«Дипломмен ауылға!» жобасын iске асыру бойынша 2020 жылдың 1 сәуiрiне ақпарат

«Дипломмен ауылға!» жобасы аясында ауылдық елдi мекендерге жұмыс және тұру үшiн келген әлеуметтiк сала және агроөнеркәсiптiк кешен мамандарына республикалы0 бюджеттен 2020 жылға жалпы сомасы 1,4 млрд.теңгеге 352 маманға бюджеттiк несие бөлiнген.

Көтермелi жәрдемақы жалпы сомасы 199,7 млн.теңгеге 753 маманға қарастырылған болатын.

Бюджеттiк несие бойынша қаржыландыру сәуiр айынан жоспарланған. 1 мамырға жоспар 107,4 млн. теңгеге 27 бюджеттiк несиенi құрайды.

2020 жылдың 1 сәуiрiнiң жағдайы бойынша көтермелi жәрдемақы әлеуметтiк және агроөнеркәсiптiк саласындағы келген 77 маманға 20,4 млн. теңге берiлдi (оның iшiнде бiлiм — 66 маман, денсаулық сақтау — 9 маман, әлеуметтiк қамту — 1 маман, мәдениет — 1 маман).

Мемлекеттік рәміздері

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн