«Дипломмен ауылға» жобасын іске асыру бойынша 2018 жылдың I тоқсаны үшін ақпарат

«Дипломмен ауылға» жобасы аясында ауылдық елдi мекендерге жұмыс және тұру үшiн келген әлеуметтiк сала және агроөнеркәсiптiк кешен мамандарына 2018 жылға республикалық бюджеттен 477 маманға

1 722,7 млн.теңге сомасында бюджеттiк кредиттер бөлiнген, сонымен қатар 332 маманға 55,9 млн.теңге сомасында көтермелi жәрдемақы қарастырылған.

Ағымдағы жылдың I тоқсан қорытындысы бойынша 154,8 млн.теңге сомасына 43 бюджеттiк кредит берiлген (оның iшiнде бiлiм — 33 маман, денсаулық сақтау — 8, мәдениет — 2).

Көтермелi жәрдемақы түрiнде 16,7 млн.теңге сомасына 99 әлеуметтiк сала және агроөнеркәсiптiк сала мамандарына (оның iшiнде бiлiм — 83 маман, денсаулық сақтау — 11, агроөнеркәсiптiк кешен — 1, спорт — 2, әлеуметтiк қамту –2) әлеуметтiк жәрдем шаралары көрсетiлген.

Мемлекеттік рәміздері
egov.kz
мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн