A- A A+
Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
2014-2016 жылдарға арналған Ақмола облысы Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамыту жоспары

Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамыту жоспарын iске асырудың ақпараты

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 12 мамырдағы № 476 қаулысымен 2014-2016 жылдарға арналған Ақмола облысы Щучинск Бурабай курорттық аймағын дамыту жоспары (II кезең) бекiтiлген. Оған жалпы сомасы 47,6 млрд теңгенiң 85 iс-шаралары енгiзiлген.

28,9 млрд теңгенiң 60 iс — шарасын iске асыруға Ақмола облысының әкiмдiгi қатысады. Оныңiшiнде, 30 млн. теңгеге 4 iс-шара Щучинск-Бурабай курорттық аймағының туристiк әлеуетiн дамыту бойынша, 16,3 млрд. теңгенiң 30 iс- шарасы экологиялық мәселелердi шешу бойынша, 9,1 млрд.теңгенiң 12 iс-шарасы ,көлiк-логистикалық инфрақұрылымды дамыту бойынша, 3,5 млрд.теңгенiң 6 iс-шарасы курорттық аумақтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге. Туристiк әлеуеттi дамытуға бағытталған 8 шара қаржыландыруды талап етпейдi.

2016 жылы Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамытуға арналған жоспардың II кезеңiн iске асыруға 963,3 млн. теңге бөлiндi, соның iшiнде республикалық бюджеттен 618,7 млн.теңге, жергiлiктi бюджеттен 344,6 млн. теңге.

Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына 226,6 млн. теңге бөлiндi (Бурабай кент. бу қазандығының құрылысы облыстық бюджеттен).

Жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасына 736,7 млн. теңге бөлiндi (Бурабай кентi жол торабының құрылысына және қайта жабдықтауға (2 кезең) республикалық бюджеттен 618,7 млн. теңге бөлiндi, олардың iшiнен ҚР ҰҚ 2016ж. 29.07 №447- қаулысына сәйкес 586,0 млн. теңгенi Бурабай кентiнiң жол торабының дамытылуын қайта құру және салуға арналған мемлекеттiң мұқтаждығына пайдалану және құрылыстарды бұзу үшiн жер телiмдерiн сатып алу қайта теңдестiру, Целиноград ауданы арналған бiр бағдарлама шеңберiнде 32,7 млн.теңге бюджет қаражатын тиiмдi пайдалану мақсатында сомаларын беру арқылы қайта теңдестiру; ПК10+00 Пролетарскаядан, Коммунистическая, Трудоваядан «Астана — Көкшетау» тас жолына шыққанға дейiнге күрделi жөндеуге облыстық бюджеттен 118,0 млн.теңге бөлiндi).

Дата создания статьи: 24.10.2016 16:21
Парақтағы соңғы өзгерістер: 25.01.2017 17:39
Қаралым саны: 357
Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0
 
@2017 Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 114Б

8 (7162) 29-63-00;

economika@akmo.kz