A- A A+
Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
2020 жылға дейін Өңірлерді дамыту бағдарламасы шеңберінде Степногорск моноқаласының даму Кешенді жоспарын іске асыру барысы туралы ақпарат

Бiрiншi бағыт. Тұрақты жұмыс iстейтiн кәсiпорындардың өндiрiстiк сыйымдылығына байланысты моноқалаларды оңтайландыру.

«зәкiрлi» инвестициялық жобаларды iске асыру нәтижесiнде моноқалалардың өнеркәсiптiк өндiрiсiнiң көлемiн арттыру — 20 % кем емес.

Тауар өнiмi өндiрiсiнiң көлемi 2015 жыл iшiнде — 70,2 млрд. теңге немесе базалық 2011 жылмен салыстырғанда 110,9% (2011 ж. — 63,3 млн теңге) құрады.

2016 жылы тауар өнiмiнiң күтiлетiн көлемi — 74,6 млрд. теңге немесе 2011 жылға 117,9%.

«зәкiрлi жобалар бойынша.

2015-2017 жылдарға арналған Степногорск қаласының өзектi даму Кешендi жоспарына сәйкес үш «зәкiрлi» жобаларды iске асыру көзделдi:

- «Өндiрiстiк қуаты жылына 180 мың тонна күкiрт қышқыл зауытын қайта құру», құны 13,3 млрд. теңге, «Қазатомөнеркәсiп» СКЗ БК» ЖШС жүзеге асырылады. 2015 жылдың қазанында зауыт пайдалануға енгiзiлдi. 2015 жыл iшiнде 40,4 мың тонна күкiрт қышқылы өндiрiлдi. Жоба индустрияландыру картасына енгiзiлдi.

- «АвгустНан» ЖШС «Глифосат калий тұзын және глифосатты гербицидтер өндiру», құны 2,0 млрд. теңге, 80 жаңа жұмыс орнын құру. Iске асыру кезеңi

2015-2018 жылдар. Жобалау жүргiзiлуде. Жабдық (КҰР, Ресей және Германия) сатып алынды және жеткiзiлдi. Жоба Ақмола облысының кәсiпкерлiгiн дамытудың Өңiрлiк картасына енгiзiлдi.

- «Астана-Ойл» Мұнай үйi» ЖШС құны 1,5 млрд. теңге «Қуаты 150 мың тонна мұнай өнiмдерiн каталитикалық қайта өңдеудi пайдаланумен шағын-НПЗ қайта құру», 50 жұмыс орындарын құру. Iске асыру кезеңi 2014-2016 жылдар. Орнату монтажы 80 % орындалды, мамырда жабдықтың соңғы партиясын монтаждау жүзеге асырылатын болады. Жоба Ақмола облысының кәсiпкерлiгiн дамытудың Өңiрлiк картасына енгiзiлдi.

Степногорск қаласында ұлттық холдингтер өндiрiсi орналастырылды:

-«Казатомөнеркәсiп» СКЗ БК» ЖШС күкiрт қышқыл зауыты, 2015 жыл iшiнде 40,4 мың тонна күкiрт қышқылы өндiрiлдi;

-«SARECO» БК» ЖШС сирек жер металлдарының бiрлескен концентратының тәжiрибелi-өнеркәсiптiк өндiрiсi, 2015 жыл iшiнде 51,7 тонны СЖМ бiрлескен концентраты шығарылды.

Екiншi бағыт. Моноқалалар халқын жұмыспен қамтудың оңтайлы құрылымын қамтамасыз ету үшiн экономиканы әртараптандыру және шағын және орта бизнестi дамыту.

Белсендi әрекет ететiн шағын және орта кәсiпорын санын арттыру — 2 рет.

2016 жылдың 01.01. белсендi әрекет ететiн кәсiпорындар саны 295 бiрлiк немесе 2011 жылға 146,8% (201 бiрлiк) құрады.

Үшiншi бағыт. Моноқалалардың еңбек ресурстарының мобильдiлiгiн жоғарылату, әлеуметтiк-экономикалық дамудың жоғары әлеуетi бар

елдi-мекендерге және экономикалық өсу орталығына өз еркiмен көшудi ынталандыру.

Ең төмен күнкөрiс табысы бар халық үлесiн төмендету — 6% көп емес деңгейге дейiн;

Ең төмен күнкөрiс табысы бар халық үлесiн төмендету 2011 жылы 4,8% бастап 4,6% дейiн (2016 жылдың 01.01. жағдайы бойынша).

Төртiншi бағыт. Оңтайлы халық санына есептеуде моноқалалардың әлеуметтiк және инженерлiк инфрақұрылымын дамыту.

Жұмыссыздық деңгейiн төмендету — 5,5% көп емес деңгейге дейiн.

Шағын бизнестi қолдау және зәкiрлi жобаларды iске асыру бойынша қабылданған шаралар нәтижесiнде 2012 жылы 5,3% бастап 4,5% дейiн жұмыссыздық деңгейiнiң төмендеуi қамтамасыз етiлдi (2016 жылдың 01.01. жағдайы бойынша).

Дата создания статьи: 19.04.2016 14:47
Парақтағы соңғы өзгерістер: 19.04.2016 14:47
Қаралым саны: 298
Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0 Модернизация 3.0
 
@2017 Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 114Б

8 (7162) 29-63-00;

economika@akmo.kz