«Дипломмен ауылға!» жобасын іске асыру бойынша 2018 жылдың 9 айы үшін ақпарат

«Дипломмен ауылға» жобасы аясында ауылдық елдi мекендерге жұмыс және тұру үшiн келген әлеуметтiк сала және агроөнеркәсiптiк кешен мамандарына 2018 жылға республикалық бюджеттен 477 маманға 1 722,7 млн.теңге сомасында бюджеттiк кредиттер бөлiнген, сонымен қатар 331 маманға 55,7 млн.теңге сомасында көтермелi жәрдемақы қарастырылған.

Ағымдағы жылдың 9 айы үшiн 1 587 млн.теңге сомасына 463 бюджеттiк кредит берiлген (оның iшiнде бiлiм — 345 маман, денсаулық сақтау — 80, мәдениет — 18, агроөнеркәсiптiк кешен — 8, спорт — 7, әлеуметтiк қамту –4).

Көтермелi жәрдемақы түрiнде 44,9 млн.теңге сомасына 267 әлеуметтiк сала және агроөнеркәсiптiк сала мамандарына (оның iшiнде бiлiм — 201 маман, денсаулық сақтау — 48, мәдениет — 4, агроөнеркәсiптiк кешен — 6, спорт — 5, әлеуметтiк қамту –3) әлеуметтiк жәрдем шаралары көрсетiлген.

Мемлекеттік рәміздері

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн