Ақмола облысының 2019 жылғы қаңтардағы әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы ақпарат

1. Экономика

Өнеркәсiпте өндiрiс көлемi 50,5 млрд. теңгенi құрады. Тауарлық өнiмнiң НКИ-99,6%.

Тау-кен өндiру өнеркәсiбiнде нақты көлем индексi 112,3% құрады. Өсiм құрамында алтыны бар кендер 21,9%-ға артуымен байланысты.

Өңдеу өнеркәсiбiнде нақты көлем индексi 97,6% құрды.

Азық-түлiк өндiрiсiнде (НКИ-117,6%) өткен жылмен салыстырғанда (заттай көрiнiсте) ет және сорпалық тағамдық азық-түлiктер 94,5%, сүт 5,3%, сары майы 2,1% өстi.

Сусындар өндiрiсi саласында (НКИ-49,8%) минералды су және алкогольсiз сусындар өндiрiсi 38,4% төмендегенi байқалады.

Химия өнеркәсiбiнде (НКИ-33,1%) пестицидтер өндiрiсi көлемiнiң 6,6 есеге төмендеуi байқалады.

Резеңке және пластмасса өнiмдерi өндiрiсiнде (НКИ 134,2%) қаптар мен полиэтиленнен жасалған пакеттер өндiрiсi 17,6 есе артты.

Машина жасау саласында (НКИ 103,7%) подшипниктер өндiру көлемi 50,2% артты;

Металлургия саласының (НКИ 99,1%) өңделмеген және жартылай өңделген алтын көлемдерiнiң өндiру 2,1%, төмендеуi байқалады, бұл «Алтынтау Көкшетау» АҚ қызметiмен байланысты.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнiмiнiң көлемi 10,3 млрд. теңгенi құрады.

Өсiмдiк шаруашылығы. Ағымдағы жылы жаздық егiс көлемi 4,7 млн. га, оның iшiнде дәндi және дәндi — бұршақты дақылдар — 4,3 млн. га.

Майлы дақылдарды 247,6 мың га алқапқа егу, картоп 17,3 мың га, көкөнiс 3,8 мың га алқапқа егу жоспарлануда.

Жемдiк дақылдарды жаздық себу 163,9 мың га алаңға орналастыру жоспарлануда.

Мал шаруашылығы. Шаруашылықтың барлық санаттарымен тiрi салмақта 11,8 мың тонна ет (2018 жылдың сәйкес кезеңiне 28,9% — ға өстi), 15 мың тонна сүт (3,6% — ға өстi), 72,8 млн. дана жұмыртқа (2,5% — ға өстi) өндiрiлдi.

IҚМ басы 4,1% — ға (439 мың басқа дейiн), оның iшiнде сиыр — 3% — ға (210,1 мың басқа дейiн), қой мен ешкi — 4,2% — ға (543,2 мың басқа дейiн), жылқы-10,1% — ға (186,1 мың басқа дейiн), құс-28,8% — ға (7,5 млн.басқа дейiн) өстi.

Астана қаласының айналасындағы азық-түлiк белдеуi бойынша 2019 жылы 10,3 млрд.теңгеге 10 жобаны iске асыру жоспарланған.

Облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiмен Астана нарығына жеткiзiлдi (01.02.2019 ж. жағдай бойынша), 2,4 тонна сүт өнiмдерi (өткен жылдың тиiстi кезеңiне 10,9% — ға өстi), 1,1 мың. тонна ет және ет өнiмдерi (13,2% — ға өстi), 12,3 млн. дана жұмыртқа (23,1% — ға өстi).

2019 жылғы қаңтарда облыс экономикасын дамытуға 16,1 млрд. теңге инвестицияланды, бұл 2018 жылғы сәйкес кезеңнен 75,9% жоғары.

Қаржыландыру көздерi бойынша инвестициялар құрылымында 82,2% кәсiпорындар мен жеке құрылыс салушылардың өз қаражатына немесе 13,3 млрд. теңгеге келедi, республикалық бюджет қаражаты 0,02% немесе 3,4 млн. теңгенi құрады. Инвестиция құрылымындағы банктер кредиттерiнiң үлесi 16,3% — ды, басқа да қарыз қаражаты — 1,5% — ды құрады.

2019 жылы сумен жабдықтау және су бұру жүйесiн дамытуға 15,8 млрд. теңге бөлiндi. Қаражат 11 (4 млрд. теңге) құрылысқа және 20 объектiнi қайта жаңартуға (6,5 млрд. теңге), 3 жоба бойынша ЖСҚ әзiрлеуге (50,7 млн. теңге), iздестiру-барлау жұмыстарына (770 млн. теңге), РБ-дан кредиттер (4,5 млрд. теңге) бағытталды.

607 елдi мекеннiң iшiнде 357 АЕМ — де орталықтандырылған сумен жабдықтау (58,8%), 228 АЕМ-де орталықтандырылмаған сумен жабдықтау (37,6%). 22 АЕМ-де тасымалданатын су (3,6%).

Құрылыс жұмыстарының көлемi 929,2 млн. теңгенi немесе 2018 жылдың сәйкес кезеңiне 52,6% құрады.

Тұрғын үй құрылысы.

2019 жылы 68,9 мың. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берiлдi, бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңiне 86,5% құрайды.

Кәсiпкерлiктi дамыту. Облыста жұмыс iстеп тұрған шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң саны 44 960 бiрлiктi құрайды (өсiм 7%), оның iшiнде шағын кәсiпкерлiктiң заңды тұлғалары — 7 133 бiрлiк; орта кәсiпкерлiктiң заңды тұлғалары — 110 бiрлiк; жеке кәсiпкерлер — 32 943; шаруа (фермер қожалықтары) — 4 774 бiрлiк.

Iске асыру кезеңiнде (2010 жылдан бастап — 2019 жылдың 1 қаңтарына дейiн) «Бизнестiң жол картасы-2020» бағдарламасының барлық бағыттары бойынша Өңiрлiк үйлестiру кеңесi 121,4 млрд. теңге сомасына 896 жобаны мақұлдады.

2018 жылы Жеке кәсiпкерлiктi қолдауға 7,1 млрд. теңге бөлiндi, 100% игерiлдi.

Тұтыну бағаларының индексi (2019 жылғы қаңтар 2018 жылғы желтоқсанға) 100% құрады, оның iшiнде азық — түлiк тауарларына — 101,7%, азық — түлiк емес тауарларға — 100,4%, халыққа көрсетiлген ақылы қызметтерге — 97,3%.

2018 жылғы қаңтар — желтоқсанда орташа айлық жалақы 9,4% — ға өстi және 120,5 мың. теңгенi құрады.

Салық және бюджет. Мемлекеттiк бюджетке 8,9 млрд.теңге салықтар мен мiндеттi төлемдер түстi немесе болжамға 113,8%, оның iшiнде республикалық бюджетке — 4,6 млрд. теңге (болжамға 100,7%), жергiлiктi бюджетке — 4,3 млрд. теңге (болжамға 132,1%).

2. Әлеуметтiк сала

2019 жылдың қаңтар айында облыста 576 жаңа жұмыс орны құрылды, оның iшiнде 430 — тұрақты.

Жұмыспен қамту қызметi арқылы 819 адам жұмысқа орналастырылды, бұл өтiнiш бiлдiргендердiң 60,6% құрады. Жұмыспен қамтылғандардың орташа облыстық пайызы төмен 8 өңiрде байқалады: Жақсы (9,5%), Шортанды (22,9%), Егiндiкөл (25%), Қорғалжын (25,7%), Целиноград (31,8%), Көкшетау (38,4%), Зерендi (54,1%), Жарқайың (56,7%).

Қоғамдық жұмыстарға 253 адам жiберiлдi.

Барлық қаржыландыру көздерiнен 4 816 аз қамтылған азаматтарға 21 418,5 мың теңге әлеуметтiк көмек көрсетiлдi.

Өнiмдi жұмыспен қамтуды және жаппай 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек»:

 — «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсiптiк бiлiммен және қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқытумен қамтамасыз ету» бiрiншi бағыты бойынша 3 680 адамды қамту жоспарлануда (еңбек нарығының қажеттiлiгiн ескере отырып, техникалық және кәсiптiк бiлiмi бар кадрларды даярлау — 1 190 адам (бiлiм басқармасының әкiмшiсi); еңбек нарығында сұранысқа ие кәсiптер мен дағдылар бойынша жұмыс кадрларын қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқыту — 2 490 адам).

 — «Жаппай кәсiпкерлiктi дамыту» екiншi бағыты бойынша 2340 адамды қамту жоспарлануда, оның iшiнде:

 — «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсiпкерлiк негiздерiне оқытумен 970 адамды қамту жоспарлануда;

 — ауылда және қалаларда кәсiпкерлiк бастамалардың қолдауымен 3,2 млрд. теңгеге 920 шағын несие беру;

 — жаңа бизнес-идеяларды iске асыруға 113,6 млн. теңге сомасында 450 грант беру.

 — «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» үшiншi бағыты бойынша халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөнiндегi шаралармен (жастар тәжiрибесi, Әлеуметтiк жұмыс орны, қоғамдық жұмыстар) — 2 779 адамды қамту қажет.

2019 жылдың қаңтар айында жастар тәжiрибесiне 24 адам (жоспар -496), әлеуметтiк жұмыс орындарына — 17 адам (жоспар — 538), ақылы қоғамдық жұмыстарға — 253 адам (жоспар — 1745) жiберiлдi.

2019 жылы Шортанды ауданында және Көкшетау қаласында 2 балабақша, Бурабай, Целиноград (4 объект) аудандарында және Көкшетау қаласында 6 мектеп, Ақан серi ат. мәдениет колледжiне қосымша құрылыс салу қарастырылған. Көкшетау қаласындағы 3 мектептiң оқу корпустарына (№1, №6 және №13), сондай-ақ Бұланды ауданының Алтынды орта мектебiн қайта жаңарту.

Денсаулық сақтауда Аршалы ауданында медициналық пункт, Атбасар, Целиноград, Шортанды аудандарында 3 дәрiгерлiк амбулатория және Көкшетау қаласында онкологиялық емхана салу жоспарлануда.

Мектепке дейiнгi ұйымдардың саны — 615 бiрлiк, оның iшiнде 241 бала бақшалар (оның iшiнде мемлекеттiк-138, жеке меншiк — 103) және 374 шағын орталықтар. Балаларды тасымалдау 234 елдi мекеннен жүзеге асырылады.

2019 жылдың 1 қаңтарына 3 жастан 6 жасқа дейiнгi балаларды мектепке дейiнгi мекемелермен қамту 99%, 1 жастан 6 жасқа дейiнгi балаларды қамту 67,4% құрады.

Қамтудың жоғары көрсеткiштерi (1-6 жастағы балалар) Сандықтау (87,6%), Ерейментау (82,2%), Есiл (80,1%) аудандарында, Степногорск қаласында (82,9%), неғұрлым төмендеу — Көкшетау қаласында (57,8%), Атбасар (57,3%), Егiндiкөл (57,7%) аудандарында байқалды.

Денсаулық сақтау саласында 2019 жылдың қаңтар айында туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткiшi 24,4% — ға (100 мың адамға шаққанда 4,5-тен 3,4-ке дейiн) төмендедi.қан айналымы жүйесi ауруларымен 119% — ға (100 мың халыққа шаққанда 115,5-тен 253-ке дейiн ұлғайды.).

Қан айналымы жүйесi ауруларынан болатын өлiм — жiтiм көрсеткiшi 22,8% — ға (100 мың адамға шаққанда 266,1-ден 205,48-ге дейiн), қатерлi iсiктерден-11,3% — ға (100 мың адамға шаққанда 121,16-дан 107,48-ге дейiн) төмендедi.

Нәрестелер өлiмiнiң көрсеткiшi 97,6% — ға (1000 тiрi туылғандарға шаққанда 4,2-тен 8,3-ке дейiн) өстi. Туу көрсеткiшi 1,3% деңгейiнде қалып отыр (1000 адам), бұл ретте туылғандар санының 2,3% — ға (942-ден 964-ке дейiн) өсуi байқалады.

Денсаулық сақтаудың күрделi шығыстарына 2019 жылы 2 428,2 млн. теңге бөлiндi, оның iшiнде медициналық ұйымдарды жарақтандыруға — 1 775,3 млн. теңге, күрделi жөндеуге — 652,9 млн. теңге.

Мемлекеттік рәміздері

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн