Астана қаласына iргелес елдi мекендердi әлеуметтiк-экономикалық дамытудың 2020 жылға дейiнгi кешендi жоспары (бұдан әрi — Кешендi жоспар) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 19 маусымдағы № 681 қаулысымен бекiтiлген.
2020 жылға дейiнгi Кешендi жоспар шеңберiнде жалпы сомасы 105 млрд.теңгеге, оның iшiнде республикалық бюджет есебiнен 97,6 млрд.теңгеге және жергiлiктi бюджет есебiнен 7,4 млрд.теңгеге 194 iс-шараны iске асыру көзделген.
2018 жылынды 8,4 млрд.теңге бөлiндi, оның iшiнде 137 iс-шараны iске асыруға — республикалық бюджет есебiнен 6,7 млрд.теңге және жергiлiктi бюджеттен 1,7 млрд.теңге (оның iшiнде жоспар бойынша 13 iс-шараны 2015 жылдан, 34 iс-шараны 2016 жылдан, 18 iс-шараны 2017 жылдан, 11 iс-шараны 2018 жылдан бастап iске асыру) бөлiндi. Бөлiнген қаражат толығымен игерiлдi.
2018 жылдың қорытындысы бойынша Кешендi жоспардың 15 iс-шарасы iске асырылды:
3-тармақ. Оразақ ауылы — Ақмол ауылы су құбырының магистральдық желiлерiн реконструкциялау (2-кезек);
22-тармақ. Жалтыркөл ауылының кiрме жолымен қоса кентiшiлiк жолдарын күрделi жөндеу;
35-тармақ. Қабанбай батыр ауылының көше-жол желiсiн күрделi жөндеу;
50-тармақ. Қараөткел ауылында электрмен жабдықтау жүйесiн салуды аяқтау;
62-тармақ. Қосшы ауылының көше-жол желiсiн күрделi жөндеу;
67-тармақ. Қосшы ауылында 45 пәтерлiк тұрғын үй салу (1-позиция);
68-тармақ. Қосшы ауылында 45 пәтерлiк тұрғын үй салу (2-позиция);
77-тармақ. Қызылжар ауылында сумен жабдықтаудың таратушы желiлерiн реконструкциялау;
97-тармақ. Малотимофеевка ауылының көше-жол желiсiн күрделi жөндеу;
103-тармақ. Софиевка ауылын электрмен жабдықтау желiлерiн салу;
112-тармақ. Талапкер ауылының жерасты су қорларына жобалау-сметалық құжаттаманы жасау және жете барлау;
127-тармақ. Воздвиженка ауылын жерасты су қорларымен қамтамасыз ету үшiн жобалау-сметалық құжаттаманы жасау және iздеу-барлау жұмыстарын жүргiзу;
137-тармақ. Жаңа Жайнақ ауылын жерасты су қорларымен қамтамасыз ету үшiн жобалау-сметалық құжаттаманы жасау және iздеу-барлау жұмыстарын жүргiзу;
161-тармақ. Р.Қошкарбаев ауылындағы жаңа учаскелерде сумен жабдықтаудың таратушы желiлерiн салу;
166-тармақ. Раздольное ауылын жерасты су қорларымен қамтамасыз ету үшiн жобалау-сметалық құжаттаманы жасау және iздеу-барлау жұмыстарын жүргiзу.