A- A A+
Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
«Дипломмен ауылға» жобасын іске асыру бойынша 2016 жылдың 1 шілдесіне ақпарат

«Дипломмен ауылға» жобасы аясында ауылдық елдi мекендерге жұмыс және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына 2016 жылға республикалық бюджеттен 219 маманға 696,7 млн.теңге сомасында бюджеттiк кредиттер және 412 маманға 61,1 млн.теңге сомасында көтермелi жәрдемақы жоспарланған.

Ағымдағы жылдың 1 шiлдесiндегi жағдай бойынша ауылдық елдi мекендерге жұмыс және тұру үшiн келген әлеуметтiк сала және агроөнеркәсiптiк кешен мамандарына бюджеттiк кредит түрiнде 363,4 млн.теңге сомасына 122 маманға (оның iшiнде бiлiм — 92 маман, денсаулық сақтау — 21, мәдениет — 5, спорт — 1, әлеуметтiк қамту — 0, агроөнеркәсiптiк кешен — 3) және көтермелi жәрдемақы түрiнде 29,1 млн.теңге сомасына 196 маманға (оның iшiнде бiлiм — 139 маман, денсаулық сақтау — 39, мәдениет — 9, спорт — 0, әлеуметтiк қамту — 0, агроөнеркәсiптiк кешен — 9) әлеуметтiк жәрдем шаралары көрсетiлген.

Мақаланың шыққан күні: 01.07.2016 19:00
Парақтағы соңғы өзгерістер: 29.03.2018 11:02
Қаралым саны: 967

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 114Б

8 (7162) 29-63-00;

economika@akmo.kz