Ақмола облыстық мәслихатының 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 6С-27-2 «2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 6С-27-2 шешiмiне өзгерiстер енгiзу туралы» Ақмола облыстық мәслихатының шешiмi жобасына баспасөз-релизi

«2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 6С-27-2 шешiмiне өзгерiстер енгiзу туралы» Ақмола облыстық мәслихаты шешiмiнiң жобасын (бұдан әрi-Жоба) Ақмола облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы әзiрледi.

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнiң 106-бабының 4-тармағына сәйкес 2019 жылға арналған облыстық бюджеттi нақтылау жүргiзiледi.

Бюджет қаражатын тиiмдi пайдалану мақсатында, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бағдарламалары бойынша, оларды қайта бөлу жолымен өзгерiстер енгiзiлдi. Басымдылығы бар мәселелердi ескере отырып, инженерлiк және көлiктiк инфрақұрылым объектiлерiн дамытуға, әлеуметтiк саланы одан әрi дамытуға аталған қаражаттар бағытталды.

Жоба https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=2476979  мекенжай бойынша"Ашық НҚА" порталында орналастырылды.

Мемлекеттік рәміздері

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн