A- A A+
Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
«Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

1. «Ақмола облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» мемлекеттiк мекемесi әлеуметтiк-экономикалық саясаттың негiзгi бағыттарын дайындауда салааралық және аумақаралық үйлестiрудi, мемлекеттiк жоспарлау жүйесiнде тұтастықты және тиiмдiлiктi қалыптастыратын, стратегиялық мақсаттарға қол жеткiзуге арналып бағдарланған және облыстың әлеуметтiк-экономикалық дамуындағы басым саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

2. «Ақмола облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» мемлекеттiк мекемесi өзiнiң қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң деректi шешiмдерiне, әкiмдiк қаулыларына, облыс әкiмiнiң шешiмдерi мен өкiмдерiне, өзге де нормативтiк-құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. «Ақмола облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» мемлекеттiк мекемесi мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. «Ақмола облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» мемлекеттiк мекемесi азаматтық-құқықтық қатынастарға жеке өз атынан түседi.

5. «Ақмола облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң, егер заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. «Ақмола облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» мемлекеттiк мекемесi өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен «Ақмола облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» мемлекеттiк мекеме басшысының бұйрықтарымен рәсiмделетiн шешiмдердi қабылдайды.

7. «Ақмола облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.

8. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесi, 114Б.

9. Басқарманың толық атауы — «Ақмола облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» мемлекеттiк мекемесi.

10. Осы Ереже «Ақмола облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң құрылтай құжаты болып табылады.

11. «Ақмола облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң қызметiн қаржыландыру жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.

12. «Ақмола облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» мемлекеттiк мекемесiне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен басқарманың функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Ақмола облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» мемлекеттiк мекемесiне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер Республикалық мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

13. «Ақмола облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң миссиясы: әлеуметтiк-экономикалық саясатты жүзеге асыру, сонымен қатар облыстың бәсекеге қабiлеттiлiгiн сапалы деңгейiне жоғарылату және тұрақты экономиканың өсуiн қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттiк экономикалық және бюджеттiк жоспарлау.

14. Мiндеттерi:

1) облыстың әлеуметтiк-экономикалық дамуының негiзгi бағыттарының стратегиялық мақсаттарын және басымдықтарын қалыптастыру;

2) облыстың бюджеттiк саясатын жүргiзу және қалыптастыру;

3) стратегиялық, экономикалық және бюджеттiк жоспарлау саласында облыс өңiрлерiн дамытуды үйлестiру.

15. Функциялары:

1) облыстың және аумақтың әлеуметтiк-экономикалық дамуының талдауын жүзеге асыру;

2) облыстың әлеуметтiк-экономикалық дамуының болжамын, соның iшiнде басым бюджеттiк инвестициялық жобалардың тiзбесiн дайындау;

3) әлеуметтiк-экономикалық дамуының болжамын облыстық атқарушы органдардың, аудандардың уәкiлеттi органдарының жұмыстарын үйлестiру;

4) облыс аумағын дамыту бағдарламасын дайындау, қалалардың (облыстық маңызы бар), аудандардың аумағын дамыту бағдарламасының әзiрлеуiн келiсу;

5) облыс аумағын дамыту бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар әзiрлеу, қалалардың (облыстық маңызы бар) аудандардың аумағын дамыту бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын келiсу;

6) облысты дамыту бағдарламасының iске асырылу мониторингiн жүргiзу;

7) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бюджеттiк өтiнiмдерiн Қазақстан Республикасының бюджеттiк және басқа да заңнамаларына, әлеуметтiк-экономикалық даму болжамына, аумақтарды дамыту бағдарламасының көрсеткiштерiне және қолданыстағы заттай нормаларға, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк бағдарламаларының жобаларын олардың бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң функцияларына, өкiлеттiктерiне, қызметiнiң бағыттарына сәйкес келуi тұрғысынан қарау;

8) бюджеттiк бағдарламалардың жобалары, бюджеттiк өтiнiмдерге өзгерiстер мен толықтырулардың жобалары бойынша қорытындылар қалыптастыру және оларды бюджеттiк комиссияның қарауына жiберу;

9) кезектi жоспарлы кезеңге облыстық бюджет жобасын дайындау, облыстық бюджеттi бекiту, нақтылау кезiнде облыстық бюджет туралы мәслихат шешiмiнiң жобасын дайындау;

10) облыстық бюджет туралы облыстық мәслихаттың шешiмiн жүзеге асыру бойынша жергiлiктi атқарушы орган қаулысының жобасын дайындау;

11) облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерi арасындағы үш жылдық кезеңге арналған жалпы сипаттағы трансферттердiң көлемдерi туралы облыстық мәслихат шешiмдерiнiң жобасын дайындау;

12) облыстық бюджеттiк комиссияның жұмысшы органының мiндеттерiн жүзеге асыру;

13) бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi шығыстарының лимиттерiн, жаңа бастамаларға арналған лимиттердi айқындау;

14) бюджеттiк инвестициялық жобаларды қарау және iрiктеу, жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық жобалардың экономикалық талдауын дайындау, сондай-ақ нысаналы даму трансферттерi мен республикалық бюджеттен берiлетiн кредиттер есебiнен қаржыландырылуға жоспарланатын жобалардың экономикалық қорытындысын дайындау;

заңды тұлғалардың жарғылық капиталында мемлекеттiң қатысу жолы арқылы бюджеттiк инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуын бағалауды және мониторингтi жүзеге асыру;

15) әзiрлеуге немесе түзетуге концессиялық ұсыныстар бойынша қорытынды жасау, сондай-ақ концессиялық жобалардың конкурстық құжаттарға қажеттi сараптамалар жүргiзу және оларды бюджеттiк комиссияның қарауына жiберу;

концессиялық жобалардың тiзiмiн қалыптастыру, әзiрлеу және түзету, сондай-ақ бюджеттiк бағдарламамен бөлiнген қаражаттар есебiнен жүзеге асырылатын конкурстық құжаттарға қажеттi сараптамалар жүргiзу;

16) әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын ескере отырып, бюджетке түсiмдердi болжауды жүзеге асыру;

17) кең тараған танымал пайдалы қазбаларға барлау, өндiру, барлау мен өндiрудi бiрге жүргiзуге арналған келiсiмдердiң жобаларына экономикалық сараптаманы жүзеге асыру;

18) Өңiрлердi дамытудың 2020 жылға дейiнгi бағдарламасы бойынша үйлестiрудi iске асыру;

19) ауылдық жерлерде жұмыс iстеуге және қоныстануға келген мамандарға әлеуметтiк қолдау көрсету шараларын iске асыру барысында облыстық жергiлiктi атқарушы органдардың, аудандардың және қалалардың уәкiлеттi органдарының жұмыстарын үйлестiру;

20) Қазақстан Республикасының заңнамаларымен Басқармаға жүктелген басқа да мiндеттердi жүзеге асыру.

16. Құқығы мен мiндеттерi: 1) Ақмола облысы әкiмдiгiнiң қарауына ұсыныстар енгiзуге:

облысты дамытудың стратегиялық мақсаттары, басымдықтары және бағыттары бойынша;

Қазақстан Республикасы заңнамаларында көрсетiлген тәртiпте, облыстық бюджеттi орындау процесiнде нақтылау және түзету бойынша ұсыныстар енгiзу;

2) облыстың жергiлiктi атқарушы органына облыстың даму стратегиясын iске асыруға бөгет жасайтын олармен қабылдаған актiлердiң күшiн жою немесе оларды өзгерту туралы ұсыныстар енгiзу;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған, Басқарманың құзыретiне жататын, шаралар кешенiн орындауды талап ететiн, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк органдардан, мемлекеттiк мекемелерден ақпараттар, есептер және басқа да мәлiметтер сұратып алу;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзiне жүктелген басқа да құқықтарын жүзеге асыру;

5) өз құзыретiнiң аясында жоғарғы мемлекеттiк органның нұсқауларын орындауға мемлекеттiк органдарға ұсыну;

6) өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңнамасына, сонымен қатар осы Қағидаға сәйкес iске асыру.

3. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру

17. «Ақмола облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» мемлекеттiк мекемесiне басшылықты, жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

18. «Ақмола облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң басшысы облыс әкiмiнiң өкiмiмен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

19. «Ақмола облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» мемлекеттiк мекеме басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

20. Басқарма басшысының өкiлеттiгi:

1) өзiнiң орынбасарлары мен бөлiм басшыларының мiндеттерiн және өкiлеттiктерiн айқындайды;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгiленген тәртiппен қызметкерлерiн және материалдық көмек көрсету, тәртiптiк жаза қолдану мәселелерiн шешедi;

4) жергiлiктi атқарушы органмен бекiтiлген шектеулi құрылымын, штаттық кестесiн дайындайды және бекiтедi;

5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес барлық мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда «Ақмола облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң өкiлi болады;

6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстар жүргiзуге мiндеттi және ол үшiн жеке жауапкершiлiк бередi;

7) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да өкiлеттiлiктердi жүргiзедi.

Басқарманың басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

21. «Ақмола облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң басшысы өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.

4. Мемлекеттiк органның мүлкi

22. «Ақмола облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» мемлекеттiк мекемесi заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.

Мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

23. «Ақмола облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» мемлекеттiк мекемеге бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Ақмола облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» мемлекеттiк мекемесi, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату

25. «Ақмола облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы» мемлекеттiк мекемесi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Дата создания статьи: 30.06.2017 15:06
Парақтағы соңғы өзгерістер: 30.06.2017 15:06
Қаралым саны: 425
Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0
 
@2017 Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 114Б

8 (7162) 29-63-00;

economika@akmo.kz