«Дипломмен ауылға!» жобасын iске асыру бойынша 2019 жылдың 31 желтоқсанына ақпарат

«Дипломмен ауылға!» жобасы аясында ауылдық елдi мекендерге жұмыс және тұру үшiн келген әлеуметтiк сала және агроөнеркәсiптiк кешен мамандарына 2019 жылға республикалық бюджеттен 231 маманға

874,9 млн.теңге сомасында бюджеттiк несиелер және 439 маманға 92,1 млн.теңге сомасында көтермелi жәрдемақы бөлiнген.

2019 жылдың 31 желтоқсанға 874,3 млн.теңге 252 бюджеттiк несие берiлген (оның iшiнде бiлiм — 176 маман, денсаулық сақтау — 50 маман, мәдениет — 8 маман, агроөнеркәсiптiк кешен — 15 маман, әлеуметтiк қамту — 2 маман, спорт — 1 маман).

Көтермелi жәрдемақы түрiнде 92,1 млн.теңге 439 әлеуметтiк сала және агроөнеркәсiптiк сала мамандарына әлеуметтiк жәрдем шаралары көрсетiлген (оның iшiнде бiлiм — 319 маман, денсаулық сақтау — 77 маман, мәдениет — 7 маман, агроөнеркәсiптiк кешен — 19 маман, әлеуметтiк қамту — 8 маман, спорт — 9 маман).

Мемлекеттік рәміздері

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн