Ақмола облысының 2018 жылғы қаңтардағы әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы ақпарат

1. Экономика

Өнеркәсiпте өндiрiс көлемi 43,6 млрд. теңгенi құрды. Тауар өнiмнiң НКИ — 103,8%.

Тау-кен өндiру өнеркәсiбiнде нақты көлем индексi 93,9% құрады.

Өңдеу өнеркәсiбiнде нақты көлем индексi 106,2% құрады.

Азық-түлiк өндiрiсiнде (НКИ-107,8%) 2017 жылмен салыстырғанда (заттай көрiнiсте) ет және сорпалық тағамдық азық-түлiктер 5,0%, өсiмдiк майы 39,4%, ұн 13,9% өстi.

Химия өнеркәсiбiнде (НКИ-117,4%) пестицидтер өндiрiсi 15,8%-ға өстi. Күкiрт қышқылының өндiрiсi 11,6 мың тоннаны құрады, 2017 жылға 12,8%.

Резеңке және пластмасса өнiмдерi өндiрiсiнде (НКИ 114,2%) пластмасстан жасалған фитинг және құбыр өндiрiсi 46,2% өстi.

Машина жасау саласында (НКИ 167,4%) подшипниктер өндiру 63,4%-ға өстi.

Басқа да металл емес минералды өнiмдер өндiрiсi саласында (НКИ 133,2%) керамикалық кiрпiш өндiрiсi көлемдерiнiң 37,4%-ға өстi.

ИИДМБ шеңберiнде 2010 жылдан бастап 254,2 млрд. теңге сомасына 79 жоба жүзеге асырылды, 7,9 мың тұрақты жұмыс орындары құрылды.

Ауыл-шаруашылық жалпы өнiмнiң көлемi 8,3 млрд. теңге, нақты көлемнiң индексi — 2017 жылдың деңгейiне 104,6% құрады.

Өсiмдiк шаруашылығы. Ағымдағы жылы жоспарланған жаздық егiс алқабы 4,7 млн. га, соның iшiнде дәндi және дәндi-бұршақты дақылдардың жаздық алаңы 4,3 млн. га болып көзделген.

Майлы дақылдарды 258,4 мың га. егiстiк алқапта жүргiзу жоспарланып отыр, 18,4 мың. га алқапта картопты, 4,3 мың. га -да көкөнiстi отырғызу.

Жаздық жем-шөп дақылдарын 160,6 мың га. алаңында отырғызу жоспарлануда. Жалпы алғанда өткен жылдардағы көп жылдық шөп жемшөптердi ескере отырып, облыс бойынша жалпы алаңы 632,6 мың га. құрады.

Мал шаруашылығы. Шаруашылықтардың барлық санаттарымен тiрi салмақта 9,2 мың тонна ет (2017 жылдың сәйкес кезеңiне 2,6%-ға өсiм), 14,5 мың тонна сүт (0,1%-ға өсiм), 71,1 млн.дана жұмыртқа (28,1%-ға өсiм) өндiрiлдi.

IҚМ басының саны 2,6%-ға өстi (421,5 мың басты құрайды ), оның iшiнде сиыр — 0,5%-ға (204 мың бас), жылқы — 5,5%-ға (169 мың бас), құстар — 18,8% ға (5,8 млн. бас) дейiн өстi, шошқалар — өткен жылғы деңгейде (117,9 мың бас). Қой мен ешкiнiң саны — 1,1%-ға — ға азайды (521,5 мың басқа дейiн).

Астана қ. азық-түлiк белдiгiнiң аясында 7,5 млрд. теңгеге 8 жобасы жүзеге асырылуда.

Облыстың ауылшаруашылық тауар өндiрушiлерiмен астана базарларына (01.02.2018 ж.) 2,1 мың тонна сүт өнiмдерi (2017 жылғы ұқсас кезеңiне өсiм 10,5%-ға), 0,9 мың тонна ет өнiмдерi (2017 жылғы ұқсас кезеңiне өсiм 11,2%-ға), 10 млн. дана жұмыртқа (2017 жылғы ұқсас кезеңiне өсiм 8,6%-ға) жеткiзiлдi.

2018 жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша экономиканы дамытуға 8,7 млрд. теңге қаржы жұмсалған, бұл 2017 жылдың деңгейiнен 16,4% артық.

Инвестиция құрылымында ең үлкен үлесi кәсiпорындардың меншiктi қаражатына және дербес салушылар 85% болады, олардың есебiнен 7,5 млрд. теңге, жергiлiктi бюджеттiң — 1% немесе 0,1 млрд. теңге игерiлген. Банктердiң несиелерiнiң үлесi инвестицияның жалпы мөлшерiнде 1,6% құрайды, басқа қарыз қаржысының үлесi — 11,7%.

Сыртқы инвестициялардың көлемi 1,1 млрд. теңге құрады. 2018 жылы сумен жабдықтау және су бұру жүйесiн дамыту жүзеге асыруға 8,4 млрд. теңге бөлiндi. Қаражаттар 11 жобаның құрылысына және 18 жобаның қайта жаңартуға (7,5 млрд.теңге), 21 жобаға ЖСҚ әзiрлеу (260,3 млн.теңге), 1 объектiнi ағымдағы жөндеу (13,1 млн.теңге), iздестiру-барлау жұмыстары — (665,4 млн.теңге) бағытталды.

607 ауылды елдi мекендерден 357 елдi мекендер орталықтандырылған су (58,8%), орталықтандырылмаған су — 228 елдi мекендер (37,6%). Жеткiзiлетiн су 22 елдi мекендер (3,6%).

Құрылыс жұмыстарының көлемi 1,7 млрд.теңге немесе 2017 жылдың деңгейiнен 220,3% құрады.

Тұрғын үй құрылысы.

2018 жылғы қаңтар айында 79,7 мың м2 енгiзiлген, бұл 2017 жылдың деңгейiне 110,6% құрады.

Кәсiпкерлiктi дамыту. Облыста 42 мың бiрлiк белсендi шағын және орта бизнес (бұдан әрi — ШОБ) субъектiлерi тiркелген, оның iшiнде шағын бизнестiң заңды тұлғалары 6,5 мың, орта бизнестiң заңды тұлғалары 111, жеке кәсiпкерлер — 31,2 мың, шаруа (фермер қожалықтары) 4,2 мың.

(2010 жылғы 2018 жылғы 1 ақпанға) iске асыру кезеңiнде «Бизнестiң Жол картасы-2020» бағдарламаның барлық бағыттары бойынша бағдарламасы бойынша Өңiрлiк Үйлестiру кеңесiмен мақұлданды 808 жобаға кредит 111,7 млрд.теңгенi сомасы құрады.

2018 жылы жеке кәсiпкерлiктi қолдау үшiн бюджеттен 4,3 млрд. теңге бөлiндi.

Тұтыну бағасының индексi (2018ж. қаңтары 2017ж.қаңтарына) 107,1% құрады, оның iшiнде азық-түлiк тауарларына — 107,1%, азық-түлiк емес тауарларына — 108,7%, ақылы қызметтер — 105,5%.

2017 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында орташа айлық жалақы 2017 жылғы деңгейге 5,5%-ға өстi және 110,2 мың теңгенi құрады.

Салықтар және бюджет. Мемлекеттiк бюджетке 10 млрд. теңге немесе болжамды жоспарға қарағанда 203,9% сома түстi, соның iшiнде республикалық бюджетке — 4,9 млрд. теңге (болжамға 330%), жергiлiктi бюджетке — 5,1 млрд. теңге (болжамға 149,9%).

2. Әлеуметтiк сала

2018 жылдың қаңтар айы бойынша экономика салаларында 423 жаңа жұмыс орындары пайда болды, олардың 383 — тұрақты.

Жұмыспен қамту қызметi арқылы 731 адамды жұмысқа орналастырылды, бұл өтiнiш бiлдiргендер санының 49,3% құрады. Қоғамдық жұмыстарға 233 адам жiберiлдi.

Барлық қаржыландыру көздерiнен 2 958 аз-қамтылған азаматтарға 11 880,1 мың. теңге сомасында әлеуметтiк көмек көрсетiлдi.

Жұмыс iздеу клубтарының семинарлық оқуларына 82 адам қатысты, олардың iшiнде тұрақты және уақытша жұмысқа 46 адам (56,1%) орналастырылды.

Бос жұмыс орындарының 2 жәрмеңкесi өткiзiлдi, осы жәрмеңкеде 55 бос жұмыс орны ұсынылды, нәтижесiнде 9 адам жұмысқа орналастырылды.

2017-2021 жылдарға нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың бағдарламасының шеңберiнде келесi iс-шаралар жоспарланған:

-бiрiншi бағыты бойынша «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсiптiк бiлiммен және қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқумен қамтамасыз ету» 2 665 адам оқытуға жолдау жоспарланған (еңбек нарығының қажеттiлiктерiн ескере отырып, техникалық және кәсiптiк бiлiмi бар кадрларды даярлау — 1 190 адам (әкiмшiсi Бiлiм басқармасы), жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсiптер және дағдылар бойынша қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқыту — 1475 адам). 2018 жылдың қаңтар айы бойынша бойынша қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқытуға 91 адам бағытталған.

- екiншi бағыты бойынша «Жаппай кәсiпкерлiктi дамыту» бағдарламаға қатысушыларды «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 1927 адам жолдауға, сондай-ақ 2,6 млрд. теңге бойынша 320 қатысушыларға микрокредит беруге жоспарланған.

- үшiншi бағыты бойынша «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы еңбек нарығын дамыту және еңбек ресурстарының ұтқырлығы» (жастар тәжiрибесiмен, әлеуметтiк жұмыс орындарымен, оралмандарды көшуге субсидиялау) — 3 175 адам жұмыспен қамту қажет. 2018 жылдың қаңтар айы бойынша жастар тәжiрибесiне — 28 адам (жоспар — 507); әлеуметтiк жұмыс орындарға — 16 адам (жоспар — 470); ақылы қоғамдық жұмыстарға — 233 адам (жоспар — 2138).

ҚР бiлiм берудi дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы бойынша 2018 жылға 7 балабақша құрылысы Аршалы, Целиноград (2 нысан), Шортанды (2 нысан) аудандарда және Көкшетау қ. (2 нысан), 8 мектеп Бурабай, Еңбекшiлдер, Сандықтау, Целиноград (2 нысан) аудандарда және Көкшетау қ. (2 нысан, оның бiреуi мектепке кеңейтiлу), Көкшетау қаласындағы мәдениет колледжiнiң оқу корпусына кеңейтiмi, Қорғалжын ауданындағы мектеп-интернат және Зерендi ауылындағы орта мектептiң спорт залының құрылысымен оқу корпусының құрылысы қарастырылған.

Денсаулық сақтау саласында Атбасар ауданында дәрiгерлiк амбулатория және Көкшетау қаласында онкологиялық емхана салу жоспарланған.

Мектепке дейiнгi ұйым — 601 бiрлiк, соның iшiнде 228 балабақша және 373 мектепке дейiнгi шағын орталық (соның iшiнде  — мемлекеттiк 140, жеке– 88.) 236 елдi мекенiнен тасымалдау жүзеге асырылады.

2018 жылдың 1 қантарға мектепке дейiнгi тәрбиемен және оқытумен 3-6 жас аралығы бойынша 97,7% , 1-6 жас аралығы бойынша 66,4%.

Денсаулық сақтау саласында туберкулезбен ауыру көрсеткiшi 11,7%-ға (100 мың адамға шаққанда 5,1-дан 4,5-ке дейiн), қан айналу жүйесiнiң ауруларымен ауыру деңгейi 1,9%-ға (100 мың адамға шаққанда 97,1-ден 95,2-ке дейiн) төмендедi.

Қан айналу жүйесiнiң ауруларынан өлу деңгейi 30,8%-ға (100 мың адамға шаққанда 25,12-ден 17,38-ға дейiн) төмендедi. Онкопатологиядан 24,3%-ға дейiн (100 мың адамға шаққанда 7,97-дан 9,91-ға дейiн) артты.

Сәби өлiмi көрсеткiшi 3,1 есе ұлғайды (1000 тiрi туғанға 13,2-ден 4,2-ге дейiн) ) төмендедi. Туу деңгейi 7,7%-ға өстi (1000 адамға шаққанда 1,2-тен 1,3-ге дейiн). Ана өлiмi жағдайлары тiркелмеген.

Денсаулық сақтау саласының күрделi шығындары 2026,1 млн. теңгенi құрады, оның iшiнде медициналық ұйымдарды жарақтандыруға — 1354,4 млн. теңге, күрделi жөндеулерге 671,7 млн. теңге қарастырылған.

Мемлекеттік рәміздері
egov.kz
мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн