Қаз | Рус
Басты бет
Сайт картасы
Қалыпты нұсқа
Facebook Instagram

«Ауыл-елігі» арнайы жобасын

«Ауыл-елiгi» арнайы жобасын iске асыру

Елiмiздiң Тұңғыш Президентi — Елбасының бастамасымен «Ауыл-ел бесiгi» арнайы жобасы iске қосылды, оның мақсаты ауылдық жерлерде әлеуметтiк және инженерлiк инфрақұрылымды дамыту, ауылдық жерлерде жайлы өмiр сүру ортасын құру болып табылады.

Осы жобаны iске асыру үшiн 2019 жылға таңдалған 3 перспективалы ауылдық елдi мекен — аудан орталықтары Екатеринбург-Алматы республикалық трассасында орналасқан Астраханка, Аршалы ауылдары және туристiк кластердiң өсу нүктесi болып табылатын Зерендi ауылы таңдалған.

Бұл ауылдарда 3,1 млрд. теңге сомасына 19 жоба жүзеге асырылуда:

Астраханка ауылында аудандық мәдени орталық, ауылшаруашылық колледжi, ауыл iшiндегi жолдар, тротуарлар, сумен жабдықтау жүйесi жөнделедi. 2019-2020 жылдар аралығында қазандық ғимараты бар инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы жоспарлануда;

Аршалы кентiнде №2 орта мектептi, ауыл iшiндегi жолдарды жөндеу, сонымен қатар аяқталуы 2020 жылға жоспарланған дене-сауықтуры кешенiнiң құрылысы бойынша жұмыстар өткiзiледi;

Зерендi ауылында мәдениет үйi, су мұнарасы бар сумен жабдықтау желiлерi, ауыл iшiндегi жолдар жөнделедi және орталық қазандықтағы қазандық агрегаттар ауыстырылады.

Бұл жобалардың iске асырылуы халықтың өмiр сүру сапасын және ауылдың инфрақұрылымын жақсартуға айтарлықтай әсерiн тигiзедi.

Мемлекеттік рәміздері