Қаз | Рус
Басты бет
Сайт картасы
Қалыпты нұсқа

Астана қаласына іргелес елді мекендерді әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2020 жылға дейінгі кешенді жоспарын іске асыру барысы туралы анықтама

Астана қаласына iргелес елдi мекендердi әлеуметтiк-экономикалық дамытудың 2020 жылға дейiнгi кешендi жоспары (бұдан әрi — Кешендi жоспар) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 19 маусымдағы № 681 қаулысымен бекiтiлген.

2020 жылға дейiнгi Кешендi жоспар шеңберiнде жалпы сомасы 105 млрд.теңгеге, оның iшiнде республикалық бюджет есебiнен 97,6 млрд.теңгеге және жергiлiктi бюджет есебiнен 7,4 млрд.теңгеге 194 iс-шараны iске асыру көзделген.

2017 жылынды 7,4 млрд.теңге бөлiндi, оның iшiнде 55 iс-шараны iске асыруға — республикалық бюджет есебiнен 6,7 млрд.теңге және жергiлiктi бюджеттен 0,7 млрд.теңге (оның iшiнде жоспар бойынша 25 iс-шараны 2015 жылдан, 13 iс-шараны 2016 жылдан, 17 iс-шараны 2017 жылдан бастап iске асыру) бөлiндi. Бөлiнген қаражат толығымен игерiлдi.

2017 жылдың қорытындысы бойынша Кешендi жоспардың 18 iс-шарасы iске асырылды:

14-тармақ. Бозайғыр ауылын жерасты су қорларымен қамтамасыз ету үшiн iздеу-барлау жұмыстарын жүргiзу;

16-тармақ. Бозайғыр ауылында электрмен жабдықтау желiлерiн салу;

19-тармақ. Жалтыркөл ауылын жерасты су қорларымен қамтамасыз ету үшiн iздеу-барлау жұмыстарын жүргiзу;

30,31,32-тармақтар. Жiбек жолы ауылдық округiнiң әкiмшiлiк шекарасында «Саяжай» коттедж кентiнiң бас жоспарын әзiрлеу және бекiту (сумен жабдықтау, кәрiз жүйелерi), (жол құрылғысы және абаттандыру), (электрмен жабдықтау);

33-тармақ. Қабанбай батыр ауылында су жеткiзгiштiң қосымша желiсiн және таратушы желiсiн салу (2-кезек);

70-тармақ. Астана қаласының серiктес қаласы ретiнде Қосшы ауылының инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту;

89-тармақ. Максимовка ауылының көше-жол желiсiн күрделi жөндеу;

99-тармақ. 96 разъезд ауылында сумен жабдықтаудың таратушы желiлерiн салу;

104-тармақ. Софиевка ауылының көше-жол желiсiн күрделi жөндеу;

109-тармақ. Тайтөбе ауылының көше-жол желiсiн күрделi жөндеу;

132-тармақ. Волгодоновка ауылын жерасты су қорларымен қамтамасыз ету үшiн iздеу-барлау жұмыстарын жүргiзу;

146-тармақ. Ключи ауылын жерасты су қорларымен қамтамасыз ету үшiн iздеу-барлау жұмыстарын жүргiзу;

151-тармақ. Қойгелдi ауылын жерасты су қорларымен қамтамасыз ету үшiн iздеу-барлау жұмыстарын жүргiзу;

171-тармақ. 42 разъезд станциясында сумен жабдықтаудың таратушы желiлерiн салу;

174-тармақ. Бабатай станциясын жерасты су қорларымен қамтамасыз ету үшiн iздеу-барлау жұмыстарын жүргiзу;

185-тармақ. Төңкерiс ауылын жерасты су қорларымен қамтамасыз ету үшiн iздеу-барлау жұмыстарын жүргiзу.

Мемлекеттік рәміздері

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн