«Дипломмен ауылға!» жобасын іске асыру бойынша 2018 жылдың бірінші жартыжылдығы үшін ақпарат

«Дипломмен ауылға» жобасы аясында ауылдық елдi мекендерге жұмыс және тұру үшiн келген әлеуметтiк сала және агроөнеркәсiптiк кешен мамандарына 2018 жылға республикалық бюджеттен 477 маманға 1 722,7 млн.теңге сомасында бюджеттiк кредиттер бөлiнген, сонымен қатар 332 маманға 56,5 млн.теңге сомасында көтермелi жәрдемақы қарастырылған.

Ағымдағы жылдың бiрiншi жартыжылдығы үшiн 777,6 млн.теңге сомасына 224 бюджеттiк кредит берiлген (оның iшiнде бiлiм — 163 маман, денсаулық сақтау — 40, мәдениет — 11, агроөнеркәсiптiк кешен — 5, спорт — 3, әлеуметтiк қамту –2).

Көтермелi жәрдемақы түрiнде 39,1 млн.теңге сомасына 232 әлеуметтiк сала және агроөнеркәсiптiк сала мамандарына (оның iшiнде бiлiм — 176 маман, денсаулық сақтау — 41, мәдениет — 4, агроөнеркәсiптiк кешен — 5, спорт — 4, әлеуметтiк қамту –2) әлеуметтiк жәрдем шаралары көрсетiлген.

Мемлекеттік рәміздері
egov.kz
мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн