«Дипломмен ауылға!» жобасын іске асыру бойынша 2019 жылдың 1 шілдесіне ақпарат

«Дипломмен ауылға!» жобасы аясында ауылдық елдi мекендерге жұмыс және тұру үшiн келген әлеуметтiк сала және агроөнеркәсiптiк кешен мамандарына 2019 жылға республикалық бюджеттен 231 маманға 874,9 млн.теңге сомасында бюджеттiк кредиттер бөлiнген және 346 маманға 61,3 млн.теңге сомасында көтермелi жәрдемақы қарастырылған.

Ағымдағы жылдың 1 шiлдесiне 633,3 млн.теңге 176 бюджеттiк кредит берiлген (оның iшiнде бiлiм — 129 маман, денсаулық сақтау — 36, мәдениет — 6, агроөнеркәсiптiк кешен — 5).

Көтермелi жәрдемақы түрiнде 42,5 млн.теңге 241 әлеуметтiк сала және агроөнеркәсiптiк сала мамандарына (оның iшiнде бiлiм — 190 маман, денсаулық сақтау — 30, мәдениет — 2, агроөнеркәсiптiк кешен — 10, спорт — 7, әлеуметтiк қамту –2) әлеуметтiк жәрдем шаралары көрсетiлген.

Мемлекеттік рәміздері

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн