«Дипломмен ауылға» жобасын іске асыру бойынша 2017 жыл қорытындысы бойынша ақпарат

«Дипломмен ауылға» жобасы аясында ауылдық елдi мекендерге жұмыс және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына 2017 жылға республикалық бюджеттен 314 маманға 1 068,7 млн.теңге сомасында бюджеттiк кредиттер және 381 маманға 60,6 млн.теңге сомасында көтермелi жәрдемақы бөлiнген.

2017 жыл қорытындысы бойынша 1 068,2 млн.теңге сомасына 331 бюджеттiк кредит берiлген, оның iшiнде бiлiм — 241 маман, денсаулық сақтау — 65, мәдениет — 14, спорт — 5, агроөнеркәсiптiк кешен — 5, әлеуметтiк қамту — 1.

Көтермелi жәрдемақы түрiнде 60,5 млн.теңге сомасына

381 әлеуметтiк сала және агроөнеркәсiптiк сала мамандарына, оның iшiнде бiлiм — 293 маман, денсаулық сақтау — 55, мәдениет — 15, агроөнеркәсiптiк кешен — 9, спорт — 6, әлеуметтiк қамту — 3 әлеуметтiк жәрдем шаралары көрсетiлген.

Мемлекеттік рәміздері
egov.kz
мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн