Ақмола облысының 2020 жылғы қаңтардағы әлеуметтiк — экономикалық дамуы туралы ақпарат

1. Экономика

Өнеркәсiпте өндiрiс көлемi 60,6 млрд. теңгенi құрды. Тауар өнiмнiң НКИ — 107,3%.

Тау-кен өндiру өнеркәсiбiнде нақты көлем индексi 125% құрады. Өсiм құрамында алтыны бар кендер 7,2%-ға, мыс қойыртпалары 83,3%-ға артуымен байланысты.

Өңдеу өнеркәсiбiнде нақты көлем индексi 105,4% құрды.

Сусындар өндiрiсi саласында (НКИ-155,6%) минералды су және алкогольсiз сусындар өндiрiсi 63,6% артты.

Химия өнеркәсiбiнде (НКИ-273,5%) пестицидтер өндiрiсi көлемiнiң 18,7 есеге өсуi байқалды.

Машина жасау саласында (НКИ 128,4%) жетекшi кәсiпорындары болып «ЕПК Степногорск» (темiржол жылжымалы құрамға арналған подшипниктер өндiру), «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ (КАМАЗ жүк автомобильдерiн жинау), «Қамқор-Локомотив» ЖШС филиалының Атбасар электорвоздарды жөндеу зауыты (электровоздарды күрделi жөндеу) табылады.

Өсiм «ЕПК Степногорск» АҚ (подшипниктер 25,8%-ға) байқалды.

Есептi кезеңде «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ жүк және мамандандырылған автомобильдер өндiрiсi 60 бiрлiктi құрады (2019ж. қаңтар — 0 бiрлiк).

Металлургия саласының (НКИ 98,9%) «СТХК» ЖШС табиғи уранның химиялық концентратын өңдеу көлемi «Қазатомөнеркәсiп» ҰАК» АҚ шикiзаттарын жеткiзу көлемiне сәйкес 178 тоннаны құрады (11% — ға төмендеу).

Өңделмеген алтын өндiрiсiнде 5,9% өсiмге қол жеткiзiлдi, бұл «Altyntau Kokshetau» АҚ қызметiмен байланысты.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнiмiнiң көлемi 11,5 млрд.теңгенi НКИ — 2019 жылдың сәйкес кезеңiне 100,1% құрады.

Өсiмдiк шаруашылығы. Ағымдағы жылы жаздық егiс көлемi 4,9 млн. га, оның iшiнде дәндi және дәндi — бұршақты дақылдар — 4,4 млн. га.

Майлы дақылдарды 254 мың га алқапқа егу, картоп 16,1 мың га, көкөнiс 3,4 мың га алқапқа егу жоспарлануда.

Жемдiк дақылдарды жаздық себу 181 мың га алаңға орналастыру жоспарлануда.

Мал шаруашылығы. Шаруашылықтың барлық санаттарымен тiрi салмақта 12 мың тонна ет (2019 жылдың сәйкес кезеңiне 1,5% — ға өстi), 15,8 мың тонна сүт (4,7% — ға өстi) өндiрiлдi.

IҚМ басы 3,5% — ға (454,2 мың басқа дейiн), оның iшiнде сиыр — 2,2% — ға (214,8 мың басқа дейiн), қой мен ешкi — 0,3% — ға (544,8 мың басқа дейiн), жылқы — 6,5% — ға (198,1 мың басқа дейiн), құс — 8,4% — ға (8,1 млн.басқа дейiн) өстi.

Облыстың ауылшаруашылық тауар өндiрушiлерiмен астана базарларына 2,2 мың тонна сүт өнiмдерi (2019 жылғы ұқсас кезеңiне өсiм 5,6%), 1 мың тонна ет өнiмдерi (өсiм 6,9%), 10,7 млн. дана жұмыртқа (өсiм 6,7%) жеткiзiлдi.

Облыс экономикасын дамытуға 20,7 млрд.теңге немесе 2019 жылдың сәйкес кезеңiне 123,2% инвестицияланды.

Қаржыландыру көздерi бойынша инвестициялар құрылымында 41,7% кәсiпорындар мен жеке құрылыс салушылардың өз қаражатына немесе

8,6 млрд.теңгеге келедi, республикалық және жергiлiктi бюджет қаражаты 0,5% немесе 0,1 млрд. теңгенi құрады. Инвестиция құрылымындағы банктер кредиттерiнiң үлесi 9,2% — ды, басқа да қарыз қаражаты — 48,6% — ды құрады.

2020 жылы сумен жабдықтау жүйелерiн дамыту жөнiндегi жобаларды iске асыруға 11,2 млрд. теңге бөлiндi. Қаражат жұмсалды 10 объектiнi салуға (3,5 млрд. теңге) және 17 объектiнi қайта жаңартуға (6,9 млрд. теңге), 12 жоба бойынша ЖСҚ әзiрлеуге (153,8 млн. теңге), iздестiру-барлау жұмыстарына (573,4 млн. теңге), 11 объектiнi ағымдағы жөндеуге (70 млн. теңге).

Құрылыс жұмыстарының көлемi 641,2 млн. теңгенi немесе 2019 жылдың сәйкес кезеңiне 68,7% құрады.

Тұрғын үй құрылысы.

36,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берiлдi, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңiне 53,4% құрайды.

Мемлекеттiк-жеке меншiк әрiптестiк.

Облыста жалпы құны 264,5 млрд.теңгеге 45 мемлекеттiк-жеке меншiк әрiптестiк жобасына қол қоялды, 6 жоба бойынша 4,2 млрд. теңгеге мемлекеттiк мiндеттемелер қабылданды. 26 жоба жоспарлау сатысында.

Кәсiпкерлiктi дамыту. Облыста жұмыс iстеп тұрған шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң саны 44 867 бiрлiктi құрайды, оның iшiнде шағын кәсiпкерлiктiң заңды тұлғалары — 7 779 бiрлiк, орта кәсiпкерлiктiң заңды тұлғалары — 112 бiрлiк, жеке кәсiпкерлер — 31 370, шаруа (фермер қожалықтары) — 5 606 бiрлiк.

Iске асыру кезеңiнде (2010 жылдан бастап) «Бизнестiң жол картасы — 2025» бағдарламасының барлық бағыттары бойынша 142,6 млрд.теңге кредит сомасына 1 309 жоба мақұлданды.

2020 жылы Бағдарламаны iске асыруға 3,3 млрд.теңге бөлiндi және игерiлдi.

Тұтыну бағаларының индексi (2019 жылғы желтоқсанға қарағанда 2020 жылғы қантар) 100,4% құрады, оның iшiнде азық — түлiк тауарларына — 100,7%, азық — түлiк емес тауарларға — 100,3%, халыққа көрсетiлген ақылы қызметтерге — 100,1%.

Орташа айлық жалақы 2019 жылдың тиiстi кезеңiне 15,9% — ға өсiп, 139,7 мың теңгенi құрады.

Салық және бюджет. Мемлекеттiк бюджетке 9,2 млрд. теңге салықтар мен мiндеттi төлемдер түстi немесе болжамға 119,6%, оның iшiнде республикалық бюджетке — 3,7 млрд. теңге (болжамға 88,6%), жергiлiктi бюджетке — 5,5 млрд. теңге (болжамға 156,8%).

2. Әлеуметтiк сала

2020 жылдың қаңтар айларында облыста 648 жаңа жұмыс орны құрылды, оның 304 тұрақты.

Жұмыспен қамту қызметi арқылы 947 адам жұмысқа орналастырылды, бұл өтiнiш бiлдiргендердiң 64,2% құрады.

Жұмыс iздеу Клубтарының семинарлық сабақтарына 54 адам қатысты, оның iшiнде тұрақты және уақытша жұмысқа 46 адам (85,2%) орналастырылды.

1 бос жұмыс орындары жәрмеңкесi өткiзiлдi, онда 28 бос жұмыс орындары ұсынылды, нәтижесiнде 10 адам жұмысқа орналастырылды.

Өнiмдi жұмыспен қамтуды және жаппай 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» кәсiпкерлiктi дамыту:

- «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсiптiк бiлiммен және қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқытумен қамтамасыз ету» бiрiншi бағыты бойынша 1855 адамды оқыту жоспарланған;

- «Жаппай кәсiпкерлiктi дамыту» екiншi бағыты бойынша 2799 адамды қамту жоспарланған, оның iшiнде:

- «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсiпкерлiк негiздерi — 1363 адам;

- ауылда және қалаларда кәсiпкерлiк бастамаларды қолдауға — 803 микрокредит;

– жаңа бизнес-идеяларды iске асыруға 216,9 млн. теңге сомасында 633 грант, 01.02.2020 жылғы жағдай бойынша гранттар 10 қатысушыға 5,3 млн. теңге берiлдi;

- «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» үшiншi бағыты бойынша жастар тәжiрибесiне — 20 адам немесе жоспардың — 4,2% — ы (жоспар — 475), әлеуметтiк жұмыс орындарына — 42 адам немесе жоспардың — 9% — ы (жоспар — 466), ақылы қоғамдық жұмыстарға — 169 адам немесе жоспардың — 10,1% — ы (жоспар — 1680) жiберiлдi.

Мектепке дейiнгi ұйым — 609 бiрлiк, соның iшiнде 244 балабақша және 365 мектепке дейiнгi шағын орталық (соның iшiнде  — мемлекеттiк 136, жеке — 108.) 221 елдi мекенiнен тасымалдау жүзеге асырылады.

2020 жылдың 1 ақпандағы мектепке дейiнгi тәрбиемен және оқытумен

3-6 жас аралығы бойынша 100%, 1-6 жас аралығы бойынша 75,4%.

Жоғары көрсеткiштерi (1-6 жас аралығы бойынша) Қорғалжын (95,4%), Жақсы (94,1%) және Бiржан сал (93,1%) ауданында.

2020 жылы балабақша құрылысын аяқтау жоспарланған Шортанды ауданында, Целиноград ауданында 2 мектеп (Қоянды ауылында және Максимовка), Көкшетау қаласындағы 3 мектептiң оқу корпустарына қосымша құрылыс салу (№1, №6 және № 13), сондай-ақ Бұланды ауданының Алтынды орта мектебiн қайта жаңарту. 2 мектептiң құрылысы жалғасады Целиноград ауданында (Қосшы ауылында) және Көкшетау қаласында. Аршалы және Целиноград (3 объект) аудандарында 4 мектеп, Целиноград ауданында және Көкшетау қаласында 3 балабақша құрылысын бастау көзделген (2 нысан).

Денсаулық сақтау саласында 2020 жылдың қаңтар айларында қан айналу жүйесiнiң ауруларымен ауыру деңгейi 23,3% — ға

(100 мың адамға 253,0-тен 194,1-ға дейiн) төмендедi.

Жалпы өлiм 0,3% — ға (1000 адамға 9,99-ден 9,96-ға дейiн) төмендедi, қан айналым жүйесiнiң ауруларынан өлiм деңгейi 2,1% — ға (100 мың тұрғынға шаққанда 205,48-ден 201,17-ға дейiн) төмендедi, жазатайым жағдайдан, уланудан және жарақаттан 5,1% — ға (100 мың тұрғынға шаққанда 88,12-ден 83,64-ға дейiн) төмендедi.

Денсаулық сақтаудың күрделi шығыстары үшiн 2020 жылы 1,4 млрд. теңге бөлiндi, оның iшiнде медициналық ұйымдарды жабдықтау үшiн —

1,1 млрд. теңге, күрделi жөндеуге — 0,3 млрд. теңге.

Денсаулық сақтау саласында Целиноград ауданында емхана мен онкологиялық емхана құрылысын аяқтау жоспарланған Көкшетау қаласында, Целиноград және Шортанды аудандарында 2 дәрiгерлiк амбулатория.

Мемлекеттік рәміздері

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн