A- A A+
Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
Астана қаласына iргелес елдi мекендердi әлеуметтiк-экономикалық дамытудың кешендi жоспары

Астана қаласына iргелес елдi мекендердi әлеуметтiк-экономикалық дамытудың 2011 — 2014 жылдарға арналған кешендi жоспары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 30 қарашадағы № 1294 Қаулысымен бекiтiлген (бұдан әрi — Кешендi жоспар).

Кешедi жоспардың бiрiншi кезеңiн жүзеге асыру барысында 47 iс-шара аяқталған, оның iшiңде: бас жоспарларды әзiрлеу бойынша 4 жоба, iздеу-барлау жұмыстары бойынша 1 жоба, тұрғын үй құрылысы бойынша 1 жоба, инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымы бойынша 1 жоба, сумен жабдықтауға және су бұру бойынша 6 жоба, электрмен қамтамасыз ету бойынша 4 жоба, жол коммуникация бойынша 7 жоба, бiлiм беру 12 жоба және денсаулык сақтау 11 жоба.

Әрi қарай Астана қаласына iргелес елдi мекендердi әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2015-2020 жылдарға арналған кешендi жоспардың 2 кезеңiн жүзеге асыру шеңберiнде iске асырылады (ҚР ҮҚ 19.06.2014ж. № 1294 бекiтiлген, 2015-2020 жж.2 кезең), оған жалпы сомасы 105 млрд. теңгенiң 194 iс-шара қосылған.

Кешендi жоспардың аясында, 2020 жылға дейiн жалпы сомасы 105 млрд. теңге 194 iс-шарасын жүзеге асыру қарастырылған, оның iшiңде 97,6 млрд.теңге республиқалық бюджеттiң қаражаты есебiнен және 7,4 млрд. теңге жергiлiктi бюджеттен.

Жалпы, 34 елдi-мекенде: 3 мектеп, 21 балабақша, 16 денсаулық сақтау объектiлерi, электрмен қамтамасыз ету бойынша 15 жоба жүзеге асырылады, 55 сумен қамтамасыз ету бойынша, жол желiлерiн жөндеу және құру бойынша 51, тұрғын үй құрылысы бойынша 19 жоба жоспарланған.

Кешендi жоспардын 2 кезеңi аясында 2015 жылдың қорытындысы бойынша келесi жобалардың жүзеге асырылуы аяқталған:

- Целиноград ауданы Қараөткел а., Аршалы ауданы Жiбек Жолы а., Шортанды ауданы Бозайғыр а. сумен жабдықтау желiлерiн қайта құру;

- Целиноград ауданы Акмол а. –Қараөткел а. сужүргiнiнiң қайта құру;

- Целиноград ауданы Қызылжар, Талапкер, Қаражар, Қызылсуат аа. көше-жол желiлерiнiң жөндеуi;

- Целиноград ауданы Ақмол а. 45-пәтерлi тұрғын үйге инженерлiк желiлерiн құру.

13 елдi мекендi дамыту және оған құрылыс салу схемалары (бас жоспарлар) бекiтiлген, 5 елдi мекенде жер асты су қорымен қамтамасыз ету мақсатында iздеу-барлау жұмыстары жүргiзiлген.

2016 жылы республикалық бюджеттен 1 161,1 млн. теңге бөлiнген, оның iшiнде: Ақмол а. көше-жол желiсiн салуға — 700,0 млн. теңге, Қосшы а. көше-жол желiсiнiң күрделi жөндеуiн — 161,1 млн. теңге, Қараөткел а. электрмен жабдықтауға — 300,0 млн. теңге.

Жергiлiктi бюджеттен 95,1 млн. теңге сомасында қаражат бөлiнген, оның iшiнде: Ақмол а. 45 пәтерлiк (1 поз.) тұрғын үй салуға — 82,4 млн. теңге, Малотимофеевка а. көше-жол желiсiн күрделi жөндеуге ЖСҚ түзету үшiн 4,2 млн. теңге және Қажымұкан а. көше-жол желiсiн күрделi жөндеуге ЖСҚ түзету үшiн 8,5 млн. теңге.

Дата создания статьи: 25.04.2016 11:15
Парақтағы соңғы өзгерістер: 25.04.2016 11:58
Қаралым саны: 153
Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0
 
@2017 Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 114Б

8 (7162) 29-63-00;

economika@akmo.kz