылысымен оқу корпусының құрылысы қарастырылған.

Денсаулық сақтау саласында Атбасар ауданында дәрiгерлiк амбулатория және Көкшетау қаласында онкологиялық емхана салу жоспарланған.

Мектепке дейiнгi ұйым — 603 бiрлiк, соның iшiнде 230 балабақша және 373 мектепке дейiнгi шағын орталық (соның iшiнде  — мемлекеттiк 140, жеке– 90.) 236 елдi мекенiнен тасымалдау жүзеге асырылады.

2018 жылдың 1 сәуiрге мектепке дейiнгi тәрбиемен және оқытумен 3-6 жас аралығы бойынша 97,7% , 1-6 жас аралығы бойынша 66,4%.

Денсаулық сақтау саласында 2018 жылдың қаңтар-сәуiр айларында туберкулезбен ауыру көрсеткiшi 9,2%-ға (100 мың адамға шаққанда 22,8- дан 20,7-ке дейiн), қан айналу жүйесiнiң ауруларымен ауыру деңгейi 16,8%-ға (100 мың адамға шаққанда 467,1-ден 388,7-ке дейiн) төмендедi.

Өлiм көрсеткiштерiнiң төмендеуi қан айналу жүйесiнiң ауруларынан 23,4%-ға (100 мың адамға шаққанда 90,48-ден 69,30-ға дейiн), онкопатологиядан 18,0%-ға дейiн (100 мың адамға шаққанда 38,76-дан 31,81-ға дейiн) төмендедi.

Сәби өлiмi көрсеткiшi 24,1%-ға (1000 тiрi туғанға 8,7-ден 6,6-ге дейiн) төмендедi. Туу деңгейi 2,0%-ға (1000 адамға шаққанда 5,0-тен 4,9-ге дейiн) төмендедi.

Денсаулық сақтау саласының күрделi шығындары 2026,1 млн. теңгенi құрады, оның iшiнде медициналық ұйымдарды жарақтандыруға — 1354,4 млн. теңге, күрделi жөндеулерге 671,7 млн. теңге қарастырылған.

Мақаланың шыққан күні: 17.05.2018 16:06
Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.05.2018 16:06
Қаралым саны: 160

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 114Б

8 (7162) 29-63-00;

economika@akmo.kz