«Дипломмен ауылға» жобасын іске асыру бойынша 2016 жыл үшін ақпарат

«Дипломмен ауылға» жобасы аясында ауылдық елдi мекендерге жұмыс және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына 2016 жылға республикалық бюджеттен 219 маманға 696,7 млн.теңге сомасында бюджеттiк кредиттер және 363 маманға 53,9 млн.теңге сомасында көтермелi жәрдемақы бөлiнген.

2016 жылы жоспарланған 696,7 млн.теңгенiң 2017 жылдың 1 қаңтарына 238 бюджеттiк кредит берiлген (жоспар бойынша 219 маман) (оның iшiнде бiлiм — 179 маман, денсаулық сақтау — 34, мәдениет — 14, агроөнеркәсiптiк кешен — 9, спорт — 2, әлеуметтiк қамту — 0,), 695,9 млн.теңге немесе жылдық жоспардың 99,9% игерiлген. Үнемдеу (қажет етiлмеген қаражат) 0,8 млн.теңгенi құрады.

Көтермелi жәрдемақы түрiнде 53,6 млн.теңге сомасына немесе жылдық жоспардың 99,7% 361 әлеуметтiк сала және агроөнеркәсiптiк сала мамандарына (оның iшiнде бiлiм — 265 маман, денсаулық сақтау — 67, мәдениет — 12, агроөнеркәсiптiк кешен — 17, спорт — 0, әлеуметтiк қамту — 0) әлеуметтiк жәрдем шаралары көрсетiлген.

Мемлекеттік рәміздері
egov.kz
мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн