«Дипломмен ауылға!» жобасын іске асыру бойынша 2019 жылдың 1 қазанына ақпарат

«Дипломмен ауылға!» жобасы аясында ауылдық елдi мекендерге жұмыс және тұру үшiн келген әлеуметтiк сала және агроөнеркәсiптiк кешен мамандарына 2019 жылға республикалық бюджеттен 231 маманға

874,9 млн.теңге сомасында бюджеттiк несиелер және 386 маманға 68,2 млн.теңге сомасында көтермелi жәрдемақы бөлiнген.

Ағымдағы жылдың 1 қазанына 836,7 млн.теңге 233 бюджеттiк несие берiлген (оның iшiнде бiлiм — 165 маман, денсаулық сақтау — 47 маман, мәдениет — 7 маман, агроөнеркәсiптiк кешен — 12 маман, әлеуметтiк қамту — 1 маман, спорт — 1 маман).

Көтермелi жәрдемақы түрiнде 51,5 млн.теңге 278 әлеуметтiк сала және агроөнеркәсiптiк сала мамандарына әлеуметтiк жәрдем шаралары көрсетiлген (оның iшiнде бiлiм — 209 маман, денсаулық сақтау — 41 маман, мәдениет — 3 маман, агроөнеркәсiптiк кешен — 12 маман, әлеуметтiк қамту — 6 маман, спорт — 7 маман).

Мемлекеттік рәміздері

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн