2018 жылғы I тоқсан бойынша жүргізілген жұмысы туралы

Қазақстан Ресубликасының Президентi 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына арнаған «Төртiншi өнеркәсiптiк революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкiндiктерi» Жолдауын жүзеге асыру барысын ақпараттық қамту бойынша iс-шаралар жоспарының орындау шеңберiнде басқарма басшысы Б.Б. Малғаждаров басқарма қызметкерлермен ақпараттық сағат өткiзiлдi. Ақпараттық сағатт барысында ҚР Президентiнiң 2018 жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында қойылған негiзгi тапсырмалары, облыстың әлеуметтiк-экономикалық дамуындағы жетiстiктерi айтылды. Төртiншi өнеркәсiптiк революциясының элементтерiн енгiзу қажеттiлiгiне аса зор назар аударылды.

Сонымен қатар, облыстық ақпараттық топтың мүшелерi облыстың өңiрлерiнде бiрнеше кездесулер өткiзiлдi. Өткiзiлген iс-шараларда бюджеттiк саласының, кәсiпкерлер, зейнеткерлер, бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi қатысып ҚР мемлекеттiк бағдарламаларды iске асыру барысы туралы, 2018 жылда қазақстандықтар алдында 10 басымдық даму бағытталы бойынша тұрған мақсаттар және мiндеттерi туралы ақпараттандырылған болатын.

Кездесу барысында ауылдық елдi мекендердiң тұрғындары суды қамтамасыз ету, көшелердi жарық ету, ғаламтор жүйесiнiң нашар жұмысы туралы өзектi мәселелер көтерiлдi.

Мемлекеттік рәміздері
egov.kz
мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн