«Диплом мен ауылға» жобасы

2009 жылдың 1 қаңтарынан, ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген әлеуметтiк сала және агроөнеркәсiптiк кешен мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсынуды қарастырылған, «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне ауылдық елдi мекендердiң әлеуметтiк сала қызметкерлерiн әлеуметтiк қолдау және ынталандыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 24 желтоқсандағы Заңы күшiне ендi (әрi қарай — Заң).

Заңмен, қажет болған ауылдық жерге қалалардан және басқа елдi мекендерден (сонымен бiрге ауылдардан) жұмыс iстеуге және тұруға келген:

• бiлiм беру,

• денсаулық сақтау,

• әлеуметтiк қамсыздандыру,

• мәдениет,

• спорт,

• және агроөнеркәсiптiк кешен (2014 ж. шiлдесiнен),

мамандарына келесi әлеуметтiк қолдау шаралары қарастырылған:

• 70 АЕК көлемiнде бiр жолғы көтермелi жәрдемақы төлеу;

• 1500 АЕК көлемiнде, мерзiмi 15 жыл, сыйақы мөлшерлемесi 0,01 %, үй сатып алуға және құрылыс өткiзу үшiн бюджеттiк несие.

«Дипломмен ауылға» жобасында, осы уақытта диплом алған оқу орындарының түлектерi, сонымен қатар кем дегенде 3 жыл бойы ауылға жұмыс iстеуге және тұруға келген өтiлi бар мамандар қатысуы мүмкiн.

Әлеуметтiк қолдау шараларын алу үшiн қойылатын бiр ғана шарт, ол маманның ауылдық елдi мекенде кем дегенде 3 жыл бойы қызмет етуi болып табылады.

Осы үшiн маманға:

• жұмысқа орналасу үшiн аумақты таңдау (облыс, аудан, ауыл);

• таңдаған елдi мекенде өз еркiмен жұмыс табу (ауыл мекетебi, аурухана, мәдениет үйi, спорткомплекс және тб.);

• өз еркiмен жұмыс табудың мүмкiндiгi жоқ болса, салалық облыстың басқармаларының, өңiрлердiң жауапты тұлғаларына өтiнiш беру мүмкiндiгiңiз бар.

Жоба аясында әлеуметтiк қолдау шараларын көрсетуге құжаттарды қабылдау қалалар және аудандар әкiмдiктерi (аудандық экономика және қаржы бөлiмдерi) арқылы, немесе «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы (Халыққа қызмет көрсету орталықтары) арқылы жүзеге асырылады.

Жобаға қатысу үшiн құжаттардың тiзбесi Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрi мiндетiн атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 275 бұйрығымен бекiтiлген «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9 тармағында көрсетiлген.

Әлеуметтiк қолдау ұсынудың ҚАҒИДАЛАРЫ (PDF 153 Kb)

Әлеуметтiк қолдау ұсынудың СТАНДАРТЫ (DOCX 27 Kb)

Әлеуметтi қолдау ұсынудың РЕГЛАМЕНТI (PDF 145 Kb)


"Ақмола облысының экономика және бюджеттi жоспарлау басқармасы" ММ

Көкшетау қаласы, Абай көшесi, 114Б, 296343@akmo.kz

Телефон 8(7162) 296345, факс 296364

Мемлекеттік рәміздері
egov.kz
мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн