«Дипломмен ауылға» жобасын іске асыру бойынша 2016 жылдың 1 мамырына ақпарат

«Дипломмен ауылға» жобасын iске асыру бойынша 2016 жылдың 1 мамырына ақпарат «Дипломмен ауылға» жобасы аясында ауылдық елдi мекендерге жұмыс және тұру үшiн келген әлеуметтiк сала және агроөнеркәсiптiк кешен мамандарына 2016 жылға республикалық бюджеттен 219 маманға 696,7 млн.теңге сомасында бюджеттiк кредиттер және 412 маманға 61,1 млн.теңге сомасында көтермелi жәрдемақы жоспарланған. Ағымдағы жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша ауылдық елдi мекендерге жұмыс және тұру үшiн келген әлеуметтiк сала және агроөнеркәсiптiк кешен мамандарына бюджеттiк кредит түрiнде 120,2 млн.теңге сомасына 41 маманға (оның iшiнде бiлiм — 36 маман, денсаулық сақтау — 4, мәдениет — 0, спорт — 0, әлеуметтiк қамту — 0, агроөнеркәсiптiк кешен — 1) және көтермелi жәрдемақы түрiнде 18,4 млн.теңге сомасына 121 маманға (оның iшiнде бiлiм — 96 маман, денсаулық сақтау — 14, мәдениет — 5, спорт — 0, әлеуметтiк қамту — 0, агроөнеркәсiптiк кешен — 6) әлеуметтiк жәрдем шаралары көрсетiлген.

Мемлекеттік рәміздері
egov.kz
мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн